Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы:
азық-түлік өнімдеріндегі тағамдық қоспалар туралы теориялық материалдар мен деректер көзі жүйеленді
Тағамдық қоспалардың химиялық құрамы мен адам денсаулығына әсері жан-жақты қарастырылды.
Тағамдық қоспалары бар өнімдерді қолдану жөніндегі нұсқаулық жасақталды.
Тағамдық қоспалар – табиғи және жасанды түрде алынатын азық-түлік өнімдерін сақтау және оларға қажетті қасиеттерді берудегі технологияларды дамыту үшін қолданылатын заттар. Тағамдық қоспалар тек тамақтың белгілі қасиетін арттыруда қолданылады, бірақ өздері жеке тамақ ретінде қолданылмайды.
Еуропалық одақ тағамдық қоспаларды қолдану тепе-теңдігін сақтау үшін сандық кодтау жүйесін жасап шығарды. Бүл жүйе бойынша әрбір қоспаға 3 немесе 4-таңбалы санмен бірге Е әрпі бар код бекітілген. Бұл нөмірлер (кодтар) технологиялық қызметіне байланысты тағамдық қоспалардың тобын көрсететін функционалдық кластарымен сәйкестендіріліген. Е әрпі және идентификациялық нөмірдің дәл түсінігі бар, яғни беріліп отырған заттың қауіпсіздік жағдайы тексерілгенін көрсетеді. Бірнеше Е-нөмірінен кейін баспа әріптері тұрады, мысалы, Е160-каротиндер және т.б. Бұл жағдайда тағамдық қоспалардың класы жөнінде айтылған. Баспа әріптер – Е нөмірінің ажырамас бөлігі және тек тағамдық қоспаларды белгілеуде ғана қолданылады. Кейде Е-нөмірінен кейін рим сандары тұрады.
Тағамдық қоспалар берілген сандық кодтау жүйесіне сәйкес төмендегідей үлгімен жіктеледі:
Е100–Е182 – бояғыштар (түсін күшейткіштер немесе тұрақтандырғышьар);
Е200–Е299 – консерванттар (сақталу мерзімін арттырады, залалсыздындырады және бактериялардан сақтайды);
Е300–Е399 – антитотықтырғыштар (тотығу процесін реттеп тұрады);
Е400–Е499 – стабилизаторлар (өнімнің қоюлығын сақтайды);
Е500–Е599 – эмульгаторлар;
Е600–Е699 – дәмін және иісін күшейткіштер;
Тағамдық қоспалардың сапасын бақылау олардың қасиетіне байланысты анықталады. Берілген сұрақ бойынша әдебиеттерге талдау жасай отырып, біздер қауіпті тағамдық қоспалардың тізімін жасадық.
● Мутагенді және гендік уытты: Е104, Е124, Е128, Е230 – Е233, Аспартам.
● Аллергендік: Е131, Е132, Е160, Е210, Е214, Е217, Е230, Е231, Е232, Е239,
● Астмамен ауыратындарға қолдануға болмайтын қоспалар: Е102, Е107, Е122 – Е124,
Е155, Е211 – Е214, Е217, Е221 – Е227.
● Аспиринге сезімтал адамдарға болмайтын қоспалар: Е107, Е110, Е122 –
Е124, Е155, Е214, Е217.
● Бүйрек және бауырға әсер ететін қоспалар: Е171 – Е173, Е220, Е302, Е320 – Е322, Е510, Е51● тері ауруларына шалдықтыратын қоспалар: Е230 – Е233.
● Ішектің тітркенуін тудыратын қоспалар: Е220 – Е224.
● Асқорытуды бұзатын қоспалар: E221-226, E338, E340, E341, E407, E450, E461-463, E466,
● Ұрықтың дұрыс дамымауының себебі болуы мүмкін: Е233.
● Балаларға қолдануға тыйым салынған қоспалар: Е249, Е262, Е310 –Е312, Е320, Е514.
● Қандағы холестерин деңгейіне әсер ететін қоспаларі: Е320.
● Ағзадағы дәрумендерді бұзатын қоспалар: В1 – Е220, В12 – Е222 – Е227, Е320, Е – Е925.
● Қауіпті: E110, E123, E127, E129, E150, E151, E173-175, E210, E212, E216-
219, E227, E228, E235, E242, E339-341, E400-403, E450-452, E521-523,
E541-556, E559, E574-579, E620-625, E900, E912, E951, E954, E965, E967,
E999, E1200-1202, E102, E104, E120, E122, E124, E141, E150, E161, E173,
● Канцерогенді қоспалар: E131, E142, E210-217, E239, E330
● Тері бөртуін, қызаруын тудыратын қоспалар: E311, E312
● Холестеринді көбейтетін қоспалар: E320, E321
І.1. ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАРҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Тағамдық қоспаларды енгізудің негізгі мақсаттары:
1.Азық-түліктерді сақтау, тасымалдау, фасовкілеу және даярлаудың заманға сай жаңа өндеу және дайындау технологияларының дамуы. Антисанитарлық жағдайларда технологиялық операциялардың жүргізілуін және сапасы төмен шикізат қолданылғандығын –қосылыстар бүркелемеу тиіс;
2.Тағамдық қоспалардың табиғи қасиеттерін сақтап қалу;
3.Олардың сақтау кезіндегі тұрақтылығын, органолептикалық қасиетін жақсарту және азық-түлік құрылысын қалыпта сақтау.
Тағамдық қоспалар - табиғи немесе жасанды заттар. Олар азық-түліктің сапасын сақтау үшін және белгілі бір қасиеттер беру үшін әдейі азық-түлікті даярлау кезінде қосылатын заттар.
І. 2. Тағамдық қоспалардың жіктелуі
Достарыңызбен бөлісу: |