Стиль туралы түсінік Стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп.
Стилистика – стиль туралы ілім. Стилистика – тілдің қолданылу
заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қол-
данылу нормасын көздейді. «Стиль» – латын сөзі, қазақ тіліне ау-
дарғанда «жазу мәнері» («манера письма») дегенді білдіреді.
Стиль түрлері Қазіргі әдеби тіл қолданылуы тұрғысынан бес стиль саласына
бөлінеді.
Ауызекі сөйлеу стиліне тән нәрсе – адамдардың бір-бірімен қа-
рым-қатынас жасауы. Ауызекі сөйлеу стилі адамдармен еркін әң-
гімеде қолданылады. Міндеті – қарым-қатынас. Сөздерді, сөйлем-
дерді таңдауда еркіндік беріледі.