Ассамблея народа казахстана и ее роль в консолидации казахстанского общества



Pdf көрінісі
бет35/41
Дата03.03.2017
өлшемі3,62 Mb.
#6084
түріСборник
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41

Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.  «Қазақстан - 2050» cтратегиясы: бір халық - бір ел – бір Тағдыр.  Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясының жиырмасыншы
сессиясындағы баяндамасы // Егеменді Қазақстан. – 2013. – 24 сəуір
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: Жеті жарғы, - 2007
3. Назарбаев  Н. Тəуелсіз  Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің  жəне  жасампаздықтың 20
жылы. Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ə.Назарбаевтың 
Қазақстан 
Халқы
Ассамблеясының он жетінші  сессиясындағы баяндамасы // Егеменді Қазақстан. – 2011. – 19 сəуір

252
ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕ - ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ
МЕН БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ
Сарбасова Қ.А.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қ.
Бекмағамбетов А.Ж.
«Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ, Астана қ.
Адамзаттың  асыл  мұраттары  қайта  гүлдеп, мəдениет  дəрежесі  демократия  мен
қоғамдық  прогрестің  одан  əрі  дамуының  өлшеміне  айналып  отырған  бүгінгі  шақта
отансүйгіштікке  тəрбиелеудің  маңыздылығы  ерекше  арта  түседі. Еліміздің  болашағы
көркейіп, өркениетті  елдер  қатарына  қосылуы  бүгінгі  ұрпақ  бейнесімен  көрінеді. Қазіргі
кезде Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері мен ұлыстар өзінің тума мəдениеті мен тіліне,
өнері  мен  дəстүріне  сүйіспеншілікпен  қарай  отырып, өз  Отаны  ретінде  Қазақстанға  деген
құрметін арттыруда, мұның өзі жалпықазақстандық патриотизмнің көрінісі болып табылады.
Əрине, бұл дамудың жаңа үдерістерінің бастамасы, оның жалғасын тауып, нығая түсуі үшін
əлі  де  атқарылар  шаралар  көп. Республика  халықтарының  өзара  ұлттық  келісімі  мен
достығын  нығайтуға, 130-дан  астам  ұлттар  мен  ұлыстардың  жалпықазақстандық
патриотизмінің  кемелденуіне  бірқатар  тарихи  мерзім  керек  екендігі  туралы  Елбасымыз
Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында: «...біз Қазақстанның
барлық  азаматтарының  отаншылдық  сезімі  мен  еліне  деген  сүйіспеншілігін  дамытуға
тиіспіз»  -  [1,  16  б.]  деп  жазғанда,  бұл  процестің  жеңіл,  əрі  қысқа  мерзімде  аяқтала
қоймайтындығын ескергені сөзсіз. Сондықтан əрбір қоғам мүшесіне патриоттық тəрбие бере
отырып, оның  ұлтжандылығын, отансүйгіштік  санасын, басқа  ұлт  өкілдеріне  сыйлы
қатынасын жəне халқына деген құрмет сезімін қалыптастыру талабы жылдан жылға күшейіп
отыр.
Қазіргі  қоғамның  патриоттық  санасы  үш  түсінікті  құрайды: ұлттық-этникалық;
жалпыадамзаттық  жəне  əлеуметтік-таптық. Ұлттық-этникалық  дегеніміз – ұлттық  намыс
сезімі, Отанға деген, ұлт мəдениетіне, тіліне, т.б. деген сүйіспеншілік, Қазақстан көп ұлтты
мемлекет болғандықтан, жалпықазақстандық патриотизм республикадағы ұлттар өкілдерінің
бəріне дерлік ортақ түсінік болу керек.
Қазақстандық  патриоттық  тəрбиенің  мақсаты - жеке  тұлғаның, əлеуметтік, ұлттық
топтың  патриоттық  іс-əрекетке  саналы  түрде  ұмтылуын  анықтайтын  саяси-моральдық,
кəсіби, денешыңдау қасиеттерін  қалыптастыру.
Қазақстандық  патриотизм  қазақ  ұлтының  республикадағы  басқа  да  ұлттармен  өзара
қатынасы  негізінде  мына  принциптер  бойынша  жүзеге  асады: өзара  түсінушілік;
материалдық жəне рухани құндылықтармен өзара алмасу; өзара көмек; ортақ мақсат, идеялар
негізінде  өзара  қарым-қатынаста  болуға  саналы  талпыныс; ұлттық  жəне  жалпыадамзаттық
мүдденің  табиғи  үйлесімділігі; тең  құқықтық, т.б. Бүгінгі  жағдайда  бұл  принциптер
қазақстандық патриоттық тəрбиенің негізгі бағыттарын жүзеге асыруға ықпал етеді [2, 11 б].
Патриоттық  тəрбиенің  мазмұны  өзара  бір-бірімен  тығыз  байланысты  екі  негізгі
компоненттен  тұрады. Оның  біріншісі  кең  əлеуметтік-педагогикалық  бағыттылығымен
сипатталады. Ол мынадай элементтерге негізделеді: негізгі əлеуметтік, тарихи, адамгершілік,
саяси, əскери  жəне  басқа  мəселелер  бойынша  оң  дүниетанымдық  көзқарастар  мен
ұстанымдар, маңызды  рухани  адамгершілік, əрекеттілік  сапалар (Отанға  деген
сүйіспеншілік, заңнамаларға  сыйлы  қатынас, конституциялық  міндеттерді  орындау  жəне
азаматтардың қауіпсіздігін сақтау алдындағы жауапкершілік, т.б.).
Патриоттық  тəрбие  мазмұнының  əлеуметтік-педагогикалық  компоненті  оның  өзегін
құрайтын  басты  компонент  болып  табылады, өйткені  бойында  өзіне  тəн  құндылықтары,
көзқарасы, бағдары, қызығушылақтары, ұстанымдары, мотивтері  бар  қазақстандық  азамат
пен патриоттың тұлғасын қалыптастырмай, Отан қорғау, əскери  жəне басқа да мемлекеттік
қызметке қатысты нақты міндеттердің табысты шешілуі мүмкін емес.

253
Бүгінде  патриоттық  тəрбие  мазмұнының  өзіне  тəн  арнайы  компонентінің  мəні  артып
отыр. Бұл компонент патриоттық тəрбиені алға қойылған нақты міндеттерге сəйкес саралап,
негіздеп, əрі  жан-жақты  жүргізуді  көздейді. Патриоттық  тəрбие  мазмұнының  өзіне  тəн
арнайы  компоненті  неғұрлым  нақты  жəне  əрекетті  бағыттылығымен  сипатталады. Қазіргі
жағдайда  патриоттық  тəрбие  мазмұнында  басымдық  танытатын  рухани  адамгершілік
құндылықтар ретінде мыналарды бөліп көрсетуге болады:
- Отанды қорғауға даяр болу;
- моральдық-саяси оптимизм;
- ізгілендіру;
- бейбітшілік сүйгіштік, бейбіт өмір мен əлеуметтік прогресс;
- ерлік, отансүйгіштік қызметте көрінетін белсенділік;
- өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезім;
- өз халқына, туған өлкеге, тіліне, мəдениетіне берілгендік;
- өзге ұлт өкілдеріне, олардың тіліне, мəдениетіне құрметпен қарау;
- ұлттық  ерекшеліктерді  ескере  отырып, бүгінгіні  тəрбиелеу  үшін  ерлікке  толы
өткенімізге, əскери, еңбек пен озық халық дəстүрлеріне адал, əрі берілген болу [3, 12 б.].
Жоғарыда  айтылғандар  негізінде  қазіргі  таңда  оқушыларға  патриоттық  тəрбие  беру
мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Рухани-адамгершілік – тұлғаның  жоғары  құндылықтарды, мұраттар  мен
бағдарларды, əлеуметтік  маңызды  процестер  мен  шынайы  өмірдің  құбылыстарын  саналы
түсінуі, оларды  күнделікті  іс-əрекеті  мен  мінез-құлқында  негізгі  принциптер, ұстанымдар
ретінде  басшылыққа  алу  қабілеті.  Бұл  бағыт  жоғары  мəдениеттілік  пен  білімділікті
дамытуды, Отанға  адал қызмет етуге  даяр  болуға  итермелейтін  идеяларды  саналы түсінуді,
мінез-құлықтың  жоғары  адамгершілік, кəсіби-этикалық  нормаларын, шыншылдық,
жауапкершілік жəне ұжымшылдық қасиеттерін қалыптастыруды көздейді.
2. Тарихи – біздің  ата-бабаларымыздың  тарихын  танып-білу, Отанның, оның
тағдырының қайталанбайтындығын саналы түсіну, ерлікке толы өткендегі төңкеріс, əскери,
еңбек  жəне  халық  дəстүрлеріне  аялы  көзқарас. Бұл  бағыт  Отанымыздың  көпғасырлық
тарихын, əлемдік  тарихи  процесте  Қазақстанның  алатын  орны  мен  атқаратын  ролін  оқып-
үйренуді, біздің  халқымыздың  менталитетінің, əдет-ғұрыптарының, наным-сенімдері  мен
дəстүрлерінің  ерекшеліктерін  түсінуді, еліміздің  егемендігі  мен  тəуелсіздігі  үшін  күрескен
өткен  дəуірлердегі  батырларымыздың, қайраткерлеріміздің, билеріміз  бен  хандарымыздың,
халық құрметтеген азаматтарымыздың ерлік істерін дəріптеуді көздейді.
3. Саяси-құқықтық -   мемлекет  пен  ар-ожданның  бағынышты  күшіне  негізделген
адамдар арасындағы нормалар мен ережелердің жиынтығы. Оның негізгі мақсаты - қоғамдық
меншікті  қорғау, халық  үкіметін, демократияны, мемлекеттік  заңдылық  нормаларын,
адамның  құқықтары  мен  бостандығын  қорғау. Біздің  елімізде  демократиялық  құқықтық
мемлекет  орнатудың  күн  тəртібіне  қойылуына  байланысты  құқықтық  сананың  маңызына
назар  аударылып, саяси-құқықтық  бағыттың  ролін  арттыру  көзделуде. Құқықтық
нормаларды  қоғамдық  қатынастардың  нақты  практикасына  ендіруге  құқықтық  сананы
жетілдіру, азаматтардың  санасын ояту, қоғамдық пікір беделі мен заңның күшін мемлекеттік
құқық қорғау органдарының көмегімен күшейту арқылы қол жеткізуге болады.
Құқық  қоғам  өмірінде  бірнеше  маңызды  əлеуметтік  функцияларды  атқарады.
Құқықтың негізгі қайнар көзі мемлекеттік құқықтың мəнін ашып көрсететін  Ата Заң болып
табылады. Ата Заңның негізінде қоғамдық өмірдің  əрбір саласы (еңбек, азаматтық, меншік,
кəсіпорын, кооперация, қоршаған ортаны қорғау туралы, əкімшілік, отбасылық, қылмыстық)
бойынша заң актілері жасалып, əрекет етеді. Мұнда құқықтың реттеуші функциясы көрінеді.
Тəрбиелік  функциясы  демократиялық  құқықтық  мемлекетте  адам  тəртібінің  негізі -
оның  белсенді  жəне  саналы  түрде  адамгершілік  пен  құқық  нормаларын  орындауы  болып
табылады. Осында  педагогикалық  жəне  заң  ғылымының  өзара  əрекеті  негізделеді:
педагогика  адамгершілік  нормаларын  тəрбиелеуден  құқыққа  қарай, юриспруденция -

254
құқықтан  адамгершілікке  қарай  жылжиды.  Екі  ғылым  да  бір  міндетті  –  тұлғаның  бойында
адамгершілік құқықтық мəдениетті қалыптастыруды көздейді.
4. Патриоттық – біздің қоғам мен мемлекетті, қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімін,
өмір  салтын, дүниетанымы  мен  тағдырын  қалыптастыру  мен  дамытудың  ерекшеліктерін
айқындайтын  маңызды  рухани-адамгершілік  жəне  мəдени-тарихи  құндылықтарды
тəрбиелеу. Ол өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілік пен берілгендікті, халқының байлығы,
ерлік  істері  мен  дəстүрлері, мəдениеті  үшін  мақтаныш  сезімін  қалыптастыруды, қоғам  мен
мемлекетке адал, шынайы қызмет етуді қамтиды.
5. Кəсіби-əрекеттілік – Отанға  қызмет етумен  байланысты  еңбекке жауапкершілік  пен
борыштылық  қатынасын, лауазымдық  міндеттері  мен  қойылған  міндеттерді  табысты
орындау  мүддесі  тұрғысынан  кəсіби-еңбек  сапаларын  белсенді  танытуға  ұмтылушылықты
қалыптастыру. Ол  тұлғаның  өзін-өзі  кəсіби-əрекет  тұрғысынан  көрсетуінің  мотивтерін,
мақсаты  мен  міндеттерін, құндылық  бағдарларын, еңбекте  жоғары  нəтижелерге  қол
жеткізуге кəсіби құштарлықтары пен ынтасын, міндетті жоғары тиімділікпен орындау жəне
нақты  мақсаттарға  жету  қабілетін, өзінің  кəсіби  тұрғыдан  өсу  жоспарын  болжау  жəне  іске
асыра білу білігін қамтиды.
6. Психологиялық – жастарда  жоғары  психологиялық  беріктікті, кез  келген  жағдайда
күрделі, əрі  жауапты  міндеттерді  орындауға  даярлықты, қиыншылықтарға  төзімділікті,
табысты  өмір  мен  іс-əрекет  үшін  қажетті  маңызды  психологиялық  қабілеттерді
қалыптастыру. Ол  əскери  жəне  басқа  ұжымдарда  əлеуметтік-психологиялық  процестерді
оқып-үйренуді жəне болжай білуді, жағымсыз құбылыстардың алдын-алуды мен девиантты
мінез-құлықты болдырмауды, психологиялық қызбалылықты сабасына түсіруді, қозушылық
жағдайын  жоюды, іс-əрекет  түрлерінің, мінез-құлық  ережелері  мен  нормаларының, рухани
құндылықтарының  ерекшеліктеріне  сəйкес  психологиялық  сапаларды  қалыптастыруды
көздейді.
7. Əскери –патриоттық - жас  жеткіншектерді  əскери  қызметке, өзінің  Отаны –
Қазақстан  Республикасының  жəне  өз  халқының  алдындағы  азаматтық  борышын  өтеуге,
тəуелсіз  демократиялық  Отанының  сенімді  қорғаушысы  болуға  даярлау, маңызды  əскери
дəстүрлерді игеруі жəне қазіргі заман қару-жарақтарын меңгеруі. Ол мынадай мəселелердің
шешімін табуды көздейді:
- жастарды  Қазақстан  Республикасының  Ата  Заңымен, Отан  қорғау, ҚР  Қарулы
Күштерінде əскери борышын өтеу туралы Заңдармен таныстыру;
- əскери істің тарихымен таныстыру;
- ҚР  Қарулы  Күштерінің  жəне  басқа  жасақтардың  міндеттерімен, құрылымымен
таныстыру;
- азаматтық қорғаныс негіздерін оқыту;
- əскери істің негіздері бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру;
- Отан алдындағы əскери борышын өтеуге психологиялық даярлық беру;
- өлкетану жəне ізденіс жұмыстарын, Əскери Даңқ тарихы мектеп мұражайларының іс-
əрекетін ұйымдастыру.
Бұл  бағыттардың  барлығы  бір-бірімен  тығыз  байланысты, патриоттық тəрбие  берудің
мақсаты, міндеттері, рухани-адамгершілік  жəне  дүниетанымдық  негіздері, принциптері,
формалары мен əдістері тұрғысынан іс-əрекет барысында өзара бірлікте жүзеге асырылады.
Оқушыларға  патриоттық  тəрбие  берудің  мақсаты, міндеттері, мазмұны  мен
принциптері  мектеп  практикасында  белгілі  бір  жүйе  арқылы  іске  асырылады. Жүйе – бұл
белгілі  бір  тұтастықты  құрайтын  өзара  байланысты  элементтердің  кешені; олар  өзара
байланысты, бір-біріне  тəуелді  бола  отырып, өзара  əрекет  етуі  негізінде  тұтас  бірлікті
құрайтын элементтердің (компоненттердің) реттелген жиыны.
Жастарға  патриоттық  тəрбие  берудің  нəтижелілігін  қамтамасыз  етуде  жалпы  білім
беретін  мектептер  басты  роль  атқарады. Сондықтан  біз  зерттеу  барысында  тəрбие
теориясының  негіздерін, мектепте  жүргізілетін  тəрбие  жұмыстарының  əдістемесін  жəне
алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  тəжірибені  терең  оқып-үйреніп, тиянақты  талдау  жасау

255
арқылы мектепте жоғары сынып оқушыларына патриоттық тəрбие берудің жүйесін жасадық.
Бұл  жүйе  мұғалімдерге  патриоттық  тəрбие  беру  ісінде  негізгі  бағыт-бағдарды  алуға
көмектеседі. Жүйені  негізге  ала  отырып, мұғалімдер  патриоттық  тəрбие  беру  процесін
əлеуметтік-экономикалық  дамудың  жаңа  жағдайына  сəйкес  жаңа  көзқарастар  тұрғысынан
жетілдіруге  көңіл  бөлу  керек. Қазіргі  таңда  патриотизмді  маңызды  əлеуметтік  құндылық,
қоғамның рухани-адамгершілік бірлігінің, оның өмірлік ұстанымдары мен мемлекеттілігінің
негізі ретінде қайта жаңғырту жəне дамыту аса маңызды болып отыр.
Патриоттық  тəрбие  беру  жұмыстарын  ұйымдастыру  жəне  өткізу  соған  сəйкес  тəрбие
жұмысы  формаларының  тұтас  кешенін  пайдалануды  көздейді,  оларды  шартты  түрде  екі
негізгі топқа бөлуге болады:
-  бірінші  топ  патриоттық  тəрбие  мазмұнының  жалпы  дамытушылық  компонентіне
негізделген, жалпы патриоттық сипаттағы неғұрлым кең, əрі көптүрлі формаларды қамтиды.
Олар оқу-тəрбие мекемелерінде негізгі тəрбиелік шаралар (əңгімелесулер, кештер, «дөңгелек
үстел», кездесулер, т.с.с.) немесе  факультативтерде, үйірмелерде, курстарда, секцияларда
қосымша оқу сабақтары түрінде өткізіледі;
-  екінші  топ  патриоттық  тəрбие  мазмұнының  өзіне  тəн  ерекшелігіне  негізделген,
көптүрлі  емес  жəне  көп  жағдайда  əскери  жəне  əскери-қолданбалы  бағыттылықпен
сипатталады. Бұл  формалар  негізінен  практикалық  сабақтар, жұмыстар, əскери  ойындар
түрінде  өткізіліп, жасөспірімдерді  əскери  бөлімшелердің  өмірі  мен  қызметімен  жəне  əскер
қызметшілерінің тұрмысымен, қызметімен таныстыруды көздейді.
Қолданылған əдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан – 2030. – Алматы: ЮРИСТ, 2006. – 152 б.
2.Құсайынова  Д.С. Əлия  мен  Мəншүк  ерлігінде  жоғары  сынып  оқушыларын  патриоттыққа
тəрбиелеу:  пед.  ғылымдарының    канд.  дəрежесін  алу    үшін    дайындаған    дисс.  автореф.    -  Алматы,
1999. – 29 б.
3. Құрманбаева М.Ж. Мəлік Ғабдуллин мұрасындағы этнопедагогикалық құндылықтар арқылы
оқушыларды отансүйгіштікке тəрбиелеу: пед. ғылымдарының  канд. дəрежесін алу  үшін  дайындаған
дисс. автореф.  – Алматы, 2003. - 27 б.
ЭТНОКУЛЬТУРА НАРОДА КАЗАХСТАНА:
РЕГИОНАЛЬНЫЕ ОСОБЕННОСТИ И ЕДИНСТВО
Такижбаева Н. З.
к.и.н., доцент, Almaty Management Univesity, г.Алматы
Так  называлась  Фестивальная  Олимпиада «Этнокультура  народа  Казахстана:
региональные  особенности  и  единство», посвященная 20-летию  Ассамблеи  народа
Казахстана, которая прошла в Almaty Management University (ALMU) 26 февраля 2015 г.
2015 г. – это не только год 70-летия Победы в Великой Отечественной войне, 550-летия
Казахского  ханства, это  и  год  Ассамблеи  народа  Казахстана, уникального  института,
призванного сохранять мир и согласие в нашем обществе. Поэтому, вполне естественно, что
текущий год посвящен главным ценностямказахстанцев – независимости, свободе, единству,
миру и согласию.
В  качестве  гостей  и  участников, помимо  коллектива ALMU, присутствовали
преподаватели  и  студенты  колледжа  Казахской  Национальной  Академии  искусств  им.
Жургенова, Алматинского колледжа декоративно-прикладного искусства им О.Тансыкбаева,
а также Центр Декоративно-прикладного искусства Центральной Азии «Бахыт».
В холле ALMU была развернута  выставка ярмарка мастеров декоративно-прикладного
и 
изобразительного 
искусства, на 
которой 
преподаватели 
и 
студенты
художественныхколледжей  г.Алматыпрезентовали  свои  произведения – картины, панно,

256
инсталляции, предметы  быта  и  одежду  из  войлока, кожи, дерева, керамические  изделия  и
многое другое.
СамКонференц-зал, где  проходил  Фестиваль, был  празднично  украшенразноцветными
шарами, постерами и эмблемами команд, представлявших все регионы Казахстана. Каждая
команда  стремилась  представить «свою» область  максимально  всесторонне, отметив  ее
достижения  во  всех  сферах  жизнедеятельности, особо  отметив, что  это  достигнуто
благодаря  труду  всех  этносов, проживающим  в  данном  регионе. Зрители  с  большим
интересом знакомились с представленными материалами.
Официальную  часть  мероприятия  открыла  зав. кафедрой «Общеобразовательные
дисциплины», д.т.н., профессор А.Т.Колушпаева, которая отметила, что двадцать лет назад, 1
марта 1995 года, Президентом  РК  Н.А. Назарбаевым  был  подписан  Указ  о  создании
Ассамблеи  народа  Казахстана, очередной  юбилей  которого  мы  ныне  отмечаем. Она
отметила, что  студенты  специальности «Регионоведение» всегда  ценят  дружбу  народов,
проявляют  интерес  ко  всем  этносам  и  регионам  мира. Свидетельством  этому  служат
ежегодно  проводимые  Фестивали  народов  мира, Фестивали  народов  Центральной  Азии,
Фестивали народа Казахстана.
Модераторы – студенты-регионоведы, подчеркнули, что  нынешний  Фестиваль-
Олимпиаду  подготовили  кафедра «Общеобразовательные  дисциплины» и  студенты 1-го
курса специальности Регионоведение. Затем они представили жюри, куда вошли
А.Т.Колушпаева, профессор, зав. кафедрой «Общеобразовательные  дисциплины»
ALMU, председатель  жюри;Б.З.Отарбаева, д.пол.наук, профессор, ALMU;Ж.К.Кошен, член
Союза  художников  РК, преподаватель  колледжа  Казахской  Национальной  Академии
искусств  им.Т.Жургенева; А.Б. Сарсенбаев, директор  центра «Делового  казахского
языка»ALMU; Н.А.Нурова, выпускница  специальности «Регионоведение» Казахского
университета  международных  отношений  и  мировых  языков  им. Абылай  хана (г.Алматы),
старший консультант по подбору персонала VRVConsultants.
По традиции конференцию открыл гимн Республики Казахстан, при исполнении
которого все торжественно встали, приложив руку к левой груди.
Затем, после  приветственных  речей,участники  продемонстрировали  всё  то, что  они
подготовили к празднику Года Ассамблеи народа Казахстана.
Команды–участники,представивпостеры  и  эмблемы, вышли  на  первый  тур,который
был  посвящен  презентации  областей, во  втором  туре  команды  продемонстрировали
сделанные своими руками модели, символизирующие этнокультурный дух своего региона.
В  финал  вышли  три  команды,  набравшие  наибольшее  количество  баллов.  Это  –
команды «Карагандинская  область», «Павлодарская  область», «Акмолинская  область». Им
предстояло  отгадать  орнамент того  или  иного  этноса  народа  Казахстана, рассказать  о  нём.
Затем  представители  финалистов  состязались  в  ораторском  искусстве  по  теме
«Этнокультурные  объединения» своей  области, при  этом 
необходимо 
было
продемонстрировать  их  региональные  особенности  и  единство, характерное  для  народа
Казахстана. Завершал  финал  конкурс  знатоков  творчества  Абая. Команды  должны  были
перевести перекрестно с казахского, русского и английского языков цитату из «Книги слов»
Абая, и при этом указать конкретно, с какого Слова взята та или иная цитата. Надо отметить,
что  все  участники  успешно  справились  с  данным  заданием, что  свидетельствует  о  новом
поколении казахстанцев, прекрасно владеющих этими тремя языками, и знающих творчество
Абая, которому в этом году исполнилось 170 лет со дня рождения.
Жюри  пришлось  нелегко, определяя  лучших. Таковыми  оказались: главный  Приз
получила  команда «Акмолинская  область», второе  место  заняла  команда «Карагандинская
область», третье – команда «Павлодарская область». При этом были отмечены номинанты по
таким  категориям, как: «Лучшая  модель» и «Лучший  знаток  трёх  языков», ими  оказались
Алма Конакбаева и Жания Курманбай соответственно.
Председатель  жюри  вручила  награды  победителям  и  призерам. Кстати, Оргкомитет,
состоящий  из  самих  студентов,  в  качестве  призов  выбрал  произведения  декоративно-

257
прикладного искусства, сделанные руками преподавателяколледжа Казахской Национальной
Академии  искусств  им.Т.ЖургеневаА.Т.Мукатовой, подчеркнув  тем  самым  значимость  и
ценность народного творчества.
Завершая  мероприятие, зав. кафедрой «Общеобразовательные  дисциплины», лучший
преподаватель Республики Казахстан 2015 г., подчеркнула, что проведение  Года  ассамблеи
предусматривает  проведение  замечательной  республиканской  акции – эстафета «АНК – 20
добрых дел». Символом этой идеи является Тайказан - чаша мира, благополучия и достатка.
Эту чашу каждый  из нас, казахстанцев, должен  наполнить 20-ю добрыми  делами. Кафедра
«Общеобразовательные  дисциплины» силами  студентов 1-го  курса  специальности
«Регионоведение» сегодня начала заполнять Тайказан.
Затем  она  пригласила  всех  присутствующих  присоединяться  к  этой  эстафете
совершения  двадцатидобрых  дел, тем  самым  внеся  вклад  в  единство  народа  Казахстана.
Проведенное  мероприятие  показало, что  такие  праздники, посвященные  этнокультурным
особенностям  региона  Казахстана  позволяютмолодежи  осознать, что, говоря  словами
Президента  РК  Н.А. Назарбаева: «Мы  один  народ, одна  страна, одна  судьба. Наш
казахстанский путь – это путь мира, согласия и развития».

258
IV 
СЕКЦИЯ
.
ЭТНИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ƏЛЕМДІК ТƏЖІРИБЕСІ

МУЛЬТИМƏДЕНИЕТ
МИРОВОЙ ОПЫТ ЭТНОПОЛИТИКИ

МУЛЬТИКУЛЬТУРАЛИЗМ
ҚАЗАҚСТАН  ХАЛҚЫ  АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТƏЖІРИБЕСІ
Əліпбаева С. Р.
 М.Х. Дулати ат. ТарМУ,  Каратау қ.
Ассамблеяның  басты  ерекшеліктерінің  бірі  оның  еліміздің  жоғары  заң  шығару
органында - Парламентте  этностық  топтар  мүдделерінің  кепілді  өкілдік  етуін  қамтамасыз
етуі болып табылады.
Парламент Мəжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің
барлық  этностары  атынан  өкілдік  етеді. Бұдан  басқа  қазақстандық  этностық  қоғамдастық
өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси  партиялар арқылы сайлауға  тікелей
қатысу негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан  халқы  ассамблеясы  өзінің  құрылған  кезінен  бастап  орасан  біріктірушілік
жəне зияткерлік əлеует жинақтап жəне халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе
отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей
құрылым  тұрақтылықты  сақтап, республиканың  ілгерілей  дамуы  үшін  маңызды  роль
атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл əлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар
саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.
Жалпы  алғанда  негізінен  Ассамблея  жұмысының  арқасында  біздің  елімізде
этносаралық жəне конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, əрбір азамат этникалық жəне
діни  ерекшелігіне  қарамастан  Конституцияда  кепілдік  берілген  азаматтық  құқықтары  мен
бостандықтарын  толық  пайдалана  алатындай  ерекше  сенім, ынтымақ, өзара  түсініктік
ахуалы қалыптасты. [1]
Республикада Қазақстанның барлық этностарының мəдениетін, тілін, дəстүрін дамыту
үшін  қажетті  жағдайдың  бəрі  жасалған. Ассамблея  қызметі  Қазақстанның  этносаралық
қатынастар  мəселелерін  тиімді шешетін  ел  ретіндегі  халықаралық беделін  арттыруға  ықпал
етеді.
Қазақстан  Халқы  ассамблеясының  тəжірибесі  шетел  мамандарын  қызықтырып  отыр.
Бұл  туралы  Мəскеуде  өткен  халықаралық  ғылыми  конференцияда  айтылды. Ресей
астанасында бас қосқан əлемнің сарапшылары, этносаясат саласындағы мамандар, діндарлар,
ғалымдар  мен  журналистер  ірі  қалалардағы  ұлтаралық  бірлік, халықтар  достығын  нығайту
мəселелері  жайында  ой  бөлісті. Осы  орайда  шетелдік  мамандар  қазақ  елінің  тəжірибесі
өзгелерге  үлгі  болуы  тиіс  деп  санайды. Естеріңізге  сала  кетейік, 2015 жылы  елімізде
Қазақстан  халқы  ассамблеясының  жылы  деп  жарияланды. Келер  жылы  ТМД  аумағындағы
теңдесі  жоқ  институтқа 20 жыл  толады. Максим  Шевченко, РФ  Президенті  жанындағы
Ұлтаралық  қатынастарды  реттеу  кеңесінің  мүшесі: - Бүгіндері  Нұрсұлтан  Əбішұлы
Назарбаевтың  қолға  алған  шаралары  көпшілікке  үлгі  болып  отыр. Сондықтан  Қазақстан
халқы  ассамблеясы  ұлтаралық  бірлікті, келісімді, халықтар  достығын  нығайтуға  зор  үлес
қосып келеді. Осы институттың тəжрибесі барша əлемді қызықтырып отыр. Қазақ халқынан
үйренетініміз  көп. Андрей  Коробков,Теннеси  университетінің  профессоры: - Қазақстан
халқы  ассамблеясының  институты 20 жыл  ішінде  оң  нəтижелерге  қол  жеткізді. Мəселен
санақ  мəліметтеріне  жүгінер  болсақ, 1990 жылдары  халықтың  басым  бөлігі  Қазақстаннан
Ресей секілді өзге мемлекеттерге көше бастаған  еді. Қазір көшу үрдісі тоқтап  қана  қоймай,
керісінше  Қазақстанға  Ресейден  көшіп  келіп  жатқандардың  саны  арта  бастады. Қазақ  елі
ұлтаралық бірлікті сақтап, зор  жетістікке қол  жетізді. Елдегі  достық пен татулық  бүгіндері
батыс  елдердің  білікті  мамандарын  қызықтырып  отыр.  Қазір  əлемнің  белгілі  ғалымдары

259
Астанаға  келіп, Назарбаев  Университетінде  жұмыс  істеуде. Бүгінде  Қазақстан  халқы
Ассамблеясының  жұмыс  тəжірибесін  Ресей, Қытай, АҚШ, Франция  сияқты  көптеген  шет
мемлекеттер зерттеуде. Ел бірлігінің шыңына жетудің соқтықпасы көп, соқпақсыз жолында
түрлі  этностардың, тілдер  мен  ділдердің, діндердің  арасында  шынайы  сұхбаттастық
орнатуды  мемлекеттік  қана  емес, тұтас  жаһандық  деңгейге  көтере  алған  Қазақстанның
елішілік  үндестік  алаңы – Ассамблея  бүгінде  біраз  мемлекеттерге  үлгі  болып  отыр. Оны
Біріккен  Ұлттар  Ұйымы, Еуропадағы  қауіпсіздік  жəне  ынтымақтастық  ұйымы, Азиядағы
өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты əлемнің ең белді халықаралық
ұйымдары да мойындады. Қазақстан тəжірибесін зерттеп, тəжірибе алмасу үшін елімізге тек
соңғы  1  жылдың  өзінде  15  мемлекеттің  өкілдері  келуі  осының  айқын  дəлелі.  Сондықтан,
Қазақстанның  этносаралық  қатынас  саласындағы  өткенін, бүгіні  мен  болашағын  Қазақстан
халқы Ассамблеясынан бөле-жарып қарау мүмкін емес. Ол əу баста құрылғандағы қоғамдық-
ақылдастық  деңгейінен  əлдеқашан  өсіп, толыққанды  конституциялық  органға  айналды.
Ассамблея Қазақстанның əлеуметтік жаңғыруының жаңа кезеңінде барлығымыз бірге құрып
жатқан  азаматтық  қоғамның  келісім  институты  ретінде  өз  жұмысының  бағыт-бағдарын
айқындады. Əртүрлі  саяси  күштермен, барша  аймақтармен  байланыс  орната  білген
Ассамблея жан-жақты жаңғыру жолына түскен Қазақстан Халқы Ассамблеясы атты бірегей
институт  жайлы: «Қазақстанның  Ассамблея  құрудағы  тəжірибесін  көптеген  мемлекеттер
қолданып  отыр. Мəселен, 2003 жылы  Ассамблеяның  делегациясымен  Мəскеуге  барған
кезімде сол тұстағы Ресей халықтары ассамблеясы атқарушы комитетінің төрағасы ұлты тува
Ч.Ондар: “Біз  өз  ассамблеямызды  Қазақстанның  тəжірибесіне  сүйеніп  құрдық”, деді. Ресей
Федерациясы  халықтары  ассамблеясының  төрағасы  Рамазан  Қажымұратұлы  Əбдулəтіпов
мырза да: “Біз Ресей халықтары ассамблеясын Қазақстан халқы Ассамблеясының құжаттары
мен  мол  тəжірибесі  негізінде  құрған  болатынбыз. Себебі, Қазақстан  халқы  Ассамблеясы
бізден  үш  жыл  бұрын  құрылған  еді. Біз  одан  көп  нəрсе  үйрендік, бірақ  əлі  күнге  дейін
Қазақстанның  деңгейіне  жете  алмай  келеміз. Мен  сіздерге  қызығамын. Өйткені, сіздердің
Ассамблеяларыңызды  Президенттің  өзі  басқарады. Сондықтан  сіздерде  барлық  жағынан
мүмкіндік  жоғары”,  дегенді  айтып  еді.  Шынында  да,  сөзінің  жаны  бар»  -  деп  өз  ойын
мақаласы арқау еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, республикалық қоғамдық-
саяси “Ұйғур  авази” газетінің  бас  редакторы  Юлдаш  Азаматов.Қазақстанның  барша  ізгі
қадамдарының бел ортасында жүр. [3]
«Татулық  пен  тұрақтылық  ел  иесі  ретінде  ең  алдымен  қазаққа  керек. Қазақтың
ынтымағы  мен  бірлігі  мықты  болмайынша  мемлекеттің  тұтастық  келбетін  сақтау  мүмкін
емес» - деді ХХ сессияда елбасы Н. Назарбаев. [2]
Мемлекет  дамуының  басты  негізі - халық  арасындағы  бірлік  пен  келісім
толеранттылық  өзара  сенім. Ассамблеяны  құрудың  арқасында  біздің  ел  дүниежүзінде
ешкімге ұқсамайтын, саяси, əлеуметтік, экономикалық жəне ұлттық дамудың қазақстандық
моделін қалыптастырды.
Еуразиялық  интеграцияның  негізі – қоғамдық  келісім  мен  толеранттылық. Минскіде
өткен  халықаралық  конференцияға  осы  тақырып  арқау  болды. Шараны  Беларусь  Ұлттық
ғылым  академиясының  философия  институты  мен  Қазақстан  елшілігі  бірлесіп  өткізді.
Жиынға келгендер еуразиялық кеңістіктегі халықтың мүддесі, қоғамдық келісім жəне елдің
əлеуметтік-экономикалық  дамуы  сынды  ауқымды  мəселелерді  қаузады. 2015 жылдың 1
қаңтарынан іске кірісетін Еуразиялық экономикалық одақ келісімінің алдында бұл жиынның
маңызы арта түсті. Шараға қатысушылар татулық пен рухани келісімнің үлгісі Қазақстаннан
бастау  алғанын  айтты. Олар  əлемде  баламасы  жоқ  Қазақстан  халқы  ассамблеясы
институтының  ең  алғаш  біздің  елімізде  қалыптасқанына  тəнті. Сондықтан  өзге  елдер  де
қазақстандық үлгіні үйреніп, тəжірибие жинақтауға мүдделі. Ерғали Бөлегенов, ҚР Беларусь
Республикасындағы  Төтенше  жəне  өкілетті  елшісі: - Қазақстан  халқы  ассамблеясының
тəжірбиесі  ТМД  кеңістігінде  ғана  емес, əлем  алдында  ауадай  қажет. Қазақстан  кезкелген
мемлекетке  қонақжайлылық  танытады. Ал  Белоурсь  пен  Қазақстан  елдері  бір-бірімен
бауырлас қарым-қатынаста. Тараптар арасындағы сенімді серіктестік екі ел Президенттерінің

260
арқасында стартегиялық маңызға ие болды. Анатолий Лазаревич, Беларусь ҰҒА философия
институтының директоры: - Ел дамуында экономика маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Алайда
ұлттар  арасындағы  рухани  байланыс, келісім, мəдениет  болмаған  жерде  ел  арасындағы
байланыста болмайды. Түптеп келгенде Қазақстан, Ресей, Беларусь  халықтарының достығы
біздің ортақ əріптестігіміз бен байланысымызды жалғайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет