Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет41/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   249
Кәсіби қазақ тілі
7-тапсырма.  Мәтіннен  термин  сөздерді  тауып,  олардың  қай 
кәсіпке қатысты екенін табыңыз және аударма жасаңыз.
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университеті  журналис-
тика  факультетінде  республикамыздың  болашақ  журналистері 
бас қосты. «Ең дарынды болашақ журналист» атты олимпиадаға 
тоғыз команда келді. Байқауға Алматы, Түркістан, Өскемен, Семей,
Қызылорда,  Қостанай  қалаларында  журналистика  мамандығын 
оқытатын университеттерден студенттер қатысуда. Әділқазылар 
алқасы  қатарында:  танымал  журналистер,  блогерлер  мен  оқы-
тушылар  бар.  Олимпиада  екі  тур  бойынша  өтуде.  Бірінші  тур-
да  студенттер  барлығы  100  сұраққа  жауап  беруге  тиіс  болатын. 
Тапсырманы орындауға екі сағат уақыт берілгенімен, жас журна-
листер бар-жоғы бір сағат көлемінде тест сынағын аяқтады. Екін-
ші  турда  «Ең  үздік  таныстыру»  номинациясында  өздерін  таны-
стыру үшін бейнероликтер ұсынды.
8-тапсырма. Термин сөздерді табыңыз және аударыңыз.
«Жұлдыздар  отбасы»  журналының  бас  редакторы  Жарылқап 
Қалыбай  журналдың  сапасын  арттыру  үшін  жаңа  қызметкерлерді 
жұмысқа  алған.  Соңғы  жылдары  «Жас  қазақ»  апталығы  бас  ре-
дакторының  бірінші  орынбасары  қызметін  атқарған  белгілі  жур-
налист  Сәкен  Сыбанбай  журналдың  бас  редакторының  орын-
басары қызметіне шақырылыпты. Бірнеше журналистік сыйлықтар-
дың  иегері,  тәжірибелі  журналист  Жұлдыз  Әбділдә  шефредактор 
қызметіне тағайындалды. Ал журналдың дизайнері Бекбол Нұрмұ-
ханбетов арт-директор қызметіне жоғарылаған. Өз істерінің маманы 
Төлебек  менеджер-тілші  болса,  Рысханым  корректор,  студент  Мар-
фуға «Аңыз адам» айбарын абыройлы атқарып келеді.
9-тапсырма.  Сұхбатты  рөлге  бөліп  оқып,  орыс  тіліне  ауда-
рыңыз және термин сөздерді табыңыз.
Сұрақ:  –  Шығарманы  оқырманға  астарлап,  қызғылықты,  тар-
тымды етіп жеткізу жолы. Әдеби әдіс-тәсілді қалай атайды?
Жауап:  –  Шығарманы  оқырманға  астарлап,  қызғылықты,  тар-
тымды етіп жеткізу жолы. Ол әдеби әдіс-тәсілді «форма» деп атай-
ды.


42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет