Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет167/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   249
Жағыпарова Майра
Ортақ етіс. (Взаимный залог). 
Қимыл, іс-әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес, бірнешеу бо-
лып, -ыс, -іс, -с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ 
етіс деп аталады. Мысалы: Омар мен Оспан хат жаз-ыс-ты. Қыз 
бен жігіт сөйле-с-ті. Ол бізге үй сал-ыс-ты деген сөйлемдердегі 
жазу, сөйлеу, салу қимылдары бір ғана субъект (іс иесі) тарапынан 
емес, бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан, қыз бен жігіт, ол мен 
біз) арқылы іске асатынын көрсетеді. Мен досыммен құшақта-с-
тым (Я обнялся с другом). Олар хат жаз-ыс-ты (Они переписыва-
лись). Біз көр-іс-тік (Мы увиделись).
Өзгелік етіс. (Понудительный залог). 
Өзгелік  етіс  қимылдың,  іс-әрекеттің  сөйлемдегі  іс  иесі  яғни 
субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындау-
шы арқылы істелінетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жаса-
лады.
Ол жұрнақтар: 
1) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз; 2) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, 3) -т; 
т.б. Мысалы: ки-гіз, ки-ін-дір (одень), айт-тыр, айт-қыз (заставь 
говорить кого-то), іш-кіз (заставь выпить), жу-ын-дыр (умой), ой-
на-т (заставить играть). Демек, өзгелік етісті сөйлемде қимылды, 
іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі – сол қимылды 
орындатушы, екіншісі – қимылды тікелей орындаушы (бұл ғылым 
тілінде  агенс  деп  аталады).  Мысалы:  Біз  оған  өлең  айт-қыз-дық 
(Мы заставили его петь). Мен көйлек сатып ал-ғыз-дым (Я попро-
сила себе купить платье).
4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз және етіс түрлерін та-
уып, қатарына жазыңыз.
1) Я обнялся с другом.
2) Они переписывались. 
3) Мы заставили его читать стихи. 
4) Через неделю работа будет закончена. 
5) Письмо отправлено в аул.
6) Мойся, расчешись. 
7) Я попросила себе купить платье.


177


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет