61
Кәсіби қазақ тілі
Қазақстанда
ғаламторды
пайдаланушылардың саны
қанша миллионға жетті?
Ресми
деректер
бойынша
сайттар
саны қанша?
Қазақстанда
таралатын
шетел
ақпарат
құралдарының
саны қанша?
Көнерген сөздер мен неологизмдер
(Устаревшие слова и неологизмы)
Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданыл-
майтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті
сөздер. Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерек-
шеліктеріне қарай екіге бөлінеді:
тарихи сөздер мен
архаизмдер.
1.Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық
құбылыстардың жойылуымен, сондай-ақ әскери қару-жарақ, өн-
дірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен бай-
ланысты
сарбаз – жауынгер (воин, друженник), жасақ – ополчение
(дружина), қол – әскер (армия), қолбасы – полководец, предводи-
тель, әскербасы – воевода, қосын – ұйым (организация),