Қатысымдық дағдылар: тілдік норма; этика; коммуникативті норма



бет3/3
Дата25.09.2022
өлшемі84,28 Kb.
#40119
1   2   3
Тілдің интонациясы — көп функциялы құбылыс. Әлем лингвистикасындағы басты мәселелердің бірі интонацияның сол тілдегі ерекшелігін, басты белгілерін, маңыздылығын анықтау болып табылады. Қандай сөйлем болса да, оның интонациясы, айтылу әуені болады.
Интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасында тығыз байланыс бар. Себебі мәтіннің интонациясын өзгертіп оқитын болсақ, оның стилистикалық реңкі де, грамматикалық мағынасы да өзгеруі мүмкін. Интонацияның тіл жүйесінде алатын орны, ерекшеліктері мен қасиеттерін анықтайтын саласы жалпы тіл білімінде интонология деп аталады. Интонологияның суперсегменттік бөлшектерін интонемалар деп атайды. Сөйлемде интонеманың атқаратын қызметі, өзіндік орны болады. Сондықтан интонема әрқашан синтагмада көрініс табады. Интонацияның негізгі қызметі:
1) сөйлемнің түрлерін анықтау;
2) жеке коммуникативтік типтерін ажырату;
3) мазмұнның өзгешеліктерін ажырату;
4) мәтіндегі ерекшеліктерін көрсету;
5) әр түрлі эмоцияларда ажырату болып табылады.
Интонацияның басты компоненттері әуен, негізгі тон жиілігі, интервалы, диапозон, ұзақтылық, қарқын, пауза, интенсивтілік, тембр тілдегі просодикалық әсілдер ретінде әр тілдің өзіндік интонациялық ерекшелігіне байланысты қолданысқа түседі. Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деген көзқарас бар. Сонда да фонемаға қарағанда интонеманы зерттеу кейіндеу қолға алынды.
Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, солар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.
Ғалым М. Балақаев қазақ әдеби тілінің нормалануының үш түрін көрсетеді: а) тілдің ілгері даму процесінде оның ішкі заңдарына негізделген жүйелілік пайда болады. Оларды қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық қағидаларынан анық көруге болады. ә) сондай тілдік дәстүрлерді әдеби тіл бекемдей түсті де, сөйлеу тілінде бар шашыраңқылықты, алауыздықты жою, тілдік нормаларды орнату процесі жүріп жатты. б) әдеби тілде нормалауға бағытталған көптеген жұмыстар жүргізілді: графика, орфография, пунктуация, терминология мәселелері шешілді.; түрлі сөздіктер жасалды, практикалық және ғылыми грамматикалық жазылды. Тілдің тұрақты нормалану процесіне функционалдық стильдер де өз әсерін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет