Жағыпарова Майра Лəзиза Мешітбайқызы Серғазина (1908-1982) Лəзиза Серғазина – қазіргі Павлодар облысында туған. Қазақ
əйелдері арасында алғашқы болып журналистік білім алды. Лə-
зиза қаламы қуатты қазақ қыздарының бірі болды. Журналист
Серғазина əрі аудармашы, ақын, қоғам қайраткері ретінде де
белгілі.
Лəзиза Серғазина оқырманға өткен ғасырдың 1930 жылдары
танылды. Сол кездегі «Əйел теңдігі», «Балға-Молот» «Сталин
жолы» кейіннен «Социалистік Қазақстан», «Қазақстан əйел-
дері» журналдарында еңбек етті. Əсіресе, əйел теңдігі, олардың
қоғамдағы белсенділігі жайында өткір мəселелерді көтерді. Ол
«Қасиетті махаббат» поэмасын, көптеген өлеңдер жазды. В.Ла-
цистің «Дауыл», А.Гайдардың «Мектеп» шығармаларын қазақ
тіліне аударып, əдебиетке өз үлесін қосты.
Журналист Лəзизаның қолжазбалары, күнделіктері, жеке зат-
тары, фотосуреттері мен соғыс жылдарында қазақстандық сар-
баздарға жазған əскери хаттары мұражайда сақтаулы.
Лəзиза Мешітбайқызы болашақ жас журналистердің де
бағдаршамы болмақ.
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері қаламы қарымды (жүйрік,
қуатты) –
очень способный,
талантливый журналист,
умело владеющий
писательским мастерством
қазақ əйелдері арасында
алғашқы болып –
одна из первых среди
казахских женщин
əйел теңдігі –
равноправие женщин
белсенділігі жайында өткір
мəселелерді көтерді –
выдвигал актуальные
вопросы по активности
əдебиетке көп үлес қосты –
внесла большой вклад
сарбаздарға жазған əскери
хаттары –
(военные) армейские письма
фронтовикам(бойцам)