90
Жағыпарова Майра
7-керемет: Күлтегін ескерткіші.
Күлтегін – көшпенділер тарихындағы ең көрнекті
көсем, баһадүр тұлғалардың бірі.
Ресми ісқағаздар стилі
Ресми ісқағаздар стиліне ісқағаздары, заң құжаттарының тілі
жатады.
Ісқағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде, кәсіпорындарда,
ұйымдарда жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Ол форманың түрлі
үлгілері болады. Ісқағаздарының әрқайсысының бұрыннан қалып-
тасқан бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Ісқағаздары
сол үлгі бойынша жазылады.
Ресми стильдің көлемі, мазмұны және жазылу формасы
жағынан ісқағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми ісқағаздары
белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданы-
сы ерекше болады. Ресми стильде көбіне заң, жарғы, үкімет орган-
дарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, дипломатиялық
нота, үкімет хабарлары жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: