Жағыпарова Майра түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр –
бұрап тесетін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары т.б.
7-тапсырма. Сөйлемдердегі диалект сөздерді тауып, олардың
қандай мағынада қолданылып тұрғанын анықтаңыз. 1. Қауғабаевтың пешенесіне жазылғаны осы шығар.
2. Қазақтар үйіне қонақ келсе, әдетте, қошынасын қоса шақы-
рады.
3. Пұлың болса кезек күтпейсің, жұмысыңды тез бітіресің.
4. Ол қазіргі пошымына қатты қорланды.
5.Талдықорғанда кембағал жандарға арналған жаттығу залы
ашылды.
8-тапсырма. Диалект сөздердің әдеби тілдегі баламаларын жазып, сөйлем құрастырыңыз. Тұқым, нән, көпшік, там, бәдірен, зілдей, сүгірет, дәу, кеуірт,
құртақандай, секер, әйдік, кіл, малақай, тыңла.
9-тапсырма. Пікір білдіріңіз. Сіз газет
редакторысыз.
Ұжымдағы журналистің
бірі өзекті мəселеге қатысты
сапасыз жазылған (диалект
сөздерге толы) мақаласын
нөмірге əкеліп тұр.
Сіздің
əрекетіңіз
қалай
болмақ?