АҚТӨбе облысының Әкімдігі облыстық МӘдениет басқармасы


§ 2. Ырғыз  уезіндегі сауда қатынастарының дамуы



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата23.02.2017
өлшемі2,21 Mb.
#4708
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
§ 2. Ырғыз  уезіндегі сауда қатынастарының дамуы 
 
Торғай  облысының  Орта  Азиямен  байланыс  орнатуға  қолайлы  
жеріне  орналасқан  Ырғыз  бекінісінің  іргі  тасы  1845-жылы  қаланып, 
1869-жылы Ырғыз уездік қала статусын алды. 
1868  жылғы  21  қазанда  «Уақытша  Ереженің»  күшіне  енуімен 
байланысты  Орал  бекінісі  өзі  бойында  орналасқан  Ырғыз  өзенінің 
атымен аталатын болды. 
Осы  мерзімнен  бастап  Ырғыз  бекінісі  1  мыңға  жуық  тұрғыны  бар 
уездік  қала  салтына  көшіп,  негізінен  қазақтар,  татарлар,  башқұрттар 
қоныстанып,  олар  қала  халқының  87  %  құрады.  Қала  халқының  33  %  
әскерилер мен саудагерлер болды.  (1) 
 Сол кезден бастап Ырғыз уезінде капиталистік қатынастың белгісі 
ретінде  сауда  жүйесі  қалыптаса  бастады.  Ырғыз  уезінің  территориясы 
арқылы  Түркістан  өлкесі  мен  Орта  Азия  хандықтарынан  Ресейге  және  
Ресейден осы аймақтарға керуен сауда жолдары өтіп, жергілікті халық – 
қазақтар  –  жүк  тасу  ісімен  айналысып  біраз  пайда  тапты.  Ырғыз  уезі 
арқылы  Орта  Азия  керуен  жолдары  Ташкент  пен  Орынбор  қалаларын 
байланыстырды.  Ташкенттен  басталған  керуен  жолы  Торғай    өзенінің  
жоғарғы    бөлігі  арқылы  Троицкіге,  керуеннің    бір  бағыты  Ташкенттен 
Қазалы  арқылы  Ырғыз  жерімен  Орск  (Жаманқала)  Орынборға  өтетін 
болған. (2) 
Керуен  заттары  түйеге  жүк  арту  арқылы,    сонымен  қатар  аздап 
болса да арбамен тасылған. 
Ырғыз уезінің территориясы арқылы Орынбор, Троицк – Орта Азия 
керуен  сауда    жолдарынан  басқа  Ақмола,  Семей  облыстарынан 
Орынбордың  айырбас  сарайына  көптеген  жылқы,  ірі  қара,  қой  
айдайтын  жол  (трасса)    өтті.  Сонымен    қатар    Орынбор,  Троицк 

 
124 
қалаларының  саудагерлері  Ырғыз  уезінің  қазақ  ауылдарына  арбаларға 
тиеген  ұсақ  товарлар  жіберіп,  өз  заттарын  малға  айырбастап  пайда 
тапты. Саудагерлер қазақ ауылдарына мануфактура, бакалея, галантерея 
бұйымдарын мал және мал өнімдеріне  айырбастады. 
Керуен    саудасына  араласып  зат  тасыған  қазақтар  сол  заманда  
едәуір  пайда  тауып  күн  көрісін  түзеген.  Бұқара  мен  Орынбор 
арасындағы 2 300 шақырым (верст) жерге түйемен зат  тасығанда әрбір 
шақырымға тасылған 1 пұт шақырым затқа 1/26 тиын алынған, Ташкент 
пен  Орынбор  арасындағы  2  000  шақырым  қашықтыққа  1  пұт  – 
шақырым  бағасы 1/32 тиын  болса, Қазалыдан Орынборға дейінгі 1 000 
шақырым  жолға  1  пұт  –  шақырым  құны  –  1/27  тиын  болған.  Сонымен 
бірге Орынбор, Тұзтөбеден тұз тасыған кірешілер әрбір пұт – шақырым 
есебіне  1/45  тиын  ақы  алған.  Базарға  айдалған  қазақ  малының  бағасы 
мынадай  болған:  түйе  –  30-60  сом,  жылқы  25-70  сом,  мүйізді  ірі  қара   
15-60    сом,  ешкі  2-4  сом,  қой  3-6  сом.  (3).  Уездік    Ырғыз    қаласында 
ресми түрде жәрмеңке өткізуге 1870 жылы 19 қарашада рұхсат етілген.  
Ресей    мемлекеті  қазақ  даласында  жәрмеңкелер  ашу  ісінде  орыс 
көпестерінің мүддесін өте  жоғары  қоюға  тырысты. Бұл идея  жергілікті  
басқару орындары  үшін   негізгі іс  жоспары  болды.  Торғай облысының 
әскери губернаторы Баллюзек қазақ  даласында жәрмеңкелердің санын 
көбейткен    жағдайда  «орыс  көпестері  арзан    бүйымдарын  жоғары  
бағаға  сата  алатын  кең  де  пайдалы  өткізу  орындарын  ашып,  ол 
рыноктан Орта  Азиялық бұйымдарды ығыстырып шығара алады»  деп 
атап көрсеткен болатын. 
Баллюзек  Ақтөбе,  Ырғыз  жәрмеңкелерін  ашу    мәселесін  күн 
тәртібіне  қоя    отырып,  бұл  шаралар    қазақтарға    жәрмеңкелік  бәсеке 
жағдайында  сапалы,  әрі  арзан  бұйымдарды  сатып  алуға,  ал  орыс  
көпестеріне  товарларын  толығымен,  тезірек  сатып  жіберетін  рыноктар 
ашуға,  сөйтіп,  қазақтардың  тікелей  өз  қолынан  мал  сатып  алу  үшін 
қаржы жинап алуға мүмкіндік береді деген тұжырым жасайды. 
1870-жылы 12 (19) қарашада  Ресей ішкі  істер  министрі  генерал-
адъютант Тамашев Ырғыз (бұрынғы  Орал)  бекінісі жанында ашылған  
жәрмеңкенің  жұмыс Ережесін  бекітті. (4) 
 
Торғай облысының Ақтөбе және Ырғыз (бұрынғы Орал) 
бекіністері  жанындағы   жәрмеңкелер үшін 
Ереже  
 
1.
 
Торғай облысының қазақтарының өз  қарамағындағы  малдарын 
өткізу  және  өздеріне  қажетті  нәрсенің  бәрімен  қамтамасыз 
етуіне қолайлы жағдай жасау үшін және қазақтардың малдарын 
орыс  саудагерлерінің  сатып  алуын  жеңілдету  үшін  Торғай 
облысында екі жәрмеңке тағайындалады: біріншісі Елек уезінің 

 
125 
Ақтөбе  бекінісінде,  екіншісі  Ырғыз  уезінің  Ырғыз  (бұрынғы 
Орал ) бекінісінде 
2.
 
Бұл жәрмеңкелердің өткізілетін мерзімдері: Ақтөбе жәрмеңкесі 
үшін  15-шілдеден 15-тамызға дейін, Ырғыз жәрмеңкесі үшін 10 
-қыркүйектен  10-қазанға дейін. 
3.
 
Басқа қалалардан келетін көпестердің қауіпсіздігі мен қоғамдық 
тәртіпті  сақтау  ұшін  уезд  басшылығының  жарлығымен  
жергілікті  бекініс  гарнизонынан  шынайы  қажеттілікке  сәйкес 
команда тағайындалады. 
4.
 
Жәрмеңкедегі  қоғамдық  тәртіп  пен  тұрақтылықты  сақтау  ісін 
қадағалау  жәрмеңкелердің  ерекше  комитеттеріне  жүктеледі. 
Бұл комитет құрамында: уезд бастығы немесе оның көмекшісі, 
одан  басқа  4  мүше:  қазақтардың  өз  қалауынша  2  ордалық 
ақсақал  және  жәрмеңкеге  келген  орыс  саудагерлер  арасынан 
сайланған  2  адам  болады.  Осы  көрсетілген  комитеттердің 
әрқайсысының жанында жәрмеңкеге айдап әкелінген малдарды 
қарап тексеретін  ветеринарлық дәрігер болады. Сонымен бірге 
комитет  қарамағына  түрлі  қажеттіліктер  үшін  қазақтар  да 
тағайындалады. 
5.
 
Сонымен  бірге  жәрмеңке  комитетіне  мынадай  міндеттер 
жүктеледі:  а).  жәрмеңкеге  келген  саудагерлерді  ұрлық  пен 
тонаудан  қорғау,  б).жәрмеңкеге  келушілерді  қажетті  жазбаша 
құжаттарсыз  келуден  сақтандырып,  алдын-ала  ескерту, 
в).әртүрлі  бақытсыздықтардан  сақтандырудың  полициялық 
шараларын  алу.    г).  сауда  уставының  ХІ  томының  2857 
статьясына  сәйкес    қазақтар  және  орыс  саудагерлерінің  
арасында  болған  барлық істерді ауызша  сот арқылылы  талдап, 
кінәлілерге  айып  салу,  арызданушылардың  талабын  тез  арада  
шешу.  Егер  арызданушылар  қабылданған  шешімге  риза 
болмаса,  онда  олар  1868-жылы  21-қазанда    бекітілген  Орал, 
Торғай,  Ақмола  және  Семей  облыстарын  басқару  туралы 
уақытша Ережегенің 124, 135 және 142-статьяларына сәйкес өз 
шағымдарын 
қанағаттандыру 
туралы 
уездік 
сотқа 
шағымдануына  болады,  немесе  қазақтардың  халықтық 
дәстүріне сай шешулеріне болады.  
6.
 
Жәрмеңкеге  келген  саудагерлердің  паспорттары  болуы  шарт 
және  олар  келген  бойда  паспорттарын  комитетке  көрсетіп, 
олардың    келгендігі  туралы  мәліметтердің  барлығы  арнаулы 
тіркеу  кітабына  жазылып,  келгендердің  қайта  кеткен  кезіне 
дейін сақталады. 
7.
 
Комитет 
паспорттарын 
көрсеткен 
саудагерлерге 
орын 
тағайындайды. 

 
126 
8.
 
Жәрмеңке 
алаңында 
әкелінген 
товарлар 
қойылатын  
номерленген орындар саны 200-ден артық болмауға тиіс. 
9.
 
Әрбір орын 3 шаршы сажень болуы шарт. 
10.
 
Жәрмеңке    жинағының    пайдасына    мануфактура  және  тері 
терсек сататын саудагерлерден әрбір орын үшін 2 рубль төлем 
алынады. 
11.
 
Жәрмеңкедегі  сауда  орындары  саудагерлердің  өзара  таласын 
тудырмау  үшін  әр  жәрмеңкеде  барлық  саудагерлердің 
қатынасуымен жеребе тарту арқылы бөлінеді. 
12.
 
Бір орынды екі қожайын  ала  алмайды. 
13.
 
Сүт  тағамдарын  сататын  саудагерлер  ерекше  қатарда  
орналасады,  олар  әрбір  шаршы  сажень  орынға  күміспен  50 
тиын төлейді. 
14.
 
Сүт тағамдары қатарынан қызыл қатарға  ауысып  орналасқысы 
келгендер, онда жеребе бойынша бөлінген әрбір орынға 2 рубль 
төлеуге міндетті. 
15.
 
Көрсетілген алым-салықтар әр жәрмеңкеде бөлек төленеді. 
16.
 
Орындарды бөлуге жеребе жәрмеңкенің бірінші күні бір-ақ рет  
өткізіледі. 
17.
 
Жеребе  арқылы  ие  болған  сауда    орындарында  саудагерлер 
сауданы  арба  үстінде,  шатырда,  балағанда,  юламейкада,  киіз 
үйлерде, жылжымалы және тұрақты лавкаларда  жасай алады. 
18.
 
Егер ағаштан  жылжымалы немесе кірпіштен тұрақты лавкалар 
салғысы келген саудагерлер болса, онда оларға жеребе арқылы 
бөлінген орындарға өз лавкаларын салуға рұхсат етіледі. 
19.
 
Лавка  салуға  жеребе  тартқан  саудагер  қатарынан  3-тен  артық 
емес лавка салуға ғана құқылы.        
20.
 
Жылжымалы  немесе  тұрақты  лавканың  қожайыны  жәрмеңке 
аяқталған  соң  келесі  жәрмеңке  үшін  акциздық  төлем  жасауға 
міндетті. Егер бұл шарт орындалмаса, онда жәрмеңке комитеті 
оның  орнын  жеребе  тарту  арқылы  басқа  саудагерге  беруге 
құқылы. 
21.
 
Осы  Ережеде  көрсетілген  тәртіп  бойынша    орындар  мен 
лавкалар таратылған соң  саудагерлердің  өзара келісім арқылы  
орындарын ауыстыруларына болады. 
22.
 
Алған  орындар  үшін  төленген  жарна  үшін  саудагерлерге 
комитеттен  берілген  орынның  номері  көрсетілген  квитанция 
беріледі,  ал  төленген  ақша  мөлшері  арнаулы  тіркеу  кітабына 
жазылады.  
23.
 
Жылжымалы  ағаш  лавка  және    тұрақты    кірпіш    лавкалар, 
белгіленген  тәртіп  бойынша  бекітілген  жоспарға  сәйкес 
салынулары тиіс. 

 
127 
24.
 
Уақытша 
және 
тұрақты 
лавкаларды 
сақтандыру 
қожайындардың еркінде болып табылады. 
25.
 
Егер  уақытша  және  тұрақты  лавкалардың  орнына  жәрмеңке 
ауласының  қазыналық  құрылыстарын  салу  қажет  болса,  онда 
саудагерлер  өз  құрылыстарын  ешқандай  қарсылықсыз,  ешбір 
ақы сұрамастан құлатуға немесе оларды қазынаға өзара келісім 
арқылы өткізуге міндетті. 
26.
 
Егер  саудагерлердің  жәрмеңкеге  көп  келуіне  байланысты 
таратылған    номерленген  орындар  аздық  ететін  болса,  онда 
комитет  жеребе  арқылы  қосымша  қызыл  қатарда  товар  сату 
үшін    және  ұсақ  товарлар  сату  үшін  белгілі  бір  мөлшерде 
белгіленген  бағаға қосымша орындар таратуға құқылы. 
27.
 
Мал айдау үшін бөлінген жәрмеңке алаңы жұрттың барлығына, 
саудагерлерге  де,  жәрмеңкеге  келген  қазақтарға  да,  ешқандай 
ақысыз қоғамдық ортақ  пайдалануға беріледі. 
28.
 
Жәрмеңкеге  келген  саудагерлерге  берілген  орындардан  түскен 
табыс(10-13  параграфтар)  тиісті  қаланың  қоғамдық  кассасына 
түседі.  Жәрмеңке  табысынан  түскен  ақшаны  сақтау  және 
жұмсау  мәселесі  қала  ақшасына  арналған  Ережеге  сәйкес 
шешіледі. 
29.
 
Жәрмеңке  аяқталған  соң  Комитет  Торғай  облыстық 
правлениесіне  жәрмеңкедегі  сауданың  қорытындысы  туралы 
статистикалық  есеп  және  жиналған  ақша  мөлшері  көрсетілген 
ведомость тапсырады. Одан осы мәліметтер Орынбор өлкесінің 
бас начальнигіне және Ішкі істер Министрлігіне жіберіледі 
Ескерту:  9  және  10-параграфтарды  ішкі  істер  Министрі  былайша 
өзгертті:  9.  Әрбір орын 6 шаршы сажень болуы шарт. 
10. 
Мануфактура 
және 
былғары 
товарларын 
сатушы 
саудагерлерден  бас  корпус  жүйесіндегі  әрбір  номерленген  орынға 
жәрмеңке  табысы  үшін  мынадай  алым-салықтар  жиналуы  тиіс:  әрбір 
жәрмеңке  сайын  №  31-51  орындар  үшін  25  рубль,  21-30  орындар      
және 51-60  орындар үшін 15 рубль,  № 11-20 орындар үшін және  61-70  
орындар  үшін  10  рубль  -  №  1-10  орындар  үшін  және  71-75  орындар 
үшін  5  рубль.  Ережеге  вице  директор  Виноградов,  бөлім  меңгерушісі 
И.Лепехин қол қойған. Канцелярияның меңгерушісінің орнына құжатты 
салыстырып қараған стат-советник Ващенко. 
1871-жылы сатылған мал үшін төленетін салықтың мөлшері туралы 
Ереже белгіленді. Осы Ереже бойынша әрбір қойдан 1 тиын, ірі қарадан 
(сиыр) – 3 тиын, жылқыдан – 5 тиын, түйеден – 10 тиын салық төленуге 
тиіс болды.  (5) 
Уезд территориясындағы Ырғыз  қаласы және Қарабұтақ фортында 
тұрақты  сауда  орындары  да  қалыптасты.  1884-жылы  осы  сауда 
орындарының  товар  айналымы  70  мың  рубль  құрады.  (6)  1895  жылы 

 
128 
Ырғыз  уезінде  товар  айналымы  60  мың  рубль  болып,  Ырғызда  55, 
Қарабұтақта 8 сауда орны жұмыс істеді. (7) 
Жергілікті  халықтың  орыс,  татар  саудагерлерімен  араласуына 
байланысты  Ырғыз  өңірінде  балық  аулау  шаруашылығы    жанданып,  
ауланған балық өнімдері базарлар мен жәрмеңкеге түсе бастаған. Ырғыз 
уезінде  балық  Ырғыз  өзені,  үлкен  және  кіші  Жалаңаш,  Сәңкібай, 
Талдыкөл,  Соркөл,  Құтыкөл  деп  аталатын  көлдерден  ауланған.  
Сонымен  бірге  базарда  өтімділігіне  байланысты  жергілікті  қазақтар 
тышқан,  күзен,  борсық,  түлкі  аулап,  олардың  терілерін  саудагерлерге 
өткізіп пайда көзіне айналдырған. 
Қалалардағы  тұрақты  сауда,  және  қазақ  ауылдарындағы  айырбас 
саудаларынан басқа Ырғыз уезінің тұрғындары Орынбор, Троицк, Орск 
(Жаманқала)  және  көршілес  Ақтөбе,  Темір,  Қостанай  уездеріндегі 
өткізілетін  жәрмеңкелерге  де  үзбей    қатынасып  мал,  мал-өнімдерін 
өткізіп,  жәрмеңкеден  өздеріне  қажетті  мануфактура,  галантерея  
бұйымдары мен тұрмысқа қажетті ыдыс-аяқ, құрал-сайман сатып алды, 
немесе өзара  келісімді бағамен айырбастады. 
ХХ  ғасырдың  80-жылдары  Ырғыз  уезінде  сауда-қатынастары  бір 
қалыпты  дамып,  товар    айналымы  1885  жылғы  60  мың  сомнан  1889 
жылы  2  есеге  артып,  120  мың  сом  құрады.  Тұрақты  сауда  орындары 
уезд  бойынша  1885  жылы  55  болса,  олардың  саны  1888  жылы  102-ге 
жетті. (8) 
Негізгі  күн  көріс  көзі  мал  шаруашылығы  болған  Ырғыз  уезінің 
халқы  төрт  түлік  мал  өсіруге  баса  назар  аударды.  Халық  мал  мен  мал 
өнімдерін тұрмысқа қажетті заттарға айырбастауды әдетке айналдырды. 
1879 жылы Ырғыз уезінің халқының меншігінде 108 709 жылқы, 78 192 
түйе,38  318  мүйізді  ірі  қара,  575  925  қой  мен  ешкі  болды.  1890-жылы 
уезд  тұрғындары  110 329  жылқы,  77  491  түйе,  48 824 мүйізді  ірі  қара, 
692  373  қой  мен  ешкі  өсірді.  Жәрмеңкенің  мал  базарларында  Ырғыз 
өңірінің    еділбай  тұқымды  қойлары  жоғары  бағаланып  өтімді  болды. 
1891  жылы  Ырғыз  уезінде  қой  саны  596  354  басқа  жетті.  Орынбормен 
Орта  Азия  арасындағы  керуен  сауда  жолы  Ырғыз  уезінің 
территориясынан  өткендіктен  тасымал  жұмысына  Ырғыз  өңірінің 
түйелері  негізгі  көлік  ретінде  пайдаланды.  Үлкен  сауда  айналымын 
құрамаса да Ырғыз өңірінде  егін шаруашылығы дамып, астық өнімдері 
өндіріліп    саудаға    түсе  бастады.  1881-жылы  Ырғыз  уезінде  824 
десятина  жерге  астық  егіліп,  23  275    пұт  өнім  алынды.  1904-жылы  
егістік көлемі  3 458 десятинаға  жетіп 93 405 пұт астық өндірілді. (9) 
Сауда  қатынастарының  дамуы  Ырғыз  қаласында  құрылыстың 
дамуына  игі  әсерін  тигізді  Ырғызда  почта-телеграф  үйі,  татар 
саудагерлерінің бір қабатты үйлерінен тұратын тұтас  көше бой көтерді. 
1900-жылы  Ырғыз  уезіндегі  тұрақты  сауда  орындарының  саны    89-ға 
жетті. (10) 

 
129 
1884-1890 жылдар арасында Ырғыз уезінде сауда орындары 55-тен 
89-ға  дейін  өсіп,  товар  айналымы  70  мың  рубльден  120  мың  рубльге 
дейін  жетті.  Көршілес  Торғай  уезімен  бір  деңгейдегі  Ырғыз  уезінде 
сауда қатынастары  қарқындап өсті.  Бұл процесс төмендегі таблицадан 
(кестеден) анық көрінеді: (11) 
 
Жылдар 
Ырғыз уезі 
Торғай уезі 
Сауда орындары  
саны 
Товар айналымы 
 (рубль) 
Сауда  
орындары саны 
Товар 
айналымы 
(рубль) 
1884 

70 мың 

78 мың 
1885 
63 
60 мың 
18 
76 мың 
1886 
70 
65 мың 
15 
75 мың 
1887 
84 
83,5 мың 
13 
87 мың 
1888 
 
100 мың 
16 
200 мың 
1889 
87 
120 мың 
17 
50 мың 
1890 
89 
100 мың 
21 
60 мың 
   
Ескерту*:  1889,  1890  жылдардағы  Торғай  уезінің  товар  айналымы 
тек Торғай қаласы бойынша көрсетілген. 
Х1Х-ғасырдың  80-жылдарында  (1884-1890  ж.ж.)  Ырғыз  және 
Торғай  уездеріндегі  отырықшы  қала  және  көшпенді  қазақ 
ауылдарындағы  халық  санының  өсу  динамикасы  мына  төмендегі 
мәліметтерден айқындалады: (12) 
 
Жылдар 
Ырғыз уезі бойынша 
Торғай уезі бойынша 
қала халқы 
көшпенді  
ауыл халқы 
қала халқы 
көшпенді 
ауыл халқы 
1884 
515 
 
401 
 
1885 
992 
75 815 
391 
65 785 
1886 
1036 
 
416 
65 785 
1887 
1162 
78 085 
411 
 
1888 
 
78 335 
 
 
1889 
 
 
 
 
1890 
1064 
83 485 
515 
70 304 
 
1891  жылғы  Далалық  Ереженің  «Мемлекеттік  кәсіпшілік  салық 
туралы»  ережесінің  50-бабына  сәйкес  Ырғыз  уезінде  сауда  мен 
өнеркәсіптің  дамуын  бақылау  үшін  жергілікті  көпестерден  сауда 
депутациясы  құрылды.  Депутация  құрамын  сайлау  құқығына  1-3 
разрядты саудагерлік куәлігі бар жергілікті саудагерлер ие болды. Сауда 
депутация  мүшелері  сауда  операциялары  мен  кәсіпшілікпен  дұрыс 
жүргізу ісіне  бақылау орнатуға  тиіс  болды.  Сонымен  қатар сауда және 
кәсіпшілікпен айналысқан адамдардың қалалық қазынасы мен табысына 
зиян  келтірмеуін  бақылау  және  жәрмеңкеге  келген  саудагерлер 

 
130 
жәрмеңке салығы ретінде мануфактуралық товар сатқаны үшін – 2 күміс 
рубль, ұсақ товарлар сатқаны үшін – 50 күміс тиын төлейтін болды. 
Ырғыз  қаласындағы  сауда  депутациясының  құрамына  Ырғыздық 
саудагер көпестер К.А.Солодов, К.Шагидуллин сайланып, олар өздеріне 
жүктелген  міндетті  бірнеше  жыл  бойы  абыроймен  атқарды.  Сауда 
депутациясы  өз  мәжілістерінде  маңызды  сауда  мәселелерін  талқылап, 
тиімді  шешімдер  қабылдап  отырды.  1898  жылы  Ырғыз  сауда 
депутациясы  жәрмеңкеде  ат  байлайтын  орын  салу  мәселесін  қарап, 
ветеринарлық (мал) дәрігерінің жәрмеңкеге келген малды тексеру үшін 
маңызды  болған  осы  шаруаның  дұрыс  ұйымдастырылуына  көмегін 
тигізді. 
Сонымен  қатар  сауда  депутациясы  Ырғызда  сауда  алаңын  салып, 
жарық  (фонарь)  орнату,  жүргіншілер  үшін  жол  құрылысын  жүргізу 
мәселелерін  талқылап,  шешім  қабылдады.  Күзгі  Ырғыз  жәрмеңкесі 
кезінде  балшықтан  адамдардың  жүруі  өте  қиын  болды.  Осы  мәселені 
шешу үшін қала бюджетінен 150 рубль бөлінді. 
1870  жылы  уезд  экономикасын  дамыту  мақсатында  Ырғызда 
жәрмеңке  ашылуына  байланысты  айырбас  сарайының  салуының 
қажеттілігі  туды.  Сөйтіп  1887  жылы  Ырғызда  саудагерлердің 
сұранысына сәйкес айырбас сарайы салынып, осының нәтижесінде 1893 
жылы Ырғыз жәрмеңкесінің товар айналымы 320 мың рубльге жетті.  
1892  жылы  Ырғызда  60  лавка  жұмыс  жасап,  олардың  ішінде  39 
лавка  –  2  гильдия  көпестерінің  иелігінде  болды,  21  лавка  ұсақ  товар 
сататын саудагерлердің меншігінде болды. 
1893 жылы Ырғыз уезіндегі жұмыс жасаған 75 лавканың ішінде 63 
лавка 2-гильдиялық көпестердің жеке меншігі болды.  
Х1Х-ғасырдың  соңғы  10  жылдығында  Ырғыз  уезінде  сауда 
қатынастары  жаңа  қарқынға  ие  болып,  қалалардағы  тұрақты  сауда 
орындары, қазақ ауылдарындағы айырбас және Ырғызда тұрақты түрде 
өткізіле  бастаған  жәрмеңке  саудасы  товар  айналымының    жылдан-
жылға  өсуін  қамтамасыз    етті.  1890-жылы  Ырғыз  уезінде  89  сауда 
орындары жұмыс істеп, жалпы товар айналымы 100 мың рубльге жетті. 
Бұл  көрсеткіш    негізгі  халқы  қазақтар  болып  саналатын  көршілес 
Торғай  уезінің  товар  айналымынан  40  мың  рубльге  артық  болды.  Осы 
жылы  Торғай  уезінде  барлығы  21  сауда  орындары  халыққа  қызмет 
көрсетті. 
1893-жылы Ырғыз және Қарабұтақта 72 дүкен, 3 ішімдік  орындары 
сауда  жасап,  жалпы  товар  айналымы  уезд  бойынша  320  мың  рубльге 
жетіп,  1890-жылмен  салыстырғанда  3  еседен  артық  болды.  1893-жылы 
Торғай уезінде товар айналымының көлемі 115 мың рубль құрады. (13) 
1894  жылы  Ырғызда  жоспарланған  жәрмеңке  саудагерлер  мен 
сатып  алушылардың келмей қалуына байланысты өтпей   қалды. 

 
131 
1894-жылы  Ырғыз  уезінде  1893-жылмен  салыстырғанда  товар 
айналымы  80  мыңға  артты.  Осы  жылы  уезде    68  дүкен,  2  ішімдік 
сататын орындар жұмыс жасап, жалпы товар айналымы 400 мың рубль 
құрады. 
1894-жылы Ырғыз уезінде сауда жасауға берілген  құжаттар туралы 
мәлімет: (14) 
 
Сауда жасауға  берілген 
құжаттар 
1 жыл  
мерзімге 
жарты жыл  
мерзімге 
Барлығы 
Сауда жасауға берілген күәлік 
 
 
 
2 гильдия Ү класс 
33 

36 
ұсақ сауда Ү класс 
23 

30 
тасымал саудасына 
44 

46 
тарату саудасына 



1 класс приказчиктері 
24 

27 
2 класс приказчиктері 



1 гильдия Ү класс билеттері 



2 гильдия Ү класс  билеттері 
50 

59 
ұсақ сауда Ү класс 
25 

29 
табак (темекі) сату патенті 
17 

20 
3-разряд Ү класс өндіріс куәлігі 



                  БАРЛЫҒЫ 
235 
33 
268 
 
1894-жылы  Ырғыз  уезінде  сауда  ісімен  айналысқандардың  жалпы 
саны 268 адам болып, олардың ішінде 235 адам 1 жыл бойына, 33 адам 
жарты  жылға сауда жасауға рұхсат беретін    құжаттар сатып  алды. (15) 
1895-жылы 
Ырғыз  уезінде  товар  айналымы  1894-жылмен 
салыстырғанда  100  мың  сомға  артып,  жалпы  товар  айналымының 
көлемі  500  мың  рубльге  жетті.  Осы  жылы  15-22    мамырда  өткізілуге 
тиіс  болған  Ырғыз  және  Торғай  жәрмеңкелері  жұртшылықтың  
жиналмауына байланысты өткізілмей қалды. 
1895-жылғы  Ырғыз  уезіндегі  сауда  ісінің  жағдайы  мына  кестеден 
көрінеді. 
 
Сауда жылы 
Ларек 
лавка 
Ішімдік 
орындары 
Товар 
айналымы 
1895 
25 
44 

500 мың 
рубль 
 
1895-жылғы Ырғыз уезіндегі товар айналымының көршілес Торғай 
уезінен 350 мың сомға, Ақтөбе уезінен 120 мың сомға артық болды, ал 
өндіріс  және  сауда  орындары  жедел  дамыған  Қостанай  уезімен 
салыстырғанда  2  есе  кем  болды.  Осы  жылы  Қостанай    уезінің  товар 

 
132 
айналымы  1  072  мың  рубль  құраған  болатын.  1895  жылы  Ырғыз 
уезіндегі  товар  айналымы  мен  сауда  орындарының  саны  тұтас  Торғай 
облысының товар айналымы мен сауда орындарының ¼ бөлігін құрады. 
1895-жылы  4  уезден  тұратын  Торғай  облысында  барлығы  410  сауда 
орындары  жұмыс  жасап,  жалпы  сауда  айналымы  2  102  000    рубль 
болды. 
1895  жылы  Ырғыз  уезінде  269  адам  сауда  жасау  үшін  1  жылға 
рұхсат қағаздарын алып, ол үшін 4 425 сом төледі. Осы жылы 28 адам  
жарты жылға сауда куәліктерін 150 сом ақшаға сатып алды. 1895-жылы 
сауда  жасау  үшін  түрлі  құжаттар  сатып  алған  397  адамның  ішінде  37 
саудагер  2-гильдия  5-класс  куәліктерін,  2-гильдия  билеттерін  50 
саудагерлер  алды.  Сонымен  қатар  24  адам  3-разрядтық    өндірісші 
билеттеріне ие болды. Өндіріспен айналысуға рұхсат алғандар негізінен 
балық аулау, балық өндірісімен  шұғылданды. 
Торғай 
облысының 
территориясындағы 
Ақтөбе, 
Ырғыз 
жәрмеңкелері  1870  жылдан  бастап  рұхсат  етілгеніне  қарамастан 
жәрмеңке  жұмыстары  бірден  өркендеп  кете  қойған  жоқ.  Ақтөбеде 
жәрмеңке  1895  жылдан,  ал  Ырғызда  көктемгі  жәрмеңке  1896  жылдан 
бастап  жүргізіле бастады. 1895 жылдан бастап өткізуге рұхсат  алынған 
Ырғыздағы күзгі  боқырау (Покровская)  жәрмеңкесін  қала басқармасы 
1-8 қазан аралығында тәжірибе жинақтау мақсатында өткізіп, жәрмеңке 
өз мақсатына жетіп саудагерлер мен уезд   жұртшылығының  көңілінен  
шыққан соң, жәрмеңкенің күз айында өткізілу мерзімін 14 күнге ұзарту  
ұйғарылды. Сонымен бірге 1895-жылғы Ырғыз жәрмеңкесін Ресей ішкі 
істер  министрлігі  мен  қаржы  министрлігінің    шешімімен  көктемде  1 
жетіден  15  күнге  созу  мүмкіндігі    жүзеге  асырылды  да,  жәрмеңке 
Ырғыздағы Никольск жәрмеңкесі  деп аталатын болды. (16) 
1896-жылы  Ырғыз  уезінде  жәрмеңке  саудасымен  бірге,  Ырғыз, 
Қарабұтақ  елді  мекендерінде  тұрақты  сауда,  сонымен  қатар  көшпенді 
қазақ ауылдарында уақытша сауда өрістеді. 1896-жылы осы сауданың 3 
түрі бойынша товарлардың жалпы айналымы Ырғыз уезі бойынша 500 
000  рубль  құрады.  Осы  жылы  Ырғыз  және  Қарабұтақта  2-гильдия 
куәліктерімен 31 лавка, ұсақ сауда жасау куәліктері бойынша 23 лавка, 
1 ішімдік орны, барлығы 55 сауда орындары жұмыс жасады. 
Сауда  орындарының  Ресей,  Орта  Азиядан    өте  алыс 
орналасқандықтан  Ырғыз  уезінде  мануфактура,  бакалея,  галантерея 
бұйымдары  өте  аз,  бірақ  қымбат  бағаға  сатылды.  Орынбордың  татар 
саудагерлері мен олардың – сауда өкілдері – товар таратушылары, және 
Ақтөбе,  Ырғыз  және  Қарабұтақтың  саудагерлері  қазақ  ауылдарын 
аралап айырбас саудасымен айналысты. 
Олар  негізінен  қазақтарға  шәй,  шекер,  сабын,  иіс  су  және  ұсақ 
тұрмыстық заттарды малға және мал өнімдеріне алмастырды. 

 
133 
Торғай  облыстық  басқармасының  1895  жылғы  24  маусымдағы 
№5549  және  1896  жылғы  6  қыркүйектегі  №  6004  жарлықтарына  
(указдарына)  сәйкес  Ырғызда  7  күндік  екі  жәрмеңке  тағайындалып, 
«Никольская»  деп  аталатын  бірінші  жәрмеңке  15-22  мамырда, 
«Покровская»  деп  аталатын  екінші  жәрмеңке  1-8  қазан  аралығында  
өткізілетін    болған.  Кейінірек  осы  жәрмеңкелердің  өткізілу  мерзімі 
өзгертіліп, бірінші көктемгі жәрмеңке  15 мамырдан 6 мамырға, екінші 
күзгі жәрмеңке  1 қазаннан 25 қыркүйекке  ауыстырылды. 
Торғай облыстық басқармасының № 6245 ұсынысы бойынша Ресей 
ішкі істер министрлігінің және финанс министрлігінің келісімімен  1892 
жылғы  Заңдар  жинағының    2  том,  1  бөлімінің  331  статьясының 
(бабының)    негізінде  Ырғыз  қалалық  депутациясының  ұсынысына 
сәйкес  Ырғызда  өткізілетін  7  күндік  жәрмеңкенің  ашылу    мерзімін 
өзгертіп,  6  мамырдан  бастап  14  күнге  ұзартып,  жәрмеңкені 
«Никольская» деп  атауға рұқсат етілді. (18) 
Ырғыз қаласында арнаулы алаңда жәрмеңке ұйымдастырылып өткізілген 
уақыттан  бастап  саудагерлерді  орналастыру  үшін  қала  басшылығы  арнаулы 
сауда орнын бөліп, осы жерде жәрмеңкелік сауда жүргізілді. 
Бірақ  саудагерлер  тұрақты  сауда  дүкені  мен  қоймаларының 
болмауына  байланысты  өз  саудасын  киіз  үйлер,  шатырлар  мен  талдан 
тоқыған  сарайларда  жасауға  мәжбүр  болды,  сөйтіп  ауа-райы  бұзылған 
кезде  товарларының  бұзылуына  жол  берілді.  Сондықтан  саудагерлер 
тұрақты  сауда  ғимараттарын  салуға  рұхсат  беру  туралы  қала 
басшылығының алдына мәселе қойған. 
Ырғыз  жәрмеңкесінің  жұмысы  Торғай  облыстық    басқармасының 
тікелей  бақылауында  болуға  тиіс  болды.  Сондықтан  Торғай  әскери 
губернаторының  қарамағындағы  Орынбор  қазыналық    палатасы  өзінің 
1895  жылғы  №15223  қатынас  қағазы  арқылы  Ырғыз  қаласында    сауда 
депутациясын  құрып,  оның  құрамына  жергілікті  саудагерлерді  енгізіп, 
олардың 
міндетіне 
жергілікті 
салық 
жинау 
инспекторының 
басшылығымен сауда істерін үнемі өз бақылауға алу ісін тапсырды. (19) 
Осыған    байланысты  Ырғыз  уезінің  начальнигі  1895  жылы  30 
желтоқсанда жазған №12590 қатынас қағазында Торғай облыстық әскер 
Губернаторынан    «Ырғыз  қаласында  тек  қана  бір  Солодов  Константин 
деген  орыс  саудагерінің  болуына  байланысты  қаладағы  сауда  ісін 
қадағалап  отыратын  сауда  депутациясының    құрамына  татар,  башқұрт 
және бұқар саудагерлерін де енгізуге рұхсат етуін»  сұраған. (20) 
Ырғыз    қалалық  сауда  депутациясының  міндетін  Константин 
Солодов,  2-гильдиялық  көпес  Кашафутдин  Шагифуллин,  Ахметше 
Зиганшин,  Суюндиков  Нигматулла,  Леонтий  Данченко  көп  жылдар 
бойы абыроймен атқарған.  
Ырғызда сауда  ісінің  дамуын сауда депутациясы өз  бақылауына 
алып,  ол  сауда  және  өндірістің  дұрыс  жүзеге  асырылуын  қадағалап 

 
134 
отырды. 1896-жылы Ырғыз сауда депутациясының құрамына жергілікті 
мещанин  К.Солодов  және  татар  саудагер  К.Шамидуллин  сайланды, 
1901 жылы сауда депутациясының мұшелігіне Н.Габбасов, А.Зиганшин 
және Ф.Махметов деген татарлар сайланды. 1902-жылы татар көпестер 
Н.Габбасов  және  М.Мулларахметовты  Ырғыздың  жеке  меншік  үй 
иелері  көпестер  сословиесінен  жылжымайтын  мүлікті  бағалау 
комиссиясының құрамына сайлады. 
Сонымен  бірге  Ырғыз  қалалық  сауда  депутациясының  құрамына 
мүшелікке  кандидат  ретінде    2  гильдиялық  көпес  Яхия  Хамзин, 
Файзулла Махмутов сайланған. (21) 
Қарабұтақ  бекінісінде  сауда  жұмыстарын  қадағалау  ісі  село 
старостасына тапсырылған. (22) 
1896 жылы 6 мамырда Ырғызда көктемгі  14 күндік «Никольская»  
жәрмеңкесі  өткізілді.  Жәрмеңке  алаңында  56  дүкен  (лавка)  жұмыс 
жасады. Осы жәрмеңкеге Ірбіттен келген 1 саудагер, Троицк қаласынан 
келген  4  саудагер.  Торғайдан  келген  1  саудагер,  Орскіден  келген  5 
саудагер өз дүкендерін ашып сауда   жасады. Сонымен қатар Орынбор, 
Орск және Троицк қалаларынан бірнеше  алыпсатар көпестер келіп тек 
қана мал саудасымен айналысқан. (23) 
1896-жыл ауа-райының мал және егін шаруашылығының  дамуына 
өте  қолайлы  болды.  Сондықтан  осы  жылы  Ырғыз  уезінде    жәрмеңке 
саудасы  табысты  өтті.  1896-жылы  Ырғызда  өткізілген  2  жәрмеңкеде 
сатылған заттар мен товар айналымы туралы мәлімет:  
 
 
Саудаға түскен мал мен заттар 
Олардың ақшалай мөлшері  
(рубль) 

           Мал 
 
 
1. Жылқы 
14 929 
 
2. Мүйізді ірі қара 
10 126 
 
3. Түйе 
5 096 
 
4. Қой мен ешкі 
55 862 
П 
           Мал өнімдері 
 
 
былғары, жүн, түбіт, мал майы 
22 800 
 
нан 
1 100 
 
тері, байпақ, т.б. 
12 774 
Ш 
мануфактура товары 
 
 
бакалея және галантерея 
51 760 
 
темір 
 
 
                                     Барлығы 
174 596 
1896-жылы  жәрмеңкеде  сатылған  мал  бағасы  мынадай  болды: 
жылқы – 30 рубль, сиыр 21 рубль, түйе – 35 рубль, қой – 3 рубль, ешкі – 
2  рубль.  Сонымен  қатар  қазақтар  мал  өнімдерін  мынадай  бағамен 
өткізді:    жылқы  терісі  –  3  рубль  50  тиын,  қой  мен  ешкі  терілері  –  50 

 
135 
тиын,  қой  жүні  2  рубль  50  тиын,  түйе  жүні  –  4  рубль  50  тиын,  ешкі 
түбіті  –  60  тиын,  жылқының  жалы  мен  қылы  15  рубль,  шыжғырылған 
май – 4 рубль, киіз (1 шаршы сажень) – 3-5 рубль. (24) 
1896 ж. Ырғыз жәрмеңкесінде сатылған товарлар 
 
Товар атауы 
Саны 
Бағасы 
Жалпы бағасы 
(рубль) 
Мануфактура және  
басқа товарлар 
 
 
30415 р.50т. 
Жабағы жүн 
2425 пұт 
2 р. 
4850 р. 
Түйе жүні 
3400 пұт 
4 р.40т. 
14600р. 
Киік мүйізі 
725 пар 
4 р. 
2900 р. 
Иленбеген тері 
 
 
2000 р. 
Киіз 
2800 аршин 
80-82 тиын 
2264 
Қой 
6486 бас 
3р.75 тиын 
30052 
Түйе 
172 бас 
20-35 руб. 
3835 
Сиыр 
266 бас 
7-35 руб. 
3621 
Жылқы 
326 бас 
12-60 руб. 
8824 
Барлығы 
 
 
103361 руб  
50 тиын 
1896-жылы  Ырғызда    өткізілген  жәрмеңке  туралы  Ырғыз  уезінің 
начальнигі  өзінің  10  маусымда  жазған  №10344  рапортында:  «Ырғызда 
15-22  мамырда  өткізілуге  тиісті  көктемгі  жәрмеңке  17  мамырда  ресми  
түрде  ашылды.  Жәрмеңкеге  арналып  таңғы    намаз  оқылып,    жәрмеңке 
алаңын  қасиетті  сумен  бүркіп,  намазға  тұрған  христиандар  қолдарына 
крест  алып  жәрмеңке  орнын  түгел  айналып  шықты.  Осыдан  соң 
жәрмеңкеге  жиналған  мұсылмандар  құран  оқыды.  Діни  рәсімдер 
орындалған соң  (17.06)   жәрмеңке  жалауы  көтеріліп, ол тек жәрмеңке 
өз  жұмысын аяқтаған соң ғана  (22.06)  түсірілді. Жәрмеңке  уақытында  
жәрмеңке  комитеті  құрылып,  оның  құрамына  саудагерлер  Сафарбаев, 
Габсаттаров,  қала  басқармасынан  Щербаков  сайланды.  Тіркеу 
кітабының есебі бойынша  жәрмеңкенің сауда айналымы 103 361 рубль 
50  тиын  құрады.  (25).    Ырғыз  жәрмеңке  комитетінің  барлық  мүшелері 
және қазақтардың тұрмысы мен  қажеттіліктерін өте жақсы білетін мал 
дәрігері  (ветеринар)  Қарабаев  4  маусымда  қабылдаған  қаулысында 
қазақтар  мен  саудагерлер  үшін  көктемгі  Ырғыз  жәрмеңкесінің  тиімді 
екенін  атап  көрсетіп,  7  күндік  жәрмеңкені  14  күнге  ұзартып,  оның 
ашылуын  6  майға  тағайындап,  жәрмеңкені  «Николаев»  деп  атауды  
және  күзде қосымша 25 қыркүйектен басталатын  14 күндік   «Покров» 
жәрмеңкесін өткізуді ұсынады»  деп атап көрсеткен болатын. (26) 
1897-жылы  19  мамырда  аяқталған  көктемгі  (Никольская)  Ырғыз 
жәрмеңкесінің  товар  айналымы  120  079  рубль  20  тиын  құрады.  Осы 
жәрмеңкеде  61  мың  рубльге  13  мың  қой,  3300    рубльге    108  жылқы, 

 
136 
2000 рубльге 140 сиыр, 1200 рубльге 40 түйе сатылды. Сонымен қатар 
саудагерлер  38  780  рубль  тұратын  мануфактуралық  товарларын 
жергілікті қазақтарға малға және мал өнімдеріне айырбастады. Сонымен 
қатар  жәрмеңкеге  келген  қазақтар  4  рубльден  1950  пұт  түйенің  жүнін 
7800  рубльге  өткізді.  Бағасы  1  рубль  80  тиын  тұратын  944  пұт  жабағы 
жүнін 1699 рубль 20 тиынға сатқан. Осы жәрмеңкеде 1900 рубльге тері, 
800  рубльге  мерлушка,  500  рубльге  киіз-текемет,  1100  рубльге  астық 
өнімдері сатылды. (27) 
1897-жылы Ырғыздағы көктемдегі жәрмеңкеге айдап әкелінген мал 
саны  аз  болғандықтан,  олардың  бағасы  көтеріліп,  жәрмеңкенің  товар 
айналымы  1896-жылдан  жоғары  болды.  Егер  1896  жылғы  жәрмеңкеде 
товар айналымы 103 361 рубль 50 тиын болса, 1897-жылы 120 079 рубль 
20 тиын болды. (28) 
1897  жылы  1  қазанда  Ырғызда  күзгі  жетікүндік  Покровская 
жәрмеңкесі  ашылып  өз  жұмысын  бастаған.  Осы  жәрмеңке  туралы 
Ырғыз  уезінің  начальнигі  жаздың  қуаңшылығына  байланысты    егіннің 
шықпай  қалып,  жаздың  мал  шаруашылығына    қолайсыздығына  орай 
Ырғыз жәрмеңкесінің онша жақсы бола қоймайтындығы туралы Торғай 
облыстық басқармасына рапорт түсірген. 
1897-жылы  8  қазанда  жабылған  күзгі  –  Покров  –  Ырғыз 
жәрмеңкесінің товар айналымы 65 461 рубль 50 тиын ғана болды. 
 
Сатылған товарлардың атауы 
Бағасы 
Жалпы сумма 
Мануфактура 
 
24000 рубль 
Киіз 
 
5160 рубль 
Тері 
 
5000 рубль 
Мал 
 
 
Түйе 85 бас 
31 рубль 
2635 рубль 
Жылқы 60 бас 
23 рубль 
1380 рубль 
Сиыр 17 бас 
13 рубль 
2210 рубль 
Қой 5610 бас 
3р.90т. 
21879 рубль 
Ешкі 350 бас 
2р.30т. 
805 рубль 
Астық өнімдері 
 
 
Ұн 530 пұт 
1 р. 20 т. 
636 рубль 
Бидай 1500 пұт 
1 рубль 
1500 рубль 
Арпа 200 пұт 
70 тиын 
140 рубль 
Тары 710 пұт 
65 тиын 
461 р.50 тиын 
Сұлы 150 пұт 
75 тиын 
100 рубль 
                                Барлығы 
 
65416 р.50 т. 
 
1898-жылы  көктемгі  Ырғыз  жәрмеңкесінің  товар  айналымы  өте  аз 
болып, барлығы 32 326 рубль 50 тиын құрады. Осы көктемгі Николаев 
жәрмеңкесінде сатылған товарлар:  (29) 

 
137 
 
мануфактура бұйымдары 
18700 рубль 
түйе жүні (1240 пұт) 
4712 рубль 
жабағы жүні (705 пұт) 
1198 рубль 50 тиын 
тері 
1006 рубль 
киіз 
100 рубль 
астық өнімдері 
560 рубль 
                Мал 
 
түйе 10 бас 
200 рубль 
сиыр 20 бас 
350 рубль 
жылқы 30 бас 
700 рубль 
қой 1200 бас 
4800 рубль 
                Барлығы 
32326 рубль 50 тиын 
 
1898  жылы  қазан  айында  Ырғызда  өткен  жәрмеңкеге  54  саудагер 
қатынасып,  олар  54771  рубль  тұратын  товар  сатқан.  Осы    жәрмеңкеде 
қазақтар  120  жылқы,  40  түйе,  4200  қой,  900  қозы,  400  ешкі  сатқан. 
Сонымен  қатар  жергілікті  қазақтар  жәрмеңкеге  келген  саудагерлерге 
220  сиырдың  терісін,  330    жылқы  терісін,  350  түйе    терісін,  4500  қой 
терісін,  1500  ешкі  терісін  өткізген.  Қазақтар  жүннен  және  киізден 
жасалған 460 бұйымдарды сатып пайда  тапқан. Осы жәрмеңкеде  сауда  
орындарын жалдаудан 162 рубль қазына пайдасына түскен. (30) 
1898  жылғы  күзгі  Ырғызда  өткізілген  Покров  жәрмеңкесінде  36 
саудагерлер келді. Олар 14500 рубль тұратын мануфактура  бұйымдары, 
1500  рубльге  бакалея,  2500  рубльдің  тері  бұйымдарын  жергілікті 
халыққа  18500  рубльге  сатқан.  Сонымен  бірге  осы  жәрмеңкеде    1440 
рубль тұратын астық, 460 рубльге ұн, 765 рубльге тары сатылған, сөйтіп 
жәрмеңкеде  барлығы  2665  рубль  тұратын  астық  және  астық  өнімдері 
өткізілген. (31) 
1898-жылы  қазан  айында  Ырғызда  өткізілген  күзгі  Покров 
жәрмеңкесінде  жергілікті  қазақтар  мал  және  мал  өнімдерін 
саудагерлерге  өткізіп,  жәрмеңкеден  өздеріне  қажетті  заттарын  алған. 
Осы  1898-жылғы  Покров  жәрмеңкесінде  сатылған  мал  және  мал  
өнімдері туралы мәлімет: (32) 
 
Сатылған мал және малмен аң өнімдері 
Бас 
Дана 
Пұт 
Сиыр 
150 
 
 
Қой 
4200 
 
 
Қозы 
900 
 
 
Ешкі 
400 
 
 
Түйе 
40 
 
 
Жылқы 
120 
 
 

 
138 
Қой терісі 
 
4500 
 
Сиыр терісі 
 
220 
 
Ешкі терісі 
 
1500 
 
Түйе терісі 
 
350 
 
Жылқы терісі 
 
330 
 
Қасқыр терісі 
 
10 
 
Түлкі терісі 
 
30 
 
Қарсақ терісі 
 
15 
 
Күзен терісі 
 
300 
 
Борсық терісі 
 
15 
 
Аққу  жүні 
 

 
Жылқының құйрығы 
 
 
50 
                     жалы 
 
 
25 
 
1899  жылы  Ырғыз  уезінде  83  тұрақты  сауда  орындары  50  мың 
рубльдің заттарының сауда айналымын жасады. Осы жылы Ырғызда екі 
жәрмеңке  өткізіліп,    ондағы  сауда  190  270  рубльдің  сауда  айналымын  
құрады. 
1899-жылғы Торғайда өткізілген 1 жәрмеңкеде товар айналымы 272 
410  рубльге  жетсе,  осы  жылғы  Қостанайда  өткізілген  2  жәрмеңкеде 
товар айналымы 540 018 рубль болды. (33) 
Ырғыз жәрмеңкесінің тұрақты түрде өткізіліп, сауда айналымының 
өсе  түсуі  саудагерлердің  сауда  ісімен  терең  айналысуына    мүдделігін 
арттыра  түсті.  1900  жылы  2  маусымда  Ырғыз  қаласының  қоғамдық 
басқармасы  қала  тұрғыны  бұқарлық  Арифбай  Атабаевтың  Ырғыз 
жәрмеңке    алаңында  кірпіштен    асхана  салуға  рұхсат  сұраған  өтінішін 
қарап, саудагердің өтінішін қанағаттандырды. Осы асхана жұмысы үшін 
әр  жәрмеңке  сайын  оның  иесінен  3  рубльді  қала  қазынасына  төлету 
туралы шешім қабылданды. (34) 
1900-жылы уездік қалалар мен жәрмеңкелерде товар айналымы 650 
мың  рубль  болды.  Осы  жылы  уезд  территориясында  159  сауда 
орындары  жұмыс  жасады.  1900-жылғы  көктем  мен  күзде  өткізілген  2 
жәрмеңкеде  товар  айналымының  жалпы  көлемі  297190  рубль  құрады. 
Осы жылы Торғайда 1 жәрмеңке өткізіліп оның сауда айналымы 184660  
рубль болды. (35) 
Ырғыз  уезі  бойынша  1890-1900  жылдар  аралығындағы  сауда 
көрсеткіштерінің  дамуы туралы мәлімет: (36) 
 
жылдар 
сауда  орындарының  саны 
товар айналымы (рубль) 
1890 
89 
100 мың 
1893 
75 
320 мың 
1894 
70 
400 мың 
1895 
70 
500 мың 

 
139 
1896 
55 
500 мың 
1899 
83 
50 мың 
1900 
159 
650 мың 
 
Осы  мәліметтен  Ырғыз  уезінде  Х1Х  ғасырдың  80-жылдарымен 
салыстырғанда  90-жылдары  сауда  қатынастарының  қарқындап  өскенін 
көруге  болады.  Ырғыз  уезі  бойынша  1884-жылы  товар  айналымы  70 
мың рубль болса, 1894 жылы товар айналымы 400 мың   рубльге жетті, 
ал 1900-жылы бұл көрсеткіш 650 мың рубль деңгейіне көтерілді.  
Ырғыз қаласының шаруашылық басқармасы 1901-жылы 28 сәуірде 
қаулы  қабылдап:  «1.  Саудагерлер  мен  қала  мүддесін  ескере  отырып 
саудагерлерге  жәрмеңке  алаңында  бірдей  жобамен  биік  2    итарқалы 
төбесі,  2  жақты  есіктері  бар,  едені  балшықпен  сыланған,  сауда 
орындарын  салып, өз меншігі  ретінде пайдалануға рұхсат берген. Осы 
сауда орындары  салынғаннан кейін 12 жылдан соң саудагерлерден қала 
меншігіне    өтетін  болды.  12  жыл  мерзім  өткенге  дейін  сауда  үйінің 
иесіне  қала    қазынасына    жылына  3  рубль  төлем  төлеуге  міндеттелді. 
Сонымен  қатар  ұсақ  сауда,  тамақтанатын  орындар,  жүн  жинайтын 
қоймалар  ретінде  тігілген  ағаш  үйлер  үшін  уезд  начальнигінің 
рұхсатымен  жәрмеңке  комитеті  арнаулы  орындар  бөліп,  оларға  бөлек 
төлем төлеу қарастырылды. 
Ырғыз  жәрмеңке  алаңында  қала  басшылығы  және  жәрмеңке 
комитеті  мен  Ырғыз  қалалық  қоғамдық  басқармасының  шешімімен  5  
қаңтарға барлығы 53 саудагерлер  тұрақты сауда орындарын салып, осы 
орындар  мен  сауда  ғимараттары  саудагерлердің  жеке  меншігі  болып 
бекітілді  де,  ғимараттарды  пайдалану  мерзімінің  басы  олардың 
бұрыннан  салына  бастағаны  ескеріліп  1899  жылдың  1-қаңтары  болып 
есептелді. 
2.  Осы  қаулыға  сәйкес  сауда  ғимараттарын    олардың  иелері 
келісілген  12  жыл  бойы  өз  қаражаттарына  оңдап,  жақсы  жағдайда 
ұстауға міндетті болды. 
3.  Дүкен-лавкалардың  иелері  12  жыл  ішінде  өз  меншігіндегі 
ғимаратты  уезд  начальнигінің  рұхсатымен  басқа  адамдарға  беруге 
құқылы.  Бірақ  дүкеннің  жаңа  иесі  тек  қана  сауда  орнын  пайдалана 
алады, бірақ жер оның  иелігіне  өтпейді. 
4. Дүкен-лавка иесінің  өліміне байланысты, егер оның мұрагерлері 
болмаған жағдайда және мұрагерлердің меншік құқығынан бас тартқан 
жағдайында лавка ешқандай шартсыз қала меншігіне өтеді. 
5. Сол сияқты лавка оның иесінің өз меншігінен жазбаша түрде бас 
тартқан  жағдайда  және  қатарынан  өткен  3  жәрмеңке  бойы  қала 
қазынасына 3 рубльден төлем төлемеген жағдайда дүкен қала меншігіне  
қаратылады. 

 
140 
6.  Дүкен  иелері,  оның  мұрагерлері  мен  қамқоршылары  өз 
меншігінен  бас  тартқан  жағдайда  дүкен  ішіндегі  заттарды  қала 
меншігіне өткізіп, олардың жұмысқа жарақтылығын қамтамасыз етулері 
тиіс. 
7.  Он  екі  жылдық  мерзім  өткенге  дейін  дүкен  (лавка)  өртенген  
жағдайда  меншік  иелеріне  жаңадан  құрылыс  салуына  құқық  беріледі. 
Бұл  жағдайда  12  жылдық  мерзім    тағы  3  жылға  созылады.  Егер  дүкен 
(лавка)    иесі  құрылыс  салудан  бас  тартса,  дүкен  орналасқан  жер  қала 
меншігіне  өтеді  де,  ол  орын  басқа  адамға  жалға  беріледі.  12  жылдық  
мерзім  өткен  соң  өрт    болған  жағдайда  қала  меншігіне  өткен 
дүкендердің    өртену  нәтижесінде    қала  шаруашылығына  келтірілген 
зиян кінәлі адамдардан өндіріледі. 
Қала  басқармасы  дүкендер  мен  оның  ішіндегі  жұмысқа  қажетті 
керек-жарақ  заттардың  толық  есебін  жүргізу  үшін  арнаулы  комиссия 
құрып, оның құрамына: полиция қызметкері, 2 қала депутаты, 1 қалалық 
сауда  депутаты  және    жәрмеңкелік  сауда  қоғамынан  сайланған  3 
саудагер енгізіледі. 
8. Дүкен (лавка) салған саудагерлерге меншік  иесі ретінде арнаулы 
куәлік беріледі. 
9.  Осы  қаулының  көшірмесі  облыстың  әскери  губернаторына 
тапсырылсын» деп атап көрсетілді. (37) 
ХХ  ғасырдың  алғашқы  10  жылдығында  (1901-1910  ж.ж.)  Ырғыз 
уезінде  сауда  жаңа  қарқынмен  дамыды.  1901-жылы  уезд  бойынша  173 
сауда  орындары  жұмыс  жасап,  товар  айналымы  1  миллион  рубльге 
жетті.  Осы  жылы  Ырғызда  2  рет  жәрмеңке  өткізіліп,  товар  айналымы 
410270  мың  рубль  құрады.  Тұрақты  және  жәрмеңке  саудасын  жүргізу 
үшін 1901 жылы уезд бойынша 1871 рубльге рұхсат қағаздар сатылды. 
(38) 
Ырғыз  уезі    бойынша  1901  жылғы  сауда-саттық  жұмыстарының 
1900 жылмен   салыстырмалы түрдегі деңгейі мынадай болды: (39) 
 
Жылдар 
Сауда 
орындарының 
саны 
Жалпы товар 
айналымы 
(рубль) 
Жәрмеңке 
сауда 
айналымы 
(рубль) 
Сауда жасау үшін рұхсат 
қағаздар (куәліктер) 
сатылды (рубль) 
1900 
159 
650 000 мың 
297 190 рубль 
211 рубль 50 т. 
1901 
173 
1 000 000 
410 270 рубль 
575 рубль 
 
Ырғыз 
қалалық 
депутациясының 
құрамы 
үнемі 
жаңа 
саудагерлермен толықтырылып отырды (ротация). 
ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  Ырғыз  қаласы  ірі  сауда  орталығына 
айналды.  «Қала  шаруашылығы  туралы»  Ережесінің  23  бабына  сәйкес 
және  Торғай  облыстық  басқармасының  1901  жылдың  10  маусымдағы 
жазбаша  пәрменіне  байланысты  Ырғыз  қаласында  жылжымайтын 

 
141 
мүлікті  бағалау  комиссиясы  құрылды.  Осы  комиссия  құрамына 
көпестер  құрамынан  Н.Ғаббасов,  М.Молдарахметов,  қазақтардан 
Ж.Сүгірбаев, жергілікті мещандар өкілі ретінде В.Неровнов сайланды. 
Осы  комиссия  шешімімен  жылжымайтын  мүлікке  салынған 
салықтың 1% қала бюджетіне аударылды. 
1901  жылы  Ырғыз  сауда  депутациясының  құрамына  Нығметолла 
Ғаббасов,  Ахметше  Зиганшин,  Файзулла  Махметов,  Ахью  Хамзин 
сайланды.  
1902-жылы  Ырғыз  уезінде  тұрақты  сауда  Ырғыз  және  Қарабұтақ 
қалаларында  жүргізіліп,  осы  жылы  2  рет  Ырғыз  жәрмеңкесі  өткізілді. 
Сонымен бірге  саудагерлер  қазақ ауылдарын аралап айырбас  саудасын 
жүргізді,  өзара  келісім  бойынша  заттарын  малға    қарызға  берді. 
Саудагерлер  берген  заттары  үшін  күзде  ауылға  қайта  соғып  мал  және 
мал  өнімдерін  жинады.  Сөйтіп  қарызға  берген  заттары  үшін  көп  өсім 
алып, таза  пайда тапты. 
1902-жылы  Ырғыз  және  Қарабұтақта  197  сауда  орындары  жұмыс 
жасап, олардың саны  1901-жылмен салыстырғанда 24-ке  өсті.  Тұрақты 
сауда  орындары  мен  жәрмеңкедегі  жалпы  товар  айналымы  1  015  600 
рубльге  жетті.  Осы  қаражаттың  422  548    сомы  Ырғызда  өткізілген  2 
жәрмеңкеден түсті. 
Уезд  бойынша  1902-жылғы  товар  айналымы  1901-жылмен 
салыстырғанда  15  600  рубльге  өсті.  Жәрмеңкелердегі  товар  айналымы 
12 278 рубльге артық болды. (40) 
1903  және  1904  жылдарда  Ырғыз  уезіндегі  сауда  ісінің  даму 
көрсеткіштері мынадай болды. (41) 
 
Жылдар 
Сауда  
Орындарының 
 саны 
Жалпы 
товар 
айналымы  
(рубль) 
Жәрмеңке 
сауда 
айналымы 
 (рубль) 
Сауда 
жасау үшін 
сатылдған  
куәліктер 
1903 
182 
885 100 
120 026 
рубль
 
2 370 
рубль
 
1904 
221 
1 537  200 
409 958 
 
 
1904-жылы  Ырғыз  уезіндегі  жалпы  товар  айналымы    көршілес 
Ақтөбе уезінен (800000) екі есеге жуық, яғни 737200 рубльге, ал Торғай 
уезінің  товар айналымынан 577300 рубльге артық болды. (42) 
1904-жылы 
Ырғызда 
өткізілген 
жәрмеңкелердің 
товар 
айналымының  көлемі  көршілес  Ақтөбе,  Қостанай  және  Торғай 
уездеріндегі жәрмеңкелердегі товар айналымдарынан жоғары болды. Ол 
мына кестеден анық көрінеді: (43) 
 

 
142 
Рет  
саны 
Жәрмеңкелер 
 атауы 
Товар 
айналымы 
(рубль) 
Өткізілген жәрмеңкелер 
саны 

Ырғыз 
409 958 
2 рет 

Торғай 
401 110 
1 рет 

Ақтөбе 
307 840 
1 рет 

Қостанай 
237 000 
2 рет 
 
1907 жылы Ырғыз уезінде 233 сауда орны жұмыс істеді. Осы жылы 
уезд бойынша жалпы товар айналымы 1 920 000 рубльге жетті. Ырғызда 
өткен  жәрмеңкенің  товар  айналымы  534  213  рубль  болып,  Қарабұтақ 
жәрмеңкесіндегі  товар  айналым  205  516  рубль  құрады.  Тұтас  уезд 
бойынша жәрмеңкелердің товар айналымы 739 729 рубль болды. (44) 
1907-жылы Ырғыз уезі бойынша сатылған мал саны: жылқы  – 555, 
мүйізді ірі қара – 1787, түйе – 558, қой – 24 486 бас. Барлығы 27  489 бас 
мал. Сонымен бірге осы жәрмеңкелерде 25 970 дана мал терісі сатылды. 
Базарға түскен 27 489 бас мал 300 000 рубльге сатылды. (45) 
1907-жылғы  Ырғыз  уезі  бойынша  жалпы  товар  айналымы  Ақтөбе 
уезінен 12 мың рубльге, Торғай уезінен 42 мың рубль артық болды. Осы 
жылғы  Ырғыз  уезінде  өткізілген  жәрмеңкелердің  товар  айналымы 
Торғай  уезіндегі  жәрмеңкелерден  99  380  рубльге,  Ақтөбе  уезіндегі 
жәрмеңкелерден  268  703  рубльге  көп  болды.  Осы  жылы  Қостанай 
уезінде жәрмеңкелердің товар айналымы  3 102 195  рубль  болып,  оның 
ішінде мал және  шикі зат сатудан түскен  ақша 1 857 028 рубль құрады. 
Қостанай  жәрмеңкелерінің  көрсеткіштерінің  жоғары  болуының  негізгі 
себебі  бұл  жәрмеңкелерге  Орынбор,  Троицк,  Верхнеуральск,  Орск 
қалаларынан,  Звериноголовск,  Усть-Уйск,  Великопетровск    Таналық 
станцияларынан  және  Шумиха  т.б.  Сібір    темір  жол    станцияларынан 
саудагерлер көп келген болатын. (46) 
1908-жылы  Ырғыз  уезінде  Ырғыз,  Қарабұтақ    және  Шалқар  елді 
мекендеріндегі сауда орындарының жалпы товар айналымының  көлемі 
1 115 160 сом құрады. Осы жылы 600 жылқы, 1 700 мүйізді ірі қара, 600 
түйе, 25 мың қой, 1 500  ешкі, барлығы 29 400 бас  мал сатылды.  Уезд 
тұрғындары 24 640 рубльдің  терісін өткізді. (47) 
1908-жылы  Ырғыз  және  Қарабұтақ  жәрмеңкелерінің  товар 
айналымы  710  000    сом  құрады.  Бұл  жылы  да  Ырғыз  жәрмеңкесінің 
товар  айналымы  көршілес  Торғай  жәрмеңкесінен  46  мың  рубльге, 
Ақтөбе жәрмеңкесінен 321 866 рубльге артық болды. (48) 
Ырғыз  уезіндегі  сауда  айналымының    негізгі  бөлігін    жәрмеңке 
саудасы  құрады.  Оны    мына  көрсеткіштерден    (мәліметтерден)  
айқындауға болады: (49) 
 

 
143 
Жәрмеңке  
өткізілген 
 жылдар 
Мал және мал  
өнімдері 
 (мың рубль) 
Тоқыма товарлар 
(мың рубль) 
Астық және ұн  
(мың рубль) 
Жалпы товар 
 айналымы 
(рубль) 
1905 
145  
140 
12.1 
332 мың 
1906 
134  
175 
11.0 
360 мың 
1907 
256  
212 
9.8 
535 мың 
1909 жылы  Ырғызда  өткізілген  жәрмеңкенің 710 мың  рубль  товар  
айналымының 260730   рублін мал  саудасы құрады. Осы  жылы  60 мың 
рубльге жүн, 62 мың рубльге астық өнімдері (ұн, нан), 256 мың рубльге 
мата, 23 мың рубльге бұқар кілемдері сатылды. Сонымен қатар 12 мың  
пұт балық, 250 пұт ақбалықтың уылдырығы  өндіріліп, балық өнімдері 
10  мың  рубльге  өткізілді.  1909-жылы  200  мың  дана  тышқан  терісі  20 
мың  рубльге,    500  күзен  терісі  4  000  рубльге,  300  борсық  терісі  450 
рубльге,  1  500  түлкі  терісі  5  250  рубльге,  жалпы  аң  терілері  34  мың 
рубльге  сатылған.  1909-жылғы  жәрмеңкелерде  мал  бағасы  мынадай 
болды:  жылқы  –  50  рубль,  мүйізді  ірі  қара  –  35  рубль,  қой  –  6  рубль, 
ешкі  –  5  рубль,  түйе  –  50  рубль  болды.  Айырбас  кезінде  жергілікті  
қазақтар  саудагер  орыстар  мен  татарларға  жарты  қадақ  шай  мен    1   
қадақ қант (шекер) үшін  1 құнан қой берген. Базардағы 1 құнан қойдың  
құны  1    күміс  ақшаға  теңестірілген.  Бағасы  15  тиын    ұстара    үшін  де 
қазақтар  бір қой беріп,  саудам оңынан келді деп есептеген. (50) 
Ырғыз жәрмеңкесінде сауда тұрақты сөрелерін жайған саудагерлер 
көршілес  Торғай  қаласында  өтетін  жәрмеңкелерге  де  өз  заттарын 
апарып сауда жасаған.  
1911  жылы  Ырғыздық  саудагерлер  Торғай  жәрмеңкесінде  12  200 
рубльге  мануфактура,  4700  рубльге  шәй  және  шекер,  1400  рубльге 
бұқар  товарларын сатып, барлығы 18300 рубльге сауда жасаған. (51) 
1912-жылы  Ырғыз  жәрмеңкесінде    40  ларек  жұмыс  істеп,  сауда 
жасау  үшін  берілген    орын  үшін  қала  бюджетіне  8460  рубль  99  тиын 
ақша  төленген. (52) 
1915 жылы Ырғыз уезінің территориясында  Ырғыз және Қарабұтақ 
елді    мекендерінде  4  рет  жәрмеңке  өткізілген.  Осы  жылы  Ырғыз 
жәрмеңкесінде сатылған товарлардың түрлері мен  сатылған заттардың 
ақшалай мөлшерін  төмендегі  кестеден көруге  болады: (53) 
 
Товар атаулары 
Сатылған товар 
 мөлшері (рубль) 
Бұхар товарлары 

Дайын аяқ киім 
2 000 
Бас киімдік товарлар 
5 000 
Канаусь 
600 
Бұхар  кілемдері 
4 000 
Былғары товарлар 
18 000 
Бакалея, галантерея 
9 500 

 
144 
Нан 
8 500 
Мал 
12 000 
Киіз бұйымдар 

Текемет 
8 800 
Жүн 
10 000 
Тон, тері 
1 800 
Ат әбзелдері 
830 
Түрлі товарлар 
15 000 
Мануфактура товарлары 
20 000 
Темір товарлар 
1 700 
Ағаш бұйымдар  
2 000 
Тері товарлар 
500 
Ыдыс-аяқ, шам,  фарфор,  
әйнек, саз (қыш) товарлар 
3 800 
Дайын көйлектер 
1 000 
 Барлығы 
335 050 
1915-жылы Ырғыз қаласында жәрмеңке 2 рет өткізіліп, көктемде 6-
20  мамыр  аралығында,  25  қыркүйек  пен  8  қазан  арасында  жұмыс 
жасады. 
1915-жылы  Ырғыз  уезінде    өткізілген  жәрмеңкелерде    жергілікті 
дүкендерде  146  153  рубльдің  товары  сатылды,  сонымен  бірге  579  800  
рубльдің сырттан әкелінген товары халыққа өткізілді. Әдеттегідей уезд 
жәрмеңкелерінде мал  саудасы да ерекше орын алды. Осы жылы  44 890 
рубльге  500  жылқы,  11  480  рубльге  126    түйе,  238  250  рубльге  4  686 
мүйізді ірі қара, 153 954 рубльге 17 106 қой мен ешкі сатылған болатын. 
Сөйтіп  жәрмеңкелерде  барлығы  22  417  мал  448  574  рубльге  сатылды. 
Осы  жылғы  жәрмеңкелердің  жалпы  товар    айналымы  594  727  рубль 
құрады. (54) 
  1915-жылы  Ырғыз  уезінде  174  сауда  орындары  жұмыс  жасады. 
Оның  ішінде    102  лавка-ларектер  Ырғыз  қаласының  өзінде,  72  лавка  
уездің    басқа  елді  мекендерінде  халыққы  қызмет  көрсетті.  Осы  жылы 
Ырғыз  жәрмеңкелерінде  40  лавка  жұмыс  жасап,  олардың  иелері 
жәрмеңке  алаңындағы орындары мен арендаға бергені үшін қазынаға 6 
163 рубль 96 тиын төледі. (55) 
Ырғыз  уезінің  Ақтөбе  уезімен шектескен  жеріне  Қарабұтақ форты 
салынды.  Бұл  бекініс  бұрынғы  керуен  жолының  бойына  орналасты. 
Орта  Азиядан  Ресейге  товар  тасыған  керуендер  Қарабұтаққа  соғып 
демалыс  жасады,  олардың  жүктерін  әскерилер  күзетті.  Қарабұтақ 
фортының орталық алаңы  –  цитадель  –  терең ормен қоршалды. Қалаға 
тек қана орталық қақпа арқылы кіре алатын болды. Қала қарауыл және 
артиллерия  мұнаралары  арқылы  күзетілді.  Қарабұтақ  форты  Орынбор-

 
145 
Ташкент  почта  трактісінің  бойында  орналасқандықтан  сауда 
қатынастары үшін өте қолайлы болды. 
1844  жылы  21  наурызда  Ресей  патшасы  ІІ  Николай  жарлығы 
бойынша  Қарабұтақ  форты  селолық  қауым  құқығын  алды.  Бұл  тұста 
Қарабұтақта  600  адам  тұрып,  олардың  көпшілігі  татарлар  болды. 
Қарабұтақтағы лавкалардың товар айналымы 50 мың рубльге жетті.  
Торғай облысының Ырғыз уезінің территориясында тұрақты сауда 
орындары    ертеден  қалыптасқан  елді  мекеннің  бірі  Қарабұтақ  форты 
болып есептеледі. 
Қарабұтақта лавка саудасының дамуы 1869 жылдан басталады. Осы 
жылы  Қарабұтақта  3  лавка  ашылып,  олар  мамыр-қазан  айларының 
арасында  жұмыс  жасады.  Қарабұтақтағы  лавкалар  негізінен  жергілікті 
тұрғындармен  бірге  Қарабұтақ,  Бақсай  және  Талдық  болыстарымен 
шектес жерлерде көшіп жүретін көршілес Қазалы уезінің қазақтарының 
өздеріне  қажетті  заттарын  сатып  алатын  бірден-бір  сауда  орындары 
болды. 
Қарабұтақтағы  1869  жылы  3  лавка  –дүкен  жұмыс  жасады. 
Қарабұтаққа сауда жасауға келген бұқар саудагері Ғазим Ғарибжанов 1 
лавка  ашып,  оның  сауда  капиталы  500  рубль  құрады.  Екінші  лавка-
дүкен  иесі  Тушлинский  ұсақ  мануфактура  товарларын  сатумен 
айналысып,  оның  дүкенінің  сауда  айналымы  3  мың  рубльге  жетті. 
Тушлинский  иелігінде  сонымен  қатар  ішімдік  сататын  кабак  болды. 
Қарабұтақтың  саудагер  татар  Фазыл  Рахматтуллин  де  мануфактура 
товарларын сатумен айналысты. (56) 
Қарабұтақтағы үшінші лавка иесі бұқарлық саудагер болды. Оның 
негізгі капиталы 6500 рубль құрады. (57) 
Қарабұтақтағы ірі сауда орындарының иесі А.Чернов болды. Оның 
сауда  лавкаларының  жылдық  товар  айналымы  75  мың  рубльге  жеткен 
болатын.  А.Чернов  жергілікті  қазақтарға  қажетті  тұрмыстық 
бұйымдарды Орынбор, Орск қалаларынан және Москвадан алдырып, өз 
товарларын  сұраныстың  жоғарғы  болуына  байланысты  қымбат  бағаға 
сатты.  
Қарабұтақтық саудагерлер  өз  товарларын көршілес Қазалы  уезінің 
қазақтарына  сатып,  мал  және  мал  өнімдеріне  айырбастап  көп  пайда 
тапқан.  Қазалылық  қазақтар  жаз  жайлауға  Қарабұтаққа  жақын  Талдық 
және  Бақсай  болыстарының  жеріне  жақындап  мал  бағатын  болған. 
Осыған  байланысты    мамыр-қазан  айларының  арасында  Қарабұтақ 
саудагерлері өз товарларын өздерінің сенімді өкілдері арқылы айырбас 
саудасын  өрістеткен.  Осы  кезде  Қазалылық  қазақтары  өз  малдарын 
қажетті  бұйымдарға  айырбастаған  және  ақша  мөлшеріне  қарай  сатып 
алған.   (58) 
1884 жылы Қарабұтақ фортында 201 ер, 38 әйел, барлығы 239 адам 
тұрды. (59) 

 
146 
1885 жылы Қарабұтақта 8  тұрақты сауда орындары жұмыс жасады. 
1886 жылдың 1 қаңтарында Қарабұтақтағы тұрғындар саны 323-ке 
жетті  (оның  ішінде  236  ер,  87  әйел  болды).  Қала  халқының  негізгі 
құрамы  орыстар  болды.  Осы  жылы  Қарабұтақта  барлығы  299  орыс 
тұрғын болды. (230 ер, 69 әйел). (60) 
1885  және  1886  жылдары  Қарабұтақта  Сибағат  Ибатуллин  жаңа 
лавкалар  ашып,  ол  мануфактуралық  ұсақ  товарлармен  сауда  жасады. 
Оның  сауда  капиталы  1000  рубль  құрады.  Бір  жыл  ішінде  оның 
капиталы  6000  рубльге  жетті.  Сөйтіп  С.Ибатуллин  2-гильдиялық 
көпеске айналды. (61).  1889 жылы Қарабұтақта 8 лавка, 1893 жылы – 9 
лавка  жұмыс  жасады.  Осы  9  лавканың  ішінде  4  лавка  2-гильдиялық 
көпестердің  иелігінде  болды,  5  лавка  ұсақ  саудагерлер  меншігі  болды. 
Қарабұтақтағы 9 лавканың товар айналымы 100 мың рубльге жетті.  (62) 
Қарабұтақтағы  жәрмеңкелік  және  лавкалық  сауда  түрлерінің 
ұйымдастырылуы  мен  дамуын  бақылау  ісі  селолық  старостаға 
тапсырылды.  Бұл Қарабұтақта  сауда  және  өндіріс  орындарының өте  аз 
болуы  мен  Қарабұтақты  басқарудың  өзіндік  ерекшелігіне  байланысты 
болды. (63) 
Осы  келтірген  деректер Ырғыз уезінің  Қазақстандағы ең ірі сауда 
орталықтарының  бірі болғанын дәлелдейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет