Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет31/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Кәсіби қазақ тілі
Диалект және кәсіби сөздер 
(Диалекты и профессиональные слова)
Тілде сөздерді қолданылу ерекшеліктеріне қарай: жиі қолданы-
латын сөздер (активная лексика), сирек қолданылатын сөздер (пас-
сивная лексика) деп бөледі. 
Жиі қолданылатын сөздерге жалпыхалықтық лексикадағы, бар-
лығымызға  түсінікті  сөздер  кіреді  (мысалы:  мектеп,  қала,  көше, 
кітап, қол). Ал сирек қолданылатын сөздерге диалект сөздер, кәсі-
би сөздер мен терминдер кіреді. 
Белгілі бір жердегі (аймақ, облыс, аудан) тұрғындардың сөйлеу 
тілінде ғана қолданылатын сөздерді диалект сөздер дейміз. 
Диалект  сөздердің  басым  көпшілігінің  әдеби  тілде  баламала-
ры болады. Мысалы, әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Оңтүстік
Қазақстан  облыстарында  сым  деп  айтылады.  Әдеби  тілдегі  жұ-
мыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым деп атайды.
Диалект сөздердің фонетикалық, лексика-семантикалық, синтак-
систік, морфологиялық ерекшеліктері болады.
Бәдірен, әгүршік – қияр (огурец);
Бақыр – шелек (ведро);
Шыны, пиалай, жанан – кесе (чашка для чая);
Шақпақ, күкірт, шырпы, ши, оттық – сіріңке (спичка) т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет