Жағыпарова Майра 6-тапсырма. Тәуелдік жалғауларды жалғап, сөйлем құраңыз. Жазушы, аудармашы, тілші, көмекші, бастық, кітап, қалам,
қағаз, жоба, құжат, отан, өтініш, мамандық, куәлік, білім, еңбек-
ақы, уақыт.
7-тапсырма. Әртүрлі септікте тұрған «іссапар» сөзімен бір- неше сөйлем құрастырыңыз. Үлгі: Іссапармен Астанаға бара жатырмын.
8-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз және орыс тіліне аударыңыз. Спичрайтер деген кім?
Ірі компаниялардың басшылары мен саясаткерлердің барлығы
сөз сөйлеген кезде экспромтпен сөйлейді деп ойлау – қателік. Көбі-
несе олардың сөзін арнайы спичрайтерлер (ағылш. speechwriter) жа-
зады. Спичрайтерлер – жоғары мәртебелі адамдар айтатын мәтінді
дайындайтындар.
Басшы не саясаткер сәтті қалжың, нақты факт айтса, ол шикі,
қызықсыз, көнерген факт айтқандардан ерекшеленіп тұрады.
Батыста спичрайтер – PR саласындағы негізгі мамандықтың бірі.
Бұл адам мәтіннің мақсатын, тыңдайтын аудитория жайында
алдын ала хабардар болып, сөйлеушінің мінезіне, лексикалық
қорына назар аударады және тыңдармандарға қажетті әсер қал-
дыратын мәтін жазады.
Спичрайтер психолог, әртіс, әдебиетші, әрі саясаткер болуы қа-
жет. Бұл мамандықтың иелері ылғи көлеңкеде қалады, себебі таны-
малдылық олардың қызметіне кері әсер етеді.
Сіз білесіз бе?
Ең алғашқы қазақ журналистерінің бірі Мұ-
хамеджан Сералин.
Журналистік айғақтама жүргізуге қабілеті
бар ең білімді, ең тәжірибелі журналистерді бү-
гінде аналитиктер (сарапшылар) деп атайды.