Ақтөбе қаласы №59 жалпы білім беретін орта мектебі Секция: химия Тақырыбы: «Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері» Орындаған



бет7/8
Дата19.04.2023
өлшемі39,05 Kb.
#84288
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Даухаренова н.Э Ақтөбе қаласы (1)

2.ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
Ет-шұжық өнімдеріндегі тағамдық қоспалардың құрамын анықтау
Түсін тұрақтандыратын тағам өнімдерін негізінде үш топқа бөлуге болады: ет өнімдері; ферменттік және ферментсіз қоңырлануға бейім жеміс және көкөніс өнімдері, құрамында хлорофиллі бар өсімдіктекті өнімдер.
Түсін тұрақтандыру үшін тағам өнеркәсібінде етке нитриттер немесе нитраттар (Е 249...Е 252) қоспа ретінде қосылады [34].
қосымша да әсер етеді. Ол миоглобинді метмиоглобинге дейін тотықтыруы мүмкін.
Шұжық өнеркәсібінде натрий пирофосфор қышқылының бір, екі, үш және төрт негізді натрий фосфаттары кеңінен қолданылады. Бұл тұздар шұжықтың тартылған етінің ылғал сіңіргіш қасиетін арттырады. Натрий фосфаттары тартылған ет дайындау кезінде және шұжықты термиялық өңдегенде еттің өзінің құрамындағы табиғифосфаттармен сатылы түрде ортофосфаттарға дейін гидролизге ұшырайды.
Ал, сіз өзіңіз жақсы көретін жіңішке шұжықтың (сосиска) құрамында не бар екенін білесіз бе? Оның 25 пайызы – соя ақуызынан, 15 % – құс етінен, 7 % – мал етінен, 5 % – крахмал ұнынан, ал 45 % – малдың терісінен, тарамыс-тамырлары мен бүйрек-бауырларынан жасалған қоспадан тұрады.
Заттаңбасындағы ақпаратты қолдана отырып, біздер Ақтөбе қаласындағы тұрғындардың сұранысына ие кейбір ет-шұжық өнімдерінің құрамындағы тағамдық қоспаларды зерттедік. Алынған деректер 13-кестеде берілген.
Кесте 1 Ет-шұжық өнімдеріндегі тағамдық қоспалар



Шұжық сорты



Тағамдық қоспалар

Пісірілген (Любительская)

Е250

Жартылай қақталаған (ж/қ) сервелат

Е250

Мәскеулік пісірілген

Е250

Финдік сервелат ж/қ

Е300, Е250, Е621, Е451, Е450

Шошқа етінен жасалған пісірілген

Е250

Императорлық пісірілген

Е450, Е451, Е300, Е621, Е250

Докторлық

Е250

Вендік қақталған ветчина

Е450, 451, 452, 407, 621, 301, 251

Сиыр етінен ж/қ

Е452, 621, 120, 300, 330

Мәскеулік п/қ

Е250

Кесте 2 Жалғасы



Киевтік сервелат ж/қ

Е250

Вендік п/қ

Е250, Е45, Е621, Е300

Финдік тұзы бар п/қ

Е250

Кремлдік ж/қ

Е250, Е621, Е450, Е300

Пісірілген докторлық

Е250, Е300, Е450

Қорытынды: шұжықтың пісірілген сорттарында қақталған түрлеріне қарағанда тағамдық қоспалары аз. Олардың ішінде зияны жоқ Е 300 – аскорбин қышқылы, Е 330 – лимон қышқылы. Шұжықтың барлығында шамадан тыс қолданса, улануды тудыратын натрий нитриті Е 250 бар. Е 250 –натрий нитриті, Е 251- натрий нитраты балалардың жүйке жүйесіне кері әсер етеді.


Финдік сервелат, пісірілген императорлық, жартылай қақталған сиыр етінің шұжықтарының құрамында Е 621— натрий глутаматы бар. Аты аталған шұжықтарды балалардың тамақтануында мүлдем қолдануға болмайды. Е621- бас ауруын, құсу, лоқсу, іш кету, астма, тыныс алуды қиындатады, жүрек соғысының жиелеуін, көңіл-күйдің бұзылуын, аллергия, күйзелісті туғызуы мүмкін. Е 450 - пирофосфаттар, Е 451 –трифосфаттар ас қорытылуды бұзады, кальцидің сіңірілуін төмендетеді, балаларда жүйке-жүйесі бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет