Ата-аналарға арналған тренинг бағдарламасы Түсініктеме Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше. Бұл бағдарламада ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамытуға және жетілдіруге арналған әртүрлі ойындар мен жаттығулар жинақталған.
Әр ата-ананың бала тәрбиелеудегі мүмкіншілігін, қабілетін, қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Ұсынылып отырған бағдарлама ата-аналарға қызықты әрі қажетті бола алады. Бұдан ата-ана қарым-қатынас әрекеттерін біле алады, тәрбие әдістерін игеруге, «ата-ана мен бала» жүйесіндегі қарым-қатынас әдістерін ата –ана күнделікті өмірде кең түрде қолданып, арттыра алады.
Мақсаты: ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу; Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін меңгерту. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.
Курстың өтілу мерзімі: 9 ай.
Жүргізілу уақыты: айына 1 рет.
Курста қолданылатын әдіс –тәсілдер: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жекелей жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Жоспары:
№
Тренингтің тақырыбы:
Мақсаты
Уақыты, өтілетін жері
1.
«Өзін-өзі тану»
Ата-аналарға өздерін жаңа қырыңан көруге көмектесу, өзін-өзі тану.
Қыркүйек айы: 12
Акт залы, 17:00
2.
«Балаңызды қаншалықты білесіз?»
Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Қазан айы: 15
Акт залы, 17:00
3.
«Жанұя бақыты»
ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау. Бір- бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шындыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Қаңтар айы: 20
Акт залы, 17:00
6.
Ақпан айы: 17
Акт залы,17: 00
7.
«Жапырақ тамырдан нәр алады»
Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін,олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу.
Наурыз айы: 28
Акт залы, 17:00
8.
«Бала көңілін табыңыз»
Бала тәрбиесі дамуынадағы басты рөл атқарушы-отбасы. Сондықтан ата-ананың бала көңілін таба білуге ой қозғау, тәрбиелеуге осы бастан бағыт беру.
Сәуір айы: 18
Акт залы, 17:00
9
«Ата-ана махаббаты»
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.