1 тапсырма: (Мәтін жұмыс) «Джиксо» стратегиясы арқылы Атмосфераның газ құрамы және оның мәні туралы топта талдау
Дағдылар: қарым-қатынас және топпен жұмыс істей білу қабілеті.
Дескриптор. Атмосфераның газдық құрамын және оның ерекшеліктерін сипаттап бере алады.
Бағалау: «Бас бармақ»
2 тапсырма: Атмосфера қабаттарына бейне материалды және оқулықты пайдаланып:
«Оттегі» тобы: Тропосфераға постер құрастыру.
Дескриптор. Атмосфераның газдық құрамын бейнелейді және олардың ерекшеліктерін айта алады
« Азот» тобына: . Стратосфера мен мезосфераға тұжырымдамалық карта жасау
Дескриптор. Стратосфера мен мезосфера қабаттарының бір-бірінен температура және басқа шарттарымен ерекшеленетінін біледі.
« СО2 » тобына: Термосфера қабатына «Достар арасындағы әңгіме»
Дескриптор. Тормосфера ерекшеліктеріне диалогқа түсіп пікірлерін айтады.
3 тапсырма «Конверттегі сұрақ» Деңгейлік тапсырма. Қазіргі замандағы атмосфераны зерттеу жұмыстары (А - сары, В - жасыл, С - қызыл)
А деңгейіне: Атмосфераны зерттеу құралдары
В деңгейіне: Қазіргі таңда Жердің ауа қабықшасын зерттеу.
С деңгейіне: Атмосфераның 30-40км, 120км және одан биіктікті зерттеу. Қазіргі замандағы атмосфераны зерттеу жұмыстары тақырыпшасына 5сұрақтан дайындап жұптасып бір-бірінен сұрайды.
Дескриптор;
А. Атмосфераны зертейтін қарапайым құралдарды біледі.
В. Метеорологиялық стансылар олардың түрлерін айта алады.
С. Радиозонд, метеорологиялық зымырыандар, Жердің жасанды серіктерін олардың қолдануын ажырата алады.
Бағалау: Смайлик
Барометр тау бөктерінде (тау етегі) 742 мм сын. бағанасына тең, ал тау шыңында 679 мм сын бағ тең қысымды көрсетеді. Осы деректерді пайдаланып, таудың биіктігін анықта.
Ескеру керек: Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сынап бағанасына тең.
Әрбір 10 м көтерілгенде қысым 1 мм сынап бағанасына кемиді
Шешуі:
742 мм сын.бағ -679 мм сын. бағ= 63 мм сын бағ
10 м------------------------1мм
Х--------------------------- 63мм
Х=63 мм х 10 м / 1 мм = 630 м
|
Оқулық, слайд,
/www.youtube.com/watch?v=k1gPish0sE
маркер, А3 қағазы,
Циркуль, транспортир, сызғыш
Үш түрлі конверт
|