Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет61/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Кәсіби қазақ тілі
 
9-сабақ
ЖУРНАЛИСТ МАМАНДЫҒЫ
Журналист өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қыз-
мет етеді. Әрбір мамандық сияқты журналистің де өзіне қатысты 
білімі, іс-тәжірибесі болады. 
Журналист  өз  ісіне  берілген  маман  болуы  тиіс.  Соңдай-ақ, 
журналист  жұртпен  тез  ортақ  тіл  тапқыш  болғаны  абзал.  Ол 
әрқашан жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, 
аңғарымпаз және сезгіш болуы керек.
Журналист – жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы 
болып табылады. 
Журналист  –  газет-журнал  немесе  радио,  телевизия  жұмыс-
тарын  атқарып,  шығармашылық  қызмет  жасайды.  Ол  редак-
ция  жұмысында  бірінші  –  ұйымдастырушылық,  екінші  –  әде-
би  өңдеу,  үшінші  –  шығармашылықпен  айналысады.  Бұл  үшін 
оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстар-
дың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай 
оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жа-
затын болуы керек. Журналист тіл байлығын қолдануы қажет. 
Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болуы тиіс. Ол өз мем-
лекетіндегі және жер жүзіндегі оқиға, құбылыстарға талғаммен 
және сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруға міндетті. 
Журналистің басты принциптерінің бірі – еш уақытта қате-
леспеу болып табылады. Журналист қателессе мыңдаған, мил-
лиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін. Журналист 
өзі жазған материалға халықтың сеніммен қарайтынын ешқашан 
ұмытпауы керек. 
Журналист мамандығы – қадірлі мамандықтардың бірі. Жур-
налистпен заң орындары, үкімет және басқа ұйымдар тығыз бай-
ланыста жұмыс істеп, онымен санасып отырады.


66


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет