Ата-аналарға арналған тренинг бағдарламасы Түсініктеме


Тақырыбы: Ата-аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі, қолдау көрсетуі. Мақсаты



бет11/17
Дата06.12.2022
өлшемі103,02 Kb.
#55468
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
6.Тақырыбы: Ата-аналардың бала тәрбиесінде сенімділік білдіруі, қолдау көрсетуі.
Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Қажетті нәрселер: ақ қағаздар (А4) фломастерлер, карточкалар, қызыл және көк дөңгелекшелер.
Қолданылған әдістер: дәріс, тренинг, тест.
Сынып жетекшісі:
Тәрбиеде ештене жоспарланбайды. Олай болса, мына дөңгелекшелерді таңдап екі топқа бөлінеміз.
Шағын дәріс.
Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетеміз.
Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек? Екі топтағы ата-аналар өзара келісе отырып, қасиеттер тізімін жасайды. Болған соң екі топтың ассоциациялары талқыланады.
Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.
Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын. Баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.
Тапсырма 1.
Екі топқа ата-аналардың баламен қарым-қатынасында баланың үмітіне балта шабатын, кіңәлайтын сөздер беріледі. Осы сөздерді олардың өз күшіне сенім тудыратындай, жақсы қолдау көрсете алатындай сөздермен алмастыру керек.

  1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

  2. Неге сен басқа балалардай емессің?

  3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

  4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

  5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

  1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Сен өжетсің, сенің қолыңнан келеді,» - деп, үміт артуы керек.

  2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.

  3. «Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

  4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».

  5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет