15-сабақ
БАСПАСӨЗ ЖАНРЛАРЫ
Баспасөз жанрларын, негізінен 3 топқа бөлуге болады.
Бірінші топ: ақпаратты (хабар, есеп, сұхбат, репортаж).
Екінші топ: талдамалы (мақала, рецензия, шолу, хат).
Үшінші топ: көркем-публицистикалық (суреттеме, очерк, пуб-
лицистика, эссе, баллада). Сондай-ақ, көркем-публицистикалық
жанрлардың сатиралық түрлері (фельетон, памфлет, мысал, эпи-
грамма, пародия, шарж т.б.) бар.
Баспасөз жанрлары белгілі бір оқиғаларды, құбылыстарды
нақты деректер мен мәліметтерге сүйене отырып баяндайды. Әр
жанрдың өзіне тән ерекшеліктері мен сипаты, әрі бәріне ортақ
белгілері бар.
Ақпаратты жанрлар: күнделікті оқиғаларды жедел түрде
хабарлап, жаңалықтарды оқырманға еш өзгертусіз жеткізуге ты-
рысады. Талдамалы жанрларға: оқиғаларды салыстыра зерттеу,
деректер мен мәліметтерді талдап, солардың төңірегінде ой қо-
рыту және бағалау тәсілі тән. Көркем-публицистикалық жанр-
лар: типтік деректерді суреттеу әдісімен жазылады; әрқилы
әдеби тәсілдер (даралау, образ жасау, мінез-құлық қақтығысы,
оқиға шиеленісі, т.б.) арқылы әлдебір деректі құбылыстың ішкі
мән-мазмұны мен идеялық сипатын көркем-публицистикалық
деңгейде ашып көрсетеді.
Сатиралық жанрды екі салаға бөледі.
1) Сатираның поэзиялық жанрлары: мысал, пародия, сықақ,
өлең, шарж, карикатура.
2) Сатираның прозалық жанрлары: фельетон, памфлет, сати-
ралық әңгіме, юморлық әңгіме, сатиралық повесть, сатиралық
роман.
118
Жағыпарова Майра
Сатиралық жанрлар әлеуметтік тұрмыстағы келеңсіз құбы-
лыстар мен кертартпа қылықтарды юморлық не сатиралық
пішіммен әшкерелейді, кемшіліктерді жоюға шақырады.
Баспасөз жанрларының негізгі, басты міндеті – өмірдегі
нақты оқиғалар мен құбылыстардың күнделікті тізбегін жазу
арқылы белгілі бір кезеңнің тарихи шежіресін жасау.
Баспасөз жанрларын тиянақты меңгеру – журналистің кәсіби
шығармашылық шеберлігін жетілдірудің, баспасөз материалда-
рының сапалық деңгейін арттырудың кепілі.
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
сұхбат –
интервью
талдамалы –
аналитический
шолу –
обзор
шолушы –
обозреватель
көркем-публицистикалық –
художественно-
публицистический
белгілі бір оқиғалар –
определенные событие
нақты деректер мен мəліметтер – – конкретные факты и сведения
сүйене отырып баяндау –
излагать со ссылкой
əр жанрдың өзіне тəн
ерекшеліктері бар –
у каждого жанра имеются свои
особенности
ортақ белгі –
общие признаки
деректер мен мəліметтерді
талдап –
анализировать факты и
сведения
солардың төңірегінде –
здесь: исходя из них
бағалау тəсілі тəн –
свойственно способ оценивания
суреттеу əдісі –
способ описания
əр қилы əдеби тəсілдер –
разные литературные способы
даралау –
четко выделять; особо выделять
мінез-құлық қақтығысы –
конфликты характеров
əлеуметтік тұрмыстағы –
в социальном быту
келеңсіз құбылыстар –
негативные явления
119
Кәсіби қазақ тілі
кертартпа –
консерватор, консервативный
сатиралық пішіммен
əшкерелейді –
разоблачает в сатирической
форме
шақырады –
призывает
кемшіліктерді жою –
устранять, изживать недостатки
нақты оқиғалар мен құбылыстар – реальные события и явления
тізбек –
последовательность
белгілі бір –
определенный
кезең –
период, этап
тарихи шежіресін жасау –
создать историческую летопись
тиянақты меңгеру –
прочно усвоить
журналистің кəсіби
шығармашылық шеберлігін
жетілдіру –
совершенствовать
профессиональное творческое
мастерство журналиста
арттырудың кепілі –
гарантия улучшения
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Баспасөз жанрлары дегеніміз не? Оның жанрлық ерекшелік-
тері қалай айқындалады?
2) Баспасөз жанрларын қанша топқа бөледі?
3) Ақпаратты жанрлардың қызметі не?
4) Талдамалы жанрлардың қызметі не?
5) Көркем-публицистикалық жанрлардың қызметі не?
6) Көркем-публицистикалық жанрлардың сатиралық түрлерін
атаңыз?
7) Сатиралық жанрды қанша салаға бөледі?
8) Баспасөз жанрларының міндеттері не екенін айтыңыз?
2-тапсырма. Жанр түрін ажыратыңыз және сөздікті пайда-
ланып, орыс тіліне аударыңыз.
Гүлназ Молдабергенова, Қазақ радиосының қызметкері:
– Қазақ баспасөзі – қазақтың үні. Қазіргі кезде үніміз қалай
шығып жатыр дегенге келсек, онда мен жас буынның еңбегін ерек-
ше атап көрсетер ем. Себебі жаңашылдыққа ұмтылу, заманның та-
лабын тез түсініп, соған сай қимыл-әрекет жасап жатқан орта буын
120
Жағыпарова Майра
журналистер мен жас та болса өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып
үлгерген журналистеріміз баршылық. Қазір шүкіршілік, радио, те-
леарна, газет-журналдармен қоса, қазақ тілінде өткір айта алатын
интернет порталдар да баршылық. Алайда кемшін тұстарымыз да аз
емес. Қазақ журналистерінде әлі де болса жайбасарлық, жалтақтық
байқалады. Соны жоймай, бұйығылықтан арылмасақ, бәсекелестік
додасында шаң қауып қалуымыз да ғажап емес. («Түркістан» газеті)
3-тапсырма. Сөздікті пайдаланып, қазақ тіліне аударыңыз.
Информационные жанры
Журналисты активно используют в своей работе разные жан-
ры. Откройте любую газету: вы найдете и хронику, и заметки, и
репортажи, и интервью, и статьи, и обзоры, и очерки, и так далее.
При этом человек, не имеющий отношения к журналистике, любой
материал может назвать статьей или заметкой – как уж он привык.
Но профессионалы должны четко узнавать в публикациях призна-
ки того или иного жанра и ни в коем случае не именовать зари-
совку, к примеру, статьей.
Жалғаулардың түрлері (тәуелдік, көптік, жіктік, септік)
Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де қолданыла береді. Көптік
мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады.
Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар т.б.
Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар,
-тер. Көптік жалғауының басқы дыбысының түрліше болуы түбір
сөздің соңғы дыбысына байланысты. Мысалы:
[қатаң] +тар (-тер): кітап+тар, мектеп+тер.
[р, й,у] +лар (-лер): су+лар, үй+лер.
[дауысты] +лар (-лер): бала+лар, немере+лер.
[н, м, ң, л, з, ж] +дар (-дер): аң+дар, қаз+дар.
Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді
(меншікті) екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың біріне мен-
шікті болып тұрады, сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы бар.
121
Кәсіби қазақ тілі
Әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады.
Жекеше түрі
І жақ
ІІ жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ
-м, -ым, -ім
-ң, -ың, -ің
-ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
-сы, -сі, -ы, -і
Көпше түрі
І жақ
ІІ жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ
-мыз, -міз, -ымыз, -іміз
-тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің
-тарыңыз, -теріңіз, -дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз,
-леріңіз
-сы, -сі, -ы, -і
Сөздердің тәуелденуі оңаша тәуелдену және ортақ тәуелдену
болып екіге бөлінеді.
Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын біл-
діретін тәуелдену оңаша тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқан-
да, заттың жекеше түрде тәуелденуі.
Бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын біл-
діретін тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқан-
да, заттың көпше түрде тәуелденуі.
Мысалы:
Оңаша
тəуелдену:
Менің компьютер-ім, қалам-ым.
Сенің компьютер-ің. қалам-ың.
Сіздің компьютер-іңіз, қалам-ыңыз.
Оның компьютер-і, қалам-ы.
Ортақ
тəуелдену:
Біздің компьютер-іміз, қалам-ымыз.
Сендердің компьютер-лерің, қалам-дарың.
Сіздердің компьютер-леріңіз, қалам-дарыңыз.
Олардың компьютер-і, қалам-ы.
122
Жағыпарова Майра
Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді. Жіктік
жалғауы бастауыш пен баяндауышты байланыстырады. Сондықтан
жіктік жалғаулы сөз әрқашан баяндауыш болады да, сөйлемді тия-
нақтап тұрады. Жіктік жалғауы негізінен етістікке жалғанады. Сон-
дай-ақ есім сөздерге де жалғана береді. Бірақ жіктік жалғауы кез
келген есім сөзге жалғана бермейді, тек адамның кім екенін, қандай
екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады.
Есім сөздің жіктелуі:
Жақ
Жекеше
Көпше
І
Мен тілшімін
Біз тілшіміз
ІІ
ІІ
Сен тілшісің
Сіз тілшісіз
Сендер тілшісіңдер
Сіздер тілшісіздер
ІІІ
Ол тілші
Олар тілшілер
Етістіктің жіктелуі:
Жақ
Жекеше
Көпше
І
Мен жазамын
Біз жазамыз
ІІ
Сен жазасың
Сіз жазасыз
Сендер жазасыңдар
Сіздер жазасыздар
ІІІ
Ол жазады
Олар жазады
Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Зат
есім жекеше және көпше түрде септеледі.
Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегіше:
А. Кім? Не?
–
І. Кімнің? Ненің?
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Б. Кімге? Неге?
Қайда?
-а, -е, -қа, -ке, -ға, -ге, -на, -не
Т. Кімді? Нені?
-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н
Ж. Кімде? Неде?
Қайда?
-да, -де, -та, -те, -нда, -нде
Ш. Кімнен? Неден?
-дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен
К. Кіммен? Немен?
-мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен
123
Кәсіби қазақ тілі
Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу.
Сөздердің тәуелденбей тұрып, түбір күйінде септелуі жай сеп-
телу деп аталады.
Сөздердің тәуелденіп барып септелуі тәуелді септелу деп аталады.
Жай септелу
Тəуелді септелу
А. газет
І. газет- тің
Б. газет- ке
Т. газет- ті
Ж. газет- те
Ш. газет- тен
К. газет- пен
А. газет- ім
І. газет- ім-нің
Б. газет- ім-е
Т. газет- ім-ді
Ж. газет- ім-де
Ш. газет- ім-нен
К. газет- ім-мен
4-тапсырма. Сөздерге тиісті жіктік жалғауларын жалғаңыз
және орыс тіліне аударыңыз.
Мен тілші... . Сіз хатшы... . Сен аудармашы... . Ол төраға... . Біз
сарапшы.... Сендер кеңесші... . Сіздер көмекші... . Олар білімді... .
Мен кәсіпкер... . Сіз құрылысшы... . Сендер ғалым.... . Сіздер сая-
саткер..... Олар тұтынушы... . Мен дәрігер... . Сен тексеруші... . Мен
жазушы... . Сіз кәсіпкер... . Сен сарапшы... . Біз оқытушы... . Сендер
сатушы... . Сіздер сарапшы... . Олар тұтынушы... . Мен заңгер... .
Сіз суретші... . Сендер тілші... . Сіздер ардагер... . Олар зейнеткер... .
5-тапсырма. Қазақ тіліне аударып, барыс септікті табыңыздар.
– Марат, куда уехал твой отец?
– Мой отец уехал в командировку.
– В райцентр или в город?
– В город Аркалык.
– Когда он уехал в Аркалык?
– Вчера.
– Мы едем в Аркалык. Что передать отцу?
– Передай папе привет. Скажи, что у нас все хорошо.
– Сакену пришло письмо, пусть придет к нам.
– Жанар, ты идешь в театр?
– Нет, я иду на концерт.
124
Жағыпарова Майра
6-тапсырма. Тәуелдік жалғауларды жалғап, сөйлем құраңыз.
Жазушы, аудармашы, тілші, көмекші, бастық, кітап, қалам,
қағаз, жоба, құжат, отан, өтініш, мамандық, куәлік, білім, еңбек-
ақы, уақыт.
7-тапсырма. Әртүрлі септікте тұрған «іссапар» сөзімен бір-
неше сөйлем құрастырыңыз.
Үлгі: Іссапармен Астанаға бара жатырмын.
8-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Спичрайтер деген кім?
Ірі компаниялардың басшылары мен саясаткерлердің барлығы
сөз сөйлеген кезде экспромтпен сөйлейді деп ойлау – қателік. Көбі-
несе олардың сөзін арнайы спичрайтерлер (ағылш. speechwriter) жа-
зады. Спичрайтерлер – жоғары мәртебелі адамдар айтатын мәтінді
дайындайтындар.
Басшы не саясаткер сәтті қалжың, нақты факт айтса, ол шикі,
қызықсыз, көнерген факт айтқандардан ерекшеленіп тұрады.
Батыста спичрайтер – PR саласындағы негізгі мамандықтың бірі.
Бұл адам мәтіннің мақсатын, тыңдайтын аудитория жайында
алдын ала хабардар болып, сөйлеушінің мінезіне, лексикалық
қорына назар аударады және тыңдармандарға қажетті әсер қал-
дыратын мәтін жазады.
Спичрайтер психолог, әртіс, әдебиетші, әрі саясаткер болуы қа-
жет. Бұл мамандықтың иелері ылғи көлеңкеде қалады, себебі таны-
малдылық олардың қызметіне кері әсер етеді.
Сіз білесіз бе?
Ең алғашқы қазақ журналистерінің бірі Мұ-
хамеджан Сералин.
Журналистік айғақтама жүргізуге қабілеті
бар ең білімді, ең тәжірибелі журналистерді бү-
гінде аналитиктер (сарапшылар) деп атайды.
125
Кәсіби қазақ тілі
16-сабақ
ХІХ-ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ
Қазақ баспасөзінің алғашқы өнімдері ХІХ ғасырдың екін-
ші жартысында жарық көрген «Түркістан уалаятының газеті»,
«Дала уалаятының газеті» сияқты басылымдар.
Алғашқы газет, журналдардың атауы, жылдары, редакторла-
ры және шыққан қалалары төмендегідей:
1. 1870-1882 жылдар аралығында Ташкент қаласында «Түр-
кістан уалаятының газеті» шыққан. Алғашқы редакторы Шах-
мардан Мирасұлы Ибрагимов болды.
2. 1888-1902 жылдар аралығында Омбы қаласында «Дала
уәлаятының газеті» шыққан. Алғашқы редакторлары Ешмұха-
мед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазиндер болды.
3. 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласында «Айқап»
журналы шыққан. Алғашқы редакторы Мұхаметжан Сералин
болды.
4. 1913–1918 жылдар аралығында Орынбор қаласында «Қазақ»
газеті шыққан. Алғашқы редакторы Ахмет Байтұрсынұлы болды.
5. 1916 жылы Уфа қаласында «Садақ» журналы шыққан.
Алғашқы редакторлары Бейімбет Майлин мен Жиенғали Тілеп-
бергенов болды.
6. 1916 жылы Семей қаласында «Алаш» газеті шыққан.
Алғашқы редакторлары Көлбай Төгісов пен Мариям Төгісова
болды.
7. 1917–1918 жылдар аралығында Ташкент қаласында «Бір-
лік туы» газеті шыққан. Алғашқы редакторы Мұстафа Шоқай
болды.
8. 1918 жылы Семей қаласында «Абай» журналы шыққан.
Алғашқы редакторы Жүсіпбек Аймауытов болды.
126
Жағыпарова Майра
9. 1919-1932 жылдар аралығында Орынбор, Қызылорда қа-
лаларында «Еңбекші қазақ» газеті шыққан. Алғашқы редакторы
Халел Есенбаев болды.
10. 1919 жылы Омбы қаласында «Қазақстан» газеті шыққан.
Алғашқы редакторы Елеусін Бұйрин болды.
11. 1926-1929 жылдар аралығында Қызылорда қаласында
«Ауыл тілі» газеті шыққан. Алғашқы редакторы Жалау Мыңба-
ев болды.
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
басылым –
издание
өнім –
продукция
алғашқы редакторы –
первый редактор
төмендегі –
здесь: нижеследующее
еңбекші –
трудовой
садақ –
здесь: стрела
бірлік туы –
знамя единства
іс қағаздары –
деловые бумаги
өтініш –
заявление
өмірбаян –
автобиография
мінездеме –
характеристика
негізгі ерекшеліктер –
основные правила
сақтай отырып –
здесь: соблюдать,
придерживаться
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1) Қазақ баспасөзі нешінші ғасырда дүниеге келді?
2) Қазақ тілінде шыққан тұңғыш газеттер қалай аталады?
3) Шахмардан Мирасұлы Ибрагимов кім болған?
4) Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазиндер
туралы айтып беріңіз?
5) Мұхаметжан Сералин кім болған?
6) Ахмет Байтұрсынұлы кім болған?
127
Кәсіби қазақ тілі
7) Бейімбет Майлин, Жиенғали Тілепбергеновтер туралы ай-
тыңыз?
8) Көлбай Төгісов пен Мариям Төгісовалар туралы айтып
беріңіз?
9) Мұстафа Шоқай кім болған?
10) Жүсіпбек Аймауытов кім болған?
11) Халел Есенбаев кім болған?
12) Елеусін Бұйрин кім болған?
13) Жалау Мыңбаев кім болған?
2-тапсырма. Командалық жұмыс.
Өзіңіз білетін қазақ тілінде шығатын газет,
журналдар қатарын жазып шығыңыз.
3-тапсырма. Командалық жұмыс.
Қайсы газеттен кімнің
мақаласын оқығанды
ұнатасыз? Ол газеттегі
ең сүйікті айдарыңыз
қалай аталады?
Газет-
журналдардың
безендірілуі
көңіліңізден
шығады ма?
Шылау. Септеулік шылаулар. Демеулік шылаулар.
Жалғаулық шылаулар. Көмекші есімдер.
Шылау (служебные слова) – сөздер мен сөйлемдерді байланыс-
тыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін сөз
табы. Түрлері: септеулік шылау, демеулік шылау, жалғаулық шы-
лау.
128
Жағыпарова Майра
Септеулік шылау (послелоги) – белгілі бір септікте тұрған
сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра байла-
ныстырады. Септеулік шылауларға мыналар жатады: арқылы (че-
рез), бірге (вместе), бұрын (до, задолго, раньше), басқа (кроме),
таман (к, в, близ), жөнінде, жайында, туралы (о, об), сияқты
(кажется), үшін (ради, для), шейін, дейін (до), қарай (к), қарсы
(напротив), тарта (около), астам (более), кейін, соң (после), сай-
ын (после каждого), әрі (дальше), бері (со, с), қатар (вместе, ря-
дом) т.б.
Демеулік шылау (частицы) – сөздерді байланыстырмайды. Тек
өзі тіркескен сөзге қосымша мағына үстейді.
Демеулік шылаулардың төмендегідей түрлері бар:
а) Сұраулық демеулік шылаулар (вопросительные частицы):
ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (ли, то ли).
ә) Күшейткіш демеулік шылаулар (усилительные частицы): да,
де, та, те(и), әсіресе (особенно),-ақ, -ау, -ай (в значении сожале-
ния).
б) Болжалды (белгісіздік) демеулік шылаулар (неопределенные
частицы): -мыс, -міс (будто бы); кейде (иногда); -ау (же).
в) Болымсыздық демеулік шылаулар (отрицательные части-
цы): түгіл, тұрсын, тұрмақ (не только).
г) Шектік демеулік шылаулар (ограничительные частицы):
тек, тек қана, қана, ғана, кейде (только); кейде-ақ (только иног-
да).
Жалғаулық шылау (союзы) – сөздер мен сөйлемдерді салала-
стыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылау беске
бөлінеді:
а) Ыңғайластық жалғаулық шылаулар (соединительные союзы):
және, мен, (бен, пен) да, (де, та, те) (и); әрі (еще); сонан соң (по-
том, после).
ә) Қарсылықты жалғаулық шылаулар (противительные сою-
зы): ал, (а); бірақ (но); сонда да, сөйтсе де, әйтсе де (хотя, все-та-
ки); дегенмен, алайда, онда да, әйткенмен, (однако же, все-таки,
зато); әйтпегенде, әйтпесе, болмаса (или же).
129
Кәсіби қазақ тілі
б) Себеп-салдар жалғаулық шылаулар (причинно-следственные
союзы): өйткені, себебі (потому что); сондықтан, сол себепті, сол
үшін (поэтому).
в) Талғаулықты жалғаулық шылаулар (разделительные союзы):
әлде (или); кейде, біресе, бірде (то, иногда); не, немесе, я, яки (или);
(не) болмаса (или же).
г) Шартты жалғаулық шылаулар (условные союзы): егер, егер
де, онда (если, тогда).
Көмекші есімдер (служебные имена). Көмекші есімдер Ілік
септікте тұрған сөздермен тіркесіп қолданылады. (Употребляют-
ся в сочетании со знаменательными словами в Ілік септік).
Көмекші есімдер – негізгі сөздерге теліне жұмсалып, олардың
кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып,
нақтылап тұратын сөздер.
Көмекші есімдерге алды (перед), арты (сзади), асты (низ),
үсті (верх), жаны (бок), бойы (вдоль), сырты (снаружи), қасы,
тұсы (около, у), басы (начало), маңы (окрестность, около), түбі
(рядом, возле, дно), арқасы (благодаря), арасы (между, проме-
жуток), ортасы (середина, между), іші (в, внутрь), беті (лицо,
поверхность) сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жа-
тады.
Мысалы: өзеннің бойы, ауылдың сырты, қаланың маңы, құ-
дықтың түбі, жолдың үсті, айдың ортасы, жылдың басы,
аптаның аяғы т.б. Көмекші есімдер сөйлемнің дербес мүшесі
болып жұмсалмайды. Негізгі сөздермен тіркесіп барып, тәуел-
дік жалғауында тұрып, сөйлемнің бір мүшесі болады. Мысалы:
Ауылдың жаны терең сай (Абай). Мұндағы ауылдың жаны –
бастауыш.
4-тапсырма. Септеулік шылауды табыңыз, орыс тіліне ауда-
рыңыз.
1. Әжем ауылдан мен үшін келді.
2. Бұл көлік үйге таман келіп тоқтады.
3. Біз ауылға дейін автобуспен барамыз.
130
Жағыпарова Майра
4. Жиналыс сағат үшке таман басталды.
5. Қысқа қарай күн суытады.
6. Марат ғылым туралы айтты.
5-тапсырма. Көмекші есімдерді табыңыз, орыс тіліне ауда-
рыңыз.
1. Көлдің ортасында арал бар.
2. Көлдің жағалауы құм.
3. Бұлақтың басы тұнық.
4. Біздің үй театрдың қасында.
5. Үйдің сырты көк бояумен боялған.
6. Саябақтың іші салқын.
7. Ауыл мен қаланың арасы алыс емес.
6-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қойы-
ңыз.
Кезінде депутаттар «БАҚ» ..... заңды қабылдағанда асығыс
шешім қабылдап жіберіпті..... . Алғаш журналистер күні тамыз-
дың 28-не сәйкес келген, ...... қазір белгілі күн бекітілмегендіктен,
осылайша аптаның әр күніне көшіп жүрміз. Төртінші билік өкіл-
дерінің 365 күннің белгілі бір күнін өз мерекесі деп сезіне алмауы,
әрине, өкінішті. Бұл жайтты депутаттармен кездесу кезінде ..... сан
мәрте айттық. Атаулы бір күннің журналистер мерекесі болуын
өтініп, ұсыныстар .... айтылды. ........ бұл мәселе әлі шешімін тап-
қан жоқ.
.............. 3 мамыр ........... 28 тамыз «Журналистер күні» болуға
лайық. ........ соңғы жылдары көптеген әлем елдері 3 мамыр – Дү-
ниежүзілік сөз бостандығын қорғау күнін журналистер мерекесі
ретінде белгілеп, тойлап жүр.
Қажетті септеуліктер:
дегенмен, себебі, туралы, бірақ, немесе, де, да, ғой, алайда.
Достарыңызбен бөлісу: |