Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Қызыл ауылында туған. Әкесінен бес жасында айрылған болашақ ақын ауылда қозы бағып, отын-су, шөп тасумен бірге мал күзетеді


Кеудесі гүл болып, бұлбұл қонған бұла жастың бақыты қандай ыстық



бет9/9
Дата31.12.2021
өлшемі6,29 Mb.
#23257
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
0001c343-80bb0ff6

Кеудесі гүл болып, бұлбұл қонған бұла жастың бақыты қандай ыстық.
  • Сонау бір шетте, сонау үй, Кетер ме, сірә, көңілден. Алушы ед тартып мені ылғи, Махаббат, жастық лебімен. Терезе алды – жас терек, Тұр екен кімдер сүйеніп? Жүр екен кімдер еркіндеп, Жүрегін ұстап, үйге еніп?..
  • Біз де ақынмен бірге сол үй, сол терекке қызыға,
  • тіпті күрсіне қарағандаймыз...
  • Қош болшы енді, Оралым, Күле бер шалқып, сайранда Айтпақшы, қайда бораның Кетейін алып майданға,
  • деп, туған ел боранын қатерлі сапарға серік етіп ала кеткісі, сөйтіп, майданға бұрқыратып бірге кіргісі келеді.
  • Ғажап емес пе?!
  • "Байкал" өлеңінде Байкалдың торғын тұман жамылған көлі, таң сәріден кернейлете құйған өзендері, көлге ғашық боп ерте оянған таң – бәрі де ақын қиялын тербетіп, сұлу суретке айналады. Жастық шағын өткізген ыстық қала – Оралға тоқтап, Ертіс, Сарыарқа тұсынан өтіп бара жатқан ақын туған жерге деген мол махаббатын, ел сағынышын төгілте жырлайды. Осындай өр мінезді, сезімтал, патриот ақынның жаумен бетпе-бет кездесуі де есте қаларлықтай. Қасымның майдан жырларының лирикалық кейіпкері – кеудесі кек пен ызаға толы, аса қажырлы жан. Оның "ажалдың дегеніне көнбей", "сескену, қорқу дегенді" білмей, соғыстың ауыртпалығын әр төзіммен көтерген қайсар бейнесі көп өлеңдердің мазмұнын құрайды.
  • Бармын мен бұл дүниеде, жүрмін тірі, Жоқсың деп жала жабар қудың бірі. Түссем де отқа, суға тозар емен, Солдаттың етігіндей жаньм сірі.
  • Соңғы бір жолда қаншама тарих, терең мағына бар. Бұл – поэзиядағы бұрын айтылмаған жаңа сөз, тың образ.
  • Қасым шығармашылығы – қазақ поэзиясының асыл үлгілерінің бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастықта сезініп, өз өлеңдерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан. "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы. Қ.Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының поэма жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәңді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады.
  • Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев: "Жау қоршауында жалғыз калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады", – деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі. Поэма аз сөзбен берілген соғыстың сұрапыл суретінен басталады.
  • Өмір гүлін жаншып, таптап, Шаштан сүйреп махаббатты, Жерімізде жындай каптап, Найзаға іліп ар-ұятты Келе жатты сұм жендеттер.
  • Олардан жиіркеніп жиырылған жер, жауға тамшы татырмай, суын алып қашқан өзендер, жауды бетке ұрып сабалаған жел, дұшпан аяғына бастырғысы келмей, аспанға ұшқан тастар – барлығы да жаудың зұлымдығын көрсетіп, оған деген кекті, ызаны өршітер суреттер. Орман етегінде сатыр-сұтыр жаланған от та жаудың жауыздығын бейнелейді. Қоршаудағы солдат кеудесіне сол оттан кек ұшқыны түскендей әсер қалдырады. Ол Отан жерінде зұлымдық отын жағып отырған жауларына кектенеді.
  • Қасиет күші ұлы Отанның, Қанатын бер қыран құстың, Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың! Күллі әлемнің ашу кегі, Орна менің кеудеме кеп! Жау жолына атам сені, Бомба бол да, жарыл жүрек! –
  • деп шамырқанады. Қаһарманның ішкі толғанысы ширыға келе, қаһарлы кекке, жан ашуына айналады.
  • "Намысты ұлан аласұрып" жау тобына автоматтан оқ жаудырады. Екі жақ та өшіге өршеленеді. Осы бір өлім мен өмірдің күресін ақын зор ақындық буырқаныспен суреттейді:
  • Қара толқын орман шашын Жұлды талдап снарядтар. Мәңгі мекен көл жағасын Тастап, суға сүңгіді жар.
  • Кең даланы жүнше түтіп, орман шашын талдап жұлып, көл жағасы – жар құлатқан снаряд күші батырдың жүрегін шайлықтыра алмайды. Ол ақтық демі біткенше арыстанша алысады.
  • Ала алмайсың! – деді ер ұлан, Алмай қойман! – деді жауы. Қысты келіп жан-жағынан Темір торлы жау кұрсауы.
  • Бұл – кейіпкер тағдырының драмалық шиеленіске толы кезі. Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайды.
  • Ашып отқа омырауын, Естісін, – деп, – қырсық жауым, Айтты ол шырқап өрт ішінде Сүйген әні "Қарғам-ауын". Қайсар батыр от киінген Күш-қайратын тіске жиып. Жаңағы ақшыл ер жүзінен Жалын тілі тұрды сүйіп...
  • Абдолланың отқа жанып тұрған шағын да зор ақындық қуатпен ғажайып суретке айналдырған:
  • Шұғыла шашқан кешкі бұлттай, Толқын шашта оттар ойнап. Өрт топанып кешіп Нұхтай, Жалғыз өзі тұрды бойлап.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет