Қатысушының аты-жөні Ауданы, жұмыс орны, қызметі



Дата11.10.2022
өлшемі39 Kb.
#42403
Байланысты:
Эссе. Кәлендір Әзірхан Нұрмағанбетұлы


СҰРАНЫС




Қатысушының аты-жөні

Ауданы, жұмыс орны, қызметі

Жұмыс тақырыбы

Қатысушының телефон нөмірі, эл.поштасы

1

Кәлендір Әзірхан Нұрмағанбетұлы

Хромтау ауданы, Дөң мектеп-гимназиясы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

«Ата Заңым – Тәуелсіздік айғағы!»

87717698111
azirkhan69@mail.ru



Кәлендір Әзірхан Нұрмағанбетұлы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Дөң мектеп-гимназиясы» КММ, Хромтау ауданы
«Ата Заңым – Тәуелсіздік айғағы!» эссе

«Ата Заңым – Тәуелсіздік айғағы!»
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Айбатыр Сейтақ

Заң не үшін қажет? Әр адам өзінің жеке тұлға ретінде еркін өмір сүруіне, өзінің бостандығы мен таңдаған бағыты, іс-әрекетінің дұрыстығын сезініп, толыққанды өмір сүруі үшін қажет. Заң – сол адамдардың тұлғалық қажеттіліктерін жан-жақты ескере отырып жасалады. Демек, Заң – адамдардың еркін өмір сүру барысындағы бағыт алатын негізгі бағдаршамы, тірегі. Ал адам еркін өмір сүруі үшін алдымен тәуелсіз болуы керек. Заң мен тәуелсіздіктің егіз ұғым болатыны да сондықтан.


Тәуелсіздік қолдаған Заң адамдарға не береді? Пайымдап көрелік.
Біріншіден, Ата Заңда мемлекеттің ең басты құндылығы – АДАМ деп көрсетіледі. Заң сол адамға қызмет етеді. Екіншіден, жарқын өмір сүрудің жолдарын көрсетеді. Еркін өмір сүруіне, денсаулығын сақтауына, білім алуына, еңбек етуіне, отбасының жағдайын жасауына, демалуына, діни көзқарасына тағы да басқа көптеген жайларға еркіндік береді. Олар жөнінде Ата Заңда бөлімдерге бөлініп жан-жақты қарастырылған. Ендігі сұрақ: адам Заңға қалай қызмет көрсете алады?
Ең алдымен Заңды құрмет тұтуымен, адалдығымен, парасаттылығымен.
Ата Заң – ол әрқашан адалдықтың айнымас алтын қазығы болып қала бермек. Сондықтан Ата Заң біреу, ал одан туындайтын ережелер мен қосымшалар сан алуан. Оны ішкі және сыртқы қажеттіліктеріне орай жасайтындар: түрлі санаттағы, әр түрлі деңгейдегі, әр саладағы, әр түрлі бағыттағы ұйымдар мен мекемелер. Бәрі де адам игілігі үшін жасалады. Қарап отырсақ ата дәстүрдің жалғасы болған, шариғатымыздың қолдауы болған, егемендік негіз болған Ата заң бізге не берді? Еліміз – Тәуелсіз! Адамдардың әлеуміттік жағдайы, тұрмысы мен өмір сүруі өткен кездерге қарағанда көш ілгері деңгейге дамыды. Өркениет көріністерін кез-келген жерде, кез-келген салада көруге болады. Денсаулық, білім, мәдениет, спорт, өндіріс салаларында заманауи жаңалықтарға бет бұрыс өркендеген. Іргемізді бекітіп, дамыған елдерге қарап көшімізді түзеп, бұдан да жарқын болашаққа емін-еркін бағыт алып барамыз. Ең бастысы - еліміз тыныш, бейбіт. Ата-бабамыздың сан ғасырлардан бері аңсаған арманы осы емес пе? Елдің еркіндігі мен тыныштығы емес пе?! Осындай жағдайға қалай жеттік? Елдігіміз, тұтастығымыз, ауызбіршілігіміз бен ынтымақтастығымыз арқасында жеттік. Қиындыққа мойымай, жығылсақ жігеріміз жасымай, намысымызды ту етіп, арманымызға жетуді мақсат еттік. Мақсатқа жету жолында бізге күш-жігер берген не? Ол әрине – Егемендігіміз бен Ата Заңымыз. Өзіміздің жан-жақты толық құқықтық қорғалғанымызға сене отырып, сара жолымызды айқын көрсетіп отырған заңымызды ұстана отырып жеткен жетістігіміз бұл. Бұл жетістігіміз алда бұдан да биік сәттіліктерге апаратыны сөзсіз.
Сондықтан да құрметтілерім, егемен еліміздің барына, біздің тыныштығымыз бен өміріміздің бағдаршамы, тәуелсіздігіміздің айғағы – арқа сүйер Ата Заңымыздың барына шүкіршілік етейік! Әр адам Ата Заңымызды құрмет тұтып, қолдап, сақтап жүретін болса, арамызда алауыздық, жемқорлық, әділетсіздік, қателіктер орын алмайтын болады. Заң аясымен өмір сүрсек көңіліміз тыныш, қадамымыз сенімді, еліміз берекелі, өміріміз мерекелі болары сөзсіз. Әрқашан егемен еліміздің туын биік ұстап, заң аясымен жүре берейік!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет