§ 1. Орал қаласы мен уезіндегі сауда қатынастарының дамуы
Жайық қалашығының іргетасы (қазіргі Орал қаласы) 1584-1586
жылдары қаланды. Алғашқы көшіп келген мекенін казактар Көгілдір
қалашық деп атаған. Бұл қалашық Електің Жайыққа құятын жерінде
орналасты. Кейіннен ХVІІ - ғасырдың басында 1601 - жылы казактар
қалашықты Кирсанов жарына ауыстырған болатын.Сөйтіп жаңа елді
мекен Кирсанов қалашығы деп атала бастады. Бірақ қалашық
орналасқан жерді қыста қалың қар басып, жазда құм борап
қоныстанушыларға
өте
көп
қиындықтар
туғызды.Сондықтан
қоныстанушы казактар қалашықтың орнын қайтадан ауыстыруға
мәжбүр болды. 1613-жылы Жайық өзенінің саласы Шаған өзенінің
жағасына жаңа қалашық бой көтерді. Қашқын казактардың жаңа
қонысы Жайық қалашығы деп аталды. (1)
Қашқын казактар ерікті казак қауымын және Жайық казак әскерін
құрды.1718-жылы Ресей патшасы казак әскери атаманының сайлану
тәртібін өзгертіп, өзінің өкілін тағайындау тәртібін орнатты. 1723-1724
жылдары патша эмиссары И. Захаров казак әскерінің санағын
өткізіп,әскер құру тәртібін түбегейлі өзгертті. Сөйтіп казак әскері
тікелей патшаға бағынатын болды. 1744-жылы Жайық қалашығы
фортификация ережесіне сәйкес бекітіліп, жарты ай тәрізді иіле
орналасып, бруствер салынып, ормен қоршалып, биік үйме топырақ
үстіне пушкалар орналастырылды. 1751-жылы Жайық қалашығында
үлкен өрт болып 2263 үй, шіркеу кеңсе т.б. құрылыстар түгел жанып
кетті. 1768-жылы қалашық қайтадан бой түзеді. Ағаштан салынған
үйлер саны 3 мыңнан асып, орталық көшеде әскери канцелярия
ғимараты, екі шіркеу, собор, әскери атаман және әскери-казактардың
жоғарғы шенді басқа да бастықтардың үйлері орналасты. Қала халқын
күнделікті тұрмысқа қажетті товарлармен қамтамасыз ету үшін сауда
қатынастары
дами
бастады.
Базарлар
мен
жәрмеңкелер
ұйымдастырылып, кейін тұрақты сауда орындары қалыптаса бастады.
Орал қаласында сауда қатынастары Ресей империясында сауда
капиталының дамуына байланысты тез өркендеп өсе түсті. ХІХ-
ғасырдың 70-жылдары Жайық өзенімен сауда кемелері жүргізіліп,
алғашқы баржалар өзеннің бастау алатын тұсынан Орал қаласына астық
өнімдерін тасу жүзеге асырылды. 1880-жылы көпестер - ағайынды
Ванюшиндер өзенге тұңғыш сүйретпелі пароход салып, Орал мен
Орынбор арасына товар тасыды.
Бұл кезде Орал қаласының халқының негізгі бөлігі әскери казактар
болды. Сонымен бірге қаладағы мемлекеттік қызметкерлер мен олардың
160
отбасының мүшелері қала тұрғындарының едәуір бөлігін құраған
болатын.Орал қаласының тұрғындарының саны жыл санап ұсақ
буржуазия-кәсіпкерлер есебінен толығып отырды. Олардың саны
көпестер және ауқатты шаруалармен арта түсті. Саудагер көпестер мен
ауқатты шаруалар қаладан үй салып, сатып алып, тұрақты сауда жасау
үшін лавкалар тұрғызып, ұсақ өндіріс орындарын аша бастады.
Орал қаласы ежелден керуен сауда жолында орналасқан болатын.
Осы жерде Орта Азиядан басталған керуен саудасының жолы аяқталып,
Қоңыраттан, Бұқара мен Хиуадан әкелінген товарлар жергілікті халыққа
малға айырбасталып, ақшаға сатылды. Сонымен қатар Орал қаласы өте
үлкен ауыл шаруашылық және балық өндірісінің өнімдері сатылатын
орталыққа айналды.Орал қаласы өзінің өте қолайлы географиялық
орналасу жағдайымен ерекшеленді. Орал қаласының қазақ даласымен
шектес орналасуы оны қазақтардың мал және мал өнімдерін өткізетін
сауда орталығына айналдырды. Орал қаласы арқылы қазақтардың малы
мен басқа да шикі заттары Нижегород жәрмеңкесіне жеткізілді. Орал
қаласының ірі сауда орталығына айналғандығы туралы Ресей
мемлекеттік чиновнигі 1868-жылғы өз есебінде былай деп атап
көрсеткен болатын: «Орал қаласының сауда орталығы ретіндегі
маңызы тек қана Орынбор өлкесінде ғана емес жалпы Ресей
империясының
көлемінде
де
артып
келеді.
Өзінің
әскери
территориясында өндірілетін мал, сало, ет, жүн, тері, балық, уылдырық,
желім, вязиги, бидайдан басқа, Орал қаласы арқылы қазақтардың да
өнімдері сауда айналымына түседі». (2)
Орал қаласынан ескі заманнан бері әр түрлі тарапқа жүк жолдары
тарады, олардың ішінде ең ірісі Самара жолы болатын. Бұл жол
Оралдан Красновск және Соболевск станицалары арқылы Николаевск
уезінің территориясының үстімен Самараға жетті. Осы жолдың жалпы
ұзындығы 225-280 шақырым болатын. Оралдан Бұзылыққа апаратын
жолдың ұзындығы 180 шақырымға теңелді. Оралдан Орынборға
баратын сауда жолы кейін темір жол салынған соң өз маңызын
жоғалтты. Ұзындығы 280 шақырым болатын Орал –Балаково сауда
жолы Чижинский форты арқылы өтті. (3)
ХVІІІ - ғасырдың 30-40 жылдарына дейін Кіші жүз қазақтарының
орыс жұртымен сауда қатынасы аса жоғары дәрежеде дамыған жоқ.
Орынбор және Троиц қалаларының ірі сауда орталығына айналуына
байланысты Батыс Қазақстан территориясында сауда қатынастары
жандана бастады. Ерекше ескеретін нәрсе патша үкіметі қазақтармен
сауда ісін жергілікті патша әкімшіліктің бақылауында ұстауға тырысты.
Сондықтан 1750- жылы Жайық бойындағы барлық бекіністерде
қазақтармен айырбас саудасын жүргізу ісіне тиым салынды. Осы
жарлыққа байланысты сауда тек қана Орынбор, Троиц қалаларында
жүргізіліп, Жайық бойындағы бекіністерде қазақтармен тек қана астық
161
және шөп айырбастауға ғана рұқсат етілген болатын. Кейінірек бұл
шара өзін ақтамаған соң айырбас саудаға шек қойылмайтын болды.
1750-жылы Орынборда қазақтар мен Орта Азия саудагерлеріне
айырбасталған товарларға белгілі мөлшерде бағалық шек (такса)
қойылып, осы бағадан төмен бағаға зат сатуға, айырбастауға тиым
салынды. Айырбас саудасы әскери казактар үшін өте пайдалы болды.
Қазақтармен айырбас сауда орыс көпестеріне байлық жинауға
мүмкіндік берді.Осы мақсаттың жүзеге асуына И.И.Неплюев пен
А.И.Тевкелевтің Орынборда Орта Азиямен сауда қатынастарын орнату
үшін монополиялық компания құру жөніндегі 1751- жылы шетелдік
(сыртқы) істер жөніндегі Коллегияға ұсынған жобасы көп әсерін тигізді.
Осы жоба орыс көпестерінің қазақ жерінен өте көп пайда табуына жол
ашты.
Орал облысы 1869 жылы құрылды. Оның территориясы 284 411
шаршы шақырым жерге орналасқан. Орал облысы жерінің кеңдігі
бойынша Ресей империясының губерниялары мен облыстарының
арасында 19-орын алды. Европалық Ресейде жер көлемінен Орал
облысы 4-орын, Орта Азиялық иеліктер арасында 8-орында болды.
Орал облысының территориясы географиялық жағынан солтүстікте
Орынбор және Самара губернияларымен, батыста – Самара
губерниясының бір бөлігі және Ішкі Бөкей Ордасының жерімен,
солтүстік шығыста Каспий теңізінің жағалауымен, шығыста – Торғай
облысымен және Арал теңізінің жағалауымен, оңтүстікте – Закаспий
облысы және Каспий теңізінің жағалауымен шектесті. (4)
Облыстың жер көлемі 284412 шаршы шақырым, тұрғындарының
8,7 % -ін қала халқы, 25,8 %-ін – орал казактары, 65,4 %-ін қазақтар
құрады.
1897 жылғы санақ бойынша облыста 645121 адам болды, оның
460173-і Кіші жүз қазақтары болды. (5)
Орал облысы 4 уезге бөлінді. Облыс орталығы Орал қаласында
орналасты, Орал уезінің орталығы да Орал қаласы болды. Гурьев
уезінің орталығы Гурьев қаласында, Қалмыков уезінің орталығы
Қалмыков поселкасында, ал Эмба (Жем) уезінің орталығы Эмба
селосында орналасты.
1881-жылы Батыс Қазақстанда Орынбор генерал губернаторлығы
таратылды да облыстар мен уездердің шекарасы жаңадан бекітілді.
Орал облысында бұрынғы Эмба (Жем) уезінің орнына Темір уезі,
Қалмыков уезінің негізінде 1904 жылы Ілбішін уезі құрылды. Торғай
облысында Елек уезі 1891-жылы Ақтөбе, Николаев уезі – Қостанай уезі
болып аталды.
Х1Х-ғасырда Батыс Қазақстан регионы өмір салты, тұрмысы,
мәдениеті және шаруашылық жүргізу формаларына сәйкес саяси-
әкімшілік және экономикалық жағынан тығыз байланысқан ерекше екі
162
бөлікке бөлінді. Облыстың солтүстік бөлігінде Орал өзенінің жағалауын
бойлай орналасқан Орал әскери казактар территориясы және Орал мен
Еділ аралығын және Жайықтың сол жағалауын жайлаған жергілікті
қазақтар мекендеген жерлер.
Орал әскери казактарының территориясы әскери принциппен 3
бөлімге бөлінді:
1.
Орал бөлімі
2.
Калмыков бөлімі
3.
Гурьев бөлімі
Осы 3 бөлім 30 станицадан тұрды.
1898-жылы Орал бөлімінің құрамына: бірінші, екінші Орал,
Тренинская,
Рубежинская,
Кирсановская,
Бородинская,
Благодарновская, Красная Умет, Соболевская, Круглоозерная, Илецкая,
Студеновская, Мустаевская станицалары енді. Қалмыков бөлімінің
құрамына:
Каменская,
Чижинская,
Шаганская,
Скворнинская,
Бударинская, Кожехаровская, Горячино, Сахарновская, Калмыковская,
Кармановская, Глиненская, Сламихинская станицалары енді. Гурьев
бөлімінің
құрамына
Кулагинская,
Орловская,
Яманхалинская,
Сарайшық және Гурьев станицалары кірді.
Қазақтар мекендеген территория болыстар мен ауылдарға бөлінді.
1868-жылғы Ереже бойынша Орал уезінде 14 болыс, кейінірек 1897-
жылы 8 болыс, 1904 жылы Калмыков және Орал уезінің бір бөлігінің
негізінде құрылған Ілбішін уезінің құрамында 14 болыс (Сабанды
болысы Темір уезінің құрамынан қосылған), Темір уезінде 17 болыс,
Гурьев уезінде 13 болыс болды. (6)
Орал облысының осылай әскери казактар мекендеген территория
мен жергілікті қазақтар тұратын әкімшілік территориялық бөліктерге
бөлінуі патша үкіметінің тарапынан саяси-экономикалық қатаң
бақылауды күшейтті.
Қазақтарға бұрынғысынша қысы-жазы еркін көшуге тиым
салынды, қазақ руларының жерге орналасуының қатаң тәртібі бекітіліп,
басқарудың тұрақты жүйесі орнатылды, сөйтіп отарлық саясат
жүргізудің толық мүмкіндігі қалыптасты.
Сөйтіп қазақтардың бұрынғы дәстүрлі шаруашылық жүргізу
құралымы түбегейлі өзгеріске ұшырады. Дәстүрлі көшпенділік өмір
салты жаңа тарихи, экономикалық және саяси жағдайға бейімделуге
мәжбүр болды. Осының нәтижесінде ХІХ-ғасырдың орта кезінен
бастап Орал облысының әскери казактар қоныстанған және жергілікті
қазақтар мекендеген территорияда сауда қатынастары ерекше сипат
алып, жаңаша дами бастады.
1897-жылы Орал қаласындағы тұрғындар саны 36 мыңға жетіп,
Орал облысының халқы 600 мыңнан асты. Қала халқының негізін
163
орыстар құрады Орал қаласының тұрғындарының ұлттық құрамы
1897-жылғы санаққа сәйкес мынадай болды: (7)
Орыстар, украин және беларустер
31850 адам
қазақтар
499 адам
татарлар
3461 адам
қалмақтар
12 адам
мордвалар
213 адам
поляктар
145 адам
немістер
95 адам
еврейлер
101 адам
қалғандары (басқа ұлттар)
90 адам
1902-жылғы Орал облысының территориясындағы станицалар мен
болыстар саны туралы мәлімет: (8)
Уездер
Станицалар саны
Болыстар
саны
Станицалар мен
болыстардың жалпы саны
Орал
16
8
24
Лбищенск
10
15
25
Гурьев
5
17
22
Темір
-
22
22
Орал облысының территориясындағы ішкі сауданы екі категорияға
бөлуге болады:
1) облыс территориясына орналасқан уақытша сауда орындары,
яғни: базарлар мен жәрмеңкелер және айырбас сауда орындары.
2) қаладағы тұрақты сауда орындары: лавкалар мен дүкендер
(магазиндер)
Айырбас сауда сарайлары негізінен ХҮІІІ ғасырда әскери казактар
орналасқан ірі бекіністерде жұмыс жасап, аймақта қазақтармен сауда
ұйымдастыру ісінің негізгі формасына айналды. ХІХ- ғасырдыңорта
тұсында айырбас сауда түрлері сауда ісінің жаңа формасы
жәрмеңкелермен ығыстырыла бастады, кейінірек ХІХ- ғасырдың
соңына таман темір жолдардың іске қосылуына байланысты өзінің
маңызын мүлде жоғалтты. ХІХ- ғасырдың 70-80 жылдары Орал
облысында жәрмеңке саудасы аса жоғарғы қарқынмен дамыды.
1834-жылға дейін Орал қаласында жәрмеңкелер болған жоқ.
Қалада сауда жиындары (сьезд) жылына екі рет – маусым және
қыркүйекте - өткізіліп тұрды. 1834- жылы Орал қаласында екі
жәрмеңке: Петровск және Воздвиженск ашылды. Сөйтіп Орал қаласы
мен облысында сауда қатынастарының дамуында жаңа кезең басталды.
Сауда істері түгелімен жергілікті басқару орындарының құзырында
164
болып, қала мен облыс территориясында үнемі сауда жасау мерзімі мен
тәртібі бекітіліп, базарлар мен жәрмеңкелердің жұмысы тұрақты түрде
жүйелі және қатаң қадағаланып отырды.
Орал облысында тұрақты жұмыс жасап, мал және мал өнімдерін
сатуға рұқсат етілген базарлар мен жәрмеңкелердің өткізілетін
мерзімдерінің кестесі: (9)
1.
Сламихинск поселкасы- жәрмеңке 14-21 қыркүйек арасында.
2.
Иртецк поселкасы –жәрмеңке 6 күн бойы Ұлы посттың
(оразаның) 2-аптасынан басталады, базарлар-1-қазаннан 1-
сәуірге дейін.
3.
Калмыков қаласында - жәрмеңке 1-15-мамыр арасында.
4.
Орал қаласында – бірінші жәрмеңке 1-маусымнан 1-шілдеге
дейін, екінші жәрмеңке-25-тамыздан 15-қыркүйекке дейін.
5.
Озерный поселкесінде –базарлар 15-мамырдан 1-қазанға дейін.
6.
Каменск поселкесінде –базарлар 1-мамырдан 1-қазан арасында,
жәрмеңке 1-8 қазан арасында.
7.
Елек қаласында айырбас сауда ауласында-мал базары дүйсенбі
және сейсенбі күндері, қала базары-тұрақты түрде өткізіледі, 10
күндік мал базары 6- қаңтардан басталады.
8.
Орал қаласындағы айырбас сауда ауласында базарлар 1-
қаңтардан 1-тамыз арасында дүйсенбі және жұма күндері,
тамыздан жыл аяғына дейін қосымша сенбі күндері.
9.
Гурьев қаласындағы айырбас сауда ауласында (Соколькада)
базарлар 1- қазаннан 1-сәуірге дейін.
10.
Гурьев қаласында жәрмеңке 20-қазаннан 10-қарашаға дейін.
11.
Ташлинск поселкасында –жәрмеңке 15-тамыздан 1-қыркүйек
арасында, базарлар-1-сәуірден 1-қазан арасында.
12.
Соболевск поселкасында - базарлар әр дүйсенбі сайын.
13.
Ранневск поселкасында - базарлар масленница алдындағы
соңғы аптада.
14.
Лбищенск қаласында –жәрмеңкелер 29-тамыздан 5-қыркүйек
арасында, базарлар апта сайын жұма және сенбі күндері, бұл
жәрмеңкелерде мал және мал өнімдерін сатуға рұқсат етілген.
15.
Озерный поселкасында (Елек станциясының жанында) мал
және мал өнімдерін сататын базар әр апта сайын жұма күндері.
16.
Грязно-Иртецк поселкасында мал және мал өнімдерін сататын
базар әр апта сайын сенбі күндері.
17.
Головск поселкасында мал және мал өнімдерін сататын базар әр
аптаның сенбі күндері.
18.
Темір қаласында –жәрмеңке 20-мамырдан-20-маусымға дейін.
19.
Ойылда (Шиповск поселкасы) бірінші жәрмеңке 20-мамырдан
20-маусымға дейін, екінші жәрмеңке 15-қыркүйектен 15-
қазанға дейін.
165
ХІХ-ғасырдың 60-70-жылдарына дейін Орал қаласындағы Петровск
жәрмеңкесінің маңызы аса зор болды. 1866-жылы Орал жәрмеңкесіне
11339992 рубль тұратын товар әкелінді. (10) Жәрмеңкенің ашылу кезеңі
қазақтардың жазғы жайлауға шығуы мен әскери казактардың балық аулау
маусымының аяқталу кезіне сәйкес келді.Казактар аулаған балықтарын сатып,
өздеріне қажетті тұрмыстық товарларды сатып алуға мүмкіндік алды. Қазақтар
жәрмеңкеде мал және мал өнімдерін өткізіп, өндіріс және мануфактура
өнімдерін негізінен малға айырбастады.
1877-жылдан бастап Орал қаласы Батыс Қазақстандағы өте ірі
астық сауда орталығына айналды. ХІХ-ғасырдың 70-жылдары Орал
облысының халқы, әсіресе жергілікті қазақтар егін шаруашылығымен
тұрақты түрде айналыса бастады. Астық саудасының дамуына 1896-
жылы Орал-Рязань темір жолының пайдалануға берілуі де өзінің игі
әсерін тигізді. Жаңа темір жол салынғанға дейін қатынас жолының
нашарлығына қарамастан 3 миллион пұттан астам астық Орал
облысынан Орталық Ресейге шығарылды. Темір жол пайдаланылуға
берілген соң, жергілікті қазақтардың егін шаруашылығымен тұрақты
айналысуының нәтижесінде астық сату екі есе өсті.
1885-жылы Петровск жәрмеңкесінің товар айналымы 147584 рубль болды.
1886-1873 жылдары Орал облысының базарларында жалпы бағасы
1142560 рубль тұратын 1889400 пұт әр түрлі сортты астық өнімдері
сатылды, 4580169 рубльдің балық өнімдері сыртқа шығарылды. (11)
1892 жылы Орал облысының территориясында өткізілген 14 жәрмеңкелерде
2511967 рубль мал және мал өнімдерімен бірге басқа товарлар сатылды.
ХІХ-ғасырдың аяғына таман Орал қаласындағы жәрмеңкелердің
товар айналымы төмендей бастады. Оның басты себебі осы кезеңде Орал
облысының қазақ даласында Ойыл, Темір жәрмеңкелері мен әскер
территориясында Калмыков жәрмеңкесінің ашылып, бұрын Орал
жәрмеңкесіне қазақ даласынан келетін мал және.мал өнімдерінің енді
жақын дала жәрмеңкелерге түсуімен түсіндіруге болады. Сонымен бірге
Гурьевте екінші балық конторасы ашылып, енді балық өнімдері Гурьев
арқылы кемемен Астраханьға шығарыла бастады 1860-жылғы 500 мың
рубльден Петровск жәрмеңкесінің сауда айналымы. 1879-жылы 70 мың
рубльге дейін төмендеп кетті. Осы кезде Калмыков жәрмеңкесінде товар
айналымы жыл санап арта түсті.1885-жылы Калмыков жәрмеңкесінің
сауда айналымы 547333 рубль болса, 1897- жылы 957913 рубльге жетті.
1886-жылы Орал облысында 610 лавка, жұмыс жасап, оның 23-і
Орал қаласында орналасты. Қала лавкаларының сауда айналымы осы
жылы 3-5 миллион рубльге жетті. (12)
Сұраныстың өсуіне сай, сыртқа тасылған шикізаттың мөлшері де ұлғая
түсіп, 1881-1885 жылдар аралығында өлкеден 6282540 пұт өнім, 9 миллион
рубльді құрайтын 210 мың бас мал шығарылды. 1870-1874 жылдармен
166
салыстырғанда 1880-1883 жылдардағы Оралдан Ресейге тасылған бидайдың
жылдық орташа мөлшері – 23 %- ға, қара балықтың мөлшері – 16 %- ға өсті.
1885-1886 жылдары Орал облысынан сыртқа сатылған өнімнің
мөлшерін келесі кестеден көруге болады: (13)
Орал облысынан сыртқа сатылған өнімдер (рубльмен):
Жылдар
Астық
өнімдері
Балық
және
балық
өнімдері
Мал және
мал
өнімдері
Мияның
тамыры
Барлығы
1885
2.500.000
3.963.632
2.033.420
48.000
8.545.052
1886
2.785.000
4.996.740
1.896.340
18.000
9.696.380
1886 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда балық-
1.033.108 рубльге, астық өнімдері – 285 мың рубльге артық сатылды.
Ал, мал өнімдерінің 137.108 рубльге аз шығарылуы 1886 жылы Орал
облысы территориясындағы оба (чума) індетіне қарсы карантинмен
байланысты еді.
Орал облысында сол жылдардағы тұрақты, ішкі және айырбас
сауда айналымы ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде дами түсті.
Орал облысындағы тұрақты, ішкі, айырбас сауда айналымы:
(рубльмен)
Жылдар
Мал және
оның
өнімдері
Астық
Балық
және
оның
өнімдері
Мануфактура
лық және
отарлық
бұйымдар
Орман
ағаштары,
темір т.б.
Барлығы
1885
1.671.056
980.365
3.500.000
5.801.729
680.000
12.633.150
1890
790.808
94.425
3.947.744
2.675.754
316.306
7.825.039
Кестеден көрініп тұрғандай, 1890 жылы сауда айналымының
қысқаруы – сол жылы қанат жайған оба індетіне қарсы жүргізілген
шаралардың, егін шықпай қалғандықтан астық өнімдерінің азаюының
және, керісінше, жәрмеңкелердегі сауда-саттық ісінің кеңеюі
салдарынан туындады.
Облыс орталығы ретінде Орал қаласында сауданың дамуына өте
қолайлы жағдай қалыптасты. Сонымен қатар Ресеймен сауда
экономикалық байланыстардың тереңдеуіне Орал-Илецк, Орал-Саратов
темір жолдарының салынуының маңызы аса зор болды. Осы темір жол
тораптары Орал қаласын үлкен сауда транзит орталығына айналдырып,
оның Украина, Орск (Жаман қала), Саратов,өнеркәсіп аудандарымен
және Орта Азиямен темір жол арқылы сауда байланысын қамтамасыз
етіп, Орал қаласында сауда қатынастарының ерекше қарқынмен
дамуына өз ықпалын тигізді.
167
Рязань-Орал темір жолының Покровск-Орал желісі арқылы 1895-1900
жылдар арасында поездбен тасылған жүктердің мөлшері туралы
мәліметтер:
Сыртқа жөнелтілген товарлар (рубль есебімен): (14)
Товарлардың
атауы
1895
1896
1897
1898
1899
1900
Балық және
уылдырық
139991
374119
313683
531732
724630
492890
Мал өнімдері
183969
148813
205038
256031
373322
280183
Аз жылдамдықты
басқа жүктер
117876
96187
128885
230126
238094
262199
Бидай
2328107
2631987
1428083
2171579
817884
2249993
Тары
474394
1507981
1058731
786774
149172
464073
Басқа астық
өнімдері
247573
431310
247281
112229
401763
1230579
Үлкен
жылдамдықты
басқа жүктер
110589
90524
43811
41722
67501
53939
Барлығы
360299
5280921
3424912
4630193
2772366
5033856
Товарлардың
саны
1190
117113
8854
21458
12656
25672
Бұл таблицадан темір жол арқылы негізгі экспортқа шығарылған
товарлар қатарында астық, мал өнімдері және балық болғанын байқауға
болады. Астық өнімдерінің арасында бидай және тары ерекше орын
алды.
Сырттан әкелінген товарлар (рубль есебімен): (15)
Товарлардың атауы
1895
1896
1897
1898
1899
1900
Мұнай және керосин
167996
141783
327257
305730
286695
194589
Шәй және қант
86340
116871
111749
129455
150062
150277
Мануфактуралық
товарлар
85789
93333
170877
72598
181361
92526
Аз жылдамдықты басқа
жүктер
351053
525782
685246
1000176
1365896
1893698
Астық өнімдері
28619
37800
20113
101594
236117
80395
Үлкен жылжамдықты
басқа жүктер
11500
13406
11071
32325
13112
118682
Барлығы
731297
928975
1326313
1641878
213243
2423167
Орал облысына сырттан әкелінген импорттық товарлар ішінде
азық-түлік ретінде шай және қант ерекше орын алды. Сонымен қатар
168
көп мөлшерде астық өнімдері сырттан әкелінді. ХІХ ғасырдың аяқ
кезінде облысқа әкелінетін товарлардың арасында мұнай және
керосиннің үлесі арта түсті.
Орал қаласындағы тұрақты сауданың дамуы ХХ-ғасырдың басында
ерекше қарқын алды. Оны мына деректерден анық байқауға болады:
ХХ-ғасырдың басында Орал облысында товар айналымы 23920-
6000 рубль болды, ал империалистік соғыс алдында 29373459 рубльге
жетті. (16)
1902-1911 жылдар арасында Орал облысынан сыртқа шығарылған
товар өнімдерінің мөлшері жылына орта есеппен мынадай болды: (17)
Мал және мал өнімдері бойынша
11974000 рубль
Астық өнімдері бойынша
1500000 рубль
Балық өнімдері бойынша
5934000 рубль
Барлығы
18408000 рубль
Орал қаласындағы сауда лавкаларының айналымы туралы мәлімет: (18)
жылдар:
товар айналымы(рубль):
1913
18,5 миллион рубль
1914
28,2 миллион рубль
1915
31,7 миллион рубль
Алғашқы кезде Орал қаласының жергілікті тұрғындары сауда-
саттық істеріне аса көп араласпай, тек қана мемлекет шекарасын күзету
істерімен ғана шұғылданды. Кейінірек сауда қатынастарының кеңінен
өрістеп, керуен сауда жолдарының қалыптасуы, темір жолдың
пайдалануға берілуі және қазақ даласының сауда қатынастарына
тереңдеп енуіне сәйкес Орал қаласында сауда саттық істерімен
айналысатын адамдардың саны жыл санап арта түсті. Сауда ісімен
айналысатын саудагерлердің санының өсу динамикасын мына кестеден
анық көруге болады:
Орал облысы бойынша 1899-1915 жылдар арасында саудагерлерге
берілген құжаттар туралы мәліметтер: (19)
жылдар
Жылдық
Жарты жылдық
Барлығы
1899
3740
284
4024
1900
3689
514
4203
1901
3914
712
4626
1902
4352
525
4877
1903
4662
656
5318
1904
4880
584
5464
169
1905
4808
660
5468
1906
4425
520
4945
1907
4427
504
4931
1908
4431
518
4949
1909
4666
558
5224
1910
5030
578
5608
1911
5393
479
5872
1912
5402
663
6065
1914
5584
707
6291
1915
6172
598
6770
Орал қаласының ірі сауда орталығына айналуы туралы патша
үкіметінің чиновнигі генерал-адьютант Н. Крыжановский былай деп
жазған болатын: «үш уездің қазақтары Ойыл өзенін және оның
салаларын жағалай көшеді, осы араға жазда адайлар да көшіп келеді.
Олардың бәрінің сауда саттық істері Оралмен тығыз байланысты,
өйткені олардың барлығы өз малдары мен мал өнімдерін осында әкеліп
сатады, осы жерден өздеріне қажетті заттарды сатып алады». (20)
Орал облысындағы сауда–саттық ісінің даму дәрежін саудагерлерге
берілген сауда құжаттарының санының өсуінен де байқауға болады.
1898-жылы облыста 91197 рубль тұратын 7420 билет және куәлік
таратылса, 1903-жылы 7859 билет пен куәлік сатылып, одан қазына
пайдасына 112555 рубль түскен. (21)
ХХ-ғасырдың басында Гурьев облысының әскери территориясында
Оралда (Конская және Петров), Елек, Ранневск, Камен, Ташлы, Иртек,
Сламихин, Гурьев, Лбищенск, Калмыков жәрмеңкелері жұмыс жасады.
Орал облысының әскери казак территориясында ХХ ғасырдың бас
кезінде жәрмеңке саудасының кеңінен дамыған ерекше аймаққа
айналды. Оны 1899-1910 жылдар арасындағы әскери казак
территориясында жұмыс істеген жәрмеңкелердің товар айналымынан
(рубль есебімен) айқын көруге болады. (22)
Жәрмеңкелер
1899
1900
1901
1902
1903
1904
Илекская
-
-
-
-
25219
61563
Ранневск
-
-
-
-
-
-
Орал (конс.)
17226
-
-
12191
-
-
Орал (петр)
9215
-
28329
-
-
-
Камен
72770
109547
57980
102380
61117
134141
Ташлы
-
58649
35690
184050
14675
36625
Иртек
230895
145886
45232
155484
163370
124670
Сламихин
227114
248974
216089
1089112
336388
243100
170
Гурьев
133505
90855
69535
61700
49830
48232
Лбищенск
-
48017
83726
77338
-
129915
Калмыков
881890
1099893
1037614
-
798479
346530
Барлығы
1572615
1801824
1574195
1682258
1449078
1124776
Жәрмеңкелер
1905
1906
1907
1908
1909
1910
1
Илекская
17400
28467
29000
93254
12360
13720
2
Ранневская
3
Орал (кон)
4
Орал (петр)
50642
5
Камен
116134
59346
85000
212749
274400
6
Ташлинская
54693
104742
ящур
214799
279600
215000
7
Иртек
103002
90070
68390
415550
478850
209300
8
Сламихин
190853
215400
274600
178800
131500
271537
9
Гурьев
90130
77500
144841
192505
39860
-
10
Лбищенск
136569
152497
260583
220630
243172
335320
11
Калмыков
1136482
674145
1047997
1391567
282860
1128745
12
Чижинская
77480
Барлығы
1895905
1402167
1910411
3017854
1742602
2251102
* Ескерту: 1900 жылы әскери территорияда 3 жәрмеңке өткізілген.
Орал қаласында Конская жәрмеңкесі және Петров жәрмеңкесі, Ранневск
жәрмеңкесінің мәліметтері уақытында тапсырылмаған.
Сауда қатынастарының дамуына байланысты Орал облыында
астық өндіру ісі қарқынды дами бастады. Орал облысында 1877-1881
жылдары 46531 десятинаға астық егілді, ал 1887-1891 жылдары егіс
көлемі 46531 десятинаға жетті. 1906 жылғы мәліметтер бойынша Орал
уезіндегі 12631 жергілікті қазақ шаруашылықтарының ішінде 10506
шаруашылықтың (яғни 85,1 %) 71724 десятина егістік жері болды. Бұл
жергілікті қазақтардың арасында егіншілік улесінің жоғары екенін
танытады.
1908 жылы Темір уезіндегі 13392 шаруашылықтан 10434
шаруашылық (77,91 %) егіншілікпен айналысты, олардың 39336
десятина егістік жері болды. (23)
Орал, Темір уездерінің қазақтары әскери казактар территориясына
қоныс аударған казактар сияқты артық астық өнімдерін жәрмеңкеге
шығарып сатты.
Орал облысында астық өнімдері әскери казактар орналасқан
территорияда Илек, Ранневская, Орал, Каменская, Таллинская, Иртек,
171
Сламихин, Гурьев, Ілбішін, Калмыков, Чижинская жәрмеңкелерінде өте
көп мөлшерде сатылды.
Орал облысының әскери казак территориясында және қазақ
даласындағы жәрмеңкелерде 1912, 1914 және 1915 жылдары сатылған
астық өнімдері туралы мәліметтер: (24)
Базар өткен жерлер:
Астық өнімдері
1912
1914
1915
әскери территориядағы казактар
349400
1055860
1172991
басқа жақтан келгендер
144680
170655
155723
Барлығы
493980
1226515
1328714
Қазақ даласы
39390
519072
779467
Қазақтар
112440
барлығы
151830
519072
779467
Облыс бойынша
645810
1745587
2108181
Орал облысының территориясында өткізілетін жәрмеңкелерде мал
және мал өнімдерін сату жақсы жолға қойылды. Жәрмеңкелерге Ресей
империясының әртүрлі губернияларынан келген саудагер-көпестер
жылқы, сиыр, түйе және қой мен ешкіні сатып алып, Орал облысынан
Петербург, Москва қалаларына, Саратов, Орынбор губерниялары мен
Торғай облысына сатуға айдады. Сонымен қатар сатып алынған малдың
бір бөлігі Астрахань, Қазан, Ставрополь, Кубань губерниялары мен Дон
облысына және Баку, Петровск қалаларына және Воронеж, Харьков,
Самара, Тамбов губернияларына айдап әкетілді.
Орал облысының әскери казактар қоныстанған территория мен
жергілікті қазақтар мекендеген жерлерде өткізілетін жәрмеңкелерге
Орынбор, Самара және Торғай облыстарынан сату үшін мал айдап
әкелінген.
1902 жылы жәрмеңкелерге 22734 жылқы, 153951 мүйізді ірі қара
(сиыр), 4884 түйе 1008607 қой мен ешкі сатуға айдап әкелініп, облыстан
тысқары жерлерге 12906 жылқы, 73106 сиыр, 2786 түйе, 316690 қой мен
ешкі айдалған. (25)
1902 жылы Орал облысындағы әскери казактар қоныстанған
территориядағы жәрмеңкелерде орта есеппен мал бағасы мынадай
болды: (26)
жылқы - 35 рубль 42 тиын
сиыр - 27 рубль 88 тиын
қой - 5 рубль 37 тиын
түйе - 50 рубль 51 тиын
Осы жылы қазақ даласындағы Ойыл және Темір жәрмеңкелерінде
мал орта есеппен мынадай бағаға сатылды:
жылқы - 32 рубль 41 тиын
сиыр - 27 рубль 77 тиын
172
қой - 5 рубль 05 тиын
түйе - 52 рубль 88 тиын
Орал облысының жәрмеңкелерінде 1902-жылы сатылған және
жәрмеңкелерге сырттан әкелінген мал саны туралы мәлімет: (27)
Мал
Жылқы
Ірі
мүйізді
қара сиыр
Түйе
Қой мен ешкі
Орал облысы
1) қалаларға
6343
41361
738
268743
2) басқа жерлерге
3485
39484
1360
483174
барлығы
9828
80845
2098
691917
Облыстан сырт жерлерге
Петербург, Москва
19
34799
Губернияларға: Саратов, Орынбор,
Торғай облысы
11795
37789
2696
311105
Губернияларға: Астрахань, Қазан,
Ставрополь, Кубань, Дон облысы,
Баку, Петровск
904
4
90
5585
Губернияларға: Воронеж, Харьков,
Рязань, Симбирск, Тамбов
188
514
Барлығы
12906
73106
2786
316690
Айдалған малдың саны
22734
153951
4884
1008607
Айдап әкелінген мал
1. Облыс шеңберінен
13142
151462
3443
989016
2. Басқа губерниялардан және
облыстардан
Орынбор, Самара және Торғай
облысынан
9297
1003
1037
152
Астрахань губерниясынан
267
1486
242
14630
Петровск
105
Закаспий облысынан
28
57
5409
Айдап әкелінген мал саны
22734
153951
4884
100867
Сырттан әкелінгеннен сыртқа
әкетілген артық малдың саны
3314
70617
1345
297099
Орал уезі 2 әкімшілікке бөлініп, Жайықтың оң жақ жағалауына
Оралға қоныс аударған әскери казактары, ал сол жағалауға жергілікті
қазақ рулары жайғасты. Әскери территорияда Сламихинск, Иртецк,
Каменск, Ташлинск поселкелері мен Орал, Гурьев және Калмыков
қалаларында облыстағы ірі жәрмеңкелер өткізілсе, Жайықтың сол
жағындағы
кең
байтақ
қазақ
даласындағы
Темір
уезінің
территориясында Темір (Қарақамыс), Ойыл (Көкжар) жәрмеңкелері
жұмыс жасады.
Орал облысының әскери территориясы мен қазақ даласындағы
жәрмеңкелердегі сауда айналымының көлемі туралы мәліметтер: (28)
173
Жылдар
Әскери
территориядағы
жәрмеңкелер (рубль)
Қазақ
даласындағы
жәрмеңкелер (рубль)
1899
1572615
2923845
1900
1801821
3046707
1901
1574195
2253894
1902
1682258
3398175
1903
1449078
3509362
1904
1124776
4257078
1905
1895905
4676443
1906
1402167
3347195
1907
1910411
4893585
1908
3017854
4404881
1909
1742602
3198660
1910
2251102
3872760
1912
1960195
4978875
Ерекше атап өтетін нәрсе, Орал облысындағы қазақ даласындағы
Темір және Ойыл жәрмеңкелерінің сауда айналымы, әскери казак
территориясындағы жәрмеңкелерден бірнеше есе артық болды. Оның
басты себебі, Ойыл және Темір жәрмеңкелеріне Торғай облысының
Ақтөбе, Ырғыз уездерінің қазақ рулары көптеп қатынасты. Әсіресе
Ойыл жәрмеңкесінің орналасқан жері үш уездің – Орал, Гурьев және
Темір – қиылысқан жеріне орналасқандықтан оған мал және мал
өнімдерін әкелген жергілікті қазақ рулары өте көп болды.
Орал облысы территориясындағы жәрмеңке бірінші дүние жүзілік
соғыс алдында және соғыс жылдары өз даму қарқынын жоғалтқан жоқ..
1912 жылы облыс бойынша жәрмеңкелердің товар айналымы 2.150.389
рубль болса, казак территориясында 1.288.592 рубль, қазақ даласында
861.797 рубль болды.
1912 жылы Орал облысының жәрмеңкелерінде сатылған товарлар
туралы мәліметтер (рубль): (29)
Базар өткен
жерлер:
Мал
және
мал
өнімдері
Астық
өнімдері
Товарлар
(заттар)
Өнімдер Ағаш
Балық,
балық
өнімдері
Барлығы
Әскери
территориядағы
казактар
311508
349400
49420
550
4870
10500
726248
Басқа жақтан
келгендер
133944
144680
2461100
12500
24820
400
562344
Барлығы
445452
493980
295520
12050
29690
10900
1288592
Қазақ даласы
29167
39390
109440
15
2600
-
180612
174
Қазақтар
224815
112440
341300
-
2600
-
681185
Барлығы
254012
151830
450740
15
5200
-
861797
Облыс
бойынша
699464
645810
746260
13065
34890
10900
2150389
1914 жылы Орал облысы бойынша жәрмеңкелердің товар
айналымы 19.190.921 рубльге жетті. Әскери территориядағы
жәрмеңкелерде товар айналымы 16.936.826 рубль, қазақ даласындағы
жәрмеңкелердің товар айналымы 2.254.095 рубль құрады.
1914 жылы Орал облысының жәрмеңкелерінде сатылған товарлар
туралы мәліметтер (рубль): (30)
Базар өткен
жерлер:
мал
және
мал
өнімде
рі
астық
өнімде
рі
товарла
р
(заттар)
өнімде
р
ағаш
балық,
балық
өнімде
рі
барлығ
ы
әскери
территориядағ
ы
казактар
947880
105586
0
166260
2200
10150
518546
2700899
6
басқа жақтан
келгендер
46030
170655
1363833
0
243830
10945
0
27635
1423593
0
Барлығы
993910
122651
5
1380459
0
246030
11960
0
546181
1693682
6
Қазақ даласы
756817
519072
783646
27822
61163
105575
2254095
Қазақтар
барлығы
756817
519072
783646
27822
61163
105575
2254095
Облыс
бойынша
175072
7
174558
7
1458823
6
273852
18076
3
651756
1919092
1
1915 жылы Орал облысында өткізілген жәрмеңкелердің товар
айналымы 9.485.754 рубль құрады. Осы товар айналымның 7.451.777
рублі әскери казак территориясының үлесінде болды. Ал қазақ
даласындағы жәрмеңкелердің товар айналымы 2.033.977 рубль болды.
1915 жылы Орал облысының жәрмеңкелерінде сатылған товарлар
туралы мәліметтер (рубль): (31)
Базар өткен
жерлер:
мал
және
мал
өнімдер
і
астық
өнімдер
і
товарла
р
(заттар)
өнімде
р
ағаш
балық,
балық
өнімдер
і
барлығ
ы
әскери
территориядағ
ы казактар
118182
8
117299
1
43853
1250
10400
539320
294964
2
басқа жақтан
келгендер
240106
9
155723
1482005
242045
12900
0
92293
450213
5
175
Барлығы
358289
7
132871
4
1525858
243295
13940
0
631613
745177
7
Қазақ даласы
473440
779467
688850
30320
24000
37900
203397
7
Қазақтар
Барлығы
473440
779467
688850
30320
24000
37900
203397
7
Облыс
бойынша
405633
7
210818
1
2214708
273615
16340
0
669513
948575
4
Орал облысының әскер территориясындағы тұрғындардың негізгі
кәсібінің бірі балық аулау және балық өнімдерін өңдеп сауда жасау
болды. Орал облысында балық Орал өзенінің бойымен 1095 версть
(шақырым)
созылып,
Каспий
теңізінің
әскери
казактар
территориясымен шектес жерлерінде ауланды. Балық өңдеу ісінің
дамуына тұзы өте сапалы Индер тұзды көлінің жақын орналасқаны
өзінің жақсы әсерін тигізді Сонымен қатар балық өндірісі үшін
Қарабатан, Ембі (Жем) бойы көлдері, Тентек сор тұзды көлдер тобы,
Ескене көлінен өндірілетін тұздар пайдаланылды.Балық өндірісі
сонымен бірге Астрахань балық өндіру мекемесіне қарасты теңіз
бойында да ерекше қарқынмен дамыды. Осы өңірде 1908-жылы 19
балық аулау участкесі жұмыс жасады. Елді мекендер бойынша
(поселкалар) бойынша бұл өндіріс мекемелері былайша орналасты:
Ракуша поселкасында 2 балық өндіру мекемесі, Алисат поселкасында –
1, Прорва поселкасында – 1, қалғандары Жылы ой (қос) поселкасында
жұмыс істеді. 1908-жылы осы өңірдегі 19 участкадағы балық өңдеу
мекемелерінде 11443000 дана вобла (58583 пұт), 73400 дана бершовник
(8697 пұт), 1076 пұт вобла, 1128 пұт тарама уылдырығы дайындалды,
88000 дана сельдь, 419300 дана пузанка, ауланды. Қызыл балық: белуга
170 дана (485 пұт 30 фунт ), осетр 704 дана (554 пұт), севрюга 308 дана
(121 пұт 5 фунт), түйіршік дәнді қара уылдырық 62 пұт 8 фунт,
паюсный уылдырық 9 пұт 20 фунт дайындалды..
Жем өзенінің суларындағы балықшыларға балық аулау науқаны
кезінде ескекшілерге 70 рубль, аушыларға 100 рубль ақша ақы төленді.
Қазақ шаруалары Каспий теңізі жағалауларында орыстардың балық
кәсіпшіліктерінде көктем айларында 14 рубльге, күз айларында 30
рубльге жұмысқа жалданған. (32)
Орыс үкіметі Каспий теңізі мен Жем өзені суларынан балық аулау
ісін үнемі бақылап, өз назарында ұстап отырды. 1828-жылы 23-ақпанда
Балық және итбалық аулау өндірісі экспедициясының «Жем өзені
суларындағы балық аулау өндірісін көшпелі халықтардың шабуылынан
қорғау туралы» қаулысы қабылданды, ал 1830-жылы сенатор И.П.
Лавров Ресей қаржы министрлігіне Жем балық аулау участогынде
балықты жыртқыштықпен аулауға тиым салу туралы жоба ұсынды.
1833-жылы Астрахань балық кәсіпшілігі қоғамының депутаттары
176
«Каспий теңізіндегі балық аулауды ұйымдастыру, теңіздегі және өзендегі
балық аулауды жетілдіру» ісін зерттеп, әскери-казактардың балық аулау
ісіндегі өрескел әрекеттерін ашып көрсете отырып, Астрахан губернаторы
Татищевтің заңға қайшы келетін қаулы шығарып, Ресей патшасының 1802-
жылғы 27-тамыздағы және 1803-жылғы 2-қыркүйектегі жарлықтарын
бұзып отырғанын әшкереледі. Шынында да осы жарлықтарға сәйкес
Каспий теңізінің жағалаулары Орал казак әскерлерінің қарамағына
берілмегені, тек оларға Жайық өзенінің арналары мен жағалауларында
балық аулауға ғана рұхсат етілген болатын. Балық аулау кәсіпшілігін казак
орыстар өз қолдарына шоғырландыруға тырысты. Балық аулауға орал казак
әскерінен басқалар жіберілмеді.
Кіші жүздің шығыс бөлігінің қазақтары Уст-Уй және
Звериноголовской станицаларында жылына 2500 рубльге балық сатты.
Кіші жүздің батыс бөлігінде тұратын қазақтар 700 рубльдің балығын
осы
станицалардың
базарына
әкеліп
өткізді.
Балық
аулау
шаруашылығының дамуы ас тұзына деген сұранысты өсірді. Орынбор
шекара комиссиясының есебіне қарағанда 1857 жылы Кіші жүздің
шығыс бөлігіндегі қазақтар Орынбор линиясының бойында 248.923 пұт
тұзды 40 мың рубльден астам ақшаға сатқан. Базарларда 1 пұт тұздың
бағасы 18 тиынға жетті.
1875-жылы Орал (Жайық) өзені бойыннан жер аударылған Орал
әскери казактары Сырдария мен Амудария өзендерінің бойына
қоныстанды. Олар Сырдың Аралға құятын жерінен балық аулау ісін
жандандырды. Осы жерден ауланған балықты алыпсатарлар 1 рубль 20
тиын мен 1 рубль 80 тиынға сатып алып, Орынборда 4 рубльге сатты.
Орал облысында балық және балық өнімдерінің товар айналымы
туралы мәліметтер (рубль есебімен): (33)
Жылдар
Әскери казак
территориясында
Қазақ даласында
Барлығы
1902
6901109
479410
7380519
1903
5360041
319547
5679588
1904
3086683
223487
3310170
1905
4230516
219494
4450010
1906
3632750
190500
3823250
1907
4556217
201000
4757217
1908
4758740
205617
4964366
1909
2688072
2688072
1910
2203929
2203920
1911
1912
10900
10900
1914
562285
106575
668860
1915
641153
39400
680553
177
Қазақстанның батыс өңірінде сауда қатынастарында балық саудасы
ерекше орын алды. Балық аулау, балық өнімдерін өндіру және балық
тағамдарын пайдалану өзен-көл жағасында орналасқан қазақтар үшін
үйреншікті шаруа болатын.
Батыс Қазақстанның Каспий теңізі. Жайық, Қиғаш, Қамыс, Самар,
Жем, Сағыз, Ойыл және Қиыл өзендерінен ауланған әр түрлі сазан,
жайын, карась, вобла, ерш, майшабақ, кутум, минога, берш, көксерке,
нәлім, табан, қызылқанат, алабұға, ақбалық, шортан, шоқыр, қорытпа,
бекіре, қызылбалық, тарашка, аққайраң, жерех, қаражонды сельд,
ақамур сияқты балық өнімдерінен сапалы да дәмді балық тағамдары
дайындалып, халықаралық сауда айналымына шығарылды.
Орыс көпестері Орал, Астрахань облыстарынан және Бөкей
Ордасынан қазақтардан сатып алған балық өнімдерін Ресейдің батыс
және орталық губернияларына балық керуендерімен жиі-жиі жіберіп
тұрды.
1861 - жылы 31353 қорытпа, 47587 шоқыр, 198899 севрюга,
барлығы 277839 балық ауланып,7248 пұт 23 фунт уылдырық, 563 пұт 13
фунт балық желімі, 552 пұт 7 фунт балық жоны барлығы 8364 пұт 3
фунт балық өнімдері саудаға шығарылды. (34)
1875-жылы Астрахань қаласы арқылы 47960 килограмм қызыл
балық, 200354 килограмм қарабалық өнімдері, 1127 килограмм балық
желімі, 318573 килограмм кептірілген балық, 85564 килограмм
уылдырық, 875 килограмм қызылбалық жоны ішкі Ресейге жіберілген.
(35)
Темір жол қатынастарының дамуына байланысты балық өнімдері
Ресей губернияларына поезд арқылы тасыла бастады.
1895-1900 жылдар арасында поезд арқылы Орал облысынан сыртқа
жөнелтілген балық және уылдырық мөлшері туралы мәліметтер: (36)
1895
1896
1897
1898
1899
1900
139991
374119
313683
531732
724630
492890
1902-жылы Орал облысында өндірілген балық және балық өнімдері
туралы мәлімет: (37)
Балық товарының
сорттары
Жаңа
ауланған
Тұздалған
барлығы
Пұт фунт
Пұт фунт
Пұт фунт
Қызыл балық
уылдырығы
4200
11
7473
11
Қара балық уылдырығы
35290
38179
Балық және қызыл балық
193
18
193
18
Балық желімі
69
32
69
32
178
Вязига
2
2
Балық майы
197
10
197
10
Қызыл балық
28375
20
29035
1
57410
21
Қара балық
742069
25
2165501
21
2907571
6
1901-жылмен салыстырғанда 1902-жылы сыртқа балық және балық
өнімдерін шығару өсе түсті, уылдырық 1689 пұт 15 фунтқа, жаңа
ауланған және тұздалған қызыл балық 18897 пұт 14 фунтқа, жаңа
ауланған және тұздалған қара балық 1527655 пұт 35 фунтқа артты.
Сыртқа шығарылған балық және балық өнімдерінің бағасы 901109
рубльге тең болып, әскери территориядағы әрбір ер адамға шаққанда
106 рубль 02 тиыннан келді.
1902-жылы балық өндірумен 62283 кәсіпкер айналысып, олардың
қарамағында 6055 жұмысшы болды, балық аулауға 1923 кеме, 6117
қайық пайдаланылды.
1901-жылмен салыстырғанда кәсіпкерлер саны 25687адамға
жұмысшылар саны1941 адамға, кемелер саны 1016 данаға, қайықтар
саны 5324 данаға артты.
1908-жылы Орал облысында сыртқа шығарылған балық өнімдері
туралы мәлімет: (38)
Жаңа
ауланған
Тұздалған
Барлығы
Балық товарының сорттары
Пұт фунт
Пұт фунт
Пұт фунт
Қызыл балық уылдырығы
2589
06
2598
06
Қара балық уылдырығы
11698
34
11698
34
Балык (қызыл балықтан)
1697
39
1197
39
Балық желімі
12
37
12
37
Балық майы
216
17
216
17
Қызыл балық
141954
15
25965
02
167919
17
Қара балық
357296
727562
1084858
Ақ балықтар
6155
13
6155
13
1908-жылы өткен 1907-жылмен салыстырғанда қызыл балықтың
уылдырығы 368 пұт 23 фунтқа, жаңадан ауланған және тұздалған қызыл
балықтың еті 43158 пұт 287 фунтқа, жаңадан ауланған және тұздалған
қара балық 985942 пұт19 фунтқа кем шығарылды. Сырқа шығарылған
барлық балық өнімдерінің бағасы 4758749 рубль 27 тиын болды, әскер
территориясындағы әрбір жанға шаққанда 64 рубль 68 тиын құрады.
Тұрақты және жәрмеңке саудасының дамуын қамтамасыз ететін іс-
шараларды іске асыру нәтижесінде Орал қаласының Ресейдің азиаттық
сауда орталығы ретінде маңызы арта түсті. Сөйтіп ХХ ғасырдың
179
басында Орал қаласы Батыс Қазақстандағы ең ірі сауда орталығы
ретіндегі жетекші рольге ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: |