Ата аналармен мектеп тәжірибесі Мектепке дейінгі мекемедегі ата-анамен жұмыстың маңыздылығы



бет2/4
Дата21.04.2023
өлшемі29,56 Kb.
#84999
1   2   3   4
Бірінші қызметі. Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстыру.
Екінші қызметі. Ата-аналармен психологиялық – педагогикалық ағарту жұмысын ұйымдастыру.
Үшінші қызметі. Ата-аналарды бірлескен әрекетке тарту.
Әр бөлікті іс-әрекет түрінде және форма жүйесі ретінде құруға болады.
Ата-аналар мен тәрбиешінің өзара іс-әрекетінің функциялары мен міндеттері
Отбасы мен мектепке дейінгі мекеме арасындағы өзара іс-әрекет байланысының функциялары:

  • ақпаратттық;

  • тәрбиелік-дамытушылық;

  • қалыптастырушылық;

  • қорғау-сауықтырушылық;

  • бақылаушылық;

  • тұрмыстық.

Өзара іс-әрекет байланысының міндеттері:

  • ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыру;

  • ата-аналарды педагогикалық білім және білік дағдыларымен қаруландыру;

  • бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру.

Мектепке дейінгі мекеме мен отбасы арасындағы қарым-қатынас отбасындағы тәрбие жағдайын, балалар мен ата-аналардың жеке ерекшеліктерін танып, оқып білуден басталады. Осының негізінде тәрбиеші отбасындағы рухани құндылықтар, дәстүрлер, тәрбие мүмкіншіліктері және баланың ата-аналармен қарым-қатынасы жайында жақынырақ таныса алады. Бұл тұрғыда тәрбиеші психологиялық-педагогикалық диагностиканың дәстүрлі әдістер кешенін қолдана алады: бақылау, әңгіме, сауалнама,
іскерлік ойындар, балалар шығармашылығының материалдары және т.б.
Психологиялық-педагогикалық диагностиканы жүргізу барысында:

  1. Ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс.

  2. Отбасымен танысу мақсатты бағытталған, жоспарлы және жүйелі болу керек

  3. Танып білу әдістері тәрбие әдістерімен тығыз байланысты болу керек.

  4. Психологиялық-педагогикалық әдістер түрлендіріліп тұру керек.

Отбасын танып білудегі әдістер
1.Бақылау.
2.Жеке әңгімелесу.
3.Сауалнама жүргізу.
4.Іскерлік ойындар.
5.Балалардың отбасы жайында салған суреттеріне сараптама жасау.
Сонымен қатар мектепке дейінгі педагог отбасын танып білуде келесі әдіс-тәсілдерді де игергуі тиіс:

  1. Отбасының әлеуметтік портреті. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленушінің отбасы портретін құру үшін зерттеу дәстүрлі түрде оқу жылының басында жүргізіледі. Зерттеу сауалнама сұрақтарынан тұрады (отбасы құрамы, білімі, ата-анасының жұмыс орны мен қызметі, ата-әжелері жайында мәлімет).

  2. Әке мен шешенің балаға деген ата-аналық ұстанымын анықтау және отбасындағы тәрбие үрдісінде өз мақсаты мен тәрбие артықшылығынсезіне білу үшін отбасын тікелей зерттеу әдісі.

Көрсетілген отбасы ерекшелігін танып білу – қиын диагностикалық бағыттардың бірі. Өйткені отбасы – автономиялы, жабық құрылыс. Дегенмен де, сыпайлық танытып, отбасын зерттейтін әдістер де бар. Мысалы, осындай әдістердің бірі “Ата-ананың шығармасы”. Шығарма баланы жақынырақ танып, жұмыс барысында оның жеке ерекшеліктері мен қызығушылығын ескеруге өте тиімді.
Сонымен қатар өзінің диагностикалық мүмкіндіктерімен сурет салу әдістері де танымал. Мысалы, “Отбасы портреті”, “Бала үйде және балабақшада”, “Үш ағаш”, “Үй, ағаш, адам ”. Бұларды баламен, ата-аналармен жұмыс жүргізу барысында қолданады. Бұл әдіс арқылы отбасы жағдайын жан-жақтан байқауға болады.
Ойын әдістері де өзінің үлкен диагностикалық мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Сюжеттік-рөлдік ойын үрдісі кезінде баланың отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасын анықтауға болады.

  1. Тәрбиеленушілердің отбасындағы психологиялық-педагогикалық мәдениет деңгейін анықтау.Бұл әдіс психологиялық-педагогикалық мәдениетті арттыру бойынша жұмыс ұйымдастыру барысында, әр ата-ананың білім деңгейін ескеріп, жеке топтармен жұмысты ұйымдастыруда қажет. Бұл жағдайда негізінен ата-аналармен сауалнама жүргізу әдісі қолданылады.

  1. Ата-аналардың мектепке дейінгі мекеменің іс-әрекеті, мазмұны, жұмыс әдістері мен тәсілдері, педагогикалық үрдістің нәтижесі және тәрбиелік-оқу үрдісіне қатысу мүмкіндігі туралы пікірлерін зерттеу. Бұл бөлімде де сауалнама және сұрақтар қою жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар пошта жәшігі әдісін де қолдануға болады. Мектепке дейінгі мекеменің әр тобында ескерту, тілектер, ата-аналар тарапынан туындайтын сұрақтарға арналған шағын қорап қояды.Осындай тәсілмен ата-аналар жасырын түрде өз сұрақтарын қойып, пікірлерін жеткізе алады.

Мектепке дейінгі мекеме тәжірибесінде ата-аналармен жүргізілетін жұмыс жүйесінің топтық, жеке түрлері мен әдістері қолданылады.Бұл жұмыстардың барлығы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, мектепке дейінгі мекеме мен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет