Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет74/95
Дата20.07.2023
өлшемі2,63 Mb.
#104575
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95
SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
66 
құралдарды, күні бұрын дайындау қажет. Сондықтан да бірінші сыныпта оқитын сабақ 
көбінесе ойын ретінде өтіледі. Ойын да, оқу мен еңбек сияқты, баланың іс-әрекетінің бір 
түрі. Ойынның барысында баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Бұл жастағы балалар 
айналадан көрген түйгенін бағдарлап- байқағанын, естігенін-білгенін ойынмен 
бейнелейтінін байқау қиын емес. Ойын арқылы қоршаған дүниені бейнелей отырып, 
олардың өмірге көзқарасы қалыптасады, шығармашылық іс-әрекеті дамиды, өзіне ойын 
кезінде сенімі артып, күш-жігерін білдіруге жол табады. Үлкендердің іс-әрекетіне еркін 
араласып, қарым-қатынасқа түседі. 
Бұл жөнінде көрнекті психолог, 
профессор А.В. Запорожец
: «Біз дидактикалық ойын 
жекелеген білімдермен бейімділіктерді игерудің формасы болып қана қоймай, сонымен 
бірге баланың жалпы дамуына көмектесетін, оның қабілетін қалыптастыруға қызмет 
ететін болуына жетуіміз қажет» - десе, 
Н.К.Крупская
: «балалар үшін ойын - оқу , олар 
үшін ойын - еңбек , олар үшін ойын - тәрбиенің елеулі формасы»
 

дейді, ата-аналарына 
арналған лекцияларында 
А.С.Макаренко
ойын мен бала еңбегінің арасында заңды 
байланыс болатынын, ал айналадағы дүниеден алған әсерін ойында бейнелеу арқылы 
нақты еңбек әрекетіне үйренетінін айтады. Сондықтан 
А.С.Макаренко
: «Бала ойында 
қандай болса, ол өскен кезде де, жұмыста көп жағынан сондай болады» - деп 
тұжырымдайды. 
Дидактикалық ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып, оқушылардың 
психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген 
материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез 
келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдырамын. Бірақ ойын процесі мен 
оқыту процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Оқушы ойын іс-әрекеті 
үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып 
кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте 
болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт 
орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін 
көтеріледі.
 
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны мен 
міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын 
мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың 
жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді 
қатыстыруға байланысты. 
 
Бастауыш сыныптардың математика сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа 
тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да 
пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан 
мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге 
тырысуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет