Ақтамберді жырау. Ақтамберді Сарыұлы


Ақтамберді жыраудың үшінші топтағы шығармалары



бет3/5
Дата12.02.2023
өлшемі25,68 Kb.
#67182
түріДиплом
1   2   3   4   5
Ақтамберді жыраудың үшінші топтағы шығармалары
Үшінші топтағы толғауларын дана жырау егде тартқан кезеңінде шығарған болса керек. Оның осы уақытта жарық көрген туындылары негізінен көне қазақ поэзиясы үлгісіндегі :
Түйе мойнын тұз кесер,
Жігіт мойнын қыз кесер,
Сартылдаған сары аяз,
Жылқының мойнын мұз кесер.
Бұлан да бұлан, бұлан сан,
Бұланның санын оқ тесер,
Бұлаңдап жүрген жігіттің
Жомарт қолын жоқ кесер! —
деген сияқты нақыл, афористік толғаныстар түрінде келеді.
Өмірде көпті көрген Ақтамберді ненің жақсы, ненің жаман екенін, нағыз жігіт қандай, оның əйелі мен жақын досы қандай болуға тиіс екенін, ізгі адамдар мен түкке тұрғысыз адамдардың өздерін қалай ұстайтынын жəне т.б. айтады. Қысқасы, мұнда Ақтамберді жырау естірте ой толғап, өсиет айтады, кеңес береді.
Сонымен, кең өрісті толтырып мал өсіріп, құйқалы жерін өңдеп, бейбіт тіршілік қамын ойлауды, еңбекпен ел дəрежесін арттыруды жырлайды ақын.
Сайып келгенде, Ақтамберді Сарыұлы өз заманының талабына сай жыр толғап өткен əрі батыр, əрі жырау. Оның шығармалары елі, халқы үшін еңіреп өткен ер тұлғасын, жақсылыққа бастап, адамгершіл ой түйген терең ойлы ақыл иесі абзал азаматты танытады. Өзінің өрелі ойларын жыр кестесіне тізе білген жүйрік тілді шешен ақынды көрсетеді.
Түйін
Соңғы жылдары атақты жыраудың есімі дауға айналғандығы белгілі. Оның себебі кейбір басылымдарда Ақтамберді Сарыұлы Ұлы жүзден деп көрсетіліп жүр. Бұл, əрине, тарихи шындыққа жатпайды. Өйткені Ақтамберді Сарыұлы Орта жүзге жататын Найман тайпасының Қаракерей руының ішіндегі Сыбан тармағынан.
Даңқты жырау шығармалары гуманистік, адамгершілік идеяларды көтеріп, елдегі күйкентай пендешілікті, өзімшілдікті сынайды. «Мал-басы өскен адамның» атты толғауында :
Мал-басы өскен адамның
Алды-арты бұрқар бу болар.
Көтере алмай дəулетін
Көрінгенге бу қылар.
Не боларды білмейді,
Өзінен-өзі зор болар,
Жетім менен жесірге
Қазары ылғи ор болар,
Онымен жолы болмайды,
Біреуден қайтып қор болар, —
деп Ақтамберді Сарыұлы малы бардың кеудесі ісініп жүретінін тілге тиек етеді.
Ел арасының дау-далабасын қоздырып, күшіне сеніп өктемдік көрсеткен Бөгембай батырды да Ақтамберді бір түйреп өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет