Күні________ Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»
Тақырыбы:«Машина» К.Ыбыраев өлеңі
Мақсаты: К.Ыбыраевтың «Машина» өлеңін жаттату. Ойыншықтың түрлерін айтып түсіндіру.
Көрнекіліктер: Көркем сурет.
Мотивациялық-қозғаушылық Тәрбиеші балалардың шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне ыстық тілектер айтудың ұйымдастырады. Балалардың назарын өлең жолдарына аударады.
Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдеседі,бір-біріне ыстық тілектерін айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Үлкенмін ғой,міне, мен, Машинаға мінер ем,
Ойыншықтарды жинаймын. Кабинаға сыймаймын.
-Мен не туралы өлең оқыдым?
-Балалар, айтыңдаршы, кімге қандай ойыншық ұнайды?
- Бақытжан,сенде қандай оыншық бар?
-Қандай көліктің түрлерін білесіңдер?
Көліктің түрлерін көрсетеді
(3-4 түрін көрсету).Алдымен жүк көлігін көрсету.
-Мына көлікті жүк көлігі дейді.Бұл көлікпен жүк тасиды. Ол не тасиды екен?
-Жүк көлігі гүрілдейді. «Гүр-гүр-гүр» деген дыбыс шығарады.Кәне, бәріміз қайталаймыз.
-Балалар, мынау қандай көлік? Автобус -Мына көлікті автобус көлігі дейді . Бұл көлікпен адамдар тасиды.
-«В-в-в» деген даусымыздың ырғағы төмен шығады.Қайталаймыз.
-Ал мынау қандай көлік? Бұл көлікті жеңіл көлік дейді.
-«Ыың-ың-ың» деген даусымыздың ырғағы төмен шығады.Қайталаймыз.
-Ал мынау қандай көлік?Бұл-пойыз. (Пойыз көлігін сипаттау.)
Сергіту сәті: Бөп-бөп, пыш-пу... Мен ең күшті
Меннен күшті Кім бар? Пыш-пу!
Теміржолшы Абай болшы:
Жол ашып қой, Жер қашық қой!
Бу-бу-бу! Бө-ге-ме!