Жоғарыда баяндалғандардың негізінде біз төмендегідей тұжырымдарға келдік:
1. Меншікке қарсы қылмыстылықпен күрестің оның сақтандыру шараларына бағдарлануы құқық қорғау органдары жүйесіндегі бірқатар ұйымдастыру шешімдерінің қабылдануы растап отыр. Меншікке қарсы қылмыстылықпен күрес жүргізетін қызметтердің басқарушылық блоктарын жетілдіру, әділет жүйесі қызметкерлерінің саяси және құқықтық мәдениетіне қойылатын талаптарды арттыру, қылмыстылықпен күресудің ұзақ мерзімді стратегиясын жасау міндеттерін қою және олардың іске асырылуына мүлтіксіз еру, халықаралық ұйымдармен жұмыс байланыстарын реттеу және олармен қылмыстылықтың сақтандыру бойынша бірлескен шараларды өткізу қажет.
2. Меншікке қарсы қылмыстылықпен күресу саласындағы басты міндет – қылмыстардың сақтандыру процесін басқару заңдылықтарын айқындау және онымен құқық қорғайтын әлеуметтік құндылықтардың сенімді қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру болып табылады.
3.Меншікке қарсы қылмыстан сақтандыру туралы плакаттарды, жарнамаларды, буклеттерді жасау және тарату, тиісті теле- және радио бағдарламаларын көрсету жатады. Басқа мемлекеттердің тәжірибесіне қарап, азаматтардың жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың тұрғын үйлерін, көлік құралдарын, мүлкін қорғау және т.б. туралы ұсыныстары бар арнайы түсінуі жеңіл қабылданатын оқулықтарды шығару қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |