Жағыпарова Майра Өтініш құжат ретінде кеңсе бөлімінің (канцелярия) арнайы
жорналына тіркеліп, нөмірленгеннен кейін ғана ресми құжат бо-
лып есептелінеді. Өтініш мекеме басшысына келіп түскеннен кейін,
өтінішке лауазымды тұлға «бұрыштама» қояды. Мысалы: «Қарсы
емеспін», «Келісемін», «Бекітілсін» т.б.
Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол
өтініш негізінде бұйрық шығарылады.
Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (ке-
зекті еңбек демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс)
мерзімі көрсетілуі тиіс.
Өтініш мынандай жағдайларда жазылады:
• оқуға түскен кезде;
• басқа оқу орнына ауысқанда;
• бір факультеттен басқа факультетке ауысқанда;
• жатақханадан орын сұрағанда;
• жұмысқа қабылдау кезінде;
• басқа жұмысқа ауысқанда;
• кезекті демалыс сұрау кезінде;
• кезектен тыс демалыс сұрағанда;
• материалдық көмек сұрағанда;
• денсаулығына байланысты академиялық демалыс алғанда т.б.
Өтініштің жазылу тәртібі:
Өтініш А-4 қағазының оң жақ шетіне, баған түрінде кімге жа-
зылғаны, одан кейін бір жол тасталып, кімнің жазғаны және қағаз-
дың ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады.
Одан кейін тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен
мәтін басталады.
3-тапсырма. Құжат түрлерінің қазақша атауын жазыңыз. Құжат түрлері