Жағыпарова Майра 2. Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана,
әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып
отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Мысалы: сұлтан – султан, дүре – розги, құл – раб, күң – рабыня. Көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді
сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы: «жасақ» – жасақшы, «төре» – төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күн-
делікті қолданысқа ие болды.
Бұрынғы атаулары ескіріп, кейін басқа атаулармен беріліп жүр-
ген заттар мен құбылыстар бар. Мысалы: «қол» – әскер, «қол басы» – әскер басы, «серіктік» – бірлесу, «желек» – орамал т.б. Қазірде
осындай басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстар-
дың бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады.
Тілімізде жаңа ұғым аттарын білдіретін жаңа сөздер бар. Олар
ғылыми тілде неологизм деп аталады. Неологизм дегеніміз – қоғам-
ның дамуына байланысты тілдің сөздік қорына енген жаңа сөздер.
Мысалы: космос – ғарыш, космонавт – ғарышкер, парк – саябақ, теплица – жылыжай, телеграмма – жеделхат, пенсия – зейнет- ақы, спутник – жер серігі, класс – сынып т.б.
Жаңа сөздердің тууының екі түрлі себебі бар:
1. Қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа
сөздер пайда болады;
2. Тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тілімізде
бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар
қолданылады.
Мысалы: космос, космонавт, спутник деген сөздер алғаш пай-
да болған кезде жаңа сөздер болатын. Бұл сөздер соңғы жылда-
ры ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен
беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөз-
дердің қатарына: жолсерік, үнтаспа, саяжай, ермексаз, кеден, сынып т.б. сөздер жатады. Кейін тілге сіңісіп, халыққа әбден
танылып, жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады.
Соңғы жылдары өсімдік, бау-бақша саласына қатысты тіліміз-
ге көптеген жаңа сөздер енді: қызанақ, орамжапырақ, жасуша, дәрумен, ағза т.б.