Қ
атысушылардың пікір алмасуы Жал-
пыұлттық идея – Мәңгілік ел, тәуелсіздігіміздің
даму жолы арнасында өтті. «Ел экономикасы
дамып, нығая түссе – әлеуметтік тұрмысымыз
да өркендей беретініне сенім арта түспек.
Әлемдік экономика жаппай дағдарысқа дұшар
болған шақта Елбасымыз білім беру саласы
мен жастардың болашағына қолдау жасауы -
бізге жаңа серпін бергендей» - пікір алмасушы-
лардың ортақ ойы осы тұрғыдан шықты. Елба-
сы жариялаған Жаңа экономикалық саясаттың
басымдықтарын айта келе, жас мамандар
Жолдауда белгіленген ауқымды мәселелерге
тоқталды.
Жастар назарынан көліктік-логистикалық
инфрақұлымдарды дамыту, автожолдар жоба-
сын жүзеге асыру арқылы еліміздің даму
көкжиегінің шексіз кеңейе түсетіні тыс қалмады.
Сонымен қатар, қатысушылар тұрғын үй ин-
фрақұрылымдарын нығайту жөніндегі бағдарға
ерекше тоқталып өтті. Бұл түсінікті де: жас
ұстаздардың көпшілігі бүгінгі күні жалдамалы
баспанада тұрып, банктік құрылымдардың
несие ұсынысына мәжбүрлі болуда. Сондықтан
Президенттің тұрғын үй құрылысына көз-
қарасты қайта қарауға ұсынғаны, әлеуметтік
жалдамалы баспананы салып, оны тұрғын-
дарға сатып алу құқықын беріп, ұзақ мерзімді
жалға ұсыну туралы бағдарламасы жас маман-
дарды қатты қызықтыра, толғандырды.
Күршім, Тарбағатай, Көкпекті, Зайсан,
Шемонаиха аудандары мектептерінің педагог-
тері ауылдағы шағын жинақталған мектептері
жағдайында жиі кездесетін қиыншылықтар:
электрондық жүйенің алға басуына кедергілер
жөнінде, шалғай ауылдағы интернет жүйесі
қызметінің қуатсыздығы туралы айта келе,
Елбасының «Нұрлы Жол» Жолдауында
аталған білім беру жүйесін жаңартып жаңғыр-
туға арналған іс-шаралар, оның ішінде - апатты
мектептер мен үш ауысымда оқыту проблема-
сын жоюға Ұлттық қордан 70 миллиард теңге
қаржы жұмсалатынын қанағаттанғандықпен
қабылдады.
Жарма ауданы мектеп-гимназиясының
24 жастағы ұстазы Досхан Балтабаев өз отба-
сында 3 жасар Кәусар атты кішкентай қызы
Президенттің «Балапан» бағдарламасы бойын-
ша жаңадан ашылған балабақшаға барып жүр-
генін айтып, ризашылдығын білдірді. Қазір
Досханның отбасы жалдамалы баспанада
тұрып жатқандықтан, енді ол Президенттің
«Нұрлы жол» Жолдауы аясында ұзақ мерзімді,
несиеге барынша төмен пайызбен әлеуметтік
жалдамалы баспанадан үміттенетінін атап өтті.
«Бұл менің отбасым үшін қуанышты сүйінші
болды», - деді Досхан дөңгелек үстел
барысында.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойын-
ша педагогикалық қызметекрлердің біліктілігін
арттыру институтында ұстаздардың «Нұрлы
жол» пікір алмасу «Дөңгелек үстел» отырысы
ҚР Тұңғыш Президенті күніне қарсаңында
өткені іс-шараға жаңаша мазмұн берді.
Г. БОРАНБАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
ШҚО ПҚ БАИ баспасөз орталығы
№10
(146
)
ЖЕЛТОҚСАН
2014
ДЕКАБРЬ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша педаго-
гикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облыстың орта буындағы
барлық білім беру мекемелері ұстаздарының басын қосатын бірден-бір мекеме.
Институтқа қараша айындағы курстық оқуларға жиналған ұстаздар Елбасының
«Нұрлы Жол» Қазақстан халқына Жолдауын қызығушылықпен қарсы алып, «Жаңа
экономикалық саясат бағдары» тақырыбында пікір алмасу дөңгелек үстел жиынын
өткізді.
В канун Дня первого Президента Республики Казахстан - педагоги филиала АО «НЦПК
«Өрлеу» института повышения квалификации педагогических работников по ВКО на общем
собрании вернулись к теме – «Отечество мое – мой Казахстан!». Непростой путь
становления независимого государства в постсоветский период, его новый статус в XXI
веке, консолидирующая роль лидера нации Н.А. Назарбаева – поздравление директора ин-
ститута С.З. Байхоновой было посвящено этой теме.
В
ыступления доцента кафедры управления и качества образования, к.пс.н. С.Э. Ковалева,
заведующей кафедрой инновационных технологий и
методики преподавания естественно-научных
и гуманитарных дисциплин Ж.С. Аубакировой, ст. преподавателя Б.Б. Нугуманова отразили особен-
ности явления, получившего название - феномен Назарбаева.
Педагоги института, раскрывая уникальный путь развития и прорыва в будущее страны, имя
которой - Республика Казахстан, с большой теплотой и гордостью отозвались о консолидирующей
роли исторической личности первого Президента.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО
бойынша педагогикалық қызметкер-
лердің біліктілігін арттыру институ-
тының директоры, п.ғ.к. С. Байхонова
конференцияны ашуға арналған сөзінде
аталған тақырыптың өзектілігіне тоқта-
лып, қатысушыларды құттықтап, шығар-
машылық шабытқа тілектестігін айтты.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ оқу ісі және
әдістемелік қамтамасыз ету депар-
таментінің директоры Ж.А. Мақатова
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасы атынан
конференцияға арналған құттықтау,
кіріспе сөзінде бастауыш пен мек-
тепалды әзірлік буындары педагоги-
калық қызметкерлерінің біліктілігі мен
кәсіби әзірлігіне баса назар аударды.
Жансәуле Әлиқызы «Өрлеу»
БАҰО» АҚ жүйесінде бастауыш пен
мектепалды топтарының 16 мыңнан
астам педагогикалық қызметкерлерінің
біліктілігін арттырып шыққандығына
тоқталып, шетелдік әріптестердің озық
тәжірибесі бұл іске белсенді енгізіліп
келе жатқандығын атады. Сонымен
қатар, отандық оқу-тәрбие жүйесі
өзіндік жетістіктерінен қол үзбей, ұлттық
құндылықтары негізінде жалғасуға тиіс
екендігіне де назар аударылды.
Ж.Ә. Мақатова конференция қаты-
сушыларына еліміздің білім беру жү-
йесінің ең жас буынын дамытып, жетіл-
діруге жұмсаған еңбектеріне табыс пен
шығармашылық тіледі.
Халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияның пікір алмасуына
халықаралық «Нұр Орда» мектебінің
директоры Шабан Джошкун, Өскемен қ.;
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
директоры Б. Ұзақбай және информа-
тика пәні мұғалімі Vish Kapila,
Өскемен қ.; Назарбаев Зияткерлік мек-
тебі Халықаралық орынбасары Ronald
Podriguez, Өскемен қаласы; психология
ғылымдары Халықаралық Академиясы-
ның Қазақстандағы филиалының дирек-
торы, Алматы қ. М.В. Кузубова; JIPTO
педагогикалық ассоциациясының
Қ а з а қ с т а н - Ф р а н ц у з F I D J I P -
EUROTALENT CONCORDE орталы-
ғының президенті п.ғ.д. МАК академигі,
профессор А.В. Ахаев; Өскемен қ.; РФ,
Санкт-Петербург кәсіби білім маман-
дарының біліктілігін арттыру институты-
ның аға оқытушысы, п.ғ.к. В.В. Свахина;
экономикалық лицей-мектебінің ди-
ректоры И.И. Ермакова, Риддер қ. ШҚО;
«Восток» дарынды балаларды дамыту
орталығының «Қарлығаш» мектепке
дейінгі мекеме меңгерушісі, п.ғ.к.
Қ. Атыманова; Назарбаев Зияткерлік
мект еб іні ң ғылым и жет екшіс і
Ж.М. Сейтахметова; «Өрлеу» БАҰО»
филиалдары Қарағанды, Ақмола,
Солтүстік Қазақстан, Астана қ. өкілдері
Ибрагимова Г.К., Абдраимова А.Б.,
Боранбаева Л.К., Найманова Д.М.
қатысты.
Ғылыми-практикалық конференция
жұмысын шебер-сыныптар, тренингтер
мен пәндік, дифференциалды сабақтар,
семинарлар жалғастырды.
Конференция талқыланған тақырып
бойынша және жұмыс барысында түскен
ұсыныстар аясында ұсыным қабылдады.
Г. ҚҰСМАНОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
ШҚО ПҚ БАИ баспасөз орталығы
2014 жылғы 25 қарашада Өскемен қаласында «Өрлеу» БАҰО» АҚ
филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институтында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конферен-
циясы «Біліктілікті арттыру жүйесіндегі модернизация жағдайында мектеп-
алды және бастауыш буын оқушыларының субъектілігін дамыту»
тақырыбын қарастырды. Алқалы жиын «onlinе» аясында өткендіктен
қатысушылар қатары кеңейе түсіп, ашық пікір алмасуға ыңғайлы жағдай
жасалды. Конференцияда шетелдерден және еліміздің аймақтары мен
облыстарынан 130 астам қатысушылар бас қосты.
2
№10
(146)
желтоқсан
2014
декабрь
Мирас қылып батырлық пен өр тірлікті,
Бастан кешіп сан қилы тауқыметті,
Ұлан-байтақ даланы мекен етіп,
Қазағым қол жеткізді еркіндікке.
Қара көзде мөлдіреп жас та тұнған,
Қара танкі астында жас жаншылған,
Желтоқсанның ызғары тоңдыра алмай,
Қазақ рухы әрқашан асқақ тұрған.
Қазақ рухы желбіреткен көк байрағын,
Жал-құйрығы күзелмеген тұлпардайын.
Қазақ рухы мойындатып бар әлемді,
Ғасыр бұрын ойлаған ұрпақ жайын.
Рухы биік ұландар – қасиетім,
Өр мінезді ешкімге, бас имейтін,
Тәуелсіздік тұғырын биік ұстап,
Ата-баба орында өсиетін.
Тәуелсіз ел, нығайсын керегесі,
Тыныштықта көгерсін ел іргесі.
Ел байлығы, жер байлығы еселеніп,
Озық елмен тең болсын терезесі.
Ұрпақ керек ел үшін, алтын емес,
Қиындықта намыс туын қолдан бермес.
Араласаң әлемнің бар түкпірін
Бар ма жер бір өзіңе келер теңдес.
Түсінсін азаматы жер қадірін,
Тілі, ділі – қасиеті, ел қадірін,
Тәуелсіздік нығаяр биік рухпен,
Жүректерге ұялаған нық сеніммен.
Құтты болсын елімнің мерекесі,
Арта берсін халқымның берекесі.
Тыныштықта желбіреп көк байрағы,
Жарқын болсын әрқашан ел ертеңі.
Г. ЗАЙСАНБАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
ШҚО ПҚ БАИ кафедра меңгерушісі
Қ
ұзырлылық - адамның өзіндік даму жолындағы ізгілік
идеялар мен ұстанымдарға негізделген сипаттамасы, ал
құзыр - адамның тұлға болып қалыптасуындағы қызмет бары-
сында байқалатын мінез-құлқы деп тұжырымдайды.
Қазақстан Республикасының «Тілдерді қолдану мен
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы» атты жобасы тіліміздің өркендеуіне арналған.
Онда 2020 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы
отандық білім сапасының жаңа білім жүйесіне көшудегі келелі
мәселелерді шешуге бағытталған. Сондықтан бүгінгі мұғалім
заманына сай жан-жақты - Мәңгілік ел идеясын жүзеге асы-
рушы болуы – уақыт талабы.
Қазір егеменді, тәуелсіз елімізге жоғары білікті маман -
ауадай қажет. Бүгінгі мұғалім - білімді, тәжірибелі, жан-жақты
маман ретінде оқушыларын жеке тұлға ретінде қалыптасты-
руы үшін білім мен тәрбиені ұштастыра білуі керек. Оқу үрдісі
барысында мектепте, отбасында әрбір оқушының жан-жақты
дамуына қолайлы жағдайлар туғызуы қажет.
Мектеп- жеке тұлғаның қалыптасатын жері. Ол оқушының
тек қана одан әрі оқуына негіз болатын базалық білім мен
тәрбиені беріп қоймайды, сонымен бірге өмірлік тәжірибенің
де алғашқы тәжірибесін береді. Қазір педагогика ғылымы -
баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту техноло-
гияларын шығаруға ұмтылуда. Оқыту технологияларының
ортақ мақсаты оқу процесін сапалы жүзеге асыру болып
табылады.
Мен орыс мектебінде басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік
тілден сабақ бергендіктен соңғы төрт жыл көлемінде
«Оқытудың жүйелі қалыптасқан технологиясын құзырлы-
лықпен қолдану арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін
дамыту» деген өзекті тақырыппен жұмыс істеудемін.
Өзекті тақырыбымның көкейтестілігі:
Ең бастысы шәкірттерімнің білімі. Сабағымда тек білім
беруді ойластырып қоймай, оқушылардың жеке бастарының
қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын ойластыру.
Оқушылардың әр сабақта көңіл-күйлерінің көтеріңкі бо-
луына көп көңіл бөлемін. Менің әр оқушыға деген ақ көңілім,
махаббатым - оқушының өзіне деген сенімін ояту.
Оқушының оқу, жазу дағдыларын дамыту үшін оңайдан-
қиынға, жеңілден-ауырға қағидалары арқылы оқушының
ауызша, жазбаша тілін дамытуға септігін тигізу.
Оқушының дайынды алу емес, белгілі бір қиындықтарды
жеңу, іздену, ойлану, еңбек етуге мәжбүр ету арқылы әр
оқушының білімін тереңдету.
Өзекті тақырыбымның мақсаты:
Педагогикалық тұрғыдан үйлесімді үлгі құру, оқушының
өзін-өзі басқаруға қолайлы жағдай жасау, оның табиғилығы
мен мүмкіншілігін пайдалана отырып жаңалық еңгізу, жаңа
ақпараттық-қатынастық технологияны оқушылардың негізгі
құзіреттілігін қолдана отырып ауызекі сөйлеу тілін дамытуды
ұйымдастыру.
Қазақ тілін оқыту үрдісінде ақпаратты-қатынастық техно-
логияны қолдану ең алдымен оқушылардың пәнге деген
ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар теориялық
білімін өздерін-өздері тексеру арқылы әрі қарай жандандыра-
ды. Сабақта қолданылатын жаттығулар көлемі ұлғайып,
оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеті дамиды. Сонымен
бірге, мұғалім өзге тілді оқушының қазақ тілін оқып-үйренуге
жеке қызығушылығын, тіл үйренуге деген қабілетін,
бейімділігін, психологиясын білгені жөн.
«Бұлақ көрсең - көзін аш» деп халқымыз айтқандай,
оқушыларымның пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін
және қазақ халқының тұрмыс-салтын, мәдениетін білу үшін әр
түрлі қалалық және облыстық сайыстарға, олимпиадаларға
қатыстырамын. Нәтижесінде: 2012-2013 оқу жылы қалалық
қазақ тілі пән олимпиадасында 6 «и»сынып оқушысы Харла-
мова Мария 3-орын, облыстық «Айналайын» зияткерлік са-
йысында 20 оқушым әртүрлі жүлделі орындарға ие болды. Ал
2013-2014 оқу жылы 7 «и»-сынып оқушылары - Филипченко
Екатерина мен Галкина Полина ШҚО тілдерді дамыту жөнін-
дегі басқармасы «Тілдер шеруі» айлығы аясында қала мек-
тептері арасында ұйымдастырылған интеллектуалды сайыста
2-орынға, 4 «и» сынып оқушысы Ким Анна бастауыш сынып
оқушыларының қалалық олимпиадасында қазақ тілі пәнінен
2-орынға және облыстық «Айналайын» зияткерлік сайысында
5 оқушым әр түрлі жүлделі орындарға ие болды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ғылым мен
білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттерінің
бірі - егеменді еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын, зама-
науи жаңалықты меңгерген, білімді де дарынды, мәдениетті
жастарды тәрбиелеу болып отыр. Жаңа заманның жастарын
тәрбиелеу үшін мұғалім өзі жаңашыл, шебер болуы қажет деп
ойлаймын. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, менің педаго-
гикалық ұстанымым 24 жылғы ұстаздық еңбек еткен жолымда
шәкірттеріме жақсы тәрбие беріп, тәуелсіз еліміздің жан-
жақты білімді азаматтары болып қалыптасуларына өз ықпа-
лымды тигізу.
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой-өрісі
жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек
екенін ұстаздар қауымы естен шығармағанымыз жөн. «Әр
бала - жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет», - деп Жүсіп
Баласағұн айтқандай, бүгін мұғалімге - Мәңгілік ел идеясын
жүзеге асырушы болуды міндеттейді.
С. АЛИМХАНОВА,
№19 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,
Өскемен қаласы
«Қазір біз ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз. Болашақта өркенниетті ел қатарына қосылатын көш бастайтын ұрпақ
өсіреміз дейтін болсақ, жан-жақты білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеуді ешуақытта естен шығармауымыз керек», - дейді
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» атты Жолдауында. Елбасының Жолдауынан кейін Қазақстанда
білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы, яғни «білім ғасыры»
келіп отыр. Ол Қазақстанның білім саясатындағы құзырлылыққа деген бетбұрыстармен ерекшеленеді.
6 «и» сынып оқушысы
Харламова Мария
Тіл - халықтың қазынасы. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі та-
рихи кезеңдерді бастап кешкен қазақ халқының тарихымен
тығыз байланысты. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз - өз ана
тілінде таза сөйлеу, жазу, оны туған анаңдай сүю. Қазақ тілі
өзінің даласындай бай. Қазақтың сөзі қашанда даланың қоңыр
желіндей аңқылдап тұрады. Қазақстан Республикасы егемен ел
атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы
заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы
жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Респуб-
ликасы халықтары тілдерінің күні ретінде өте жоғары деңгейде
атап өтіледі.
Т
іл жанашырының бірі өзім деп ойлаймын, сол үшін тіл
туралы өз пікірімді білдірейін деп едім. Мен Өскемен қаласы №15
орта мектебінде жиырма жылдан астам қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінен шәкірттеріме дәріс беріп келемін. Тіл байлығы - әрбір елдің
ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын
баға жетпес мұра. Тіл мен халық тығыз байланыста. 16 желтоқсан,
төл мерекеміз - Тәуелсіздігімізге байланысты балалармен «Тіл -
тәуелсіздік тұғыры», «Тіл – ұлттың жан дүниесі» атты сабақтан тыс
іс-шаралар өткіздім. Шаралардың мақсаты: желтоқсан оқиғасының
тарихы арқылы өскелең ұрпақты өз Отанына деген сүйіспеншілікке,
ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын сыйлауға, қазақстандық патрио-
тизмге тәрбиелеу болды, сонымен қоса 9 «Г» сынып оқушысы
Тоқтаров Айбол және 9 «Ә»
сынып оқушысы Түркістанбек
Аяужан да тәуелсіздікке бай-
ланысты «Желтоқсан желі
желбіреткен тәуелсіздік туы!»
тақырыбындағы бірінші ай-
мақтық «Қайрат оқулары»
байқауына қатысты. Ал мен
осы облыстық сайысқа оқу-
шыларды дайындағаным үшін сертификатқа ие болдым.
Біздің мектепте қазақ тілін жоғары деңгейде меңгеріп келе жатқан
оқушылар саны шексіз. Олар тілге деген сүйіспеншіліктерін,
қызығушылықтарын шыңдап, түрлі шараларға қатысып, жүлделі
орындар алуда. Жеңімпаздарды сабақта көшбасшы ретінде
тағайындап немесе шығармашылық жұмыстарын қабырғаға іліп
қойып, ынталандырамын.
Талантты оқушым Түркістанбек Аяужан «Тәуелсіздікке
тарту» өлеңінде былай дейді:
Тәуелсіздік бұл бақыт – шырағы,
Тәуелсіздік бұл шаттықтың – тұрағы.
Тәуелсіздік мағынасы биік шың ғой,
Тәуелсіздік - бабалардың ұлы арманы.
Өз елі, елтаңбасы, ұраны бар,
Қазақстан тәуелсіз ел атанды.
Аспанында қалықтаған қыраны бар,
Бейбітшілік достықтың жері атанды.
Көптеген жылдар арасында мектебімізде қазақ тілін оқытуға
байланысты дәстүрлер қалыптасқан. Олар - шеберлік мектебі,
шығармашылық топтар жұмысы, үйірмелер, сайыстар, көрнекіліктер,
т.б. Желтоқсан айында мектебімізде тілге, тәуелсіздікке арналған
сайыстар өтті. Олардың мақсаты - балаларды өз Отаны, Қазақстан-
ның Тәуелсіздік туын әрқашан жоғары ұстауға тәрбиелеу. Мектеп
дәліздерінде тәуелсіздікке байланысты көрнекіліктер де көз тарта-
ды. Әкімшілік тарапынан да тіл саясатына үлкен қолдау көрсетілуде.
Ұжымымызда Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы талқыланып, күнделікті
жұмысымызда қолданыста.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтар-
ды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан
әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен
бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде
еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру
қажет» деп атап көрсеткен болатын. Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып,
ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік
тілдің кең ауқымды қызметі мен қолданысын қамтамасыз ететін
үйлесімді тілдік саясат.
Сондай-ақ осы кезеңде Н.Ә. Назарбаевтың «Тілдің үш тұғырлы-
лығы» бастамасы бойынша тілдерді қолдану мен дамыту біздің
мектепте қалай жүзеге асырылатына тоқталып кеткім келеді. Мектеп
оқушылары мен педагогикалық ұжымның мемлекеттік тілді меңгеруі
үшін жағдай ретінде, күнтізбелік тақырыппен жасалған жоспарға
сәйкес, педагогикалық ұжымда сабақ жүргізілді. Ұжым 6 топқа
бөлінді, әр топқа қазақ тілі мұғалімдерінен құрылған ұзтаздар сабақ
берді. Ал қазір мектеп ұжымының ұстаздары ресурстық орталық
негізінде орталықтандырылған мекемеде білім алады. Мемлекеттік
тілді білу бойынша қалалық сайысқа біздің мектептен
бастауыш сынып мұғалімі Пушкарева Л.В. қатысып, бірінші орын
алды, Хайменова И.А. дене шынықтыру мұғалімі алғыс хатқа ие
болды.
Тіл тағдыры - ел тағдыры. Тілін менсінбеген адам анасын
менсінбегенмен бірдей деген ойдамын.
Р. КИНОЛБАЕВА,
№15 орта мектебінің қазақ тілі