Асқорыту жүйесі биохимия асқорыту туралы түсінік


Сілекейдің минералдық құрамы



Pdf көрінісі
бет5/22
Дата12.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#92704
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
4. Сілекейдің минералдық құрамы
Сілекей – сілекей өзектері арқылы келіп құйылатын үш жұп сілекей безінің 
(шықшыт, жақ асты, тіл асты) және ауыздың шырышты қабығында орналасқан 
ұсақ бездердің аралас сөлі. Адамда тәулігіне 600-1500 мл, орташа 1,0-1,2 л сөл 
бөлінеді.
Сілекей – қоймалжың, түссіз, сұйық зат. Меншікті салмағы – 1,001-1,002. рН = 
5,8-7,4. Су – 99,4-99,5%. Құрғақ зат – 0,5-0,6%. 
Натрий, калий, хлор сілекейдің осмостық қысымын және иондық күшін 
қамтамасыз етеді. Бейорганикалық заттар буферлік жүйенің (бикарбонаттык, 
фосфаттық, белоктық) кұрамына кіреді.
Кальций. Сілекейдегі кальцийдің қалыпты жағдайдағы мөлшері 2,1-2,3 
ммоль/л. Кальцийдің 50%-ы ионданған күйде, 15%-ы белоктармен, цитратпен 
және кальций фосфатымен байланысқан күйде болады.
Фосфаттар. Сілекейдегі фосфаттардың қалыпты жағдайдағы мөлшері - 2,9-
6,4 ммоль/л. 95%-ы бейорганикалык заттардың құрамында, 5%-ы органикалық 
фосфаттың құрамында болады. 67-75%-ы гидроксифосфат, аз бөлігі 
дигидрофосфат түрінде, ал фосфаттың қалдықтары одан аз болады. 
Гидроксифосфат - тіс эмалінің гидроксилапатиттерінің гидролиз өнімі. Жас 
ұлғая келе сілекейде хлоридтер мөлшері азайып, кальций мөлшері артады, бұл 
тіс тастарының түзілуіне әкеледі. Хлоридтер альфа-амилазаның активаторы 
және олар миeлопероксидазды жүйенін кұрамына кіреді.
Иодидтер мен роданидтер. Сілекейде кан сарысуымен салыстырғанда 
йодидтер 10-100 есе коп. Қалыпты жағдайда сілекейде роданидтер 
(тиоцианиттар – CNS- ) өте аз мөлшерде болғанмен, шылым шегетін 
адамдарда және пародоптит кезінде олардың мөлшері 2-10 есеге дейін артады.
Ауыр металлдар. Егер организмге көп мөлшерде күміс, сынап, корғасын 
түссе, олар Ag+, Hg+, Hb2+ түрінде сыртка шығарылады. Қызыл иек 
жүлгесінде олар микроорганизмдердің қатысуымен H2S-н әрекеттесін, қара 
түсті сульфидтер түзеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет