§ 2. Гурьев және Ілбішін уездерінде сауда қатынастарының дамуы
Қазақстанның жері мен табиғи байлығына көз тіккен орыстар Ресей
үкіметінің түпкі мақсатына сәйкес Атырау өңіріне өз беттерімен келіп
қоныстануды ХҮІІ-ғасырдан бастап жүзеге асыра бастады. 1640-жылы
ағайынды Гурьевтер жасырын келіп Жайық жағасынан шағын қалашық
орнатқан. 1643-жылы түрікмендермен біріккен қалмақ басшысы Батма
осы қалашықты талқандап 59 адам, 20 жылқыны айдап кетеді. Кейін
осы жерде қайта салынған қалашықты қазақтар «Үйшік» деп атап
кеткен. Осы қалашық 1734-жылдан бастап Гурьев деп аталған. (1)
Гурьев қалашығы Жайық өзені ағысы бағытының оң жағалауында,
өзеннің Каспий теңізіне құйылысынан 10 шақырым жерде орналасқан.
Гурьев қалашығынан Орынборға дейін 744 шақырым, Астрахань
қаласына 400 шақырым болды. (2)
Батыс Қазақстанда бой көтерген Гурьев қаласы Ресей
империясының Атырау өңірінің табиғи байлығы мен жергілікті
қазақтардың иелігіндегі мал мен мал өнімдерін өз мақсаттарына
пайдалануына және осы өңірге жапсарлас жатқан шет – елдермен сауда
қатынастарын орнатуға үлкен қызмет ете бастады.
Ресей үкіметі 1810-жылы Атырау аймағының негізгі бекініс
орталығы болған Гурьев қамалын әскери тұрғыда қорғау қажетсіз деп
тауып, осы жердегі бекініс жойылып, оны күзетумен айналысқан әскер
күші таратылған болатын. Осыдан кейін Гурьев қаласы қазақ жеріндегі
жәй қалалардың бірі болып қалды. ХІХ-ғасырдың орта тұсында
Қазақсанның батыс бөлігінде сауда қатынастары өркендеп, Ресейді Орта
Азия елдерімен байланыстыратын сауда жолдары дами бастаған кезде,
орыс үкіметі Атырау өңірін қайтадан саяси-экономикалық маңызды
аймақ ретінде қарастыра бастады. Өзіне тікелей бағынышты рулар мен
отбасының мүдделерін ойлай отырып Кіші жүздің ханы Нұралы
Әбілқайырұлы Гурьевте қазақтардың да еркін сауда жасауына рұхсат
беруін сұрап Ресей үкіметіне елшіліктер жіберіп, соның нәтижесінде
1854-жылы Гурьев қаласында 25-қазаннан 10-қараша арасында
жәрмеңке өткізуге рұхсат берілді. Сөйтіп Атырау өңірінің қазақтары
өздерінің меншігіндегі малдары мен оның өнімдерін сатуға және
айырбастауға мүмкіндік алды. 1865-жылы Гурьев уезі құрылды.
Орынбор
генерал
губернаторы
генерал-адьютант
Н.
Крыжановскийдің 1870 жылғы 31 мамырдағы деректеріне сәйкес Гурьев
уезінің қарамағында 7 болыс, 70 ауыл, 13464 шаңырақ болған: (3)
180
Рет саны
Болыстар
Ауыл саны
Шаңырақ саны
1
Ескөл
10
1763
2
Гурьев
11
2185
3
Бұлан
13
2720
4
Ембі
11
2213
5
Ембі, Атырау
9
1737
6
Ақжол
9
1529
7
Бестөбе
8
1313
Барлығы
70
13464
Гурьев уезі Орал облысының қиыр оңтүстігінде орналасып,
батыста Бөкей ордасымен, солтүстікте – Ілбішін, шығыста – облыстың
Темір уездерімен, оңтүстікте - Каспий сырты облысының Маңғыстау
уезімен шектесті. Оның құрамына 86 758 тұрғыны бар 17 болыс енді,
халқының 70 921 адамы қазақтар болды. ХХ ғасырдың басына қарай
уезд халқы ұлғайып, 118 400 адамға жетті. Бұл өлке туралы орыс
зерттеушілері былай деп жазады:
«Гурьев уезі – отырықшы ғана емес, көшпенді халықтың өзінің
өмір сүруіне қажетті жағдайлардың мүлде болмауы себепті өлкенің
халқы өте аз уездерінің бірі; мұнда, әсіресе, ауыз судың тапшылығы мен
өсімдіктің жұтандығы айрықша байқалады». Өңделетін егістік жер
көлемі 0,01%-ақ болды.
Уезді Кіші жүздің: байұлы (адай, беріш, есентемір, ысық, таз, тана,
қызылғұрт, шеркеш рулары), әлімұлы (кете, қаракесек, шекті рулары),
жетіру (тама руы) тайпалары мекендеді.
Байұлы тайпасы Ембінің бойын, Каспий теңізінің жағалауы мен
Жайық өзенінің бас жағын жайлап, Орал казак әскерінің жерлеріне
дейін жетті. Әлімұлы тайпасы негізінен Жайықтан шығысқа қарай,
уездің солтүстігіне орналасты. Шектілер сонымен қатар уездің шығыс
бөлігінде байұлы тайпасының руларымен бірге көшіп жүрді. Жетіру
тайпасының тама руына келетін болсақ, олар Каспий жағалауын байұлы
тайпасымен бірге жайлады. (4)
1867-1868 жылдардағы реформалардан кейін 1869-жылы Орал
обылысы құрылып, Гурьев уезі осы әкімшілік аймақтың құрамына енген
болатын.Уезд орталығына айналған Гурьев қаласының ірі сауда
орталығы ретінде маңызы арта түсті.
Гурьев уезінде жергілікті қазақтар үшін Гурьевте 1854 жылдан
жұмыс жасай бастаған жәрмеңкенің маңызы зор болды.
Гурьев жәрмеңкесінің жылдан-жылға товар айналымы өсіп,
жергілікті қазақтар үшін тиімділігі арта түсті. 1882-жылы Гурьев
жәрмеңкесіне 430 мың рубльдің товары әкелінген. Тек қана астық
өнімдерінің ғана сауда айналымы 400 мың рубльден асқан. 1885-жылы
181
Атырау өңірінің қазақтары Гурьев жәрмеңкесіне 1039 түйе, 876 жылқы,
87 сиыр әкеліп сатқан. Гурьев қаласында тұрақты сауда орындары
қалыптасып, сауда-саттық қатынастарының сипаты өзгере бастады.
1886-жылы Гурьев қаласында 50 дүкен жұмыс жасап, осы сауда
орындары арқылы қала тұрғындарына 281314 рубльдің заттары
сатылған. Осы жылы қаладағы сауда орындарының жалпы сауда
айналымы 804994 рубль құраса, келесі 1887-жылы жалпы сауда
айналымының көлемі 1149850 рубльге жетті. (5)
Гурьев жәрмеңкесінің негізгі товар айналымы мал және мал
өнімдерін сатудан құралды. 1899-жылы Гурьев жәрмеңкесінде барлығы
133 500 рубльдің товары сатылса, соның 86665 рублі мал және мал
өнімдерін сатудан түсті. (6) Сол сияқты 1900-жылы жәрмеңкеде
сатылған 90 885 рубль товардың 77 355 рублін қазақтардың жәрмеңкеге
әкелген мал және мал өнімдері құрады. Ал 1901-жылғы жәрмеңкенің
товар айналымы 69 535 рубль болды.
Осы жәрмеңкеде 2200 рубльге мануфактура бұйымдары, 1300
рубльге астық өнімдері, ағаш және басқа ұсақ-түйек заттар сатылды.
Сауда айналымының қалған 60 035 рублі жәрмеңкеде өткізілген мал
және мал өнімдерінен жиналды. (7)
Гурьев уезіндегі мал басының құрамындағы қой мен ешкінің үлес
салмағы 80,2 %, ірі қара – 6,1 % болды.
Гурьев уезінде Орал облысындағы малдың 28,6 % шоғырланды. (8)
Гурьев уезінде 1900 жылы сауда айналымы 3,2 млн рубль құраған,
осы кезде уезде 33 күзгі және қысқы жәрмеңкелер жұмыс жасаған. (9)
1899-1909 жылдар арасында Гурьев жәрмеңкесінде сатылған мал
және мал өнімдері туралы деректер: (10)
Жәрмеңке өткізілген
Мал және мал өнімдері
(рубль есебімен)
жыл
мерзім
1899
17.10-2.11
86665
1900
17.10-2.11
77355
1901
17.10-2.11
66035
1902
43300
1903
48780
1904
45747
1905
20.10-10.11
84740
1906
20.10-10.11
75195
1907
20.10-10.11
119741
1908
20.10-10.11
174205
1909
20.10-10.11
33600
182
Ішкі Бөкей Ордасының Қамыс, Самар және бірінші Примор (теңіз)
бөлігінен және басқа елді мекендерінен Гурьевтегі 1889 жылы 25
қазанда басталатын жәрмеңкеге жергілікті қазақтар сатуға мал айдап
апарып сатқан. Осы жылы арбаға жегуге жарайтын ат Гурьев
жәрмеңкесінде 30 рубльге сатылған.
Сауда айналымының өсе түсуіне Жайық өзені арқылы су
қатынасының дамуы өзінің ерекше әсерін тигізді. 1869-жылдан бастап
Астрахан—Гурьев арасында жүк таситын кемелер жүріп, тек бір жылдың
өзінде 95 рейс жасаған. Сөйтіп тек осы жылдың өзінде ғана Гурьевтен
Астраханға 166850 пұт балық, тері т.б. товарлар апарылып, Астраханнан
Гурьевке 105755 пұт товар әкелінген. 1887-жылы Астраханнан Гурьевке
117 сауда кемесі келіп, 500 тонна астық жеткізген. Ал Астраханға балық,
уылдырықтан басқа 80 тонна әр түрлі заттар апарылған. 1889-жылдан
бастап Астрахан – Гурьев арасына жетісіне екі рет жүретін параходтың
қатынай бастауы сауда қатынастарының арта түсуіне өзінің ықпалын
тигізді. Жергілікті қазақтар үшін Гурьев жәрмеңкесінің тұрақты жұмыс
жасап тұруы оларды өз малдары мен оның өнімдерін Орал және Орынбор
жәрмеңкелеріне айдау қиыншылықтарынан құтқарды. Қазақтар тығыз
орналасқан жерге жақын орналасқан Гурьев жәрмеңкесі орыс көпестері
үшін де өте тиімді болды. Мәселен, Орал жәрмеңкесінде тері 2 рубль 28
тиын болса, Гурьев жәрмеңкесінде бұл товар 1 рубль 57 тиын ғана тұрды.
Гурьев жәрмеңкесінде жергілікті қазақтар мал және мал өнімдеріне
мануфактура бұйымдарын, астық өнімдерін, темір және ағаштан жасалған
заттар мен басқа да тұрмысқа қажетті нәрселерді сатып алды немесе
айырбас жасады. (11)
1899-1909 жылдар аралығында Гурьев жәрмеңкесінде сатылған
товарлар туралы мәліметтер (рубль есебімен): (12)
Жәрмеңке өткізілген
Астық
Мануфактура
Ағаш,
темір
Басқа заттар
жыл
мерзім
1899
17.10-2.11
600
22000
1700
22550
1900
17.10-2.11
300
10000
200
300
1901
17.10-2.11
100
2200
200
1000
1902
1900
14000
500
2000
1903
-
900
50
100
1904
-
1200
100
1185
1905
20.10-10.11
40
2175
1700
1475
1906
20.10-10.11
30
420
150
1705
1907
20.10-10.11
5000
4500
4200
11400
183
1908
20.10-10.11
4500
8700
1500
3600
1909
20.10-10.11
900
2300
500
2560
Орал облысының құрамдас бөлігі ретінде Гурьев қаласы мен
Гурьев уезінде тұрақты сауда қатынастары дами түсті. Сауда
қатынастары жергілікті тұрғындардың қажеттілігіне бейімделіп,
тұрмыстың түрлі салаларын қамтыды.
1897 жылы Ресей мемлекеттік санағының деректеріне сәйкес
Гурьев уезінде саудагерлер саны 252-ге жетті.
1897 жылғы санақ бойынша Гурьев қаласы мен уезіндегі
саудагерлердің саны туралы мәлімет: (13)
Гурьев қаласы
Гурьев уезі
Жалпы сауда
13
102
мал
40
8
Астық өнімдері
18
-
Басқа ауыл шаруашылық өнімдері
200
36
Құрылыс материалдары
15
-
Тұрмыс заттары
-
-
Металл бұйымдар
3
-
Мата, киім
54
41
Мал, аң терілері
17
12
Қымбат әшекей бұйымдар
3
3
Басқа заттар
7
2
Тасымал, тарату ісі
1
3
Қонақ үй, трактир
23
2
Ішімдік сату
19
2
Тазалық, гигиеналық заттар сату
28
2
Басқа сауда қызмет
53
19
Жезөкшелік
2
-
Ұсақсауда түрлері
7
-
Делдалдық қызмет
8
1
барлығы
551
252
ХХ ғасырдың басында Гурьев уезінде жәрмеңке саудасы ерекше
қарқынмен дами түсті.
1899-1909 жылдар аралығында Гурьев жәрмеңкесінде сатылған
товарлардың жалпы бағасы туралы мәліметтер (рубль есебімен): (14)
184
Жәрмеңке өткізілген
барлығы
жыл
мерзім
1899
17.х-2хі
133505
1900
17х-2хі
900855
1901
17х-2хі
69535
1902
61700
1903
49830
1904
48232
1905
20х-10хі
90130
1906
20х-10хі
77500
1907
20-10хі
144841
1908
20х-10хі
192505
1909
20-10хі
39860
1881 жылы Батыс Қазақстанда Орынбор генерал губернаторлығы
жойылды. Осы кезде облыстардың шекаралары нақтыланып, уездер
қайта құрылды. Орал облысының құрамындағы Эмба (Жем), Калмыков
уездері қайта құрылып, олардың негізінде Темір және Ілбішін
(Лбищенский), уездері ашылды. (15)
Ілбішін уезі облыстың батыс бөлігіне орналасып, солтүстікте Орал
облысымен, оңтүстікте Гурьев уезімен, шығыста Темірмен шектесті, ал
батыста Жайықтың сол жағалауына жетіп тірелетін 15 болыстан тұрды.
Уездегі 169673 адамның 144257-сі қазақтар болды.
Оның жерінің басым көпшілігін байұлы тайпасының рулары
мекендеді. Алаша руы Өлеңті өзенінің орта ағысын, Қалдығайты,
Жақсыбай өзендерінің төменгі ағысын, Итмұрынкөл, Тұздыкөл,
Сулыкөл, Жамбай көлдерінің жағалауларын, Жайық бойындағы 10
шақырымдық
белдік
шекарасының
Котельный,
Кругловск
бекіністерінің қарсы бетіндегі жерлерді, толып жатқан шатқалдарды
қоныс етті. Байбақты руы Калмыковскден Орловскге дейінгі
бекіністердің қарсы беттерін (Жайық бойымен), Қамыстыкөл, Ащыкөл,
Тұздыкөл көлдерінің қамыстарын, Қалдығайты өзенінің орта ағысының
бойымен және басқа да жерлерді қыстап жайлады. Ысық руы
Қалдығайты өзенінің бойын, Бүйрек, Тайсойған, Көкөзек, Жаманағаш
құмдарын және басқа жерлерді қыстады. Тана руының аздаған
қауымдары Өлеңті өзенінің бас жағын, Көкөзек құмдарының батыс
бөлігін және басқа жерлерді, масқар руы Шідерті өенінің бастауларын,
Үлкенащы және Жаманащы өзендерінің төменгі ағысын, Соркөлдің
айналасын,есентемір руы Бұлдыртының оң жағалауын, оның орта
185
ағысын қыстады. Беріш руы масқар руымен бірге көшіп жүрді. Уезд
шаруашылықтарының басым көпшілігі жетіру тайпасының табын руына
жатты, Бұлтырты өзенінің орта ағысы мен бас жағын және Кожехаровск
бекінісінің қарсы бетін, Жайықтың сол жағалаудағы бөлігін
жайлады.Олардан солтүстікке қарай, Шалқар көліне құятын
Қарағайғаты және Сарыөзек өзендерінің алқаптарында жетіру тайпасы
кердері руының қыстаулары шашырап жатты. Жақсыбай өзенінің бас
жағында әлімұлы тайпасы кете руының бірнеше қауымдары қыстады.
Уездің қиыр оңтүстігінде, Шөптікөл, Ақтөбе, Жалтырсор көлдерінің
төңірегінде, Ойыл өзенінің сағасы мен Бүйеліқияқ өзенінің бойында
байұлы тайпасы адай руының қыстақтары орналасты. (16)
1904 жылы Ілбішін уезінің құрамына бұрынғы Калмыков және
Орал уезінің бір бөлігі енгізілді. Уезд құрамына: Калмыков уезінен
Шалқар, Қаратау, Қарайыл,Матеш, Өлеңті, Қызылжар, Соналы,
Жақсыбай Индер, Қарауыл, Нышкөл, Бұлтырты болыстары, Темір
уезінен Сабынды болысы енгізілді. Уезд орталығы Калмыковтан
Ілбішінге көшірілді. (17)
Бұрын Камыков кейін Ілбішін деп аталған уезде қазақтармен қатар
қоныс аударған әскери казактар да түрды.Олар Каменская,
Кожехаровская, Чижинская, Скворкинская, Бударинская, Чаганская,
Горячкино, Сахарновская, Калмыковская, Кармановская, Глиненская,
Сламихинская станицаларын мекендеді. Осы әскери казактар
коныстанған станицаларда базарлар мен жәрмеңкелер жүмыс жасап,
уезде сауда қатынастары дамыды.
Уезд территориясындағы Сламихинская поселкасында 14-21
қыркүйек арасында, Калмыков қаласында 1-15 мамыр арасында
жәрмеңкелер, Каменск поселкасында базарлар 1 мамырдан 1 қазан
арсында, жәрмеңкелер 1-8 арасында, Ілбішін қаласында жәрмеңке 29
тамыздан 5 қыркүйек арасында, базарлар апта сайын жұма және сенбі
күндері тұрақты түрде өткізілді. (18)
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде Калмыков (Ілбішін) уезінде
халықтың саны 169653 адамға жетті, Калмыков қаласында 1924 адам
тұрды. Статистикалық деректердің мәліметі бойынша уезде 16 көпес
тұрақты саудамен айналысты. (19)
Калмыков (Ілбішін) уезінің территориясында тұрақты жұмыс
жасаған Калмыков, Ілбішін, Сламихин, Каменск елді-мекендеріндегі
жәрмеңкелердің 1899-1910 жылдар арасындағы товар айналымының
деңгейі туралы деректер: (рубль есебімен) (20)
Жылдар
Калмыков
жәрмеңкесі
Ілбішін
жәрмеңкесі
Сламихин
жәрмеңкесі
Каменск
жәрмеңкесі
1899
881890
-
227114
27770
1900
1099893
48017
248974
109574
186
1901
1037614
83726
216089
57980
1902
-
77338
1089112
162380
1903
798479
-
336338
61117
1904
346530
129915
243100
134141
1905
1136482
136569
190853
116134
1906
674145
152497
215400
59346
1907
1047997
260583
274600
85000
1908
1391567
220630
178800
212749
1909
282860
243172
131500
274400
1910
1128745
335320
271534
-
Орал облысының әскери территориясында орналасқан Калмыков
жәрмеңкесі көктемде 20 сәуір мен 1 мамыр арасында өткізілді. 1885
жылы Калмыков жәмеңкесінің товар айналымы 547333 рубль болса, 12
жылдан соң, 1897 жылы оның товар айналымының деңгейі 410580
рубльге өсіп, 957913 рубльге жетті. (21)
Калмыков (Ілбішін 1904) уезінде тұрақты жұмыс жасаған
Калмыков, Ілбішін, Сламихин және Каменск жәрменкесінде негізінен
товар айналымының басым бөлігі мал және мал өнімдері және астық
сатудан түсті. Калмыков (Ілбішін) уезінде тұрақты жұмыс істеген 4 ірі
жәрмеңкеде 1899-1910 жылдарда сатылған мал және мал өнімдері
туралы мәлімет: (рубль есебімен) (22)
Жылдар
Калмыков
Ілбішін
Сламихин
Каменск
мал және
мал
өнімдері
астық
мал
және
мал
өнімдері
астық
мал
және
мал
өнімдері
астық
мал және
мал
өнімдері
астық
1899
706250
4100
-
-
170154
860
72770
-
1900
876370
8460
47268
-
183234
840
109547
-
1901
698514
7730
82560
-
156309
1830
57980
-
1902
-
-
73988
700
904292
7700
102380
-
1903
798479
-
-
-
252598
790
61117
-
1904
151960
9140
125515
1080
170900
1800
134141
-
1905
993262
8000
130992
1662
106553
7000
116134
-
1906
547615
5000
148050
947
162600
4100
59346
-
187
1907
846778
11543
254860
780
144600
4800
85000
-
1908
1177407
70000
215160
925
153800
7100
212749
-
1909
37300
46000
241250
92
-
8500
274400
-
1910
856242
45378
333750
170
166087
13700
-
-
Калмыков уезіндегі 4 ірі жәрменкенің ішінде астық өнімдері
Каменск жәрменкесінде ең көп мөлшерде сатылды. Ал Ілбішін және
Сламихин жәрменкелерінде сатылған астық өнімдерінің көлемі онша
көп болмады. Каменск жәрменкесінде астық өнімдері мүлде сатылмады.
Калмыков жәрмеңкесінде 1908 жылы астық өнімдері 70 мың рубльге
сатылды, ал Ілбішін жәрмеңкесінде астық өнімдері ең көп сатылған
1905 жылы табыс мөлшері 1662 рубль болды.
Сламихин жәрменкесінде сатылған астық өнімдерінің ең көп
мөлшері 1910 жылы тек қана 13700 рубльге жетті.
Калмыков жәрменкесінде астық өнімдері 1909 жылы 46 мың
рубльге, 1910 жылы 45378 рубль болды. Сөйтіп Калмыков
жәрменкесінде 1908-1910 жылдар арасында астық өнімдерін сату тез
қарқынмен дамып, соңғы үш жылда 161378 рубль құрады.
1899-1910 жылдар арасында Калмыков, Ілбішін және Сламихин
жәрменкелерінде сатылған мануфактуралық бұйымдар туралы мәлімет:
(23)
Жылдар
Сатылған мануфактуралық товарлар (рубль)
Калмыков
Ілбішін
Сламихин
Каменск
1899
125200
-
40400
-
1900
152100
600
57000
-
1901
148200
1000
51500
-
1902
-
2050
159620
-
1903
-
-
77700
-
1904
84240
2695
60000
-
1905
108300
3450
69700
-
1906
79100
2600
106600
-
1907
116114
4030
117500
-
1908
59000
4280
115000
-
1909
110750
1500
120000
-
1910
227125
1400
89700
-
188
Калмыков
уезіндегі
жәрменкелердің
мануфактуралық
бұйымдарды сату Калмыков жәрмекесінде өте жақсы жолға қойылды.
Сонымен қатар Сламихин жәрменкесінде де мануфактуралық товардың
сатылу деңгейі жоғары болды. Ілбішін жәрменкесінде мануфактуралық
заттарды сату деңгейі 600-4280 рубль арасында ғана болып, жәрменкеде
негізінен мал және мал өнімдері кең көлемде сатылды.
§ 3. Темір уезінде сауданың дамуы
§ 3.1.
Ойыл жәрмеңкесінің дамуы
ХІХ-ғасырдың ортасы мен ХХ-ғасыр басында Батыс Қазақстанда
Орал облысының территориясында сауда қатынастары ерекше
қарқынмен дамыды. Орал, Гурьев қалаларында жәрмеңке саудасымен
қатар тұрақты сауда (дүкен, асқана, түрлі ішімдік орындары) өркендеді.
Әсіресе Темір (Қарақамыс), Ойыл (Көкжар) жәрмеңкелері қазіргі
Ақтөбе облысының территориясында сауда қатынастарының дамуына,
жергілікті сауда буржуазиясының қалыптасуына зор әсерін тигізді.
Х1Х ғасырдың екінші жартысынан бастап жұмыс жасаған Ойыл
(Көкжар) жәрмеңкесі Батыс Қазақстан территориясында сауда
қатынастарының дамуына ерекше үлес қосқан сауда орталығы болды.
Патша үкіметі Түркістан мен Қазақстанды әкімшілік басқару ісіне
реформа жасаудың жобасын түпкілікті дайындау үшін 1867 жылы март
(наурыз) айында Ресей соғыс министрі Д.А.Милютин бастаған Ерекше
комитет құрған болатын. Осы комитеттің жұмысы нәтижесінде 1868
жылдың 21 октябрінде (қазан) Орынбор және Батыс Сибирь –
губернаторларының Дала облыстарын басқару туралы уақытша ереже
бекітілді. Бұл Ереже 1869 жылдың 1-қаңтарында өз күшіне енді. (1)
1867-1868 жылдардың реформалары Ресей капитализмінің қазақ
жерін игеруінің негізінде жайыла дамуына жағдай жасады. Бұл
реформалар Қазақстанның Ресей экономикалық даму өрісіне енуін
жеделдетіп, патша үкіметінің қазақ жерін тартып алуға негіз болды.
Сондықтан «уақытша ереже» халық наразылығын туғызды.
Патша үкіметін Кіші жүз жеріндегі Орынбор мен Эмба (Жем)
постыларының (бақылау бекеттерінің) арасындағы 459 шақырым
қашықтықта орыс бекіністерінің болмауы қатты алаңдатты. Сондықтан,
патша үкіметі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында 1869-жылы
Қарғалы және Елек өзендерінің құйылысқан жерінде Ақтөбе бекінісін,
сонымен қатар Кіші жүз қазақтарының реформаға қарсы көтерілісінің
негізгі орталығына айналған. Ойыл өзенінің жағасындағы Қазыбек
шатқалында Ойыл бекінісін салуды жедел қолға алды. (2)
Осы жылы құрамында 107 адамы бар Орынбор әскери
қазақтарының 3 отряды және 2 жүздік Орал әскери казактары мен екі
189
зеңбірегі бар 13 адамдық артиллеристері бар Штемпель бастаған Ойыл
отряды қырға аттандырылды. (3)
Штемпель отрядын 20 мыңнан астам көтерілісшілер Жамансай
деген жерде 7 күн қоршауға алды. Осы бетпе-бет кездесудің
нәтижесінде Штемпель отрядынан 3 адам өліп, 5 адам жараланды.
Сонымен қатар Штемпель отряды 700 көлікке тиелген Ойыл бекінісін
салуға арналған құрылыс материалдарынан және азық-түліктен
айрылған болатын.
Өздерін қоршаған көтерілісшілерден қорқып және күннің аптап
ыстығынан
қалжыраған
әскермен
бекініске
жеткізуге
тиісті
материалдарды Ойылға жеткізу мүмкін еместігін түсінген Орал
облысының әскери губернаторы Н.А.Веревкин құрылыс материалдарын
өртеуге бұйрық берді. (4)
Осы дағдарыстан шығу үшін әскери губернатор Н.А.Веревкин 21
маусымда негізгі әскери күшті көтеріліс ошағына айналған Ойыл
маңына шоғырландыру қажет деп есептеп, өзі қолбасшылық еткен
Орынбор батальоны мен Орал жергілікті командасы, 1 атқыштар
ротасы, аттылы артиллерия 1 взвод, 650 адамнан тұратын 3 рота, 2
зеңбірек, барлығы – 1700 адамдық әскер Орал облысының Калмыков
бекінісіне аттандырылды.
Орал әскери губернаторы Н.А. Веревкин подполковник Рукинге
Калмыковқа қарай жүріп Қиыл өзенінен Ойыл өзеніне жақындап
Қазыбекке жетуді тапсырды, граф Комаровскийге Ембі бекінісінен
шығып Шилі, Ащы Ойыл өзендері бойымен жүруді бұйырды.
Сөйтіп бұл әскери отрядтар бір мезгілде жан-жақтан Ойыл өзінің
орта ағысына жақындады.
1869-жылы 4-шілдеде біріккен әскери отрядтар Барқынға, Ойылға
жетті. Орал облысының әскери губернаторы Веревкин бекініс ретінде
таңдаған бұл жер Ойыл бекінісі деп аталып, оның негізгі 1869-жылы 6-
шілдеде қаланды. Ойыл бекінісінің құрылысын барон фон Штемпель
басқарды. (5)
Осы жылы (1869) қазан айының аяғында бекіністегі казармаларға
әскери гарнизон орналастырылды, ал 1870 жылы көктемде Ойыл әскери
бекінісі толығымен салынып болды. Осы әскери бекіністің солтүстік-
шығысында Оралдың Наказной атаманы Н.Н.Шиповтың құрметіне
аталған Шиповский поселкесі салынды да, онда берік тұрақтамаған
қоныс аударушылар малоростар тұрған. Осы поселкенің солтүстік
батысында Ойыл жәрмеңкесінің тастан салынған ғимараттары
(корпустары) орналасты.
Крестьяндардың Орал облысына жаппай қоныс аударуы 1884-1891
жылдар арасында жүргізілді. Осы мерзім ішінде Ресейдің орталық
губернияларынан 2299 отбасы көшіп келді. Бұдан 703 отбасы Темір
уезіне, 237 отбасы Ойыл бекінісіне қоныстандырылды. (6)
190
Сөйтіп ақын Мұрат Мөңкеұлы:
«Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны
Ойылды тартып алғаны
Ойындағысының болғаны» - деп айтқандай Ойыл
өңірі Ресейдің отар аймағына айналды. (7)
ХІХ-ғасырдың орта кезеңіне дейін Қазақстанның батыс бөлігіндегі
ішкі сауда негізінен Орта Азия саудагерлерінің қолында болды да,
кейінірек батыс өңірде жәрмеңкелердің ашыла бастауына байланысты
орыс көпестерінің үлесі арта түсті. Ресей өндірісінің мал өнімдеріне
деген қажеттілігі қазақ даласында өткізілген жәрмеңкелерде сатып
алынған мал және мал өнімдері арқылы өтелді. Маусымдық
жәрмеңкелерде мал және мал өнімдерін тұтастай сатып алушылар орыс
көпестері болды.
Ресей мемлекетінің Министрлер Комитетінің 1842-жылы 10
ақпанда бекітілген Ережесі бойынша маусымдық жәрмеңкелерге ерекше
көңіл бөлініп, жәрмеңкелердің уақытында өткізілуі губернаторлар мен
жергілікті өкімет орындарының аса маңызды міндетіне айналды.
Азаматтық Губернаторлар қала бастығы (городничий), уездік сот,
қала старостасы және ауызша (келісім) сотынан тұратын ерекше
Комитет құрып, осы Комитетке мынадай міндеттер тапсырды:
1.
Өз қызметін жәрмеңке ашылардан бұрын бастап, жәрмеңке
жұмысы туралы бастыққа толық есеп бергенше жалғастыру; сауда
ғимараттары мен орындарын бұрынғы ретпен саудагерлердің
таңдауы мен ықыласын ескере отырып тарату, қала қажеттілігі
үшін саудагерлерден жарна жинау, саудагерлер өздері жалға алған
ғимараттар мен орындары үшін және төлеген жарналары туралы
арнайы кітапқа қол қойдыру.
2.
Жәрмеңкенің кірісі мен шығысы туралы нақтылы есеп жүргізу.
3.
Сауда ғимараттары мен орындарынан түскен ақшаны қала
табысына аудару, сауда ғимараттарының материалдарын
(заттарын) қала меншігімен бірге сақтау.
4.
Жәрмеңке аяқталысымен есеп кітаптарын басқа құжаттармен бірге
тексеруге (ревизия) тапсыру, азаматтық Губернатор өз қызметі мен
жәрмеңкенің жұмысы және сауда орындарын жалдаудан түскен
ақша мөлшері жөнінде толық есеп тапсыру.
Орталық және жергілікті өкіметтің арнаулы жарлықтары, өкімдері
бойынша жәрмеңкеге қатынасулар үшін нақты тәртіп бекітілді. (8)
Орал облысының Темір уезіне қарасты Ойыл бекінісінің жанынан
ашылған Көкжар (Ойыл) жәрмеңкесінің күнделікті жұмысын реттеп
отыру үшін арнайы нұсқау жасалып, ол Қазыбек жазығында , Ойыл
191
өзенінің
бойында
өткізілетін
Никольская
және
Покровская
жәрмеңкелерінің жәрмеңкелік комитеттері басшылыққа алатын Нұсқау
деп аталды. Бұл Нұсқауда былай деп атап көрсетілді:
1.
Орыстардың қазақтармен сауда жасауы үшін облыстың батыс
бөлігінде Қазыбек жазығында,Ойыл өзенінің жағасында екі
жәрмеңке: Никольская және Покровская жәрмеңкелері
тағайындалады: біріншісі 15 мамыр-15 маусым, екіншісі 15
қыркүйек -15 қазан аралығында өткізіледі.
2.
Жәрмеңкедегі қоғамдық тәртіпті бақылау ісі жәрмеңке
комитетіне жүктеледі. Комитет Орынбор өлкесінің бас
начальнигі тағайындаған төраға( басқарма), мемлекеттік
чиновник және 5 адамнан тұрады: олар Орынбор қазақтарының
облыстық басқармасы (правлениесі) тағайындаған базарбасы,
қазақтардың өздері сайлаған Орданың 2 құрметті ақсақалы,
жәрмеңкеге келгендер арасынан сайланған 2 орыс саудагері.
Комитет жанында ветаринарлық дәрігер жұмыс жасап, ол
жәрмеңкеге айдап әкелінген малдарды тексереді. Сонымен
бірге комитеттің қарамағында бірнеше хабар таратушы
шабарман қазақтар болады.
3.
Жәрмеңке басталардан бірнеше күн бұрын жәрмеңке
комитетінің мүшелері осыған дейін анықталған тәртіп бойынша
тағайындалып,
олар
өз
жұмысында
осы
Нұсқауды
басшылыққа алулары тиіс.
4.
Сонымен қатар жәрмеңке комитетінің міндетіне мыналар
жүктеледі: а).жәрмеңкеге келген саудагерлерді тонау мен
ұрылардан қорғау. б). жәрмеңкеге келушілерді тиісті
құжаттарсыз келуден алдын-ала ескрту. в). әр түрлі
бақытсыздықтарды
болдырмау
мақсатында
алдын-ала
полициялық шараларды жүргізу. г). Сауда уставының ХІ
томының 2857 статьясының (бабының) негізінде қазақтар мен
орыс саудагерлерінің және орыс саудагерлерінің арасындағы
өзара таластарының нәтижесінде пайда болған барлық
қылмысты істер туғызатын жағдайларды ауызша сауда
сотының талдауы арқылы реттеп, зәбір көріп, зардап
шеккендердің талабын қанағаттандырып, кінәлілерге айып тағу.
Ескерту: Генерал-губернатор жәрмеңкеге жіберген мемлекеттік
чиновник Сауда уставының ХІ томының 2858 статьясына (бабына)
сәйкес жәрмеңкеде саудагерлер арасында болған талас-тартыстарға
араласпай, таласушы топтарды тез арада ауызша сауда сотына жіберуге
тиісті. Ауызша сауда сотының құрамына мемлекеттік чиновник
кірмейді. Никольская және Покровская жәрмеңкелерінің ауызша сауда
сотының мүшелігіне жәрмеңке комитетінің мүшелері, яғни: базарбасы,
сайланған орыс көпестері мен қазақ ақсақалдары кіреді.
192
5.
Жәрмеңкеде қазақтардың арасындағы өзара талас істер, егер
бұл істерде қылмыстық белгілер байқалмаса, базарбасы мен
комитет мүшесі болып сайланған Орданың құрметті
ақсақалдарының қарауына беріліп, бұл іс қазақтардың
халықтық дәстүрінің негізінде шешілуі тиіс.
6.
Комитет барлық сауда істеріне қатынасты ауызша талас-
тартыстарды жоғарыда атап көрсеткендей шешуге құқылы және
өз шешімдерін тез арада жүзеге асыра алады.
7.
Егер таласушы жақтардың екеуі де немесе біреуі талас мазмұны
мен комитет шешімінің жазбаша түрде рәсімделуін талап етсе,
онда жәрмеңке комитеті таластың мән-мазмұнын және комитет
шешімін Орынбор қазақтарын басқару жөніндегі облыстық
басқарма (правление) берген тіркеу дәптеріне енгізіп, осы
жазбалардың астына таласушы жақтардың қолдарын қойғызуы
қажет.
8.
Жәрмеңке комитетіне ұсақ тәртіпсіздік, ұрлық және алдап-
арбау, айтыс-тартыс пен төбелес болған жағдайда Заңдар
жинағының
1-бөлімінің,
2-томының,
681-статьясында
(бабында) көрсетілген шаралар мен жазалау құқы беріледі.
Сонымен қатар осы томның 681-статьясында (бабында)
көрсетілген,
нақтырақ
айтқанда
1-
параграфтың
2,7,8,10,11,12,14,15,17-
пункттері,
2-параграфтың
3,4,5-
пункттері, 3-параграфтың 1,2,4,8,9 - пункттеріне сәйкес
шаралар қолдану мен жазалау мүмкіндігі жәрмеңкеде болған
нақты жағдайларға байланысты полиция құзырына беріледі.
9.
Жоғарыда көрсетілген параграфтардағы шаралар тек қана ұсақ
тәртіпсіздіктер мен қылмыстартарға ғана тиісті болып
саналады. Комитет ұрлыққа байланысты істер, алдап-арбау
және әр түрлі зорлық-зәбір көрсетулердің жалпы суммасы 10
күміс рубль мөлшерінен асқан жағдайда өз бетінше шешім
қабылдай алмайды.Ескерту: Қазақтар арасындағы маңызы
шамалы әр түрлі ұсақ қылмыстарға байланысты арыз-
шағымдар мен талап-тілектер, егер олардың жалпы мөлшері 30
күміс рубльден аспаған жағдайларда, олардың талаптары
қазақтардың халықтық заңдары негізінде шешілуге тиіс.
10.
Комиттеттің өкілеті тек қана жәрмеңке өткізілетін орынмен
ғана шектеледі.
11.
Барлық басқа ірі қылмыстар мен тәртіпсіздік болған
жағдайларда комитет тәртіпсіздіктерге қарсы шаралар ала
отырып, кінәлілерді ұстап, болған оқиғаның мән-жайын толық
баяндап, істі тиісті орындарға тапсыруы қажет.
12.
Жәрмеңкеге келген саудагерлерден қолдан жасалған монета
және кредиттік (несиелік) билеттердің табылған жағдайында
193
комитет оларды тез арада тартып алып, олардың иелеріне
қосымша тінту жүргізіп,кінәлілерді тиісті орындарға тапсыруы
керек. Егер жасанды монеталар мен кредиттік (несиелік)
билеттер жергілікті қазаақтардың қолынан табылса, оларды
қазақтардың қайдан, кімнен алғанын толық анықтап,
қазақтарға оларды берген кінәлі адамдарды тауып, тінту
жұмыстарын жүргізіп, қылмыстыларды тиісті орындарға
тапсыру керек.
13.
Жәрмеңкеге
келген
саудагерлердің
паспорттары
(төлқұжаттары) болулары шарт, саудагерлер жәрмеңкеге
келісімен
паспорттарын
(төлқұжаттарын)
комиттетке
тапсырып, арнаулы тіркеу кітабына саудагерлердің келген
уақыты мен басқа мәліметтері жазылып, паспорттары
(төлқұжаттары) саудагерлердің кететін уақытына дейін
сақталады.
14.
Комитет саудагерлер өз паспорттарын (төлқұжаттарын)
тапсырған соң оларға ақысыз киіз (ағаш) үйден орын береді.
15.
Қазақтардан басқа саудагерлер мен басқа да жәрмеңкеге сауда
істерімен келген адамдардың арасында мерзімі өткен рұхсат
қағаздармен жүргендері болса немесе ешқандай құжаттары жоқ
болса, ондай адамдарды тез арада ұстап, тексеріп, тиісті
орындарға тапсыруы керек.
16.
Паспортын (төлқұжатын) керсеткен әрбір саудагерді комитет
оның қандай мақсатпен келгендігін анықтау үшін арнайы сұрау
жүргізуі керек. Егер товар сату үшін келсе, онда қандай сумма
мөлшерінде,қай жылы шығарылған товар әкелгендігі туралы
мәліметтер, сонымен бірге кетер кезінде қанша товар
сатқандығы туралы есеп талап етуі қажет. Комитет осы
мәліметтердің барлыған облыстық правление (басқарма )
берген тіркеу кітабына толық түрде жазып алуы тиіс. Барлық
мәліметтер осы тіркеу кітабынан алынып,жәрмеңке аяқталған
соң генерал-губернаторға есеп тапсырылуы керек. Бұл есепте
мынадай мәліметтер көрсетілуі қажет: а).жәрмеңкеге қанша
саудагер келді. б).әкелінген товардың жалпы мөлшері , нақты
түрлері, бағасы, жалпы суммасы көрсетіліп, осы товарлардың
қаншасы сатылғаны туралы есеп. Сонымен қатар Орда
қазақтарының айдап әкелген мал саны мен мал өнімдерінің
мөлшері туралы мәліметтер.
Осы мәліметтерді жинау ісін комитет үнемі еске сақтауы тиіс.
Саудагерлер өз паспорттарын (төлқұжаттарын) тапсырған соң, мына
жағдайлар қатты ескертілуі қажет: а).жәрмеңкеде тәртіп сақтап,
ұстамдылық көрсету.. б).ешкімге зәбір көрсетіп, қысым жасамау.
в).Ресейдің ішкі жағына жіберу үшін қазақтардан сатып алынған
194
малдарды белгіленген арнаулы жерлерде ғана ұстау, малдарды
топырлатпау, оларды мал айдауға бөлінген жолдармен айдау. г) комитет
жанындағы ветеринар (мал) дәрігерінен сатып алған малдарға,тері мен
жүнге қажетті куәліктерді алу .
17.
Мал табындарын айдау үшін ветеринар қол қойып берілген
куәлік комитетке тапсырылып, куәлікке комитет төрағасы қол
қоюы шарт. Жәрмеңкеге айдап әкелінген малдарды комитет
ветеринар арқылы куәландырады. Табыншыларға куәліктер
беру туралы ветеринарға арнаулы тапсырма және қажетті
мәліметтер мен берілген куәліктерді тіркеу үшін арнаулы кітап
беріледі, осы кітапқа ветеринар нақты кімге,қанша малға
немесе мал өнімдеріне,сонымен қатар олардың қайда
апарылатыны туралы мәліметтер көрсетілген куәліктер
берілгенін жазып отыруы керек.
18.
Дәрігердің араласуы қажетті оқиғалар болған кезде, немесе
дәрігерлік көмек көрсету қажет болған жағдайда комитет
Облыстық правлениеден (басқармадан) немесе Орал казак
әскерінен әрқашан жәрмеңкеге дәрігердің бөлінуін талап етуге
міндетті.
19.
Комитет өз жұмысын бастаған бойда, яғни 15 мамыр мен 15
қыркүйекте жәрмеңкеге барып, ниет білдірген саудагерлер
және қазақтарға ерекше орындар тарату мен оларды ерекше
номерлермен қамтамасыз ету ісін жүзеге асыруы қажет.
Ескерту: Комитет өзінің алдын-ала жүзеге асыратан шаралары үшін өз
жұмысын жәрмеңке ашылардан бұрын да бастай алады.
20.
Жәрмеңкені қорғауға жасақталған күзетшілерге жұмсалатын
қаражат табу үшін және жәрмеңке комитетін құруға, сонымен
қатар жәрмеңке ауласын салуға қажетті қаражат табуға
жоғарғыдан 1886 жылы 26-тамызда Министрлік бекіткен
Комитет Ережесіне сәйкес әрбір сатылған қойдан 1 тиын, ірі
мүйізді қарадан 3 тиын, жылқыдан 5 тиын, түйеден 10 тиын
алынады. Ескерту: Бұл алымдар түрлі жәрмеңке өткізілетін
сауда орындарын(ғимараттарын) жалдаудан түскен қоғамдық
қаржылар жәрмеңке ауласын түгелімен салып болғанша және
жәрмеңке шығындарын толық өтеуге жеткенше жиналады.
21.
Көрсетілген
алымдар
сатып
алушылардан
жиналады.
Жәрмеңкеден мал сатып алған адам алым-салықтарды төлеу
үшін өзінің сатып алған малы туралы мәліметті жәрмеңке
комитетіне хабарлайды. Ескерту: Комитет алым-салық
төлемдері үшін ақша орнына екі саудагердің кепілдігімен
алым-салықты линияға келісімен міндетті түрде төлейтіні
туралы қолхат алуға құқылы. Бұл қолхаттар жәй қағазға
жазылғанымен толық міндеткерлік күшке ие болып табылады.
195
22.
Хабарландырулар беру үшін комитет арнаулы кітаптан
жеткілікті түрде бланкалар кесіп дайындайды. Ескерту:
Бүлінген бланкаларды жойып жіберуге болмайды, олардың
нумерациясы (реттік сандары) сақталуы керек, барлық бүлінген
бланкалар басқа құжаттармен бірге ревизия (тексеру) жасау
үшін тапсырылуы қажет
23.
Кітаптан кесілген бланкалар комитет төрағасының қолында
болады. Төраға осы бланкаларды мал сатып алатыны туралы
хабарландыру жасағандарға бергізеді.
24.
Хабарландыруға сатын алушы міндетті түрде өз қолымен сатып
алған малының жалпы санын көрсетеді және қолын қояды.
Ескерту: егер сатып алушы сауатсыз болса, ол үшін басқа адам
хабарландыруды толтыруға жәрдем беруге болады.
25.
Осы 24-параграфқа сәйкес толтырылған хабарландыру комитет
төрағасына қайтарылады. Ол хабарландыруға төлеуге тиісті
алым-салықтың мөлшерін цифрмен және жазбаша түрде
көрсетіп, сатып алушы хабарландыруда көрсеткен сандардың
шындығын анықтау үшін, комитет мүшелерінің біріне
тапсырады.
26.
Комитет мүшесі 25-параграф бойынша сатып алушының
хабарландыруын алған соң онымен бірге сатып алынған
малдың тұрған жеріне барып,тексеру жасап, көрсетілген
сандардың дұрыстығына көз жеткізіп,хабарландыруды өз
қолымен куәләндырады.
27.
Сатып алынған малдарының санын жасырған сатып алушы
штраф (айып пұл) төлеуге міндетті,оның мөлшері жасырылып
қалған мал санына төлеуге тиесілі алым-салықтың мөлшерінің
2 есесіне тең келеді.
28.
Комитет
айырбасталған
малдардың
далада
жәрмеңке
аяқталғанша қалмауын қадағалайды. Ескерту: Мал айдайтын
жол кейіннен анықталады.
29.
Хабарландырулар тексеріліп болған соң, оған сәйкес ақша
алынуы үшін төлем алушыларға тапсырылады, ол ақшаның
алынғандығы туралы белгі ретінде өз қолын қойып, сатып
алушыға квитанция (түбіртек) береді.
30.
29-параграф бойынша ақша жинайтын төлем алушыларды
жәрмеңке өтетін барлық уақытқа комитет мүшелері сайлайды.
31.
Төлем алушыларға есеп жүргізу, есеп ведомосттерін жасау
және тіркеу кітаптарын жүргізу міндеттеледі.
32.
Алым-салықтан түскен ақшалар комитет төрағасы мен төлем
алушының мөрлері басылған арнаулы жәшікте сақталады.
196
33.
Осы 32-параграф бойынша тағайындалған жәшік міндеттері
бірдей болып табылатын комитет мүшелерінің көзінше
ашылып, мөр басылып қайта жабылады.
34.
Жәшік комитет жұмыс жасаған кезде комитет төрағасында
сақталады, ол жәшіктегі ақшаның бір бөлігін төлем алушыларға
алым-салық төлегендерге тиесілі артық төлеген ақшаларын
қайтару үшін береді.
Есеп беру бойынша
35.
Күн сайын комитет мәжілісінің аяғында, 33 параграфқа сәйкес,
ақша суммасы тексеріліп, жәшіктегі ақша саны, жұмсалған
және қалған ақша саны туралы күндік ведомость жасалынады.
36.
Жәрмеңке өткізу мерзімі аяқталған соң екі данадан жалпы
кіріс және шығыс ведомосттары жасалынып, оған комитеттің
барлық мүшелері қол қояды
37.
Нұсқаудың 36-параграфына сәйкес жасалған ведомосттің бір
данасы депозитке айналдырылған ақшамен бірге барлық
кітаптар және құжаттармен қоса тексеру және сақтау үшін
Орынбор
қазақтарының
облыстық
правлениесіне
(басқармасына) жіберіледі. Ал екінші данасы Орынбор
Генерал-губернаторының
канцелериясына
(кеңсесіне)
жіберіледі. Ескерту: Жәрмеңке өткізу кезінде жиналып
облыстық правлениеге (басқармаға) тапсырылған ақша
проценттік
өсім
алу
үшін
Мемлекеттік
қағаздарға
айналдырылады.
38.
Жинақ есебіне келесі шығындар жатады: 1.Әскери казак
командасын
ұстау
шығындары.
2.Азаматтық
Заңдар
жинағының 3-томының 1097 - статьясының (бабының)
негізінде комитет мүшелерінің күндік қажеттіліктеріне
жұмсалатын шығындар. 3.Әскери казактардың аттарына жем-
шөп алуға жұмсалатын шығындар. 4.Тұтқындарға жұмсалатын
шығындар. (азаматтық Заңдар жинағының 14 томы.)
5.Канцеляриялық материалдар дайындағаны үшін облыстық
правлениеге (басқармаға) төлейтін шығындар. 6.Төраға ретінде
Генерал-губернатор
жіберген
мемлекеттік
чиновникке
бөлінетін ақшалар. 7.Комитет мүшелері үшін тігілген киіз
(ағаш) үйлер үшін төленетін шығындар. 8. Алдын-ала
болжанбаған әртүрлі басқа да шығындар.
39.
Комитет жұмыстарына қажетті қаражаттың барлығы комитет
шешімімен жұмсалады.
40.
Ақша оны жұмсауға рұхсат берілген адамға ақшаны алғандығы
туралы қол қойдыру арқылы беріледі.
197
41.
Комитетке тиесілі канцеляриялық материалдарды жәрмеңке
өткізілерден бұрын облыстық правление (басқарма) жібереді.
42.
Облыстық правление (басқарма) берген тіркеу кітаптарының
беттері саналып,жіппен байланып, комитет мүшелерінің
қолдары қойылуы қажет.
43.
Сыртан келген саудагерлерді қорғау және жәрмеңке кезінде
қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Орал әскери казактарынан бір
офицер және екі урядник басқарған құрамында 50 адам бар
команда жіберіледі.
44.
Команданың негізгі міндеті қазақтардың малдарын ұрлауды
болдырмау шараларын жүзеге асыру, саудагерлердің товарлары
мен сатып алған малдарын сақтау, сонымен қатар егер ұрлық
жасалған жағдайда немесе күдікті адамдардың жәрмеңкеге
келген жағдайында, күдіктілерді ұстап, оларды тез арада тиісті
орындарға тапсыру үшін комитетке жеткізу болып табылады.
45.
Комитет
жәрмеңкені
қорғауға
тағайындалған
әскери
команданың әрбір мүшесіне тәулігіне 15 тиыннан ақша төлеуге
тиісті. Олардың аттарына арнап 1 атқа тәулігіне 20 фунт шөп, 2
уыс (гарница) сұлы бөлуі керек.
46.
Комитеттің жұмыс орны үшін, әскери казактар командасына,
жәрмеңке төрағасына және басқа да қызметкерлерге қажетті
мөлшерде киіз (ағаш) үйлер жалдап алынып,ол жұмыс және
жатын орындары мынадай түрде жабдықталуы қажет: Төраға
үшін екі киіз (ағаш) үй, біреуі комитет үшін қажетті
жиһаздарымен жабдықталған, екіншісі қажетті жиһаздар және
әр түрлі құжат қағаздар сақтауға арналған арнаулы шкафы бар
канцелярия үшін. Әскери казак командасы және шабармандар
үшін екі киіз (ағаш) үй, тұтқындар үшін бір киіз (ағаш) үй,
ветеринар үшін жиһазбен жабдықталған бір киіз (ағаш) үй.
Осы Нұсқауға Генерал-губернатордың міндетін орындаушы
генерал-майор
Бобрыкин
және
канцелярия
меңгерушісі
Рогалилевицкий қол қойып, олардың қолдарын кеңесші Глубоковский
куәландырған. (9)
Батыс Қазақстан өңіріндегі ең ірі сауда орталығының бірі – Ойыл
бекінісіндегі Көкжар жәрмеңкесі. Көкжар жәрмеңкесі туралы негізгі
ережелерді 1866-жылы 7-қыркүйекте Ресей ішкі істер Министрі
бекіткен. Көкжар жәрмеңкесі ресми түрде 1867-жылы Орал облысының
Қазбек болысында көктемде ашылды. Бұл туралы Қазақ даласындағы
басқару ережелерінің жобасын дайындау комиссиясы өзінің түсіндірме
жазбасында былай деп атап көрсетті: «Бастықтардың рұхсатымен
бірінші рет 1867-жылғы көктемде Орынбор даласындағы Ойыл өзенінде
ашылған жәрмеңке мейлінше қанағаттанарлық нәтижелер берді. Оған
шамамен 250 мың сом тұратын тауарлар әкелінді, олардың 100 мың
198
сомнан астам тұратыны сатылды және айырбасталды, жәрмеңкеде 20
мыңға дейін әр түрлі мал сатып алынды…» (10)
1867-жылы
Қазбекте ашылған Ойыл жәрмеңкесі туралы
«Уральские воисковые ведомости» (№31 1867 ж.) газеті: «Жәрмеңкенің
ашылуының қазақтар үшін пайдасы өте зор. Жәрмеңке қазақтарды
Орынбор, Самара, Орал көпестерінің қазақ далаларына өз товарларын
айырбастап, сатуға жіберген ұсақ приказчиктерінің (көбінесе татарлар)
қанауынан құтқарады,» - деп атап көрсетті. (11)
Орал облысының әскери губернаторы генерал-майор Веревкин
Орынбор әскери округінің әскери командашысына 1869-жылы 14
шілдеде жазған №91 хатында: «Бұрын Қазыбекте болған жәрмеңке
биылғы күзден бастап осында Барқынға көшіріледі деп ойлаймын.
Себебі мұнда қолайлы болмақ. Болашағы да зор. Жоғары мәртебелім,
енді бұл туралы жергілікті істермен таныс Орынбор көпестерінің пікірін
біліп, қажетті өкім шығарсаңыз екен. Егер өкімет тарапынан орыстарды
қоныстандырудың барлық мүмкіншілігі жасалса, меніңше, жәрмеңкені
көшірумен қатар, осында қоныс аударатын мещандарға Кавказдағы,
Кавказдың арғы жағындағы қалаларға қоныс аударғандар сияқты
артықшылықтар берілсе, ұзақ жылдарға әскерге алудан уақытша
босатса, онда өте жеңіл болар еді» - деп атап көрсеткен болатын.
Генерал-губернатор
Крыжановский
өзінің
Орал
әскери
губернаторына жазған қатынас қағазында: Сауда-тұрғысынан да, Орал
мен Орынборға жақын орналасқан жөнінен де әлдеқайда тиімді деп
есептеп отырған жергілікті көпестердің қалауына сай болғандықтан,
Ойыл жәрмеңкесін сол мекенге көшіруге рұхсатын берді.
Жәрмеңкенің алғашқы өткізілген орыны сауда ісінің жоғарғы
талаптарына онша сай емес болғандығына байланысты Ойыл
жәрмеңкесінің орны ауыстырылды. Осы мәселеге байланысты Орал
облыстық басқармасының әскери губернаторы, генерал-майор Веревкин
Орынбор генерал губернаторына 1869-жылы 29-қарашада: «үстіміздегі
жылдың 15-қыркүйегінен 15-қазанына дейін жаңа орында, Барқын
жерінде болған күзгі Ойыл жәрмеңкесінің сауда барысы туралы
мәліметтер бере алады» … деп баяндап, жәрмеңке орналасқан жердің
ауысқаны туралы нақты дерек береді.
Сөйтіп, 1867-жылы Қазбекте ашылған Ойыл жәрмеңкесі 1869 жылы
«орыс көпестерінің қауіпсіздігін, емін-еркін қозғалысын және товарларының
тезерек, әрі толығымен сатылуын» қамтамасыз етуге қолайлы орын ретінде
Ойыл бекінісінің жанына Барқын шатқалына көшірілді. (12)
Ойыл жәрмеңкесі қарама-қарсы орналасқан ұзындығы 400-500
метрге созыла салынған сауда ғимараттарында өткізілетін болған. Осы
қатарда екі үлкен сауда корпустары, 30-дан астам дүкеншелер
(ларектер) орналасқан. Күйдірілген сапалы кірпіштен салынған
жәрмеңке ғимараты қазіргі күнге дейін құламай сақталған.
199
Ойылдағы жәрмеңкеге солтүстіктен Орынбор, Сарытау, Самара
қалаларынын орыс, татар саудагерлері мен көпестері келіп сауда
жасаған. Оңтүстіктен Өзбекстан, Түркменстан жерлерінен керуен
ағылып келген.
Ойыл бекінісінің жанынан жаңадан ашылған Ойыл
жәрмеңкесінің жағдайы мен болашағы туралы генерал-адъютант
Н.Крыжановский былай деп жазған болатын (13):
«Ойыл бекінісіне (20 мамыр 1870 жылы) келісімен мен осында
15 мамырда ашылған жәрмеңкеге бардым. Жәрмеңкенің 1868-жылдан
жұмыс істей бастағаны және былтырғы бас көтеруге байланысты
жәрмеңкеге ешкімнің келмей қалғанына қарамастан, биылғы
жәрмеңкеге адамның көп жиналғанын байқадым. Алғашқы 6 күннің
өзінде жәрмеңкеге 8 мыңнан астам еркектер мен әйелдер жиналған.
Олар жәрмеңкеге өте көп мөлшерде қой, жылқы, мүйізді ірі қара айдап
келген, сонымен қатар тері, жүн және басқа қазақтар жасаған
бұйымдар әкелген. Менің таң қалғаным: жәрмеңкеде қазақтардың
тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу үшін ашылған орыс саудагерлерінің
44 лавкаларын көрдім. Жәрмеңкедеге сауданың жағдайымен толық
танысу үшін мен ағаш (киіз) үйлерде орналасқан барлық лавкаларды
аралап шықтым және барлық сырттан келген саудагерлерден сауда
барысы туралы сұрастырдым. Олардың бәрі бір ауыздан жәрмеңкеге
риза екендігін айтып, сауданың қызу жүріп жатырғанын, қазақтардың
ақшаға көп товар сатып алатынын, сонымен қатар олар мал, жүн және
басқа өнімдерге товар айырбастайтынын ерекше атап көрсетті.
Жәрмеңке басталарда орыс саудагерлері 12 мың рубльдің товарын
әкелгенін хабарлаған, бірақ бұл шындығында өте төмендетіліп
айтылған сан, сонымен қатар жәрмеңкеге әлі де көп товар әкелінетін
көрінеді. Жәрмеңкеге Ойыл өзенінің аңғарындағы үлкен алқап
бөлінген, ол бекіністен 1,5 (верст) шақырым жерде орналасқан.
Жәрмеңкеге қанша мал айдап әкелінсе де, өзен бойындағы
жайылымдық жер малды жайып бағуға толық жеткілікті. Ойыл
бекінісіне жақын жерде Орал облысының барлық уездердің
қазақтарының көп мөлшерде көшіп жүруі, жәрмеңкенің болашақ
уақытта қанатын кең жайып, қазақтардың өздеріне қажетті заттарын
өте көп мөлшерде, (арзан) тиімді бағаға сатып алуларына мүмкіндік
беретініне сөзсіз сенуге болады.»
Ойыл жәрмеңкесі ашылғаннан бастап орыс көпестеріне өте
тиімді сауда орталығына айналды. 1869-1874 жылдары орыс
көпестері Ойыл жәрмеңкесінде 746 889 рубльдің әр түрлі заттарын
сатқан. Орыс көпестерінің товар айналымы жыл санап өте жақсы
қарқынмен өсті. Егер 1869 жылы жәрмеңкеде 6095 рубльдің
бұйымдары өткізілсе, келесі 1870 жылғы екі жәрмеңкеде сауда
айналымы 52 527 рубльге жетті. 1871 жылы товар айналымы 2,5 есе
200
өссе, 1872 жылы көпестер сатқан заттардың жалпы мөлшері 4 есеге
көтеріліп, 208 520 рубль құрады. Ойыл жәрмеңкесінде орыс
көпестерінің сауда жасау қарқынының ерекше дамығанын мынадан
көруге болады. 1869-жылы күзде орыс саудагерлері бар болғаны 6
095 рубльдің заттарын қазақтарға өткізсе, 1873 жылы көктемгі
жәрмеңкеде орыс саудагерлерінің сатқан бұйымдарының мөлшері 147
730 рубльге дейін көтерілді. (14)
1869-1874 жылдар арасында Ойыл жәрмеңкесінде қазақтарға
көпестер сатқан бұйымдар туралы мәліметтер: (рубль есебімен) (15):
Жылдар
Көктемгі
Күзгі
Барлығы
1869
-
6 095
6 095
1870
24 810
27 717
52 527
1871
97 038
31 534
128 572
1872
142 330
66 190
208 520
1873
147 730
55 435
203 165
1874
87 190
60 820
148 010
барлығы
146 889
Осы жылдары Ойыл жәрмеңкесінде сатылған, айырбасталған мал
саны алғашқыда аз болып, бірте-бірте көбейе бастады. Жергілікті
қазақтар 1869-1874 жылдар арасында негізінен жәрмеңкеге қажетті
заттарына айырбастауға қойды қолайлы көрді. Себебі сиыр, жылқының
алғашқы кезде заттық эквиваленті (баламасы) қазақтарға беймәлім
болды. Сондықтан Ойыл жәрмеңкесінің алғашқы 6 жылында
қазақтардан 122 472 қой, 5 755 сиыр, 1 158 жылқы сатып алынған.
1869-1874 жылдарда Ойыл жәрмеңкесінде қазақтардан орыс
көпестерінің сатып алған мал және мал өнімдері (16)
ж
ыл
дар
қо
й
сиы
р
ж
ыл
қы
ір
і
м
ал
дың
те
рі
сі
дан
а
ұс
ақ
м
ал
те
рі
сі
дан
а
ж
үн
(п
ұт
ес
еб
ім
ен)
киі
з
(а
рш
ын
ес
еб
ім
ен)
1869 күз
984
41
3
173
230
-
-
1870 көктем
6476
340
55
937
1761
6474
390
1870 күз
4307
274
54
331
4180
175
4430
1871 көктем
17424
742
233
3523
1624
2983
142
1871 күз
2231
380
151
511
4100
36
463
1872 көктем
16572
755
124
766
1245
602
-
1872 күз
6308
219
23
423
1468
15
-
1873 көктем
24503
597
20
1526
892
7430
100
1873 күз
5866
514
11
45
245
-
55
1874 көктем
27259
1585
309
8809
2000
-
40
1874 күз
10542
308
175
405
1350
-
-
барлығы
122472
5755
1158
17449
19085
17715
5620
201
Жәрмеңке 1869 жылы Барқын шатқалына көшірілген алғашқы бес
жылда 746 889 рубль тұратын мануфактура және бакалея бұйымдары
сатылды. жәрмеңкеге мал айдап әкелген қазақтардан 122 472 қой, 5 755
ірі қара, 1 158 жылқы сатып алынды. Сонымен қатар Ресейдің ішкі
өнеркәсіп орындарына аса қажетті шикі зат ретінде 17449 дана ірі қара
терісі, 19 085 дана ұсақ мал терісі, 17 715 пұт жүн, 5 620 аршын киіз
сатып алынды.
Ойыл жәрмеңкесінде 1875-1879 жылдар арсында сатылған товарлар
мөлшері мен ақшалай құны арта түсті. 1875 жылы Ойыл жәрмеңкесінің
капиталы 2 535 рубль 65 тиын болса, 1879 жылы күзгі жәрмеңкеде 7880
рубль 78 тиынға жетті. (17)
Негізінен мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар Ойыл
жәрмеңкесінде өздеріне қажетті тұрмыстық заттарды мал және мал
өнімдерін сату және айырбастау арқылы ғана алуға мүмкіндігі болды.
Сондықтан Ойыл жәрмеңкесіндегі товар айналымының негізгі бөлігін
мал және мал өнімдері құрады. Ойыл жәрмеңкесінде 1869-1877 жылдар
арасында сатуға әкелінген қой саны мынадай болды. (18)
жылдар
1869
1870
1871
1872
1873
1874
1875
1876
1877
қой саны
984
10784
19655
22880
30802
51802
50822
56815
58412
1899-жылы Ойыл жәрмеңкесі 20 мамыр-20 маусым және 15-
қыркүйек аралығында 2 рет өткізілген. Осы жылы өткізілген
көктемгі жәрмеңкеге 1 899 147 сомның товарлары, күзгі жәрмеңкеге
720 291 сомның товарлары әкелінген. 1899-жылы өткізілген қос
жәрмеңкеде 1 317 416 сомның товары сатылды.
1899- жылы көктем және күзгі жәрмеңкелерде сатылған негізгі
товарлардың түрі мен бағасы туралы мәлімет (рубль есебімен): (19)
жәрмеңкеде
сатылған
товарлар (сом)
жәрмеңке өткізілген мерзім
Барлығы
20 мамыр – 20 маусым
15 қыркүйек - қазан
мал және мал
өнімдері
1 197 692
320 814
1 518 496
астық
40 110
24 190
64 300
мануфактура
434 935
205 830
640 765
ағаш, темір
7 760
4 575
12 335
басқа әр түрлі
заттар
60 710
20 800
81 510
барлығы
1 741 207
576 209
2 317 416
202
Ойыл жәрмеңкесі Гурьев, Орал, Ақтөбе уездері және Орынбор,
Самара, Троицк қалаларымен, көшпенді қазақ ауылдарымен тығыз
сауда-саттық қатынастар орнатты. Патша үкіметінің чиновнигі, генерал-
адъютант Н.Крыжановский: «Үш уездің қазақтары Ойыл өзені мен
оның салаларын бойлап көшіп жүреді. Олардың сауда қатынастары
Оралмен тығыз байланысты, сонда өз малдарын сатып, өздеріне қажет
товарларын сатып алады», - деп жазған болатын.
Медицина докторы А.Поленов «Бөкей Ордасындағы және онымен
шекаралас жерлердегі сауда-өнеркәсіп жолдары» деген еңбегінде Ойыл
бекінісінің географиялық орналасу жағдайына баса назар аударған:
«Оралдан 218 шақырым шығысқа қарай Ойыл бекінісі орналасқан.
Ойылдан әрі шығыста шамамен 200 шақырымдай жерде Темір бекінісі
бар. Екі елді мекен де Оралдың арғы бетіндегі отырықшылықтың
орталығы болып табылады және Арал жағалауынан, Хиуа, Бұқара,
Персиядан Орынборға, Елек пен Оралға баратын сауда және көш
жолдарының бойына орналасқандықтан тораптық маңызы бар,
сонымен қатар жыл сайын жәрмеңкелер өткізіледі» деп атап көрсеткен
болатын.
А.Поленов өз еңбегінде Ойыл жәрмеңкесінің артықшылықтарына
ерекше тоқталады. «Ойыл жәрмеңкесінде (күзде-14 қыркүйекте, жазда
– 1 шілдеде) халық өте көп жиналады және қызу сауда жүргізіледі.
Әсіресе мал саудасы жақсы жолға қойылған, сатып алынған малдың
біразы Калмыковқа, енді бір бөлігі солтүстік-бастысқа Оралға және
солтүстікке – Орынборға Ойылдан осы елді мекендерге апаратын
жолдар арқылы айдалады.
Жәрмеңкеде сонымен қатар өте көп Азиаттық товарлар керуен
жолдары арқылы Хиуадан, Бұқарадан және басқа да Орта Азиялық
иеліктерден әкелінеді. Осы товарлар Ойылға жеткен соң ұсақ
партияларға бөлінеді: товардың бір бөлігі батысқа Калмыковқа, енді бір
бөлігі солтүстік батысқа – Оралға жіберіледі. Алғашқы бағытқа
жүргіншілері көп Ойыл-Калмыков сауда қатынас жолы апарса, екінші
бағытқа Ойыл – Орал почта трактасымен баруға болады, одан әрі жол
Елекке жеткізеді.
Ойыл жәрмеңкесі Оралдың оңтүстіктегі әскери территориясы және
шығыстағы Бөкей Ордасымен Новобогат поселкасы және Сарайшық
фортына соғып Гурьевке баратын жол арқылы қатынас жасайды. Ойыл
жәрмеңкесі арқылы сондай-ақ Қоңырат-Орынбор керуен сауда жолы
өтеді. Қоңырат-Амудария бойындағы алғашқы Хиуа қаласы.
Ойыл маңындағы жақын елді мекендерде тұрақты базарлар жұмыс
жасаған. Байбарақ шатқалында Қаймақтыда, Жымпитыдағы базарлар
Ойыл жәрмеңкесімен тығыз байланыста болған. Осы жерлерден
(линияға) «шепке» Калмыковқа сауда қатынас жолдары қалыптасқан.»
(20)
203
Азиаттық товарлар Ойыл жәрмеңкесінен Калмыков-Казанка
арқылы Хан ставкасына жеткізіліп, Жәңгір хан жәрмеңкесімен бүкіл
ордаға тараған.
Ескі керуен, ат-арба, түйе-арба жолдары Ойыл жәрмеңкесін
Орынбор айырбас сарайымен жалғастырды. Ойыл-Орынбор керуен
жолы: Ойыл бекінісінен басталып, одан әрі қарай Жүндісай, Саралжын,
Ақкемер, Төбеқұдық, Қарағанды, Суықбұлақ, Ешкіқырған, Жиренқопа,
Томарөткел, Тұзтөбе, Доңыз арқылы Орынбор айырбас сарайына
жеткен. Саудагерлер үшін Ойыл жәрмеңкесі орталық болып табылған.
Ойылдан Жайықтың арғы бетіндегі далалық алқапқа керуен жолдары
тарайды, оның шексіз сауда маңызы болды. (21)
Ойылдың көктемгі, күзгі жәрмеңкелеріне Гурьев көпестері де
қатынасты. Х1Х ғасырда Гурьев (Үйшік) және Ойыл (Көкжар)
жәрмеңкелерінің арасын жалғаған керуен сауда жолы қалыптасты. Бұл
сауда жолымен саудагерлер Ойыл (Көкжардан) шығып Қамыскөл,
Шағанкөл арқылы Жақияның үстімен Құрманғазы, Мұсабекпен,
Тайсойған құмымен, Сағыз, Ойтаң, Шортанбай Алабас, Бозой, Мақат,
Доссор арқылы Гурьев (Үйшік) жәрмеңкесіне өз товарларын жеткізген.
(22)
Ойыл (Көкжар) жәрмеңкесі сонымен қатар Ырғыз, Маңғыстау
өңірлерімен және Орта Азия көпестерімен сауда-саттық байланыстарын
орнатқан. Бұл жәрмеңкеге Хиуа, Бұқара, Қарақалпақстаннан
саудагерлер көп жиналған. Ауғанстан, Персия жерлерінен келген түйе
керуендері бұл өңірге таңсық әртүрлі товарлар әкелген.
Көкжар жәрмеңкесінде қазақтар орыс, татар, Орта Азия көпестері
әкелген товарларға: мата, ыдыс-аяқ, қант-шай, кептірілген жеміс-жидек
т.б. мал және мал шаруашылығының өнімдерін (түйе, қой жүндерін,
ешкі түбітін, мал және аң терілерін, елтірі, ішік-тон т.б.) айырбастаған.
Жәрмеңкеде саудагерлер мен жергілікті қазақтар арасындағы сауда
негізінен айырбас жасау сипатында болды.
«Обзор Уральской области» жылнамалық журналының деректері
бойынша 1900-жылғы көктемгі Ойыл жәрмеңкесінде 1 588 561 рубльдің
товары сатылып, күзде 636 936 рубльдің товары сатылған. Сөйтіп екі
жәрмеңкеде сатылған товарлардың жалпы бағасы 2 225 497 рубльге
жетті. Осы жылы екі маусымда өткен Ойыл жәрмеңкесінде 1 428 549
сомның мал және мал өнімдері, 16 630 рубльдің әр түрлі астық өнімдері,
521 740 рубльдің мануфактуралық товарлары, 19 540 рубльдің ағаш
және темір бұйымдары, 147 040 рубльдің әр түрлі заттары сатылды.
1900-жылы көршілес Темір жәрмеңкесінде 20 мамыр мен 20 маусым
аралығында 821 210 рубльдің товарлары сатылған. Осы жолы Орал
облысының Ойыл және Темір жәрмеңкелерінде сатылған товарлар 3
046 707 рубльге жетті. 1900-жылы Орал әскери территориясында
204
орналасқан 7 жәрмеңкеде (Камен, Иртек, Калмыков, Сламихин, Гурьев,
Ташлин, Ілбішін) сатылған товарлардың бағасы 1 801 821 рубль құрады.
Ерекше атап көрсететін нәрсе, 1900-жылы Ойылда өткізілген
жәрмеңкелерге 2 455 532 рубльдің товарлары әкелініп, 2 225 497
рубльдің товарлары көктемгі және күзгі жәрмеңкелерде сатылған,
сөйтіп әкелінген товарлар түгелге жуық өткізілген. (23)
Ресей империясының Қазақстан территориясында Ойыл (Көкжар)
жәрмеңкесінің алатын орны туралы 1903-жылы жарық көрген «Россия.
Толық географиялық сипаттама» деп аталатын географиялық
энциклопедияда: «Орал облысында айтарлықтай үлкен жәрмеңке –
Ойыл жәрмеңкесі, мұнда товар айналымы 3,5 миллион рубль құрайды.
Осы облыстағы Калмыков жәрмеңкесі – 2,3 миллион рубль, Гурьев
жәрмеңкесі – 160 мың рубльге дейін құрайды. Семей облысында
Қарқаралы үезіндегі Қоянды (Ботовский) жәрмеңкесі бірінші орын
алады, мұнда товар айналымы 1644 мың рубльге жетеді. Торғай
облысындағы негізгі жәрмеңке Ақтөбеде – 326 мың рубль, Қостанайда
өткізілген 2 жәрмеңкенің товар айналымы 614 мың сом, Торғай
жәрмеңкесі – 186 мың рубль, Ырғыздың екі жәрмеңкесі – 297 мың рубль
құраған» - деп жазылған болатын. (24)
1902-жылғы Ойыл жәрмеңкесінде сатылған товарлар негізінен мал
және мал өнімдері болды. Осы жылы Ойыл және Темір
жәрмеңкелерінде сатылған мал және мал өнімдерінің жалпы бағасы 2
967 641 рубльге жетті. Ойылда өткен көктемгі жәрмеңкеде 1 429 367
рубль 50 тиынның, күзгі жәрмеңкеде 384 533 рубльдің мал және мал
өнімдері сатылды. Ойыл жәрмеңкесінде 1902 жылы жылқы 32 рубль 41
тиын, мүйізді ірі қара 27 рубль 77 тиын, қой 5 рубль 05 тиын, түйе 52
рубль 88 тиынға сатылды. Темір жәрмеңкесінде әрбір басы осындай
орта бағамен мал сатылып, барлығы 642 560 рубльдің мал және мал
өнімдері сатылған.
Ойыл жәрмеңкесінің 1901-1910 жылдар арасындағы даму
динамикасын мына кестеден анық көреміз: (25)
Жәрмеңке
өткізілген
Сатылған негізгі товарлар (рубль)
жыл-
дар
мерзім
мал,
мал
өнімдері
астық
Мануфак
тура
ағаш,
темір
басқа
заттар
барлығы
1901
20.05-
20.06
1100085
34130
360000
16000
194750
1704965
15.09-
15.09
352349
14160
134690
6300
41430
548829
1902
20.05-
20.06
1429367
42000
353750
17200
-
1842317
15.09-
15.09
384533
24900
151110
2500
25605
588698
205
1903
20.05-
20.06
1654865
64300
410115
12875
-
2142155
15.09-
15.09
459282
10850
186330
3230
-
659692
1904
20.05-
20.06
1633560
64770
382915
12800
65200
2159235
15.09-
15.09
423218
4600
184700
3400
25350
641268
1905
20.05-
20.06
1610663
64680
557958
14260
72200
2319761
15.09-
15.09
448142
4500
163360
4350
20200
640552
1906
20.05-
20.06
1209823
7000
71850
4100
44650
1337423
15.09-
15.09
4292285
6500
76100
3900
16990
532775
1907
20.05-
20.06
1860590
98004
445800
11280
144330
2560004
15.09-
15.09
111622
7410
75800
5740
50010
250582
1908
20.05-
20.06
1220363
33580
470850
14750
14225
1883768
15.09-
15.09
541274
11225
107024
22909
117013
799445
1909
20.05-
20.06
666337
10100
161350
8440
31800
878027
15.09-
15.09
398447
1500
57950
7310
3500
468707
1910
20.05-
20.06
800212
36200
227670
17800
-
1081882
15.09-
15.09
312717
6000
257400
5250
-
581367
Ойыл жәрмеңкелеріндегі негізгі сатылатын товар мал және мал
өнімдері болды. Соғыстың басталуына байланысты 1914, 1915
жылдары Ойыл жәрмеңкесіне әкелінген астық өнімдері күрт
төмендеді. Егер 1912-жылы көктем мен күздегі жәрмеңкені қосып
есептегенде 68 мың рубльдің астық өнімдері сатылған болса, 1914-
жылы астық сату 43,3 мың рубльге төмендеді, ал 1915-жылы сатылған
астық мөлшері 37,2 мың рубльге дейін азайып кетті.
Осы жылдары Ойыл жәрмеңкесінде сатылған мал және мал
өнімдерінің жалпы мөлшері тұрақты түрде өсіп отырды. 1912-жылы
көктемде 1 147 507 рубльдің мал шаруашылығының өнімдері сатылып,
1914-жылы көктемде 1 246 763 рубльдің мал мен мал өнімдері өткізілді,
ал келесі 1915-жылы бұл көрсеткіш көктемде 1 760 678 рубльге жетті.
206
Ойыл жәрмеңкесінде 1912, 1914, 1915-жылдары сатылған товарлар
туралы мәлімет: (26)
Жәрмеңке
өткізілген
Сатылған заттар (рубль)
жыл
мерзім
мал,
мал
өнімдері
астық
мануфактура
ағаш,
темір
әр
түрлі
басқа
заттар
барлығы
1912
көктем
1147507
64000
244550
5900
350
1462307
күз
1272443
4000
510700
7200
3000
1833343
1914
көктем
1246763
30300
363460
10175
-
1650698
күз
233126
13000
253875
8320
-
508321
1915
көктем
1760678
21280
462560
13675
-
2558193
күз
285949
16000
87590
950
-
390489
Мал мен оның өнімдерін күзгі жәрмеңкелерде сату қарқыны
азайды. 1912-жылы күзгі жәрмеңкеде 1272443 рубльдің мал
шаруашылығының товары сатылған болса, 1914-жылы 233126 мың
сомның, келесі 1915-жылы 285949 мың рубльдің мал және мал өнімдері
айырбасталып, сатылды.
1915-жылы Ойыл (Көкжар) жәрмеңкесінде «Әскерлерге, һәм
олардың үйде қалған бала-шағаларына жәрдемші уақытша мұсылман
орталық комитетінің ұсынысы бойынша Халел Досмұхамедовтың
тікелей ұйымдастыруымен бірінші дүние жүзілік соғысқа жәрдемге
6126 рубль 50 тиын жиналып, тиісті орындарға жеткізілді.
Орал облысының әскери губернаторы Хабалов өзінің 1915-жылғы
12-тамыздағы № 28 – жарлығымен: «Жазғы жәрмеңкеде қазақтардан
соғыс керегіне көмек көрсету істерінде өте ыждағат танытып, «мұндай
ізгі істе басшылық қылушы қазақтың оқыған көзі ашық адамдары
доктор
Х.Досмұхамедовке,
А.Жолдасбаевқа,
Д.Мырзағалиевқа,
Д.Меңдібаевқа, Ш.Есеновке және Д.Мергеновке шын көңілмен тәңір
жарылқасын айтады». (27)
Ресей статистикалық комитетінің 1911-жылғы деректері бойынша
Көкжар жәрмеңкесінің товар айналымы 2 млн. 140 мың рубльге жетіп,
Көкжар жәрмеңкесі Ресей империясының сол кездегі ең ірі 13
жәрмеңкесінің ішінде товар айналымының көлемі бойынша 9-шы орын
алған. (28)
Достарыңызбен бөлісу: |