Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Тапсырма: 1. Ата-аналармен ұстаздардың кездесуі;
2. Ойынға қатусышылар арасындағы қарым-қатынасты орнату;
3. Жанұядағы тәрбие жайында пікір алмасу:
I бөлім. 1. Кездесу (жай әуенмен 2 шеңбер болып қарама-қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап баланың қасиетін айтады)
2. Ассосация Жанұя (доп беру арқылы ата-ана жауап береді)
3. Қызықты сурақтар: 1. Балаңыздың туған күні?
2. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
3. Бүгін сабактан балаңыз қандай жетістікке жетті?
4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
7. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
8. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
Балаңы жастан бақпасан,
Жамандықтан қақпасан.
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана.
II бөлім. Жалпылау.
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
- иә десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз;
- жоқ десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
-
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадын тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата – ана бірдей ықпал жасай-ма?
- егер жанұя десеңіздер жымиыңыз.
- Егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз.
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға соғамыз.
- Егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз,
- Егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.
Ой жинақтау( плакат, фломастер, қала)
1) Баланың дамып жетілуіне қандай тәрбие әдістерін қолданасыз.
2) Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай қарым-қатынас болу керек?
( Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды )
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдыңа алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой - өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.
Ендеше, ата-аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейк және біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі екендігімізді ұмытпайық. Сондықтан да, мына жайттарды ескерейік:
1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланысын табуға көмектесу;
2. Балаға маман тарапынан тағылған мін, ескертулерді шын пейілмен түсіну және түсіндіру;
3. Баланы ағза қызметінің қалыптасуымен мұқиат таныстыру;
4. Маманмен кездесу.
Шығу парағы:
Тренинг сізге қызықты болды ма ,әлде жок па? (Неге?)
________________________________________________________________________________________________________________________
Тренинг барысындағы өзінің жұмысынды бағала_____________________________________________________
Жүргізушіге ұсыныстарыңыз,тілектеріңіз_____________________________________________________________________________________________