§ 3. Маңғыстау уезінде сауда қатынастарының даму ерекшеліктері
Маңғыстау уезінде патшалық Ресейдің саяси-экономикалық
үстемдігінің орнауы 1833-жылы Ресей сыртқы істер министрлігінің
Маңғыстау түбегіндегі Қайдақ соры маңындағы Қызылтас мүйісінен
әскери бекініс салу туралы шешімінен басталады. Орыс үкіметі осы
бекіністі салу үшін 52 мың рубль қаржы бөлді. 1834-жылы Қызылтаста
500 әскер орналасатын Ново-Александровск қамалы салынып,
пайдалануға берілді. 1834-жылы тамыз айында Ново-Александровск
қамалын генерал–губернатор Перовский келіп көрді.
Бұл оқиға туралы Орынбор соғыс губернаторы В.Перовский
Сыртқы істер министрі К.Нессельродқа 1984 жылғы тамызда былай деп
хабарлады: «22 шілде күні Ново-Александровск бекінісінің салтанатты
ашылуы атап өтілді. Кешкі сағат 8-де солдаттар сапқа тұрғызылып,
шіркеу парады өтті. Одан соң командалар төрт бұрыш жасап шырқ
айнала сапқа тізілді. Жер тізерлеп мінәжат жасалып, аса мәртебелі
монарх пен император әулетінің ұзақ ғұмыр сүруіне тілек айтылған
кезде жаңа қорғанның қабырғасынан 101 дүркін зеңбірек атылды.
Сонымен жаңа бекініс пен ондағы алғашқы үйлерге патиха жасалды.
Священник шіркеу адамдарының, чиновниктердің қоштауымен
иконаларды, киелі туларды көтеріп, жаңа бекіністі айналып шығып,
шипа суын тамызды. Күндізгі сағат 2-де бекініс бастығының бөлмесінде
147
дастарқан жайылып, зеңбірек атылып, жер қайыстыра уралап, патша
ағзамның өзі мен әулетінің денсаулығына тост көтерілді. Күллі отрядқа
екі сыбағадан ет және шарап берілді.
Бұл салтанатқа көптеген ордалықтар келді; олар ең жүйрік аттарын
әкеп бәйгеге қосып, тамаша ойын-сауық көрсетті. Оларға қонақасы
қамалдың сыртында, қақпа алдына тігілген шатырда берілді. Ойын
қайтадан қызды: қазақтар күресіп, казактармен жаяу жарысқа түсті, ұлт
ойындарын ойнады. Кеш аспанға ракеталар атумен аяқталды. Оған
меймандарымыз қатты қайран қалды». (1)
Қолайсыз климат жағдайы мен бұрын қалыптасқан керуен
жолдарынан сырт қалып, Каспий-Хиуа сауда жолының негізгі тірек
пункті бола алмаған соң, жаңа бекініс салу туралы шешім қабылданды.
Бас штабтың капитаны Ширков пен капитан-лейтенант Бодиско 1839-
жылы жаңа қамал салуға Түпқараған түбегін қолайлы деген ұсыныс
жасады. Бұл ұсынысты 1846-жылғы М.И.Иванининнің географиялық
зерттеулері де толығымен құптады. Сөйтіп Орынбордың жаңа
губернаторы В.А. Обручевтің бұйрығымен 1846-жылы Түпқараған
мүйісінде Ново-Петровск қамалы небары 2 ай ішінде салынды.
Түпқарағанда салынған Ново-Петровск қамалына Дағыстандағы
Петровск («қазіргі Махачкала) қаласымен шатастырмас үшін, 1859-
жылы оған Александровск форты деген жаңа атау берілді. Бұл қамал
бекініс қана емес, сауда орталығына да қолайлы болды. Александровск
форты суы қатпайтын, жан-жағынан желден қорғалған, пристаны бар,
үлкен кемелер мен пароходтар жағаға келе алатын суы терең және кең,
өте қолайлы гаваньға орналасты. Осы бухта жағалауында 1846-жылы
Ново-Петровск бекінісімен бірге балықшылар қонысын салу көзделген
болатын. (2)
Сөйтіп, Ресей үкіметі Каспийдің шығыс жағалауында Ресей әскери
ықпалын ғана емес, саяси-экономикалық ықпалын да мықтап
орнықтырғысы келді.
Маңғыстау арқылы Орта Азиямен сауда қатынас орнату жоспары
Ресей үкіметінің түпкі мақсаты болатын. Осы идеяны жүзеге асыру
үшін генерал-лейтенант С.А. Хрулевтің жоспарының ерекше маңызы
болды.
С.А.Хрулев Орта Азияда сауда серіктестігін құрып, Каспий мен
Аралда, Сырдария мен Амударияда кеме қатынастарын орнату, Каспий
теңізі мен Челекен, Балкан түбектерін, Жайық, Жем бойларының қазба
байлықтарын игеруді, Каспий мен Аралда балық өнеркәсібін ұлғайтуды,
Шығыс базарына жол ашуды ұсынған болатын.
1859-жылы салынған Александровск фортына 3 шақырым жерде
Маңғыстау түбегінің Каспий теңізіне кірген мүйісінде Николаевская
деген казак станицасы пайда болды. Оның дәл түбінен Армян
слободкасы салынып, оның тұрғындары жақын жердегі көшпенді
148
қазақтармен сауда жүргізе бастады. Маңғыстауды игеру үшін Ресей
патшасының жарлығымен Орынбор губерниясынан әскери казак
отбасылары көшіріле бастады. Қоныс аударушыларға Ресей патшасы
мынадай жеңілдіктер жасады: 1869-жылға дейін Каспий теңізінен
балықты тегін аулауға рұхсат етілді, қоныстанушылар әскери
қызметтен, 1904-жылға дейін мемлекеттік алым-салықтардан
босатылды, жергілікті тұзды көлдерден үй басына 150 пұт тегін тұз
өндіруге рұхсат берілді. Жаңадан қоныстанушыларға мемлекет
есебінен үй салынып берілді, әр отбасына балық аулайтын қайық, ау-
құрал алуға 70 рубль ақша, әскери паек (азық түлік) бөлінді.
1869-жылы
патша
үкіметі
қоныстанушылардың
өздерін
казактардың қауымынан шығару туралы өтінішін қанағаттандырды.
1868 жылғы «Уақытша Ережеге» сай жергілікті адай руының
қазақтары Орал облысы құрамындағы Маңғыстау приставына, ал
адайлардың келесі бір бөлігі Жем уезіне берілді. 1869 жылы Каспий
жағалауында Красноводск приставы құрылып, осы территория Кавказ
наместнигіне бағындырылды, ал 1870 жылы Маңғыстау Кавказдағы
Дағыстан облысына қаратылып, адайлар өз қандастарынан еріксіз түрде
бөлініп қалды. 1874 жылы Маңғыстауда болыстық құрылым жүйесі
енгізіліп Маңғыстау приставында 2 қазақ, 1 түрікмен, болысы (Бозащы,
Маңғыстау, Түрікмен) құрылды. 1879 жылы Маңғыстау уезі 5 болыстан
құрылды. Осы болыстардағы шаңырақ саны мынадай болды.(3)
№
болыстар
Шаңырақ саны
1
Маңғыстау
2424
2
Бірінші Бозащы
1610
3
Екінші Бозащы
1974
4
Түп Қараған
2029
5
Түрікмен
825
барлығы
8865
«Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қараған
Далалық облыстарды басқару жөніндегі Уақытша Ереженің» 13-
бабына сәйкес Маңғыстау приставы ерекше құқықтарға ие болған
Орал облысының құрамына қосылды. Қазақстанның басқа
өңірлеріндегі әкімшілік-басқару құрамына «әскери-халықтық» жүйе
енгізілсе, Маңғыстауда «әскери-полициялық» жүйе қолданылды.
1869 жылы тамыз айында Маңғыстау приставы болып полковник
Рукин тағайындалды. Полковник Рукинге Маңғыстау өңірін басқарудың
мақсаты мен жолдары нақты көрсетілген Нұсқау тапсырылып, онда
саяси-экономикалық мәселелермен бірге сауда қатынастарын дамыту
жолдары да қарастырылды:
149
§ 6. Маңғыстаудағы сауда ісінің дамуына баса назар аударып,
сауданың дамуына кедергілерді жойып, сауда қатынастарының дамуы
туралы толық мәлімет беріп, сауданың тоқырауға ұшырау себептерін
анықтап, сауданы дамыту шараларын белгілеп жүзеге асыру қажет.
§ 7. Сонымен бірге жергілікті табиғи байлыққа баса назар аудару
керек, әсіресе тас көмір, мұнай өндіруге болатын жерлерді табуға
тырысу керек.
§ 8. Жағалаудағы сауда жасайтын кемелердің санын анықтап, товар
сақтайтын қоймалар салу үшін кемелер тоқтайтын жақсы ыңғайлы
жерлер мен пристаньдар туралы мәліметтер жинау.
Теңіз жағалаудағы сауданың дамуы бейбіт сауда қызметінің
дамуына өте қажет, өйткені біраз уақыттан соң қазақтар сауданың көзге
көрініп тұрған пайдасын түсініп, оларды адал еңбекпен жалақы табуға
ұмтылдырады. Сөйтіп ол өзіне еңбексіз пайда табу үшін әртүрлі тонау,
талан-тараж жасауды тоқтатады.
§ 9. Мынадай мәліметтер жинау қажет: керуен жолдарының
жағдайы, осы жолдармен тасылатын товар мөлшері, товарлардың
түрлері мен шығарылған жерлері, олардың сапасы, керуен жолын жүріп
өтетін мерзім, тасымал бағасы. Осының барлығы Маңғыстау
приставының әрбір қолайлы сәтте баса назар аударатын мәселелері
болуы шарт.
«Сөйтіп Маңғыстау приставының негізгі міндеті тек қана саяси-
әкімшілік мәселелер емес, сонымен қатар шаруашылық мәселелерін
шешу болып табылады. Өйткені осы мәселелердің бәрін қоса шешкенде
ғана Маңғыстау өңірінің жан-жақты дамуына қол жеткізіледі» деп атап
көрсетілді.
Маңғыстау қазақтары жаздың 7-8 айын қалыптасқан дәстүр
бойынша Жем, Сағыз, Ойыл өзендерінің бойындағы жайлауларда
өткізді.
Маңғыстау уезі 1881 ж. Каспий сырты бөлімінен (1874 ж.)
құрылған Каспий сырты облысының құрамында болды. Бұл облыс 18
жыл бойы өз алдына өмір сүріп келді де, тек 1899 ж. ғана Түркістан
генерал-губернаторлығына қосылды. ХХ ғасырдың басында ғалымдар
былай деп жазды: Каспий сырты облысында «Тек Маңғыстау және
Красноводск уездерінде ғана бірыңғай көшпенді қырғыздар мен
түрікмендердің бір бөлігі мекендеген…».
«Әкімшілік орталығы Александровск форты болған Маңғыстау
уезі Каспий мен Арал аралығында жатқан Каспий сырты облысының
бүкіл солтүстік батысын (уезд жерінің көлемі 1 937 650 шаршы
шақырым, яғни Дания, Греция және Бельгия жерлерін қосып
есептегенге тең) алып жатты, халық тым сирек орналасқан (барлығы
77000 адам, яғни 1 шаршы шақырымға 0,3 тұрғыннан келеді) және
ағынды сулары мүлде жоқ дерлік (Ақтау және Қаратау тауларындағы
150
бірқатар маусымдық жылғалардан басқа). Құдықтар өте көп, бірақ
олардың көпшілігінің суы ашқылтым… Көшпелі қырғыздар бәрі дерлік
мал шаруашылығымен айналысады… Бүкіл уездегі суармалы жер 500
десятинадан аспайды». Бұл мәліметтерді Т.Кияшконың Х1Х ғасырдың
ақырында жазған очерктері де дәлелдей түседі.
Арал теңізінің батыс жағалауын жетіру тайпасының табын руы
мекендеп, уездің бүкіл қалған бөлігін (Үстірт қыратын, Маңғышлақ
түбегі мен Бозащы түбегін) байұлы тайпасының адай руы жайлады.
Қысқы жайылымдықтар Қаратау, Ақтау тауларына, Сеңгірқұм, Аққұм,
Сарыөзек құмдарына, сондай-ақ Үстірттің кейбір жерлеріне
топтастырылды. Көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдықтары көршілес
Гурьев және Темір уездерінде: Сам және Самматай құмдарында, Ембіде
және одан әрі Жайық пен Ырғызда орналасты.
1897 жылғы санақ деректеріне Закаспий облысында 74,225 қазақ
қоныстанды, 352 қазақ қалаларда өмір сүрді.
1897-жылғы санақ бойынша Маңғыстау уезінде 8 дворян тұқымы,
1654 селолық байлар, 238 мещандар есепте тұрды.
1897 жылғы санақ бойынша уезде 69 450 адам өмір сүрген,
олардың 64 122-сі қазақтар, 2 953-і түрікмендер, 2 002-сі орыстар мен
басқа ұлттар. Уезд құрамына 8 болыс енеді. (4)
Маңғыстаулық тұрғындар жәрмеңкелерге негізінен мал өткізіп,
айырбасқа өздеріне қажетті тұрмыстық заттар алған. 1900 жылы
Маңғыстаулықтар Александровск фортында 13.835 бас мал, Ойыл
жәрмеңкесінде 18.724 бас мал, Хиуада 293 бас мал, Краснововдскіде 399
бас мал сатқан. (5)
Маңғыстаулықтар негізінен түйе, жылқы және қой малдарын
ұстаған. Олардың иелігіндегі ірі қара (сиыр) өте аз болған.
Маңғыстау уезіндегі мал саны туралы мәлімет: (6)
№
жылдары
Түтін
саны
жылқы
түйе
қой
Ірі қара
1
1884
8735
44046
48794
393861
134
2
1890
9269
47959
25121
355081
656
3
1900
12541
70.310
67567
735.070
744
4
1910
15030
52668
38346
736.837
673
5
1912
14961
33758
31430
462,848
361
Батыс Қазақстанда жәрмеңке саудасын қатаң бақылауға алған
Ресей ішкі істер министрлігі Торғай облысының территориясындағы
Ақтөбе жәрмеңкесі 15 шілде мен 15 тамыз аралығында, Ырғыз
жәрмеңкесі 10 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізу туралы шешім
қабылдай отырып, Батыс Қазақстанда жергілікті қазақтардың
маусымдық көшу мерзіміне баса назар аударды.
151
Жайықтың арғы бетіндегі Ордада жәрмеңкелер ашу туралы
шешімінде Ресей ішкі істер министрлігі мынадай жағдайды ерекше атап
көрсеткен:
1.
Теңіз жағасында қыстаған негізгі мал өсіруші рулар: Маңғыстау
адайлары, ысықтар, кетелер, табындар т.б. қар кеткен соң
солтүстікке 2 бағытқа, бірінші тобы – Жем, Байсары, Бөкембай
өзендерінің жағасымен, ал екіншісі – Жем, Сағыз, Ойыл және
Тайсойған құмдары арқылы топтанып көшетіндігі және сол
көшу барысында шамамен мамыр айына таман Ойыл
жәрмеңкесіне үлгереді.
2.
Жәрмеңке аяқталған соң осы рулар Елек уезінің шұрайлы
жайылымдары арқылы күзгі жолмен малдарын айдап отырып,
Елек және Орынборда шілде-тамыз аралығында болатын
жәрмеңкелерге малдарын өткізіп, түскен ақшасына тұрмысына
қажетті товарларды алады.
3.
Маңғыстауда және теңіз жағалауынан қыстаққа оралу кезінде
көшпенді қазақтар 15 қыркүйек-15 қазан аралығында өтетін
Ойылдағы күзгі жәрмеңкеге түсетіндігі және өздерінің
күнделікті
тұрмыстық
қажеттіліктерін
сол
жерлерден
қанағаттандырады. (7)
Маңғыстау қазақтары тұрмысқа қажетті заттарды өздерінің мал
жайылымына іргелес Бесқала, Ойыл, Темір жәрмеңкелерімен қатар
Александровск фортындағы дүкендер, базар, жәрмеңке сияқты сауда
орындарынан алып отырды. Маңғышлақ отряды бастығы Дағыстан
облысы бастығына өзінің есебінде: «Маңғышлақ қазақтары мен
түркмендері киімге қажетті барлық материалды, аяқ киімді, ыдысты,
киіз үйге қажетті ағашты Александровск фортындағы орыс
саудагерлерінен мал және мал өнімдеріне айырбастап алады. Хиуада
нан мен товар арзан болғанымен, малдың өтуі нашар. Сондықтан бір
ғана дұрыс жол орыс ақшасына керек заттарын сатып алу болып отыр.
Соңғы жүргізген есеп бойынша бізден нан алатын қазақтар саны
көбейген. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдаланып, қазақтарды
тұқыртып ұстауға болады. Нанды тек бізге сөзсіз бағынатын, біздің
тәртіпті орындайтын қазақтарға ғана сату керек» деп атап көрсеткен
болатын. (8)
Маңғыстау
қазақтары
өздеріне
қажет
товарларды
Хиуа
базарларынан алды. Тұрмысқа қажетті күнделікті керек заттарын алу
үшін қазақтар Хиуа базарларына қой айдап апарып, керек заттарына
алмастыруға мәжбүр болды.
1869 жылдың бас кезінде адай руының 2 бөлімінің сардарлары
(басшылары) өз туыстарымен сауда мәселесі бойынша Хиуаға барған.
Хиуаға келген адайлардан Хиуа ханы 1 түйеге 1 рубль, 1 жылқыға 50
тиын, 1 қойға 25 тиын зекет төлеуге бұйрық берген.
152
1882 жылы Маңғыстаудан Көне Үргенішке 15 саудагер 55 түйемен
1725 рубль тұратын товар алып астық, матаға алмастыруға аттанған. (9)
1883-жылы 16-тамызда Маңғыстау болысының Табынай, Шонай және
Доқалай ауылдарынан Хиуаға аттанған керуен туралы мәлімет: (10)
ауылдар
Керуен иелері
Түйе саны
Апаратын
товар суммасы
(рубль)
Табынай Құлқа Құнекеев
4
25
Менділай Тілеумәмбетов
3
15
Дәндібай Өтесбаев
4
15
Андаш Алданаев
2
14
Шонай
Артықба
Айтуғанов
5
5
Достан Джаиков
5
5
Көрпебай Қоғабаев
5
5
Дәуітбай Қабақов
5
5
Соқыр Құлмұрзаев
5
5
Боран Сеңгірбаев
5
5
Түнге Соқыров
5
5
Сатқан Шудағұл
5
5
Доқанай Кебел
Ноғаев
13
130
Түйебай Досов
30
240
94
489
Маңғыстау болысының управителі өзінің Маңғыстау уезінің бастығына
1883-жылғы 16- тамызда жазған рапортында 14 саудагердің 94 түйемен
489 рубль тұратын товар алып Хиуаға аттанғанын хабарлап, олардың
жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне жәрдем етуін өтінеді.
1883-жылы 21-тамызда Түркмен болысынан 64 адам 120 түйемен
әрбіреуі 8 сомның түрлі жүгімен Хиуадан астық сатып алуға аттанған. (11)
Осы жылы қыркүйекте 94 түйе керуені 1076 сомның жүгімен
Хиуаға астық алуға Маңғыстау болысының Түркмен адай, Құнан орыс
және Төкеш ауылдарынан барып қайтқан. (12)
1887-жылы Түркмен болысының басқарушысы керуен басы Айтақ
Балқиевке Хиуа базарында сату үшін 800 қой тапсырды Осы керуен
құрамында 40 адам, 200 түйе болды.1889-жылы Түркмен болысының
басқарушысы Машырақ Қожаназаров Назар Тыныбаев арқылы 400 қой
мен ешкіні Хиуаға сатуға айдатты. (13)
Маңғыстаудан Хиуаға барған керуендер негізінен астық сатып
алуға барған.
153
1900 жылы Маңғыстаулықтар Хиуадан 3295 қап жүгері, 1805 қап
бидай, 1370 қап тары, 180 қап арпа, 2238 шапан әкелген. (14)
1900 жылы Маңғыстау уезінен 20205 түйе Хиуа хандығына,
Красноводск уезіне әртүрлі товар тасымалдауға пайдаланылды.
Осы жылы Маңғыстау уезінен Хиуа хандығына 3591 түйе,
Красноводск уезіне 1543 түйе сауда керуенімен аттандырылған. Жеке
болыстар бойынша Хиуа мен Красноводскіге кіре тартқан керуендегі
түйелер саны мынадай: (15)
№
болыстар
Түйелер саны
Хиуа хандығына
Красноводск уезіне
1
Маңғыстау
455
-
2
Түп Қараған
251
87
3
Бірінші Бозащы
1000
-
4
Екінші Бозащы
1000
-
5
Райымберді
1295
18
6
Түрікмен адай
-
808
7
Жеменей
735
10
8
Түрікмен
150
620
барлығы
3591
1543
1900 жылы Маңғыстау қазақтары Красноводскіден 195 қап бидай
ұны, 82 қап күріш, 36 пұд шәй, 133 пұд қант әкелген. Сонымен қатар аз
да болса өз малдарын өткізген. Осы жылы Маңғыстаулықтар
Красноводскіде 399 бас мал сатқан. Салыстырмалы түрде қарастырсақ,
1900 жылы Маңғыстау қазақтары Александровск фортында 13835 бас
мал сатқан. (16)
Орал, Ақтөбе, Маңғыстау қазақтарының негізгі сауда орталығы
Темір уезінде орналасқан Ойыл жәрмеңкесі болды. Маңғыстаулықтар
негізгі товарларды Ойыл жәрмеңкесінен алған.
1900 жылы Ойыл жәрмеңкесінен түйемен мынадай заттар
тасылған: (17)
шай
183 пұд 20 фунт
қант
568 пұд
Былғары (юфт)
5290 дана
Бөз
1239 кесінді
тептік
1046 кесінді
шыт
957 кесінді
тары
19100 қап
Бидай ұны
1701 қап
Қара бидай
2280 қап
154
Сонымен қатар 1900 жылы Маңғыстаудан Ойыл жәрмеңкесіне
18124 бас мал әкеліп сатылған.
1900 жылы Маңғыстау уезіндегі адайлардың иелігінде 67567 түйе
болса, осы түйелердің төрттен бір бөлігі, яғни, 15080 түйе Ойыл
жәрмеңкесіне сауда керуені ретінде Маңғыстаудан жүк артуға
пайдаланылған.
1900 жылы Маңғыстау уезінің Маңғыстау болысынан 1640 түйе,
Түп Қараған болысынан 2625 түйе, Бірінші Бозащы болысынан 3810
түйе, Екінші Бозащы болысынан 2000 түйе, Райымберді болысынан
1295 түйе, Түрікмен адай болысынан 2360 түйе, Жеменей болысынан
1350 түйе Ойыл жәрмеңкесіне керуен сауда жолымен жүк тасуға
пайдаланылған. (17)
1905 жылы Маңғыстаудан 53.1180 қой, 2604 ірі қара, 550 жылқы
және 154 түйе сатылған. (18)
Орал облысының Темір уезіндегі Қарақамыс жәрмеңкесіне
Маңғыстаудағы көшпенді адай және табын рулары қатынасқан.
Александровск фортында сауда ісінің жолға қойылуына
байланысты Маңғыстау қазақтары Хиуадан гөрі Кетікке (қазақтар
бекіністі осылай атаған) сауда жасауға көбірек бара бастаған. Александр
фортының (Кетіктің) негізгі сауда орталығына айналғанын 1887-жылы
жасалған дала жолдарының картасында көрсетілген керуен жолдары
дәлелдейді. Александровск фортына негізінен 7 керуен сауда жолдары
келіп тірелген:
1.
Ақтау мен Бозашыдан
2.
Мұзайыр, Бекі, Жидебай, Сарытас арқылы Қаратаудан
3.
Адай руларының Жем бойынан қайтатын жолы.
4.
Оралдан келетін қысқы жол.
5.
Көне Үргеніштен келетін керуен жолы
6.
Красноводскден ( Шағадам) Маңғыстауға келетін жол.
7.
Хиуадан Кендірлі арқылы Александровск фортына келетін
керуен жолы.
Маңғыстау өлкесін зерттеуші, Хиуа жорығын бастаған, полковник
Н.Ломакин 5 торап жолды көрсеткен. Солардың үшеуі негізгі болып
есептелген:
1.
Форт Александровск – Көне Үргеніш ежелгі жолы. керуенмен
30 күнде, атпен 15 күнде жетуге болады: Форт Александровск –
Қанға – Қыштым – Ашыбас-Шат – Бердікен – Бек-Бөрлі –
Сұмса – Сенек – Бесоқты – Сайқұдық – Босаға – Қарқын –
Елтежі – Бойлар – Қызыладыр – Табынсу – Айбүгір – Көне
Үргеніш. Қашықтығы – 800 шақырым.
2.
Форт Александровск – Красноводск жолы. Керуенмен 15-23
күн, атпен 10 күнде жетеді: Сақақұдық – Түлкілі – Қаражалшы
– Қошқар Ата – Ақеспе – Ащыкүй – Саража – Ұлық ұй –
155
Қожаназар – Тамшалы – Кендірлі –Темір баба–Қанжақ –
Қосащы – Қарасеңгір – Дүлдүл Ата – Тамды – Атжарма –
Қарабұғаз – Кенеже – Тасқұдық – Красноводск. Қашықтығы –
580 шақырым.
3.
Адай ауылдарының Жем бойына көшетін жолы: Қаңға –
Түбіжік - Үдек –Тарталы – Ұланақ – Жаңғылды – Тұщыбек –
Шетпе – Аусары – Күркіреуік- Қаратүйе - Өтес – Ешкіқырған –
Қатша-Тәңкі – Қосқұлақ – Манашы – Күйкен – Алтықұлаш –
Азнағұл – Қарашүңгіл – Жібін – Бақшы. Қашықтығы – 600
шақырым. (19)
1906-жылы Маңғыстау
уезінің қазақтары мен түркмендер
Маңғыстау уезінің бастығына 4 болыс басқарушысы, 9 ауыл старшыны
(ауылнай), 57 кәсіпкер-адам қол қойып, Александровск фортына жақын
жерден жаңа мал базар алаңын салу туралы өтініш жасап, жаңа мал
базар алаңын салу үшін барлық шығындарды өз мойындарына
алатындығын мәлімдеген. (20)
Өтініш жасаған адамдар өз арызында Маңғыстау уезінде 13970
шаңырақ, 70570 адам бар екенін, осы адамдардың қажеті үшін
Маңғыстау уезінің шекарасынан 800 шақырым жердегі, уезд
орталығынан 1200 шақырым жердегі Ойыл жәрмеңкесіне мал айдап
апарудың қиындығын атап көрсеткен. Маңғыстау уезінің бастығы
жоғарғы басшыларымен келісіп, мал базары ашылатын жердегі бұлақ
көздерін гидротехник маман жіберіп тексертіп,1908-жылы 26-ақпанда
Александровск фортынан 25 шақырым жердегі Ханка-баба деген
жерден мал базарын ашуға рұхсат берген. Сонымен қатар осы базардың
47 пункттен тұратын жұмыс ережесін бекіткен. (21)
Александровск фортының 54 саудагерлері Маңғыстау уезінің
бастығынан әскери бекіністегі базардың шығыс жағынан жаңа базар
алаңын ашу туралы өтініш жасап, бұрынғы базарды толығымен уезд
бастығының қарамағына өткізуге өздерінің келісімдерін берген. (22)
Маңғыстау уезінде Александровск фортынан 25 шақырым (верст)
жерде Ханка баба және Жаңа өзен елді мекендерінде тұрақты
жәрмеңкелер өткізіліп тұрды. Көшпенді елдің тұрмысына бейімделген
бұл жәрмеңкелер алғашқыда 15-мамыр мен 15 маусым және күзде 15
қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізілді. Кейінірек ХІХ ғаырдың 90
–жылдарынан бастап бұл жерлердегі сауда айырбас түрінен тұрақты
сауда
формасына
көшті.
Ханка-бабадағы
жәрмеңкеге
оның
географиялық орналасу ерекшелігіне байланысты жақын маңдағы
қазақтар мен түрікмендер мал және мал өнімдерін әкеліп өткізді.
Саудагерлер қатарында жергілікті қазақтармен бірге, түрікмендер,
өзбектер, қарақалпақтар болды. Сонымен бірге жәрмеңкеге армяндар,
орыстар, татарлар мен еврейлер қатынасты. (23)
156
Александровск фортында сауда жасау үшін сырттан көптеген
көпестер келген. Әсіресе саудагер көпестер Астрахань қаласынан келіп,
сауда жасап, таза пайдаға кенелген. Олар Маңғыстау қазақтарынан
арзанға мал және мал өнімдерін сатып алып, осы товарларды сыртқа
шығарып сатып,сауда істеген.
Астраханьдық армяндар Абрам Франгулов,Николай Франгулов
1882-жылы 26-мамырда барлығы 350 рубль тұратын 50 пұт түйе жүні,
100 пұт қой жүнін, Астрахандық татар Башмаков селеньесінің тұрғыны
Иса Мұсаев 1882-жылы 8-шілдеде барлығы 300 рубль тұратын 30 қой,
75 түбіт шәлі (шарқат), 350 қолғап, 20 киіз, 5 жылқы терісі, 70 қой
терісі, 1 кілем сатуға куәлік (сауда жасауға рұхсат құжаттарын) алған.
(24)
Географиялық орналасу жағынан жақын болғандығына байланысты
Маңғыстаудағы форт Александровск жәрмеңкесіне көршілес Иран және
Ауғанстан елдерінен мал әкелініп өткізілген.
1905 жылы форт Александровск жәрмеңкесінде Иран мен
Ауғанстан елдерінен жылма-жыл 2550 қой, 369 түйе, 230 жылқы
әкелінген. Осы жылы форт Александровск жәрмеңкесіне Ресейеге
жалпы құны 2,5 млн мал және мал өнімдері (шикізат) жөнелтілген.
Тұрмыс жағдайының өзгеруіне байланысты Маңғыстау қазақтары
негізінен мал шаруашылығымен айналысумен бірге аздап балық
шаруашылығымен де шұғылдана бастаған. Алғашқыда адайлар
Николаев станциясындағы орыстарға Каспий теңізінің жағалауынан 10-
15 рубль ақшаға жалданып балықшылық кәсіппен айналысқан:
1870-жылы Маңғыстаудағы адай көтерілісі басталғанға дейін
Николаев станицасында 25 отбасы, жалпы саны 150 – ге дейін балық
аулаумен айналысатын орыс қоныстанушылары тұрған. Олардың балық
аулауға арналған 111 қайығы болған.Сонымен қатар станицада 200-ге
жуық қазақ орыстарға балық аулауға жалданған. 1871-жылғы
деректерде Николаев станицасындағы балықшылардың қайық саны
едәуір кеміген, яғни көтерілісшілердің орыс балықшыларының
қайықтарын өртеп жіберуіне байланысты станицада 85 қайық қана
қалған. (25)
ХІХ ғасырдың 80-ші жылдарында Маңғыстауда жалданып балық
аулаушы жергілікті қазақтардың саны біршама тұрақтанған. (26)
жылдар
Жалданған балықшылар саны
1881
237
1883
275
1889
225
1883-жылдан бастап казактар Долгий мүйісінен балық аулай
бастады. 1897-жылы Долгийден 500 бударка балық ауланды, 50 шана
157
балық тасылды. 1891-жылы Долгийде балықшылар батагасы салынды.
Сондай-ақ мұндай балықшы поселкелері Қолпы аралында, Қандауыр
қойнауында салынды. (27)
ХІХ – ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Маңғыстау
қазақтарының арасында балық аулаумен айналысатындардың саны арта
түскен. (28)
жылдар
Балықшы қазақтар саны
1898
400
1903
900
Маңғыстау қазақтары негізінен Кіші Долгий аралы, Қаражан,
Тепей, Сарай, Заворот аймағында балық аулаумен айналысты. Сонымен
бірге уездегі қазақтар түрікмендермен бірлесіп Қарабұғаз шығанағы
мен Астрабад бұғазы аралығында да балық аулады. Осыған қосымша
Кендірлі бұғазындағы Қарабас, Ада, Темір баба тұрақтарында қазақтар
түркмендерден жалға алған 18 қайықпен балық аулаумен шұғылданды.
Адайлардың бір тобы түрікмендермен бірлесіп Кендірлі және Қарабұғаз
шығанағы аралығындағы Суе, Қара Сенгрен, Бек-Дали, Қоймат,
Алатөбе тұрақтарында балық аулауды кәсіп етті. Қазақтар үшін қайық
жалдау айына 8-10 рубль аралығында ақша төледі. (29)
Маңғыстау уезінің қазақтары балық аулау кәсібінде айтарлықтай
нәтижеге жетіп, өздерінің кәсіби шеберліктерін іспен дәлелдеді. Бұған
Түрікмен Адай және Екінші Бозащы болыстарының тұрғын
қазақтарының 1895 жылы аулаған балық көлемі дәлел бола алады: (30)
№
болыстар
Ауланған
балық
Балық
желімі
уылдырық
Балықтың
арқа сіңірі
1
Түрікмен
Адай
4 т. 832 кг.
8 кг.
50 кг.
24 кг.
2
Екінші
Бозащы
6 т. 633 кг.
14 кг.
5,5 кг.
5,5 кг.
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында Маңғыстау уезіндегі
қазақтардың негізгі шаруашылығы дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығы
болып қала берді. Сонымен бірге заманның ыңғайына қарай Маңғыстау
қазақтары өздерінің күнделікті қажеттілігіне қажет тұрмыстық
товарларды керуен саудасы арқылы Орта Азия қалаларынан, Орал
облысының Темір уезіндегі Ойыл, Темір жәрмеңкелерінен алды.
Сонымен қатар Александровск форты, Красноводск қаласы мен Ханка
баба жәрмеңкесінде мал және мал өнімдерін сатып, мануфактура
бұйымдары мен астық өнімдеріне айырбасталған.
158
Маңғыстау тұрғындарының мал басы аз кедей бөлігі жалданып
және өз бетімен балық аулау кәсібімен айналысып, балық өнімдерін
сатуға мәжбүр болды.
Маңғыстау уезіндегі сауда қатынастары көршілес Торғай
облысының Ақтөбе, Ырғыз, Орал облысының Темір уезіндегі сауда
қатынастарының даму деңгейіне қарағанда төмен болғаны байқалады.
159
ҮШІНШІ ТАРАУ
ОРАЛ ОБЛЫСЫНДА САУДАНЫҢ ДАМУЫ
Достарыңызбен бөлісу: |