Асқорыту жүйесі биохимия асқорыту туралы түсінік


Ауыз қуысында қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті сақтау



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата12.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#92704
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
7.Ауыз қуысында қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті сақтау 
механизмдері;
Сілекейде буферлік жүйелер (бикарбонаттық, фосфаттық, белоктық) бар. 
Бикарбонатты буферлік жүйе сілекейдегі бүкіл буферлік сыйымдылыктың 
80%-н құрайды. Сілекей қышқылданғанда алымы (н2со3) жоғарылап, бөлімі 
(nahcо3) төмендейді. Ары қарай бикарбонатты буферлік жүйе фосфаттымен 
әрекеттеседі:
H2CO3 + NA2HPO4=NAHCO3+ NAH2PO4
, белокты буфердің айтарлықтай 
маңызы жоқ. 
8.Асқазан сөлінің құрамы; 
Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы. 
Асқазан сөлі 99,4-99,5% 
судан және 0,5-0,6% құрғақ қалдықтан тұрады. Органикалық заттардың 
үлесіне 0,1%, бейорганикалық заттардың үлесіне 0,4-0,5% тиеді. Органикалық 
заттарын белоктар және органикалық қышқылдар кұрайды. Асқазан сөлінің 
белоктары:
а) ферменттер (пепсин, гастриксин, липаза);
б) қорғанып белоктары муциндер, олар асқазаннын кілегей кабатын жауып, 
оны тұз қышқылы мен ферменттердің әсерінен қорғайды;
в) гастромукопротеид немесе Каслдын ішкі факторы, ол , В12 витаминін 
бұзылудан сақтап, оның ағзаға сіңірілуіне септігін тигізеді,
г) асқазан сөлінің кұрамында органикалық қышқылдар (май қышқылы, сүт 
қышқылы) өте аз мөлшерде кездеседі. Асқазан сөлінің бейорганикалык 
компоненттеріне: тұз қышқылы (бос және белоктармен байланыскан), калий, 
кальций түздары, сульфаттар, аммоний, қышқылдық фосфаттар және баска 
заттар жатады.
9.Асқазан сөлі.Липидтер алмасуына қатысатын ферменттер 
Аш қарындағы асқазан сөлінің мөлшері 50мл-ден аспайды.Қалыпты асқазан 
сөлі –түссіз,иіссіз,күшті қышқылдық реакция(рН-1,5-2,0; жаңа туған 
балаларда 4,0-5,0) көрсететін сұйықтық.Меншікті салмағы 1,008-1,010.Қ.ж. 
тәулігіне 2литрге жуық асқазан сөлі бөлінеді. 
Тағамның барлық липидтері адам ағзасында оңай қорытылады және 
сіңіріледі.Әсіресе сұйық, жеңіл балқитын майлар және фосфолипидтерге бай 


липидтер оңай түрде қорытылады.Майлардың қорытылуы үшін міндетті шарт 
–олардың эмульгирленуі.Липидтер қорытылуы үшін липолитикалық 
ферменттердің болуы және олардың каталитикалық әсеріне ортаның 
оптимальды рН ы болуы керек.Ересек адамда майлардың қорытылуы 12 елі 
ішекте басталады, ол жерге өт,ұйқы безінің сөлі және ішектің сөлі 
бөлінеді.Осы жерде липолиз үшін барлық жағдай бар. 
Өттің құрамында өт қышқылдары болады(холь,дезоксихоль,хенодезоксихоль) 
,олар 
тауринмен және гликоколмен пептидті байланыс арқылы 
коньюгацияланады.Өт 
қышқылдары 
липолитикалық 
ферменттердің
активаторлары болып табылады, олар жоғары май қышқылдары мен 
холестериннің тасымалдануын қамтамасыз етеді де, олардың ішек 
қабырғасына енуіне әсер етеді.Үшацилглицериндер ,тағамның липидтерінің 
негізгі бөлігі ретінде ,ішекке белсенді емес түрде түсетін ұйқы безінің 
липазасымен гидролизденеді.Ол өт қышқылдары мен ішектік табиғаты бар –
колипазаның көмегімен белсендіріледі.Фосфолипидтер ішекте фосфолипаза 
деп аталатын ферменттердің ерекше тобымен гидролизденеді.Тағамдық басқа 
фосфолипидтер 
–сфингофосфатидтердің 
гидролизі 
ішек 
ферменті 
сфингомиелиназаның көмегімен іске асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет