Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет73/95
Дата20.07.2023
өлшемі2,63 Mb.
#104575
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   95
SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
65 
дөңгелектен төмен кіші көк үшбұрыш және т.с.с. болсын.Тапсырма орындалғаннан кейін , 
заттарды санайды, топтар құрады, әртүрлі белгілеріне қарай салыстырады .
3.
 «Көру диктанты».
Дидактикалық мақсаты:
Оқушылардың көз зердесін , есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құрал 
— 
жабдықтар:
Геометриялық фигуралар.
Ойын мазмұны. 
Мұғалім оқушылар зейінін өзіне аударып, геометриялық фигуралар 
туралы пысықтау жұмысын жүргізеді. Тақта алдына геометриялық фигуралардан сурет 
құрастырылады . Балаларға мұқият қарап, есте сақтауларына уақыт беріледі . Енді 
құрастырылған суретті жасырып , жауып қояды .Енді оқушылардан не бейнеленгені, 
қандай фигураларды құрағандығы жөнінде сұралады . Осыдан кейін еске түсіре отырып, 
өздері қайтадан салады . Орналастыру кезінде сәйкес терминдер қолданылып , еске 
түсіріледі. 
Тапсырманың дұрыстығы тексеріліп, алғыр бала марапатталады.
4.«Көршілерін ата»
.
Дидактикалық мақсаты
: Заттардың кеңістікте орналасу қалпы туралы түсініктерін 
тиянақтау.
Қажетті құрал – жабдықтар
:Әртүрлі заттық суреттер.
Ойын мазмұны. 
Тақтаға үш оқушы шақырылады, сыныпқа қарап тұрады. Олардың 
әрқайсысының оң жақтағы, ортадағы, яғни арасындағы тұрған оқушының есімдері 
анықталады. Енді бағытын өзгертіп, терезеге қарап тұрады да, алдындағы жұмыс 
орындалады. Олар орындарына отырады да, біреуінің оң жақтағы сол жақтағы, 
алдындағы, артындағы көршілері анықталады. Осыған ұқсас жұмысты заттың 
суреттерімен де орындауға болады . 
5.«He жасырдың?».
Дидактикалық мақсаты:
Заттың белгілері (түрі , түсі , пішіні , өлшемі) туралы 
түсініктерді тиянақтау. 
Қажетті құрал 

жабдықтар 
:Геометриялық фигуралар , жылжымалы сөре.
Ойын мазмұны.
Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады . Мәселен : сөреге қызыл 
(үлкен) , сары (үлкен) , жасыл (кіші) , көк (кіші), дөңгелектер қатарынан қойылады . 
Қызыл үлкен дөңгелек , сары үлкен дөңгелектің сол жағында немесе оның алдында , ал 
кіші жасыл дөңгелек сары үлкен дөңгелектің оң жағында немесе оның артында , ал сары 
үлкен дөңгелек қызыл үлкен дөңгелек пен жасыл кіші дөңгелектің арасында 
орналасқанын балаларға аңғартқан жөн . Енді оқушылар көздерін жүмады , сол кезде 
мұғалім бір фигураны жасырады . Сол фигураның орнын , түр - түсін оқушылар анықтап 
және айтып береді . Әрі қарай оны өз орнына қойып , тағы басқа біреуін жасырып 
ойынды жалғастыруға болады .
6.
 «
Қай уақыт

сағат неше ?»
Дидактикалық мақсаты: 
Уақыт туралы түсініктерін дамыту .
Қажетті құал - жабдықтар 
: Сағат моделі.
Ойын мазмұны.
Мұғалім топтағы оқушыларға арналған күн тәртібі туралы суреттер іледі . 
(Оқушы үйқыдан тұрып жатқан , тамақ ішіп отырған және т.б.) . Мұғалім суреттерді 
көрсете отырып, бұл қай уақыт ? Оқушы сағат нешеде түрды ? Сабақ нешеде басталады ? - 
деген және т.б. сұрақтар қоя отырып , оқушылардың уақыт жөніндегі білгендерін 
тиянақтай түседі . Сабақтың басталу уақытын , т.б. кезеңдерді де осылайша орындатуға 
болады. 
Бұл ойын қандай уақыт мөлшерінде не бітіруге болады және уақытты босқа жібермеу , 
орынды пайдалануды да көздейді. 
Басты мәселе, мұғалім сабақта ойын элементтерін жүргізбес бұрын, оның міндеті 
мен мақсатын, жүргізу тәртібін балаларға айтып, дайындауы тиіс. Ойынға қажетті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет