Ұйымдастырушылық-ізденіс
Билингвальды компонент: киім-одежда,қызыл-красный, көгілдір-голубой
Бүгін қуыршақтарымызды қонаққа алып баруымыз керек. Ол үшін қуыршақтарды қалай киіндіреміз? Ол үшін бізге неқажет?
Киімдердін дайын сызбасын ұсыну. Балаларға қағазды екіге бүктеу арқылы симметриялы пішінді қию әдісін көрсету.
Жекелеген балаларға көмектесу.
Рефлексивті-түзету
.балалардың жұмысын мадақтау. Жасалған жұмыстары көрмеге қойылады.
Балалардың жауабы.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:: Ойыншықтарды топ-топқа бөлуді
Түсінігі қалыптасты: қонаққа сәнді киініп бару керектігі
Айта қолдана алады:қеңістікте орналастыру, салыстыруды.
Толтырған тәрбиеші: ________
Тексерген әдіскер: ________
Күні________
Білім беру саласы: Вариативтік компонент
Бөлімі: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»
Тақырыбы: Ойыншықтарды топ-топқа бөлу.
Мақсаты: Балаларға ойыншықпен қалай ойнауды айтып түсіндіру. Ойыншықтардың түрлерімен таныстыру. Ойыншықтар әр топқа бөлінетінін айту..
Көрнекіліктер. Әртүрлі ойыншықтардың суреті. Жумсақ ойыншық, құрастырмалы ойыншық. Т.б
Әдіс-тәсіл. Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, дидактикалық ойын.
Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Сүйікті ойыншықтарың бар ма?
— Үйде қандай ойыншықтарың бар?
— Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?
— Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Балалар жауап береді.
Тәрбиеші: Ойыншықтармен не істейді?
Балалар: Ойыншықтармен ойнайды.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, біздің тобымызда ойыншықтар өте көп.
Балалар ойыншықтар резеңкеден, пластамассадан, матадан жасалады. Кішкене балаларды немен ойнатады? Ең алғашқы ойыншығы – сылдырмақ. Сылдырмақты жаңа туған балаларға арнап алады. Баланың ең алғашқы ойыншығы – сылдырмақ. Қ/ойын: Топқа «Бұл ненің дыбысы» ойын (көлік, ұшақ, сылдырмақ)
Немен барсақ болады? Мен сендерге көлік дыбыстарын жасырамын, егер тапсаңдар сол көлікпен барамыз.
Балалар жолсерік билет тексереді. Балалар қайда барасыңдар? Ойыншықтар әлеміне барамыз. Олай болса билеттерің қайда? Мен сендерге жұмбақ жасырамын, соған жауап берсеңдер «Ойыншықтар әлеміне» саяхаттаймыз.
Жұмбақ шешу.
(Менің ойыншықтарым) Ойыншықтармен амандасайық.
Сергіту сәті: Тікірейіп екі құлағы, Беті қолын жуады.
Менен бұрын тұрады. Секірем деп үстелден,
Бойын жазып керіліп, Құлап жүрме мысығым
Балалар, қараңдаршы, қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса кәне, ойыншықтармен сырласайық. Сендер қандай ойыншықтарды көріп тұрсыңдар, айтыңдаршы?
Балалар: көлік, ұшақ, доп, аю, қоян, қуыршақ, күшік, мысық. Ойыншықтар әр түрлі болады: қатты, жұмсақ.Ұжымдық жұмыс тапсырылады. Ойыншықты топ-топқа бөлу
Достарыңызбен бөлісу: |