Етіс. (Залог)
Етіс іс-қимылдың орындалуына орындаушының қатысы қан-
дай екенін білдіреді. Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағынала-
ры мен қызметтеріне қарай, төмендегідей түрге бөлінеді: өздік етіс,
ырықсыз етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс.
Түрлері
Жұрнақтар
Мысалдар
1.
Өздік етіс
(Возвратный)
-ын
-ін
-н
жу+ын
ки+ін
тара+н
175
Кәсіби қазақ тілі
2.
Ырықсыз етіс
(Страдательный)
-ыл, -іл, -л
-ын,-ін, -н
жуылды, киілді,
таралды,
салынды, әкелінді,
таранды
3.
Ортақ етіс
(Совместный)
-ыс, -іс,
-с
салысты, әкелісті,
ойласты, сөйлесті
4.
Өзгелік етіс
(Побудительный)
-дыр, -дір,
-тыр, -тір,
-ғыз, -гіз,
-қыз, -кіз,
-т
жуғыздыр, енгіздір,
саттырды, кептірді,
жазғызды, кіргізді,
айтқызды, кескізді,
босат, жүгірт
Өздік етіс. (Возвратные залоги).
Қимылдың іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыс-
тылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерден -ын, -ін, -н жұр-
нағы жалғану арқылы жасалатын етістің түрі өздік етіс деп атала-
ды. Мысалы: Оқушылар ерте тұрып жу-ын-ды. Бала өзі ки-ін-ді.
Ол тара-н-ды деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылда-
ры іс иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.
Ырықсыз етіс. (Страдательный залог).
Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қи-
мыл өздігінен істелетіндігі көрінеді де, -ыл, -іл, -л, түбірдің ішін-
де «л» дыбысы болса -ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасала-
тын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Ырықсыз етіс тек са-
бақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған сабақты етістікті салт
етістікке айналдырады. Мысалы: сөз айт-ыл-ды, уәде бер-іл-ді,
шарт жаса-л-ды, үй таза-ла-н-ды, қамал ал-ын-ды, үй сал-ын-
ды т.б.
Жұмыс істе-л-ді (Работа выполнена). Бір аптадан кейін жұмыс
аяқта-л-ды (Через неделю работа была завершена). Хат ауылға
жібер-іл-ді (Письмо отправлено в аул).
176
Достарыңызбен бөлісу: |