2.2 Пайдакүнем қылмыскердің жеке тұлғасының сипаттамасы
Қылмыстылықты бұрын да және қазіргі жағдайда зерттеуде қылмыскердің жеке тұлғасының сипаттамасы ерекше орын алады.
Пайдакүнемдік- жеке тұлғаның бұл өмірге көзқарасы өзара физиопсихологиясы, нақты криминалды жағдайды қоса алғанда сыртқы ортаның криминогенді факторларымен бағдарлануы салдарынан қылмыс жасаған адамның қасиеттерінің жиынтығын білдіретін абстрактілі ұғым [264, 54 б.].
Қылмыскердің, жеке тұлғаның құрылымы тиісті топтарға интеграциялануы мүмкін күрделі белгілер жүйесін құрайды.
Бірінші топқа әлеуметтік-демографиялық белгілер жатады (жынысы, жас шамасы, әлеуметтік және лауазымдық жағдайы, этносы мен мамандығы, материалдық қамтылғандық деңгейі, мекен-жайының бары немесе жоқ болуымен байланысты белгілер және т.б.
Статистикалық мәліметтерге жасалған талдау Қазақстанда меншікке қарсы қылмыс жасалғаны анықталған адамдардың басым бөлігін ерлер құрайтынын көрсетті. Мысалы, 2005 ж. олардың үлес салмағы шамамен 89,4%, ал 2008 ж. – 88,75% құрады. Бұл сандық көрсеткіштер әйелдер қылмыстылығының үлес салмағының ептеп өскенін растайды. Зерттеулер мәліметтері қорытындысы бойынша, меншікке қарсы қылмыстылық түрлерінің барлық түрлеріне әйелдер белсенді қатыса бастаған.
Меншікке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты күшейту қажеттілігіне әлеуметтік ахуалдың лепті ықпалы болып отыр. Меншікке қарсы қылмыс жасаған адамдардың 2005 ж. 30 және одан жоғары жастағылардың үлес салмағы 39,8%, ал 18-29 жастағылар – 42,2% құраса, 2006 жылы 30 және одан жоғары жастағылардың үлес салмағы 38,7% болса, 18-29 жастағылардікі – 37,8% түскен. Меншікке қарсы қылмыс жасаған адамдардың ішінде жасы кәмелетке толмағандардың алатын орны ерекше. Олардың 2005 жылдағы үлес салмағы 25,25%, ал 2009 ж. – 20,49% құрауы азайған сияқты болып көрінгенімен, іс жүзінде бұл тұста латенттілік деңгейінің жоғары екендігі, ал меншікке қарсы бірқатар қылмыстарды қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген адамдар жасайтындығы байқалады. Кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлердің арасында тағы да басым бөлігін – ер жынысты жас өспірімдер құрайды.
Меншікке қарсы қылмыскердің жеке басы құрылымының екінші белгілер тобына білімінің деңгейін, ақыл-ойдың даму деңгейінің және т.с., басқаша айтқанда оның әлеуметтік белгілерін жатқызады.
Егер бұрын қылмыскерлердің білім деңгейі төмен болса, қазір ол едәуір жоғарылады. Қылмыскерлердің абсолютті көпшілігінің орта білімі бар. Лауазымдық қылмыс жасайтындардың ішінде бөтеннің мүлкін иелену мен ысырап етуде (талан тараждау)сәйкесінше, білім деңгейі жоғары.
Осы мәселеге қатысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қылмыстық құқық және криминология кафедрасының жанынан құрылған «Криминологиялық зерттеулер орталығының» зерттеу мәліметтері бойынша меншікке қарсы қылмыскерлердің арасында білімділігі емес, ақпаратттылығы көбірек бағаланатынын көрсетті. Сонымен бірге, мұндай ортада қылмыстық әрекетпен айналысу және бейформалды топтарда қатынасу тұрғысынан керекті ақпаратқа ие болуы маңызды. Қылмыскерлердің басым бөлігі мәдениет құндылығы мен жетістіктеріне қызығушылық білдірмейді. Алайда, зияткерлік қылмыс (алаяқтық, компьютерлік қылмыстар) жасайтын адамдардың тиісті көрсеткіштері біршама жоғары болғанын байқауға болады.
2009 ж . статистикалық мәліметке жүгінетін болсақ, Алматы қаласы бойынша меншікке қарсы қылмыстардың түрлерінің: бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету (176 бап), алаяқтық (177 бап) үшін білімділік және біліктілік деңгейлерінің жоғары екендігін айта кету керек. Олар көптеген басқа қылмыстың түрлерін жасайтын қылмыскерлерден осы аталған белгісімен ерекшеленеді. Бұдан біз меншікке қарсы ұқсас қылмыстардан сақтандыруда, нақты адамдарға қатысты жеке тәрбиелеу шараларын өткізуде өзіндік маңызы бар екенін ескеру қажет деген қорытындыға келдік. Сонымен қатар бұл фактор жасалған бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу істерін тергеу тұрғысында да маңызды орын алады.
Ал керісінше, ұрлық (175 бап) жасайтын адамдардың білімділік деңгейі қылмыскерлердің басым бөлігіне ұқсас болғанымен, басқа да бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің түрлерінен (176 бап, 177 бап) төменірек екендігін байқадық. Біздің зерттеп жатқан қылмыс тобының білім деңгейі туралы мәліметтердің сипаты шындыққа сай болып табылмайды, яғни іс жүзіндегі білімдері, дағдылары тиісті құжаттарда белгіленген деңгейге сәйкес келмейді.
Ұрлық жасайтын адамдардың мәдениеттілік деңгейі төмен болғандықтан, олардың мүдделері мен талаптары өресіз болады, ұждансыз сезімдерін қанағаттандыруға, әсіресе маскүнемдікке ұмтылады [265, 98 б.]. Мұны бірқатара зерттеулер бойынша дәлелдеп те үлгерген. А.Б.Сахаров көрсеткендей: «Білімінің төмендігі, жетік дамымағандығы және мәдениеттілігінің мардымсыздығы мүдделерінің едәуір төмендеуі мен азаюына, мінездің өрескелденуіне және жеке дара үрдістер мен эгоистік түйсіктердің дамуына алып келеді. Мұндай адамдардың ұжымшылдық сезімі нашар дамыған, өз әрекетін сынау қабілеті әлсіз болады; олар әдетте өздерінің мұқтаждықтары мен қажеттіліктерінің басқа адамдардың мүдделеріне, адамның қоғамда тіршілік етуінің қарапайым жағдайларына қарама-қайшы болуы мүмкін екендігімен санаспайды. Нәтижесінде, мұндай адамдар жеке адамға қарсы әртүрлі қастандықтарды оңай жасайды: дене зақымдарын, зорлық, ұрлық, қарақшылық, бұзақылық және т.с.с.» [266,87 б.].
Көптеген зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, ұрлық жасауда кінәлілердің жас шамасы, парақорлардың және басқа да пайдакүнемдік мақсатпен жасалған қылмыстар өкілдерінің жас шамаларынан төменірек (кейде едәуір төмен) өзімізге мәлім болғандай, ұрлық кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында кеңінен таралған [267]. Мәселен, В.В.Панкратованың, М.И.Арсеневаның және Н.И.Куличеваның мәліметтері бойынша, кәмелетке толмағандардың көпшілігі қылмыстық істі қозғауға себеп болған қылмыстарды жасағанға дейін жас адамдардың бөтеннің мүлкін біршеше рет ұрлаған. Мұның жасөспірімдердің дамуына немесе жеке тұлғаның өзгеруіне белгілі-бір кезеңінде «моноклепизмі» пайда болу қаупін туғызбайтынына кім кепіл. Моноклепизм - бұл қылмыстың тек белгілі-бір түрлерін немесе белгілі-бір заттар ұрлығын жасауы.
Бұдан біз ұрлық жасайтын адамдардың басқа бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсушілардан айырмашылығы, олардың адамгершіліктерінің құлдырауы және қоғамға қарсы бағыттылығының тууы қылмыс жасағаннан әлдеқайда бұрын басталатындығын көруімізге болады. Мәселен, В.А.Кузнецовтың пәтер ұрыларының жеке бастарын зерттеу нәтижесі бойынша меншікке қарсы қылмыскерлердің басым көпшілігі бұрынғы қылмыстық әрекеті ұсақ бұзақылықтармен немесе қоғамдық тәртіп бұзушылықтармен айналысқандығын, 45,8% - паразиттік өмір салтын жүргізгендігін, 47,6% - үздіксіз спиртті ішімдік ішкенін, 6,5% - медициналық сауықтырғышқа, көбісі екі және одан астам рет түскенін көрсетті [268, 65 б.].
Аталған жағдайлар ұрлық жасайтын адамдардың әрі қарай тұрақты түрде заңсыз әрекет етуін анықтайды және қылмыстың қайталануының, оның ішінде арнайы қылмыстың қайталануының ең маңызды себептерінің бірі болып табылады. Олардың отбасының жағдайы, жұмысбастылығы, білім мен біліктілік деңгейі және т.б. туралы мәліметтерді жоғарыда аталған жағдайлармен тығыз байланыста қарастыру керек, себебі ұрылар контингентіне тән бейімсізденген адамдардың көпшілік қолдайтын тіршілік жүргізудің объективті және субъективті мүмкіндіктері едәуір аз.
Меншікке қарсы қылмыскерінің жеке тұлғасының құрылымындағы белгілердің үшінші тобына адамгершілік қасиеттерді жатқызуға болады: жеке адамның құндылық бағдарлары мен ұмтылыстары, әлеуметтік ұстанымдары мен байланыстары, мүдделері, қажеттіліктері, әдеттері.
Қылмыскерлер қате түсінуге бейім немесе қоғамның өзінің әрбір мүшесіне қоятын талаптарына мойынсұнғысы келмейді. Қылмыскерлердің басым бөлігі тұлғааралық қатынастар саласында аса сезімтал (тіпті жаны нәзік). Алайда, бұл қасиеттер, негізінен, тұлғаның өзіне қатысты байқалады. Басқа адамдар туралы айтар болсақ, қылмыскерлер эмоциялық салқындығын, немқұрайдылығын, кектілігін, агрессияшылдығын көрсетуге бейім.
Аталған қасиеттер бір-бірімен қатар жүріп қана қоймай, қылмыс жасайтын адамдардың рухани талаптар деңгейінің төмендігінен, олардың адамгершілігінің дамымағандығынан, өзімшілдігінен бастау алатындығын байқауға болады. Уақыттарын бос өткізу үшін - серік, қылмыстық әрекетте «көмекші» болатын алкогольға бейімділікті тудырады. Статистиканың көрсеткішіне қарағанда, меншікке қарсы қылмыстардың жасалуымен байланысты анықталған адамдардың ішінде мас күйде болғандардың саны едәуір азайған: 2005 ж. 40,6%-дан 2009 ж. 33,6%-ға түскен. Осы топқа жататын жекелеген қылмыс түрлері бойынша көрсеткіштер ерекше көңіл бөлуді қажет етіп отыр: тонау бойынша 11,5%-дан 9,7% дейін; иеленіп алу және ысырап ету фактілері бойынша 5,3%-дан 3,7% түскен. Бірақ ұрлық пен қарақшылық сияқты қылмыс түрлері бойынша өсу беталысы байқалып: ұрлықтар 78,8%-дан 82% дейін; қарақшылық 4,5%-дан 4,8% өскен.
Аталған және басқа да мән-жайлар меншікке қарсы қылмысқа жаза тағайындау туралы мәселені барынша талдап, жан-жақты реттеу қажеттігін алдыға тартады.
Толық мәдени тұлғааралық қатынасу дағдыларының дамымағандығы осындай адамдардың алкогольдің маңызын асыруына алып келеді. Ал шын мәнінде, адамның адамгершілік және тән қасиеттері бұзылып, ол оның әлеуметтік және психологиялық құлдырауына жағдай жасайды және криминогенді жағдайларға түсуге, дау-жанжалдарды зорлық-зомбылық арқылы шешуге бейімділігін дамытады.
Көбінесе қылмыскерлер тұтынатын алкогольді ішімдіктер де, есірткі заттары да қарым-қатынас жасауды жеңілдететін, тоқмейілсу күйіне түсіретін құралға айналып қана қоймай, уақыт өте келе ең әрекеттің ең басты стимулдардың бірі болады. Қылмыскерлердің моральдық бағдарларына сенуге болмайды, сондықтан қазіргі меншікке қарсы қылмыстылық бара-бара өрескел және қайырымсыз болып бара жатыр [269, 18 б.].
Қылмыскердің тәрбиесіндегі ақаулар, оның жеке тұлғаның қоғамға қарсы бағытталуы, оның жас шамасы, жынысы, білім деңгейі, мамандығы және т.б. бойынша сәйкес келетін заңға бағынышты жеке тұлғаға тән қоғамға пайдалы әрекеттесулерге ие болуына себеп болмайды. Дұрыс тәрбие алмаған қылмыскерлер өз отбасын құруда, жұбайымен, балаларымен қарым-қатынас орнатуда көптеген қиындықтарға тап болады. Қалыпты қарым-қатынастардан жұрдай болған тұлға қоғамға қарсы бағдарды көздеген сыбайластар тобына бағытталады.
Меншікке қарсы қылмыскердің жеке басы құрылымын зерттеуде төртінші белгілер тобына психико-физиологиялық процестерді, тұлғаның қасиеттері мен жағдайларын жатқызуға болады.
Біздің зерттеген нәтижеміз меншікке қарсы қылмыс жасайтын жеке тұлғасының қалыптасуындағы келеңсіз жағдайлар қазіргі қылмыскерге тән эмоциялық тұрақсыздық пен тәртіпсіздік, дау-жанжалға бейімділік, сыртқы қоздырғыштарды дұрыс қабылдамауы, сыртқы айналадан келетін қауіптерді субъективті қабылдауы мен бағалауының шынайы жағдаймен үйлеспеуі; сенгіштігі, қатарлары мен жасы үлкендер тарапынан жағымсыз әсерге бейімділігі сияқты қасиеттердің туындауына жағдай жасайтығын байқатады.
Осыған байланысты, мұндай адамдар үшін өзі үшін де, әлеуметтік психологиялық деңгейде де өзін танытуы өте маңызды (референтті топ мүшелерінің мақұлдауы) [270, 76 б.]. Меншікке қарсы қылмыскердің жеке тұлғасының белгілеріне талдау жасаған кезде жеке адамның психико-физиологиялық күйін білуде маңызды. Зерттеу көрсеткендей, қылмыскерлердің бір бөлігі жауапқа тартылуына кедергі болмайтын психикалық ауытқушылықтарға душар болған. Әртүрлі авторлардың мәліметтері бойынша, психикасы бұзылған және сот-психиатриялық сараптамадан өткен адамдардың үлесі 30%-дан 68,8%-ға дейін өзгереді деп пайымдаған [271, 43 б.].
Осыған байланысты, психико - физиологиялық ауытқушылықтары бар адамдар қатарында сондай-ақ алкоголизмге ұшыраған адамдар ескеріледі; соңғыларын қоспағанда, психикалық патологиясы бар қылмыскерлердің үлес салмағы 30% жуық көрсеткішті құрайды [272, 98 б.]. Осы қасиеттердің өршуі қылмыскердің жеке басында әлеуметтік бақылаудың кез-келген түрлеріне бейімсіздік сияқты қасиетінің нығаюына жағдай жасайды.
Пайдакүнемдік мақсатпен қылмыс жасайтын адамдардың ұқсас қасиеттері көп. Мысалы, пайдакүнем қылмыстық әрекеттердің ниеті мен мақсаттары, басым бөлігі бөтен мүлікті заңсыз айналымға түсірудің осындай адамдардың өмір салты.
Зерттеу көрсеткендей бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсірушілердің басым көпшілігі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Үшінші топқа жататын мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсушілер арасындағы бұрын сотталған адамдардың үлесі ең жоғары, оның үстіне бұрын олар пайдакүнем, мәжбүрлеу қылмыстары мен бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жазаға тартылған екен. Алайда олардың ішінде бірнеше рет сотталған адамдардың саны аз. Салыстырмалы талдау нәтижесі бірінші топқа жататын мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсушілердің арасындағы бұрын сотталғандардың көрсеткіші ең төмен болып шықты.
Мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсушілердің қылмыстық әрекеті көбінесе ұзақ уақытқа созылады – бірнеше айдан бастап бірнеше жылға дейін, аса ірі зиян келтіреді, оның үстіне қылмыстардың көбін топтасқан қылмыскерлер жасайды /70% жуық/, басым бөлігінің ұзақ уақытқа созылатындығы қылмыстық қызмет шеңберіне жаңа адамдардың тартылуына, еңбек ұжымдарында келеңсіз адамгершілік-психологиялық атмосфераның қалыптасуына және де осы қылмыскерлер тигізетін материалдық және моральдық зиян көлемдерінің артуына алып келеді.
Заңсыз айналымға түсу көбінесе 1-2 кішігірім оқиғалардан құралып, содан кейін ғана кінәлілер әшкереленді. Қылмыстық топтарды көбінесе бұрын басшы қызметте жұмыс істеген адамдар және қатардағы инженерлік-техникалық қызметкерлер, ал сирек жағдайларда – физикалық еңбекпен айналысатын адамдар да басқарады. Олар, әдетте, тікелей қол жеткізу мүмкіндігі бар мүлікті заңсыз иеленетін және солардың қатысуымен иеленгендер.
Көптеген мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуге тән және олардың қылмыстық әрекеттерін түсіндіруге тікелей қатысы бар маңызды ерекшеліктердің біріне тоқталған жөн. Аталған бұл ерекшелік – олардың көпшілігінің жасаған қылмыс әрекеттеріне қатысты адамгершілік сипаттағы өзін-өзі жазғыру сезімінің таяздығына байланысты. Сұрақ-жауап алынғандардың көбі өздерінің адамгершілікке жат әрекет жасағанын мойындамай, пайдакүнем қылмыс жасауға бара алмайтын адамдар қатарына жатқызады. Бұл арада олар бөтен мүлікті ешкімнің иелігіне жатпайтын және сондықтан да қалаған мөлшерін алуға болатын, жалғыз кедергі немесе шектеуші жаза я болмаса оған тап болу қорқынышы болып табылатын белгілі бір табиғи орта ретінде қабылдайтындай көрінеді. Әсіресе бұл ауыл шаруашылығында, балықшылық кәсіптерінде және т.б. ұрлық жасаған қылмыскерлерге тән.
Бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсушілердің түсінігінде меншік субъектісі сол тұлғаның бұзылуына аталған адамның ұрлап жатқан аталған затты өз қолымен жасағаны және өндіруші ретінде ішінара оған да тиесілі зат деп субъективті түрде қабылдайтындығы себеп болады. Олардың ұрланып жатқан мүлікке деген осындай қара дүрсін көзқарасы ұрлық жасайтын адамдардың бөтен мүлікке көзқарасынан едәуір ерекшеленеді.
Біздің пікіріміз бойынша, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсушілердің қоғамдық мүлікке деген мұндай көзқарасы еңбеккерлерді адамгершілік және құқықтық тәрбиелеудегі, өзгелердің психологиясын еңсеру жұмысындағы жеткіліксіздігі мен елеулі қателердің салдарынан туындап отыр. Дәл сол себептен, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудағы көптеген айыптылар өздерінің айыбы мен берілген жазаны түсіне бермейді.
Эдвин М.Шур көпшіліктің мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу туралы пікірінің гипотикалық ұйым туралы түсінікке байланыстылығы туралы мәселе қозғалған бір зерттеудің қызығушылық тудыратын нәтижелерін келтірді. Сұрақ-жауап алынғандар іс ірі жеке меншік фирмада бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу туралы болса өздерінің барынша аз, ал үкімет ведомствосына қатысты болса – біршама көп, ал шағын жеке меншік мекеме болса – одан да көп қобалжитынын айтты [273,43 б.]. Өзіміз байқағандай, бұл арада қылмысқа деген көзқарас қарамағында ұйымы бар адам немесе адамдар қаншалықты «анық» және «нақты» екендігіне қарай таза психологиялық тұрғыдан да өзгереді. Иесі белгілі шағын жеке меншік мекемеге қатысты қобалжу өте жоғары болды.
Жалпы, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсушілерге жеке меншіктілік ұмтылыстар, өмірге деген пайдакүнемдік-тұтынушылық көзқарас, мемлекеттік меншікке «иесіз», «қазыналық-иесіздендірілген» мүлік ретінде қарайтындығы тән. Бұл масылдық пиғылдарды тудырып, материалдық иігіліктерді еңбегіне қарай үйлестірудің негіз болатын социалистік принципін елемеушілікке алып келген болатын, әлі де бұл ұғым өмір сүруде. Әртүрлі кезеңде мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсушілердің осы белгілері мен қасиеттері әртүрлі деңгейде байқалды. Тұрақтылық дәрежесі бойынша олардың ішінде мемлекеттік, қоғамдық меншікке арамтамақтық көзқарасымен қатар қоғамдық өмірдің басқа да жақтарына теріс пікір танытатын, өте арсыз, бейсаясатты, мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуға жағдай туғызатын жағдайларға оңай бейімделетін және сол жағдайларды жасайтын; мақсатқа жетуде өте белсенді, бастамашыл, іскер, өнертапқыш, сатып алуды, парақорлықты, байланыстарын, ағайынгершілікті қолданатын 100% дейін адамдарды бөліп шығаруға болады [274,76 б.].
Меншікке қарсы қылмыстық әрекеттері басқа меншікке қарсы құқық бұзушыларға қарағанда әлдеқайда ерте басталады. Демек, олар ерте жастан-ақ қоғам мүдделерін білдіретін құқық қорғау органдарымен де, қылмыстық-құқықтық тыйымдарды бұзатындармен де тиісті қатынастарға түседі. Олардың қоғамға жат тәжірибесі ерте жинақталады, тиісті көзқарастары мен түсініктері, антиәлеуметтік өмір салтына, пайда болатын өмірлік қиындықтарды заңсыз жолмен шешуге бейімділіктері мен әдеттері ерте қалыптасады. Заңға қайшы әрекетке ерте енуі бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсушілермен және тіпті көптеген зорлық жасаушы қылмыскерлермен, бұзақылармен салыстырғанда, ұрылардың бейімсіздеу, микрортадан, оның құндылықтарынан, оң қатынастан әлеуметтік-психологиялық оқшаулану деңгейі жоғарылау болуына алып келеді.
Жеке адамның криминогендік қасиеттерінің жан-жақты ескерілуі қаншалықты маңызды болса да, олардың көмегімен пайдакүнем қылмыстардың жасалу себептерін білім деңгейі мен мәдениеттілігі төмен көптеген адамдардың ешқандай қылмыс жасамайтындығынан толық ашу мүмкін емес. Демек, қылмыстық-құқықтық және социологиялық сипаттағы мағлұматтармен толықтырылатын психологиялық талдауда түсініктеме берудің басқа мүмкіндіктерін іздестіру қажет.
Құқық бұзушылардың тұрақты мекен-жайларының бар немесе жоқ болуы олардың маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Өзімізге мәлім болғандай, бұл фактор жеке тұлғаны, оның қатынастарын, қажеттіліктері мен мүдделерінің мазмұны мен бағыттылығын, мәдениеттілік деңгейі мен әлеуметтік талаптарын едәуір сипаттайды. Ол күнелтуге қажетті қаржы алумен тікелей байланысты. Әдетте, тұрақты мекен-жайы жоқ адамдар бейімсіз, қалыпты әлеуметтік байланыстар мен қатынас аясынан шығарылып тасталған, қоғам құндылықтарынан шеттетілген болады.
Талдау көрсеткендей, ұрлық жасауда, әсіресе жеке меншік мүлікті ұрлауда кінәлі адамдардың ішінде басқа барлық қылмыскерлер /қаңғыбастардан басқа/ топтарына қарағанда, осындай тұрақты мекен - жайы жоқ адамдардың үлесі жоғары (40%). Ал, меншікке қарсы қылмыстардың басқа түрлерін жасайтын мекен-жайы бар тұлғалардың көрсеткіші (18%) құраған. Бұл олардың арасында кәнігі қылмыскерлердің бар болуымен және жалпы бейімсізденуімен байланысты. Аталған жағдайды осындай адамдар тарапынан жасалатын ұрлықтардан сақтандыру кезінде де, оларды бас бостандығынан айыру орындарынан босатуға дайындау кезінде де ескеру қажет, себебі олардың табыспен бейімделуі аталған фактордың себебінен өте шектелген. Мұнымен көптеген ұрылардың тіршілік етуінің басқа да ерекшелігі байланысты: олардың арасында басқалармен салыстырғанда белгілі-бір мамандығы немесе қызметі болмаған адамдардың пайыздық мөлшері өте жоғары. Сол себептен, мұндай қылмыскерлердің басым бөлігі үшін мүліктік қылмыс жасау күнелтуге қажетті заңды қаржы алу көздерінің жоқтығының есесін қайтарғандай болды.
Ұрылардың қоғамға жат өмір салтының бір көрінісі олардың спиртті, есірткі заттарды жиі тұтынатыны болып табылады. Оған қоса, көптеген ұрлықтар соларды сатып алуға қаражат алу үшін жасалады. Мас күйде жеке меншік мүлік ұрлаған адамдардың саны дәл сондай күйде мемлекеттік және қоғамдық мүлік ұрлағандардың санымен бірдей, ал кісі өлтіруде, ауыр дене жарақаттарын тигізуде, зорлауда, тонау мен қарақшылықта кінәлі деп танылғандардан аз. Алайда, ұрылардың арасында алкоголизмнен мәжбүрлеп емделуді қажет ететіндердің де саны аз емес. Бұл олардың келешекте табыспен қайта әлеуметтенуіне елеулі кедергі болып отыр.
«Қылмыскердің жеке басы» монографиялық еңбектері авторлары пайдакүнем қылмыскерлердің мұқтаждықтары қалыптан тыс ұлғайған, бұзылған, әдепсіз болады деп санайды [295,100-107 бб.]. Мысалы, бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсуші оның қоғамға пайдалы еңбегіне сай келмейтін мөлшердегі материалдық игіліктерді иеленуге үміттенеді. Осының негізінде оның және қоғамның арасында шиеленіс пайда болады [275, 32 б.].
Меншікке қарсы қылмыскердің жеке тұлғасын зерттеуде пайдакүнем қылмыскердің жеке басын зерттеудің көлемі шексіз және әрдайым қатаң белгіленген мақсаттарды көздейді. Біздің ең маңызды мақсатымыз қылмыстық әрекетті, біздің жағдайымызда пайдакүнемдік әрекетті түсіндіру болып табылады. Сол себептен, біздің пікірімізше, қанша маңызды болса да, қылмыстық әрекеттілік проблемасы дербес проблема болып табылмай, қылмыскердің жеке тұлғасының жаһандық проблемасының бір бөлігін құрайтынын айта кету керек. Бұл ойымызды мұндай әрекеттің себептерінің адамның жеке басына негізделетіні дәлелдейді. Сондықтан біз осы жұмыста пайдакүнем қылмыскерлерінің көзі ретінде оларды ынталандыру мәселелерін қарастыруды мүмкін ғана емес, қажет деп те санаймыз.
Пайдакүнем қылмыскердің жеке басы проблемасына олардың өмір салтын зерттеу де енгізілу керек, өйткені олардың маңызды ерекшеліктері мінез-құлқына қарағанда күнделікті тіршілігінен толығырақ, объективті көрінеді. Меншікке қарсы қылмыскерлердің өмір сүру салтын тану олардың тіршілігінің барлық түрлерін, белсенділігін қамту, сол жеке адамның, оның қалыптасуының, мінез-құлқының, байланыстарының жүйелі талдауын қамтамасыз ету мүмкіндігін береді. Өмір сүру салты – бұл адамдардың экономикалық және қоғамдық, психологиялық және идеологиялық, адамгершілік және басқа да қатынастары сынатын ең көп қырлы әлеуметтік құбылыстардың бірі. Бұл тәсіл мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсушілер мен ұрылардың ұзақ уақыт бойы пайдакүнем қылмыс жасап жүрген ең маңызды бөлігіне қатысты ерекше мәнді болып табылады. Олардың қылмыстық әрекеттері өмір сүру салтына әдетте анықтаушы әсер тигізіп қана қоймай, оның ажырамас бөлігін құрайды.
Пайдакүнем қылмыскерлердің қылмыстық әрекеттері мен өмір салтын зерттеу олардың қылмыскердің жеке басы проблемасының бір бөлігі ғана емес, сол тұлғаның қалыптасуына қатысатын көзі болып табылу себебімен де қажет. Сонымен қатар, ұрлықтың, әсіресе осындай бірқатар қылмыстардың жасалуы, осыған байланысты қылмыстық ортаға белсенді енуі, бір қылмыстан екіншісіне дейін өмір сүруі, әшкереленуден үнемі қорқуы, сот және тергеуде болуы, жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеуі пайдакүнем қылмыскерді жағымсыз бағытқа өзгерте отырып, оның жеке басына, психологиясына әсер етеді. Қылмыстық әрекет қаншалықты ұзаққа созылса, қылмыскердің әрекетінің өз басына әсер етуі де соншалықты қауіпті болады.
Пайдакүнем қылмыскердің жеке басы құрылымына эмпирикалық деңгейде зерттеуге оның жеке өмірін, әлеуметтену және тәрбиелену жағдайларын, әсіресе ертеректегі даму кезеңдерін талдау енгізілу керек. Осындай зерттеудің нәтижелері әрі қарай қылмыстық әрекет жасау себептерін ашу тұрғысында маңызды болып табылатын теориялық қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Бұны, негізінен, пайдакүнем қылмыстар ниеттерінің және басқа да субъективті детерминанттарының пайда болуын социологиялық-психологиялық зерттеу деп атайды. Оның ғылым үшін пайдалылығын және мақсатқа сәйкестігін Е.Г.Самович мәжбүрлеу әрекеттерін қолдану себептеріне түсініктеме беру кезінде көрсеткен. Ол болашақта күштеу қылмысын жасаған баланың жеке тұлғаның қалыптасуы оны өз ата-анасының қабыл алмауынан басталады дей отырып, отбасындағы тәрбиелеу жағдайларына ерекше көңіл бөледі. Бұл оның қажеттіліктерінің үнемі қанағаттандырылмай қалуына алып келіп, соның салдарынан бала өзі түскен жағдайға үнемі тәуелді болады [276].
Отбасы мен мектептегі тәрбиелеудің және қылмыстың арасында тікелей байланыс табу күрделі мәселе. Өмірдің өзі жеке адамның жас кезінде қалыптасқан түсініктері мен ұғымдарына түзету енгізеді. Алайда сыртқы әсерлердің барлығы бос жерге емес, бала кезінде пайда болып дамыған ерекшеліктеріне түседі. Адамның өміріндегі осы кезеңнің сезімталдығын, жоғары қабілеттілігін ескере отырып, оның маңызын асырудың қажеті жоқ, оның үстіне көптеген зерттеулердің нәтижелері бойынша бала кезінде алатын әсерлерді еңсерудің мүмкін емес екендігін көрсетті.
Кеңес заманының психологы П.М.Якобсон қылмыстардың жасалу ниеттерін қарастыра отырып, оларды түсіну үшін мысалға, адамның балалық шағының қалай өткенін, оның балдәурен, жасөспірім шағын, өмірде қандай әсер алғанын, олардың қай жағынан жағымды және жағымсыз болғанын, мінездің, шыдамдылықтың қалыптасуына, адамдар арасындағы өз орны, құқықтары және міндеттері туралы түсініктеріне қалай әсер еткенін және т.б. зерттеу қажет. «Адамның белгілі-бір ниеттермен мұндай әрекетті қалай жасағандығын түсіну үшін талдау оның жеке тұлғаның, ішкі дүниесінің, сезімдерінің, ұмтылыстарының, ниеттерінің қалыптасу процесіне бағытталды. Оның осыдан ілгергі өмірінің тарихында осындай әрекеттің себептерінің негіздері қаланған, ал бұрынғы өмірінде қазіргі әрекетінің ниеті қалыптасқан [277, 33б.],- деп жазды. Бұл пайымдаулар кез-келген, оның ішінде пайдакүнем қылмыстық әрекеттерді түсіндіру кезінде қолданылу керек.
Пайдакүнемдік қылмыскердің жеке басын зерттеу, өз кезегінде, нақты өмірлік жағдайлармен әрекеттесе отырып, қылмыстық әрекетін тікелей себебіне айналатын жағымсыз қасиеттерінің /қоғамға жат бағыттылығының, тиісті көзқарастардың, түсініктердің, бағдарының және т.б./ қалыптасуына алып келетін сыртқы әлеуметтік факторларды түсінуге мүмкіндік береді. Демек, адам қылмыскер болып туылмай, оған кейіннен айналатындықтан, қылмыстық жазаланатын әрекеттердің жасалуына бұрынғы жағымсыз әсерлер түрткі болады және оларға өзекті жағдайлар жағдай жасауы мүмкін деуге болады. Бірақ ортаның барлық әсерлері жеке тұлғаның психикасы арқылы «өтеді», сондықтан да оның әрекетін жеке адамның өзін де, оның қалыптасуының, дамуының және қызмет жасауының әлеуметтік жағдайларын да зерттеу үшін аса қажетті деп қарастыруға болмайды. Бұл жағдайлардың неліктен дәл осындай адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерді туындатқаны туралы мәселенің де маңызды екенін ұмытпау керек.
Пайдакүнем қылмыстарға түрткі болатын барлық қолайлы жағдайлар, нақты адамдардың әрекеттері, әртүрлі материалдық қызықтырғыштар және т.б. тек жағдайлар ретінде қарастырылады. Ал қылмыстың негізгі себебі субъектінің «өзінде болады», оны оған тән қасиеттер туындатады [278, 65 б.]. Тіпті егер ол қоғамға жат әсерлерге немесе жағдайларға мойынсұнғанда да, ол бұны жеке тұлғаның ерекшелігі сондай болғандықтан жасайды. Егер де басқаша болған жағдайда, пайдакүнем қылмыстарды кез-келген адам жасай алар еді.
Пайдакүнем қылмыскердің жеке басы аса күрделі әлеуметтік құбылыс болып табылады және осындай ретте ол кешенді ғылыми танымның нысаны болу керек [298, 15 б.]. Бұл құбылыстың пайдакүнем қылмыстылықпен және басқа да қылмыстық әрекет түрлерімен, басқа да әлеуметтік факторлармен, оның ішінде жағымсыз факторлармен өте тығыз байланыста болғанымен де, ол жеке ғылыми проблема болып табылады. Күштеу қылмыскерінің және басқа да бірнеше құқық бұзушылар типтерінің проблемаларын бөліп шығарған да орынды.
Бұл жұмыста пайдакүнем қылмыскердің жеке тұлғаның психологиялық проблемаларына басты назар аударылуы оны жүйелі түрде танудан немесе психологиялық факторлардың рөлін асырудан бас тартудың керектігін білдірмейді. Себебі, жеке адамның ешқандай қылмыстық-құқықтық, әлеуметтік-демографиялық, биологиялық, адамгершілік және басқа да ерекшеліктері оның психологиясын елемей тікелей әсер етпейді. Нақ психологияның өзі аталған ерекшеліктердің барлығы өзара әрекеттесетін алаң, деңгей болып табылады.
Пайдакүнем қылмыстардың ниеттерін білу арқылы жеке адамның мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік мүлікті сақтайтын адамгершілік және құқықтық нормаларды қаншалықты қабылдағаны және түсінгені, оның тиісті әлеуметтік практиканы қалай бағалайтыны туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Демек, бұл мағынада ниеттер адамгершілік және құқықтық нормалардың бір болмыс нысанын, оларды адамның әрекетін реттеуші ретінде іске асыру әдісін, сондай-ақ жеке адамның тұрақты ниеттер жүйесі, яғни ниеттер арқылы өзін-өзі басқару тәсілін құрайды. Ниеттер өз тұрақтылығын жазаға немесе оның қолданылу қауіпіне қарамастан, көбінесе ұзақ уақытқа созылатын пайдакүнем қылмыстық әрекетте білдіреді. Басқаша айтқанда, ниеттердің тұрақтылығы мүліктік қол сұғушылықтардың қайталануына алып келеді.
Қазіргі заманғы психология үшін «субъектінің шынайы себептерді әрдайым, яғни әрекеттерді дайындап орындау кезінде маңызды деп қабылдай бермейді; көбінесе олар тиісті әрекет жасалып болған соң есін жинайды» деген қағида аксиомаға айналды [279, 43б.]. Әсіресе, адам жоспарлаған, жасап жатқан немесе жасап болған әрекеттерінің жеке адам үшін мағынасына мән бермейді. «Өйткені, субъектінің өзі үшін оның нақты мақсаттарын түсінуі және оларға қол жеткізуі, әрекеттің құралдары мен операцияларын меңгеруі оның өз өміріне көңіл тоқтату, оның қызметінің ниеттеріне заттанған және айналған материалдық, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру және дамыту әдісі болып табылады. Субъектінің ниеттерді түсініп немесе түсінбей жатқаны, өздері туралы күйзелістер, мүдделер, ықылас немесе құмарлық түрінде белгі беретіні немесе бермейтіні бәрібір; олардың сана жағынан алынған қызметін олардың объективті жағдайлар субъектісі үшін өмірдің маңызын «бағалағандай» болатыны, объективті мағынасымен тікелей сай келмейтін жеке тұлғалық мағына беретіні құрайды» [280, 23 б.].
Бұл тұрғыда көптеген қылмыстардың ниеттеріне де көңіл бөлу керек. Олардың көбінесе ессіз деңгейде қызмет жасайтындығы қазіргі кезде криминологтардың арасында танылып отыр [281 ,87 б.].
Пайдакүнем қылмыстардың жеке тұлғалық мағынасы көп жағдайда, мысалы қалта ұрлықтары, кейде субъект көп мөлшердегі материалдық игіліктерді меншіктеніп алса да, қылмыстық қызметін жалғастыра беретін бөтен мүлікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу кезінде ұғыныла бермейді. Алайда ниеттердің санасыз болуы оны қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды, себебі ол өзінің қылмыстық әрекеттерінің қылмыстық тәртіппен жазаланатындығын және заңға қайшы екендігін түсінеді.
Әрбір пайдакүнем қылмысты тек қана пайдакүнемдік пиғыл (егер бұл пиғыл материалдық пайда табуда болса) тудыра бермейтінін айта кету керек. «Кеңестік криминология курсының» авторлары бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсудің себебі өндірістік, қызметтік қажеттіліктің немесе шаруашылық мақсатқа сәйкестіліктің жалған түсінілген мүдделері болуы мүмкін деп санайды [282,32 б.].
Кейбір бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсулердің ниеті ретінде адамның жеке тұлғаның мәні материалдық игіліктерді алудан ғана емес, басқа да өмірлік маңызды қажеттілікті қанағаттандырудан да құралуы мүмкін. Көп жағдайда бұл арада да пайдакүнем себеп бар болады, алайда психологиялық зерттеулер көрсеткендей, ол сол адам үшін үлгілі болып табылатын топта абыройға ие болу немесе беделін ұстап тұру сияқты ниеттермен қатар әрекет етеді.
Пайдакүнем қылмыстарды жасаған кезде субъект барлық жағдайда да әрдайым пайдакүнем бола бермейтін жеке бас қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады. Біз кез-келген қылмыстық әрекет аталған адам үшін іштей, субъективті түрде детерминделген және заңды болып табылады деген пікірге жүгінеміз. Мысалға, А.И.Долгованың пікірі жеке адамның басқа да әлеуметтік типі бар – бұл кездейсоқ қылмыскер. Оның қылмыстық әрекеті аса келеңсіз әлеуметтік жағдайдың шешуші әсерімен анықталады және заңға қайшы әрекет жасамайтындардан елеулі тұрақты жеке тұлғалық айырмашылықтары жоқ. Айырмашылықтар, негізінен, заңды бұзған адамдар түсетін жағдайларға қатысты [283, 31б.].
Аталған адам үшін өзінің субъективті мәселелерін шешетін қылмыстық әрекеттің заңдылық проблемасын талқыласақ, кездейсоқ қылмыскер, онымен бірге қылмыстың кездейсоқ жасалуы туралы қағида оның айналадағылар үшін күтпеген жағдай болып шыққанынан туындағанын айта кету керек, себебі оған дейін субъектінің қандай да бір айыпты әрекет жасағаны туралы ақпарат болмаған. Алайда, қылмыстық-құқықтық тыйымның бұзылуына алып келген жеке адамның қасиеттері терең жасырылуы, субъектінің өзімен ұғынылмауы және мінез-құлықта байқалмауы мүмкін.
Аса келеңсіз әлеуметтік жағдайдың шешуші әсері туралы пікір соңғы жылдары алынған өзіндік ерекшелігі өзекті жағдайға тәуелділігі болып табылатын белгілі-бір жеке адам типінің бар екендігі туралы психологиялық мәліметтерді толық ескермейді. Бұл әрекет сараланып алынады, яғни субъект кез-келген жағдайға емес, оның терең және ең маңызды, көбінесе қызбалықпен мәнерленген күйзелістерді өзекті ететін жағдайға тәуелді болып қалады. Криминология кез-келген жағдайдан қылмыстық әрекеттер арқылы ғана шығу мүмкін емес, бірақ егер субъект ойланбай болса да, сол жолды таңдап алса, демек оның жеке басында дәл осы таңдауын детерминдейтін қасиеттер бар деген сөз. Қарама-қайшы пікір аздап болса да жеке адам толық ескерілмейтін белгілі «стимул-реакция» сұлбасына ұқсас.
Сонымен қатар, мысал үшін ұрлықтардың кездейсоқ жасалуын эпизодтық жасалуынан айыра білу қажет. Шынында да, адам бір ғана ұрлық жасаса да, бұл оның өмірінде жалпы оған тән емес бір үзінді ғана болады. Алайда, бұл мұндай әрекеттің қайталанбаса да кездейсоқ екендігін білдірмейді, яғни ұрлық аталған субъектінің жеке тұлғаның ерекшеліктерінен туындағандықтан, ол үшін кездейсоқ емес эпизод болып табылады. Бірақ қылмыстық әрекетке аталған адам үшін заңды деп қарау мұндай әрекеттің жазмыш және шарасыз екендігін білдірмейді. Бұл арада сөз оған іштей дайын болу туралы болып отыр, бірақ ол жүзеге аспауы да мүмкін.
Нақты адамның қылмыстың жасалуының ішкі заңдылығы туралы қорытындыны оны терең және жан-жақты психологиялық зерттеу, бүкіл өмірін, әсіресе тұлғаның ертеректегі даму кезеңдерінде алған отбасылық тәрбиесін білу негізінде жасауға болады. Қылмыскерді зерттеу барысында жетелеуші криминогендік рөлі алдамшы болып көрінетін үстірт латенттік белгілер емес, шын мәнінде қылмысқа алып келген криминогендік белгілер айқындалуы тиіс.
Бір қарағанда, егер мүліктік қылмыстардың пайдакүнемдік мақсатпен, материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, киім-кешек, азық-түлік, спиртті ішімдік сатып алу, ақшаны емін-еркін билік етумен байланысты өмір салтын жүргізу және т.б. үшін жасалады деген пікірмен шектелетін болсақ, олардың ниеттерін анықтау аса қиын емес сияқты. Алайда, бұл жағдайда өмірлік маңызды проблемаларды шешу әдісі ретінде нақ пайдакүнем қылмыстардың таңдап алынуының субъективті себептері анық емес болып қалады [284,33 б.]. Оның үстіне, үнемі материалдық игіліктерді жинауға үмтылатын әрбір пайдакүнем адамның ондай қылмыс жасауға қабілеті бола бермейді және ол осы игіліктерге мұқтаждығын қанағаттандырудың басқа жолдарын таңдап алады.
Қарастырылып жатқан қылмыстардың шын мәніндегі ниеттерін ашу үшін, біріншіден, қылмыскерлердің өмірлік жолын, олардың әсіресе балалық шағындағы әлеуметтену жағдайларын талдау, яғни пайдакүнем қылмыстық әрекеттің ниеттерінің пайда болуын анықтауға әрекет жасап көру керек. Екіншіден, мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік мүлікке қастандықтың жасалуын туындата алатын басқа да жеке бас ерекшеліктерін ашу қажет.
Бірінші міндетті шешу үшін ересек адамның кез-келген, оның ішінде қылмыстық әрекет оған бала кезінде жасалған жағымсыз әсерлермен детерминделеді деген пікір айтылуы мүмкін. Бұл гипотеза ғылым дәлелдеген жеке адамға бала кезінде жасалатын әсерлердің және бірінші кезекте ата-анасының психологиялық қабылдауының немесе, керісінше, қабыл алмауының анықтаушы маңызы бар, себебі отбасылық әсерлердің салдары көбінесе қайтымсыз болады деген қағидаға сүйенеді. Баланы анасының немесе әкесінің, болмаса екеуінің де эмоциялық қабыл алмауы орнын толықтыратын арнайы тәрбиелеу шаралары қабылданбаса, оның бүкіл өміріне кері әсер тигізуі мүмкін.
Осыған орай, қылмыстық әрекеттің ертеректегі отбасылық қатынастардың мазмұнын суреттейді, оларға берген жауап, олардың жалғасы немесе салдары болып табылады деп пайымдауға болады. Бірақ жеке адамның бала кезіндегі қалыптасуының жағымсыз жағдайлары оның әрі қарай тіршілік етуіне елеулі әсер тигізеді. Осыған байланысты, пайдакүнем ниеттердің де бала кезіндегі эмоциялық қатынастың тапшылығы, тұрақты эмоциялық қатынастарға енгізілмеуі сияқты жағдайлармен байланысты деп болжауға болады [285,33 б.]. Оттұлғаның эмоциялық матрицасы жалпы жеке тұлғаның өмірдегі жалпы сенімсіздігін, оның әлеуметтік мәртебелерінің белгісіздігін, ортаның келеңсіз әсерлерінің үрейлі келешегін қалыптастырады. Бұл ерекшеліктер оның бойында нығайып, оның мінез-құлқына елеулі әсер тигізеді.
Көптеген елеулі қылмыстардың, көбінесе ұрлықтардың жасалуы бала кезіндегі психологиялық шеттетілуінен туындаған эмоциялық тапшылықтың өзіндік өтеуі болып табылады.
Көптеген мүліктік қылмыстардың, көбінесе ұрлықтардың жасалуы бала кезіндегі психологиялық шеттетілуінен туындаған эмоциялық тапшылықтың өзіндік өтеуі болып табылады деп болжауға болады. Оның себебі, мұндай қылмыстар субъектіге өмірдегі өз орнын берік және сенімді сезіну үшін, соның арқасында ертеректегі дамуының аталған жағымсыз жағдайларымен генетикалық түрде байланысты сенімсіздік пен келешектен үрейлену күйлерін еңсеру үшін қажетті материалдық қаражатқа ие болуға мүмкіндік береді. Бұны спиртті ішімдіктерге қол жеткізу үшін жасалатын ұрлықтар немесе бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсулер растап отыр. Оларды тұтыну адамның жоғарыда аталған күйлерін уақытша басатыны бұрыннан белгілі. Содан кейін олар алкогольге мұқтаждығын туындатып қайта келеді және т.с.с.
Сонымен қатар, мынаны да ұмытпаған жөн. Криминологиялық зерттеулер көрсеткендей, көптеген балалар мен жасөспірімдер ата-аналарының көңіл бөлмеуінен, өз міндеттерін елемеуінен қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Басқалары болса, оларға ата-аналарының экономикалық қамтамасыз етілмегендігінен қол жеткізе алмайды. Бұл жағдайда олардың материалдық қаражаттардың жоқтығын балаға деген эмоциялық жақындығымен, қажетті психологиялық жайлылық жағдайларын жасаумен, оның қызығушылығын басқа жаққа аударумен өтемейтінін айта кету керек. Бірақ барлық жағдайларда да, қанағаттандырылмаған қажеттілік жастардың қол жеткізе алмай жүрген заттар мен қызмет көрсетулерге деген психологиялық мұқтаждығын туындатады.
Жеке тұлғаға жағымсыз адамгершілік әсер тиген жағдайда, мұндай ерекшеліктер криминалдық салдарға алып келуі мүмкін.
Қорытындылай келе субъектінің жеке өміріндегі пайдакүнемдік қылмыстардың себептерінің жалпы пайда болу себептері осындай.
Достарыңызбен бөлісу: |