Асқорыту жүйесі биохимия асқорыту туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата12.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#92704
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
5.Сілекей белоктары; 
Қалыпты жағдайдағы мөлшері - 0,8-4 г/л. Белоктардың 90%-ы 
(гликопротеидтер, ферменттер, альфа-иммуноглобулині) сілекей бездерінде 
түзіледі, ал белоктардың 10%-ы қан сарысуынан, бактериялардан және ауыз 
қуысының кілегейлі қабықтарының жасушаларынан түседі. Қаннан 
альбуминдер, глобулиндер, липо- және гликопротеидтер, G және M 
иммуноглобулиндер, трансферрин, церулоплазмин түседі.
Муцин - нағыз гликопротеид, оның құрамындағы амин қышкылдарының 1/3 
бөлігін серин мен треонин құрайды. Бұл амин қышқылдарының гидроксил 
топтарына 
көмірсулардың 
туындылары 
(сиал 
кышкылдары, 
ацетилгалактозамин, галактоза, фруктоза) кіреді, муциндер суды өзіне жаксы 
байланыстырады, олардың ерітінділері жоғары тұтқырлыққа ие. Муцин 
молекулалары тістін бетіне адсорбцияланып, суда ерімейтін жұқа қабық 
түзеді. Муциндер, кальций, пептидтер, белоктар жұқа кілегейлі кабық - 


пелликула гүзеді, ол эпителий жасушаларының мембраналарымен 
әрекеттеседі. Пелликула тоскауылдық және қорғаныштық қызмет атқарады, 
кілегейлі қабаттарды кеуіп кетуден сақтайды, өткізгіштігін реттейді.
Гистатин - күрамында көп мөлшерде гистидин бар белок. Ол гидроксианатит 
кристаллдарының өсуін тежейді, микробқа карсы, вирусқа қарсы және 
саңырауқұлаққа қарсы әсер көрсетеді, тістің кейін пайда болған 
пелликуласының түзілуіне қатысады.
Сілекей цистатиндері. Бұл белоктар тістің кейін пайда болған пелликуласын 
қалыптастырады, цистеиндік протеиназалардың ингибиторы болғандықтан 
сілекей белоктарын протеолизден қорғайды. Бұдан басқа микробка қарсы әсер 
көрсетіп, минерализация үрдістерін реттейді. Пролинге бай сілекей 
белоктары. Бұл белоктар тіс эмаліндегі кальций мен бейорганикалық 
фосфаттардың мөлшерінің тұрақтылығын сақтайды және минералдардың 
артық мөлшерде тұнбаға шөгуін тежейді. Сонымен қатар тістегі микробты 
колониялардың калыптасуына қатысады. Ауыз куысының кілегейлі қабығын 
таниндердің және басқа да заттардың әсерінен қорғайды.
Паротин - пептидтік гормон, құлақ маңы бездерінде түзіледі (м.м.100 кда). 
Паротин тіс дентинінің пролиферациясы мен кальцификациясын күшейтеді. 
Паротин кандағы кальций деңгейін төмендетеді, жасанды жолмен 
синтезделген альфа-паротин пародонтозды емдеуге қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет