Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет136/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   249
Кәсіби қазақ тілі
18-сабақ
АЛҒАШҚЫ  ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТ ҚЫЗДАРЫ
1. Құлжанова Нəзипа 
(1887–1933)
Құлжанова Нəзипа – алғашқы қазақ əйел 
журналистерінің бірі, дарынды аудармашы, 
ұстаз.  Ол 1887 жылы Торғай қаласында дү-
ниеге келіп, сол қалада қазақ-орыс мектебін-
де оқыды. Оқуын Торғайдағы əйелдер гим-
назиясында жалғастырды (сол кездегі Қазақ 
жеріндегі  жалғыз  əйелдерге  арналған 
жоғарғы  оқу  орны),  кейінірек  көмекші 
мұғалім ретінде қызмет етті.
Құлжанова  –  алғашқы  абайтанушылар-
дың бірі. Ол – 1914 жылы 26 қаңтарда Семей қаласында Абай 
Құнанбаевтың  қайтқанына  10  жыл  толуына  орай  ұлы  ақынды 
еске түсіру кешін ұйымдастырды. Кеште ақын өмірі мен шығар-
машылығы жөнінде баяндаманы Нəзипаның өзі жасап, одан кей-
ін Абай өлеңдері оқылады. Бұл кеш туралы «Айқап» журналын-
да жазылды.
1923  жылы  журналистика  мен  əдеби-аудармашылыққа  бет 
бұрады.  Нəзипа  екі  тілде  бірдей  жүйріктігімен  де  көзге  түсті. 
Орыс  жəне  Еуропа  əдебиетінің  кейбірін  қазақ  тіліне  аударды. 
Сонымен  қатар  Абай,  Ыбырай,  Ғабиттердің  шығармаларын 
тұңғыш  рет  орыс  тіліне  аударған  да  Нəзипа  болатын.  Нəзипа 
«Бірінші Шығыс əйелдері съезінің» ұйымдастырушылары қата-
рында болды. Ол едəуір ғылыми шығармашылық мұралар, мақа-
лалар,  кітаптар  мен  аудармалар  қалдырды.  Нəзипа  Құлжанова 
1933 жылы 21 тамызда Алматы қаласында дүниеден өтті.


140


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет