Кәсіби қазақ тілі 5-тапсырма. Төмендегі етістіктерді өзгелік етіске айнал- дырып, сөйлем құрастырыңыз. Жазу, айту, алу, сату, келу, жету.
6-тапсырма. Төмендегі етістіктерге ырықсыз етіс жұрнағын жалғап, өткен шақта, осы шақта, келер шақта сөйлем құрасты- рыңыз. Жазу, түсіру, тарату, шығару, түсіндіру, дайындау, қайтару,
беру, көрсету, шешілу.
7-тапсырма. Етіс түрлерін анықтаңыз және орыс тіліне ауда- рыңыз. Олжас жуынды. Дастарқан жайылды. Тойға көп адам жиылды.
Төрағаға көптеген сұрақтар қойылды. Балаларға көмек көрсетілді.
Жылы киінді. Бұл мәселе жиналыста шешілді. Жиналыс ойдағыдай
өткізілді. Күн жылынды. Жайлауда той басталды. Алтыбақан тер-
бетілді. От жағылды. Қорытынды жасалды.
8-тапсырма. Көп нүктенің орнын толтырып, етіс түрлерін анықтаңыз және орыс тіліне аударыңыз. Ән айт...ды. Маған ән айт...ды.
Ыдыс жу...ды. Анасы баласына ыдыс жу...ды.
Кітап оқ...ды. Оқытушы студентке кітап оқ...ты.
Сыйлық бер...ді. Аяулым сыйлық бер...ді.
Салтанатты кеш өткіз...ді. Бүгін ұжымда салтанатты кеш өт-
...ді.
Жеке-жеке отыр...ды. Студенттерді жеке-жеке отыр...ды.
9-тапсырма. Өлеңнен етіс түрлерін табыңыз, өлеңді жаттап алыңыз және мазмұнын айтып беріңіз. Ы.Алтынсарин
Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды; Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып-жұмғанша, Жылдам хабар алғызды.