Атаханова Гүлзағира Махатқызы Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары Электронды оқу құралы Алматы, 2013


ҚР МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ



бет10/23
Дата02.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26790
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
annotation5725

2 ҚР МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Меншікке қарсы қылмыстардың қазіргі жағдайы

Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіріп, олардың меншігіне қастандық жасау, қылмыстылық мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси процестеріне теріс әсер етудің басты көзіне айналуда.

Егер экономика мен әлеуметтік сала қажетті құқықтық механизмсіз қайта құрылып жатса, бұл қақтығыстар мен қарама-қайшылықтарды тудырады, қылмыстылықтың өсуіне, мүлде жаңа қылмыс түрлерінің пайда болуына, қылмыстардың кәсібиленуіне жағдай жасайды. Мұндай құбылыс билік пен атқару құрылымдарын құру, мемлекетті қаржылық және экономикалық жаппай күйреуден аман алып қалу үшін көптеген сынақтар мен қателерді ескеру қажет болған тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдарда орын алған болатын.

Тәуелсіздік жылдарының барысында қылмыстылықтың деңгейі кейде жоғарылап, кейде төмендеуде. Егер 1991 жылдан бастап санасақ, бұл жылы 173858 қылмыс жасалған болса, одан кейінгі 1992 жылы қылмыстылық 15,5% дейін өсті.

1993 ж. қылмыстылық өзінің шыңына жетті – 206021 қылмыс, өсуі 18,5% құрады. Одан кейінгі 1994 жылдан 1997 жылға дейінгі төрт жылдың ішінде қылмыстылық 16 %-дан 19,8% дейін артты. 1998, 2000 және 2001 жылдар қылмыстылықтың өсуімен ерекшеленеді. Кейінгі екі жылдың ішінде қылмыстылық азайып, 118482 түсті (2001 ж. салыстырғанда 22,2%). 2004 және 2005 жылдары қылмыстылық қайтадан өршіп, сәйкесінше 143550 және 146347 қылмыс жасалды (немесе 2003 ж. салыстырғанда +21,2% және +23,5%). Одан кейінгі үш жылдың ішінде қылмыстылық азая бастады, абсолюттік шамада ол мына мәліметтермен сипатталады: 2006 – 141271 (алдыңғы жылмен салыстырғанда -3,5%-ға азайды); 2007 – 128064 (алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,3%-ға қайтадан азайғаны байқалады); 2008 – 127478 (0,5%-ға азаюы). Зерттеудің нәтижесінде әрбір 6-7 жыл сайын қылмыстылықтың біршама өскені (екі-үш жыл), содан кейін азайғаны (үш-төрт жыл) байқалады. Егер мұндай циклдылық бұзылмаса, онда 2011 жылы қылмыстылықтың біршама өсетінін күтуге болады, шартты түрде біз оны 140000 қылмысқа жуық немесе 1991 жылмен салыстырғанда 80,5% ден анықтадық [250].

Еліміздегі қылмыстылық жағдайының осылай күрт құбылуына не әсер етті?

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл өзгерістер қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық өміріндегі тұрақсыздықтардың себебінен орын алғаны байқалады. Алайда көзделген оң экономикалық өзгерістер, жалпы ұлттық өнімнің өсуі, зейнетақылар мен орташа жалақының көбеюі қылмыстылықтың біршама азаюына алып келді.

Бірақта көптеген өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесі әдетте қылмыстылық қоғамдық-саяси құрылысқа, экономикалық шаруашылық жүргізу жүйелеріне, мәдениет пен білім беру деңгейіне қарамастан өсетінін көрсетті. Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде өмір сүру деңгейі өте жоғары, алайда нақ сол мемлекеттерде қылмыстылықтың көрсеткіштері дүниежүзілік стандарттардан әлдеқайда жоғары болып отыр (мысалы, АҚШ-та, Швецияда). Осы және басқа да дамыған елдерде 100 мың халыққа шаққанда тіркелген қылмыстардың орташа статистикалық саны 5-8 мың аралығында құбылады. Сонымен қатар, Қазақстанда бұл көрсеткіш 2009 жылы 1 мың қылмыстан төмен болған. Бірақ осы күнге дейін бұл ауыр және аса ауыр қылмыстарды азайтқан жоқ. Сарапшылардың басым бөлігінің пікірлері бойынша (94,9%), еліміздегі қылмыстылықтың өсу себептері елдегі қиын әлеуметтік-экономикалық жағдай болып табылады. Бұл нені білдіреді? Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қылмыстылықтың өсуіне мыналар әсер етті: мемлекеттің бірқатар аймақтарында шаруашылық қызметтің қысқартылуы, қала құрайтын кәсіпорындардың тоқтатылуы, жұмыс орындарының жетіспеушілігі, жұмыссыздық. Бүгінгі қылмыстылықтың себептері өзгеше: сарапшылардың 20%-ы қылмыстылықтың өсуін есірткі мен алкоголь тұтынатын адамдардың өсуімен байланыстырады; ал 15,7%-ы қылмыстылықтың себептерінің бірі заңдардың жетілмегендігінде, 14%-ы – халықтың жалпы мәдениетінің күрт төмендеуінде, адамгершіліктерінің құлдырауында, идеалдарының жоқтығында, заңды құрметтемеуінде деп біледі; сұрақ-жауап алынғандардың 12,8% -ы қылмыстылықтың өсуін құқық қорғау органдарының сақтандыру жұмысының деңгейінің төмендігімен; 8,7%-ы – халықтың миграциясымен, 8,1%-ы – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейінің төмендігімен, 6,4%-ы – сыбайлас жемқорлықпен байланыстырады.

Таңқалдырарлық бір жәйт, қылмыстылықтың өсу себептеріне оң процестер де жатуы мүмкін. Мысалы, кейбір сарапшылардың пікірлері бойынша, ондай себептерге есеп-регистрлік тәртіптің жақсаруы, қылмыстық істерді қозғау туралы шешім қабылданған кездегі қадағалаудың жақсартылуы, кейбір сотталғандар категорияларының амнистияға ілігуі және т.б. жатады.

Қылмыстардың басым көпшілігінің (89%) ішкі істер министрлігінің құрылымына жататын полицияның тергейтіні, сәйкесінше тіркейтіндігі құпия емес. Қаржылық полицияның үлесін қылмыстардың 8,5%-ы құрайды. Қалған қылмыстарды (2,5%) басқа құқық қорғау органдары тергейді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қолға алынған құқықтық реформа бойынша құқық қорғау органдарының жүйесінің өзгеруі де оңтайлы іс болмақшы. Жаңа реформа елдегі криминалдық жағдайды нақты бағалауға бағытталған. Сондықтан қылмыстылық жағдайы мен серпінін талдау кезінде субъективті факторды ескеру қажет. Дегенмен де, қылмыстылық көрсеткіштеріндегі өзгерістердің шешуші шарты құқық қорғау органдарының қызметі болғанмен, елдегі әлеуметтік және экономикалық жағдайдың әсері молырақ.

Қылмыстылыққа талдау жасау үшін (бір, екі емес, көбірек) жылдың статистикалық мәліметтерін зерттеу қажет деп ойламыз. Зерттеу жүргізу кезінде біз 2005 жыл мен 2010 жыл аралығында ҚР аумағында жасалған меншікке қарсы қылмыстылықтың статистикалық мәліметтерін талдадық.

Бұл зерттеулер аталған мерзім ішінде меншікке қарсы қылмыстар санының азайғанын көрсетті. Алайда қылмыстардың серпіні әрдайым өзгеріске ұшырауда.



Ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық және қорқытып алушылық меншікке қарсы дәстүрлі қылмыстарға жатады, ал олардың ішінде ұрлық пен тонау ең көп таралған түрлері.

Осы кестеден меншікке қарсы қылмыстардың ішінде ұрлық ең жоғарғы деңгейде тұрғаны көрініп тұр.

Ал статистикалық мәліметтерге қарағанда, ұрлық серпіні жалпы меншікке қарсы қылмыстар серпініне өте ұқсас.


Тіркелген барлық меншікке қарсы қылмыстардың жалпы көлеміндегі ұрлықтардың үлес салмағы: 2005 жылы – 49,9%, 2006 ж. – 49,6%, 2007 ж. – 45,9%, 2008 ж. – 49,3%, 2009 ж. – 44,2% құрады.

Таралғандық дәрежесі бойынша жалпы ұрлықты былай бөлуге болады:

1) пәтер ішінде жасалған ұрлық (жалпы ұрлықтар санының 25,2%, және 2009 ж. тіркелген жалпы ұрлықтар санының 11,2%).

2) көшедегі ұрлық

3) автокөлікті айдап кету

4) қалтадан ұрлау

5) көлікте ұрлық жасау

6) ауылды жерлерде мал ұрлау

7) жатақханаларда, мейманханаларда, пансионаттарда, демалыс үйлерінде бірге тұратын адамдардан ұрлау.

Көшеде жеке мүлікті ұрлау жағдайлары барлық көше ұрлықтарының шамамен 40% құрайды.

Көлік құралдарын ұрлап әкету оқиғаларының саны өсуде, екі жылдың ішіндегі (2008, 2009 жж.) өсу қарқыны 80% құрады, ал жалпы көше ұрлықтары көлеміндегі үлес салмағы 9% жуық.

Пәтер тонау, қалтадан ұрлау қылмыстары көбінесе (80% дейін) күндізгі уақытта жасалады. Ірі қалалардағы автомотокөліктерді ұрлаумен, бөлшектеумен, айдап әкетумен байланысты қылмыстарға жасалған талдау олардың 85%-ы кешкі және түнгі уақытта жәбірленушілердің тұрғын үйлерінің маңында жасалатынын көрсетті.

Ұрлықтарды жасау әдістері, бір жағынан, дәстүрлі болып қалып отыр: сенімге кіру, кілтті іріктеп алу, есік ашу аспаптары мен басқа да ұрылар құралдарын пайдалану, желкөзден, ашық терезелерден, шатыр астынан, балкон есіктерінен кіру, қалта мен әйел сөмкелерін тілу, екінші жағынан – агрессияшылдық нышандарына ие болып отыр: есік бұзу, құлып пен тиектерді жұлып алу, қабырға мен төбе жабындарын ойып кіру, ал ауылды жерлерде – пеш құбырларын бөлшектеу.

Соңғы жылдары қылмыстылық құрылымындағы тонау жағдайларының үлес салмағы шамамен 6,1%/4,7%, ал қарақшылықты - 1,4% құрады. Сонымен қатар олар көбінесе қалалар мен қала типтес ауылдарда жасалады (2008 ж. мәліметтер бойынша қарақшылық ≈ 80,6%, тонаушылық ≈ 84,2% құрады).

Ұрлықтарға қарағанда, тонау кезінде бөтен мүлік кінәлінің иелігіне өтеді. Заң бөтен мүліктің жасырын ұрланғанымен салыстырғанда тонау ашық түрде болуы қауіптірек деп табады. Әдетте, ашық қылмыстық әрекеттер жасырын түріне қарағанда өрескелдеу болып табылады. Тонаған кезде қылмыскер жауапқа тартылатындығына бел буады. Ол көбінесе күштеп алуды мүлікті иелену мақсатымен мүмкіндігіне де психологиялық жағынан дайын болады.



2005-2009 жж. аралығындағы тонау жағдайларының өсу қарқындарын кесте түрінде былай көрсетуге болады:


2005-2009 жж. аралығындағы статистикалық мәліметтерге жүгіне отырып, ҚР қарақшылықтың өсу (азаю) қарқындарын қарастырайық.

2005-2009 жж. аралығындағы иелену және ысырап ету фактілерінің өсу (азаю) қарқыны


Жоғарыдағы кестеге сәйкес, меншікке қарсы басқа қылмыс түрлеріне қарағанда, иелену немесе ысырап ету фактілерінің көрсеткіші жоғары қарай күрт көтерілген. Демек, қылмыстан сақтандыру жүйесі әлсіз болғаны.

Адамның белгілі-бір криминалды жағдайға одан бұрын сыртқы ортамен әрекеттесуінің нәтижесінде қалыптасқандай күйде түсетіні белгілі. Оның криминалды жағдайда атқаратын рөлі де соған байланысты.

Қылмыстар субъектілерінің қатарында жасы кәмелетке толмағандар мен қарт адамдарды, әйелдер мен ерлерді, қылмыстық әрекетке снала ытүрде бағдарланған адамдарды, және абасыздан қылмыс жасағандарды; әлеуметтік деградацияның терең ізі қалғандарды және де қылмыс жасалғанға дейін оң сипатқа ие болып жүргендерді кездестіруге болады. «Қылмыскер тұлғасы» ұғымын қолдануға болатын адамдарға қаңғыбастар да, жұмысшылар да, бизнесмендер де және тіпті құқық қорғау органдары да, яғни дерлік барлық қоғам топтарының өкілдері жатады.

Сонымен бірге, қарастырылып жатқан ұғым – бұл нақты бір қылмыстың ғана бейнесі емес, ал қылмыстық жазаланатын қылмыс жасағандарға тән басты белгілер мен қасиеттер жататын абстрактілі операциялық түсінік. Әртүрлі заң ғылымдары адамды әртүрлі құқықтық жағдайларда зерттейді (және соған сәйкес, ұғымдар арқылы анықтайды): қылмыстық құқық «қылмыс субъектісі» ұғымына; қылмыстық процесс – «күдікті», «айыпталушы», «сотталушы» ұғымдарына; қылмыстық-атқару құқығы – «сотталған» ұғымына және т.б. сүйеніп іс жүргізеді. Әрбір ғылымға тән мақсаттар жеке тұлғаның зерттелуі тиіс шектердің пайда болуына себеп болады.

Криминология әлеуметтік және құқықтық өзгешелігі қылмыстық процестің әртүрлі кезеңдеріндегі нақты процессуалды жағдайымен емес, қылмыстың жасалу фактісімен байланыстырылатын адамның жеке басына кешенді, жүйелі түрде қарауды қажет етеді. Криминология тұлғаның қалай қалыптасқанын, нақты жағдайда сыртқы жағдайлармен қалай әрекеттескенін, оны қылмыс жасауға не итергенін зерттейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет