Жалғаулардың түрлері (тәуелдік, көптік, жіктік, септік) Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де қолданыла береді. Көптік
мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады.
Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар т.б.
Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер. Көптік жалғауының басқы дыбысының түрліше болуы түбір
сөздің соңғы дыбысына байланысты. Мысалы:
[қатаң] +тар (-тер): кітап+тар, мектеп+тер.
[р, й,у] +лар (-лер): су+лар, үй+лер.
[дауысты] +лар (-лер): бала+лар, немере+лер.
[н, м, ң, л, з, ж] +дар (-дер): аң+дар, қаз+дар.