§ 1. Ақтөбе уезіндегі тұрақты және жәрмеңке саудасының дамуы
Торғай облысының территориясында 1869-жылы бекініс қала
ретінде негізі қаланып, 1891 жылдың 25 наурызынан бастап уездік
қала статусын алған Ақтөбе қаласы Батыс Қазақстандағы ірі сауда
орталығы болды.
1869 жылдың басында Елек және Қобда өзендерінің аралығына
құрамында Орынбор казактарынан № 4 батальонының 2 ротасы,
Орынбор казактарының жүздігі, 169 жауынгерлік губерниялық батальон
командасы және 14 зеңбірекші бар әскери отряд келіп жетті. Бұл әскери
отрядтың негізгі мақсаты Елек уезіндегі қазақтардың көтерілісін басып-
жаншу және Орта Азияға шабуыл жасау плацдармын даярлау болды.
1869 жылы 14 мамырда Ақтөбе шатқалына полковник Ю.А.Борх
бастаған әскери отряд келіп, бес күннен соң артиллериядан бірнеше
дүркін (залп) оқ атып, оқиғаға әдейі келген Торғай облысының әскери
губернаторы Л.Ф.Баллюзектің руқсатымен Ақтөбе бекінісінің негізі
қаланды.(1) Бұл тарихи оқиға туралы Петербургтен шығатын
«Биржевые новости» газеті: «Ақтөбе бекінісінің орны ретінде Елек
өзенінің сол жағалауы Илецкая защита бекінісінен 180 шақырым
(верст), Ильинка станицасынан 170 шақырым жердегі Қарғалы өзенінің
құйылысындағы, Орынбор-Қазалы керуен жолына жақын жер
таңдалды» деп жазған болатын. (2)
Ақтөбе бекінісінің алғашқы орналасқан территориясының көлемі
8900 десятина жер болды. Осы аумақта қарауыл алаңдары, гауптвахта,
қару-жарақ қоймасы салынды. (3) Алғашқыда Ақтөбе бекінісінде 357
солдат қыстап шықты. (4)
Орынбор губернаторы Н.А.Крыжановский 1867 жылы Оралдың
сыртындағы далалық өлкеде жәрмеңкелер ашу туралы жоба жасап, осы
жоба бойынша қазақ даласына салынған және жаңадан салынатын
әскери бекіністерді экономикалық жағынан күшейту мақсаты жүзеге
асырылуға тиіс болды. Сонымен қатар жоба бойынша жәрмеңкелердің
ашылу уақытының кестесі жасалынып, онда саудагерлердің бір
жәрмеңкеден соң екіншісіне барып сауда жасау мүмкіндігі
қарастырылды. Сөйтіп әскери бекіністердің тұрғындарын азық-түлікпен
қамтамасыз ету және қазақтарды сауда қатынастарына енгізу арқылы
Қазақстанның батыс бөлігінен мал және мал өнімдерін Ресейдің
өнеркәсібіне шикізат ретінде пайдалану мәселесі күн тәртібіне
102
қойылды. Осы мәселені шешу қазақ даласында жәрмеңкелер жұмысын
ұйымдастырып жолға қою болды. (5)
Н.А.Крыжановский жобасын жүзеге асыру үшін 1870 жылы 12
қарашада Ішкі істер министрі генерал-адьютант Тимашев Ақтөбе және
Ырғыз жәрмеңкелерінің жұмыс «Ережелері»мен өткізілу мерзімдерін
бекітті. (6)
Ақтөбе бекінісінде тұрақты сауда сөрелері (лавка) 1869 жылдан
Татар слободасында салынып жұмыс жасай бастады.
1869-жылы шілдеде Ақтөбеге Орынбор көпесі Дмитрий Петрович
Дегтяревтің сенімді өкілі Н.Е.Бобоедов келіп, сауда орнын ашты. Осы
жылы Орынбор көпесі Д.П.Петров сауда орнын ашты, оның сенімді
өкілі К.П.Чикалов болды. Одан кейін Д.П.Дегтяревтің бауыры
Ф.П.Дегтярев және бұқаралық ағайынды Сабыр, Зәкір және Мырзақай
Ғаббасовтар сауда орындарын ашты. Алғашқы саудагерлердің ісі онша
жүре қоймады: малға, мал өнімдеріне және 1 пұты 5-6 тиын тұратын
тарыға айырбас сауда жүргізілді.
Ақтөбе бекінісінде ең ірі саудагер Е.И.Тухтин болып саналды,
оның сауда ісінің жылдық товар айналымы 50-60 мың сом болды. (7)
Товар жергілікті халыққа өте қымбатқа сатылды. Мәселен «матрешка»
шөбі араласқан шайдың 1 фунты 2 сом, қанттың фунты – 20-25 тиын,
кептірілген жәй нан өнімдері 10, 15, 20 тиыннан, шыттың ең арзан
түрінің 1 аршыны 18-20 тиыннан сатылды. (8)
1869-жылы Тухтин әскери губернатордың рұхсатымен Ақтөбеде
бірінші рет шарап қоймасын ашты. Закаспий темір жолы ашылған соң
барлық әскер Ақтөбе арқылы Түркістан өлкесіне жүрді. Қалада
эшелондар ұзақ аялдады және әскерлер спиртті ішімдіктерді ішуге
көптеп алды.
Саудагерлер
жеке
сауда
құрылыстарын
қазіргі
татар
слободкасында, дәлірек айтқанда, ағайынды Ғубайдуллиндер тұрған
бұрышта жүргізді. Осы көшеге Подковырковтің үйі салынды, одан соң
Дегтяревтің, Петровтың, Тухтиннің және Ғаббасовтың сауда
орындарының құрылыстары жүргізілді. (9)
Сол жылы 3 лавка іске қосылып, 1870 жылы сауда лавкаларының
(сөрелерінің) саны тағы да үшке өсіп, алтыға жетті. Алғашқы кезде
сауда айырбас түрінде жүргізілді, өйткені жергілікті қазақтарда ақша
болмады, кейбір қазақтардың қолындағы бұқар монеталары қала
саудасына жарамады. (10)
Ақтөбе уезінің территориясынан Ресейден Түркістан, Орта Азия
хандықтарына және осы оңтүстік өлкелерден Ресейге сауда керуендері
мен көлік жолдары өтеді.
Тасымал жұмыстары негізінен жергілікті қазақтардың күшімен
жүргізіліп, керуен тасыған қазақтар өздерінің түйелерінің қызметі үшін
белгілі бір дәрежеде табыс тауып отырды. Сауданың осы түрі біртіндеп
103
жергілікті жерде көшпенді халыққа қолайлы уақыттарда жәрмеңкелік
сауданың қалыптасуына өзінің әсерін тигізді. Жәрмеңкелік сауданы
ұйымдастыруда Ақтөбе бекінісінде алғашқы кезден бастап қалыптасқан
жеті сайын өткізілетін жергілікті базарлардың да ықпалы мол болды.
Торғай облысы бойынша Ақтөбеде жәрмеңке өткізуге 1870 жылы
рұхсат етілді, бірақ іс жүзінде Ақтөбе жәрмеңкесі тек қана 1895 жылдан
бастап кеңінен өткізіле бастады.(11)
Ақтөбе уезімен көршілес Қостанайда Покров (қазақ боқырау деп
атайды – Б.Қ.) күзгі жәрмеңке 1886 жылдан, 1893 жылы рұхсат етілген
Петров жәрмеңкесі 1894 жылдан бастап өткізілді, ал 1896 жылдан
бастап Ырғызда көктемгі жәрмеңке өткізіліп тұрды. (13)
1870 жылы 19 қарашада өткізу ережесі бекітілген Ақтөбе
жәрмеңексінің товар айналымы жыл сайын жақсы қарқынмен дамыды.
Ақтөбе жәрмеңкесіне әкелінген товар мөлшері жылдан-жылға арта
түсіп, оның мөлшері жәрмеңке ашылғаннан бастап 1871-1875 жылдар
арасында мынадай болды: (14)
Жылдар
1871
1872
1873
1874
1875
Әкелінген
товар
мөлшері
(рубль)
11700
27420
14542
30390
28430
Сөйтіп Ақтөбе жәрмеңкесінде сатылған товар мөлшері 1875 жылы
1871 жылмен салыстырғанда 2-2,5 есе артты.
1876-1880 жылдар аралығында Ақтөбе жәрмеңкесінің өткізілетін
мерзімі «Орынбор айырбас алаңындағы жәрмеңке уақытымен сәйкес
келіп, жіргілікті қазақтардың өз малдарымен үнемі Орынборға өтіп
кетуіне байланысты» Ақтөбе жәрмеңкесі 5 жыл бойы өтпей қалды.
Кейінірек Орынбор әкімшілігі Ақтөбелік жергілікті саудагерлердің
өтінішін ескеріп, жәрмеңкелердің өткізу мерзімін қайта қарап
өзгертуінен соң, Ақтөбе жәрмеңкесі 15 қыркүйек пен 15 қазан
аралығында өткізілетін болды. (15)
Ақтөбе жәрмеңкесінде сатылған малды Ресей көпестері
қазақтардан арзан бағаға алып, қымбатына сатуға Орынбор, Орск
(Жамақала) және Самараға айдатқан.
1878 жылдан бастап Ақтөбе бекінісінде базар алаңында 2 апталық
кішігірім жәрмеңкелер қала іргесіндегі төбенің солтүстік жақ етегіндегі
саудагерлердің дүкендерінің жанында өткізілді. 1891 жылы 23 наурызда
Ақтөбе бекінісінің қала статусын алуына байланысты жәрмеңке
өткізетін алаң да өзгерді. Жаңа жәрмеңке алаңы қаланың солтүстік жақ
сыртында 3 шақырым жерде Қарғалы өзенінің оң жағындағы арғы
бетте өткізілетін болды. Тең төрт бұрышты сауда алаңында бір қатарға
ағаштан және кірпіштен сауда дүкендері салынды. Жәрмеңкеге мал
104
айдап келген көшпенді қазақтарға жәрмеңке алаңының барлық жағына
еркін орналаса алатын мүмкіндік жасалынып, олардың малдарына кең
өріс, жайылым және Қарғалы, Терісбұтақ өзендеріне мал суаруға
қолайлы жағдай туғызылды. Жәрмеңке алғашқыда жылына көктемде,
күзде 2 рет, кейінірек желтоқсан айында да өткізіліп жәрмеңке саны
үшке жеткізілді. Бұрынғы бекіністің қалаға айналуына байланысты
жәрмеңке алаңының көлемі, жәрмеңке өткізу мерзімі артты, күзгі
жәрмеңке қыркүйек жәрмеңкесі деп аталып, үшінші жәрмеңке
«Қасиетті үштік» мейрамының алғашқы күні басталады. Кейінірек
жәрмеңке өткізілетін мерзім тұрақтанып көктемгі жәрмеңке 15
ақпаннан 1 наурыз арасында, күзгі жәрмеңке 1-30 қыркүйек
аралығында және қысқы жәрмеңке бір жетілік (10-20 желтоқсан
арасында) уақытта өткізілді. Жәрмеңкеде мал және мал өнімдері, астық
және астық өнімдері, Орта Азия товарлары (шапан, көрпе, кілем, жібек,
қағаз, кептірілген жеміс-жидек), Ресей товарлары (былғары бұйымдары,
темір, мата, бакалея, галантерея т.б.) сатылды.(16)
Ақтөбе қаласында 1870 жылы ашылған 30 күндік (1 айлық)
жәрмеңке (15 шілде-15 тамыз) Торғай облысының әскери
губернаторының 1880 жылғы 15 наурыз № 1072 жарлығымен 15
қыркүйек – 15 қазан аралығында өткізілетін болып өзгертілді. (17)
Ақтөбедегі алғашқы тұрақты сауда орындарының иелері негізінен
орыстар мен татарлар ғана болды. Тұрақты лавка иелерінің ішінде 13
орыс, 8 татар болды. Сауда ісімен айналысып тез арада көп байлыққа
кенеліп жылдық товар айналымын П.Шибаев 40 мың рубльге,
М.Габбасов 30 мың рубльге, И.Осидков және Е.Тухтин 20 мың рубльге
жеткізді.
Қалада П.Шибаев фирмасы Рейн погребінен арақ-шарап сату ісімен
айналысты. 1897-жылдан бастап Ақтөбеде Даниил Мелихов сыра сата
бастады. (18)
Саудагерлер Е.Тухтин, П.Шибаев өте табысты сауда жүргізіп, әрбір
100 рубльден 10% өсім алды. (19)
Ақтөбе бекініс-қаласындағы ұсақ сауда орындары уақыт өткен
сайын ірі сауда орталығына айналды, сонымен бірге қала тұрғындары
және көршілес қазақ ауылдарының мұқтаждығы үшін жәрмеңкелер
ұйымдастырылды.
Ақтөбе уезіндегі сауда орындарының және товар айналымының өсу
динамикасын мына кестеден (таблица) көруге болады. (20)
Рет саны
Жылдар
Сауда
орындарының
саны
Товар
айналымының
мөлшері
(мың. руб.)
1.
1884
71 000
105
2.
1885
8
157 000
3.
1886
8
288 961
4.
1887
10
170 000
5.
1888
18
170 000
6.
1889
18
140 000
7.
1890
18
115 000
8.
1893
20
200 000
9.
1894
20
200 000
10.
1895
28
380 000
11.
1896
28
300 000
12.
1899
37
400 000
13.
1900
46
700 000
14.
1901
54
800 000
15.
1902
90
800 000
16.
1903
106
800 000
17.
1904
184
800 000
18.
1907
219
1 800 000
19.
1908
226
33 977 000
20.
1915
604
Ақтөбе уезінің қазақтары Орынбор, Жаманқала (Орск) қалаларында
да сауда жасады.
1891 жылы Ақтөбе уезінің қазақтары Орынбор айырбас сарайында
1741 түйе, 5128 жылқы, 3811 ірі қара, 5213 қой, 894 ешкі сатып, сауда
айналымы 114366 рубльге жеткен. (21)
Орынбор айырбас сарайында Ақтөбе уезінің қазақтарының сауда
жасауына осындағы жәрмеңкеде базарбасы болып жұмыс атқарған
Бөрте болысының биі Меңдіғұл Ешмұхамбетов өзінің көп көмегін
тигізген. Ол орысша және қазақша жақсы білетін болғандықтан
саудагерлер мен сатып алушылардың арасындағы таласты өте шебер
шешіп, орыстар мен қазақтарды өзара сауда ісінде тиімді келісімге
келтіріп отырған. (22)
1892 жылы Ақтөбе уезінде 18 сауда орындары жұмыс жасады,
олардың жалпы сауда айналымы 120 мың рубльге жетті. (23)
1892 жылы Ақтөбе жәрмеңкесінің қасынан мал соятын орын
ашылып, ол саудагерлер М.Габбасов пен Бойченконың меншігінде
болды. (24)
1893 жылы Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе уезінде сауда жасау үшін
120 сауда құжаттары таратылды. Осы жылы сауда жасау үшін 2
гильдиялық 12 көпес, 1 және 2 гильдиялық көпестердің 23
приказчиктері, ұсақ саудамен айналысатын 30 шаруа, қазақ ауылдарын
аралап сауда жасайтын 60 адам сауда жасау құқығына ие болды. (25)
106
Ақтөбе уезінде сауда-саттық жұмыстары Ақтөбе қаласында,
Бердянск және Томар Өткелде ақшаға жүргізілді, ал көшпенді қазақ
ауылдарындағы сауда мал және мал өнімдеріне айырбас түрінде
өткізілді. Ақтөбе уезінінің территориясында сауда жұмыстарын жүргізу
үшін жергілікті басқару орындары саудамен айналысатын адамдарға
арнайы құжаттар беріп отырды. 1894 жылы Ақтөбе уезі бойынша сауда
және өндіріспен айналысу үшін рұхсат қағаздарын алған кәсіпкерлер
саны туралы мәлімет. (26)
Құжаттар түрі
1-жылға
(адам саны)
жарты жылға
(адам саны)
1. Сауда жасауға берілген куәліктер
2-гилдия Ү-класс куәліігі
12
-
Ү-кластың ұсақ сауда
2
2
тасымал сауда
59
4
приказчиктер 1-класс
1
2
2-класс
22
1
Билеттер 1-гилдия Ү класс
-
2
2-гилдия Ү класс
2
1
Ү класс ұсақ сауда
8
2
П. Өндірістік куәліктер
1-разряд Ү класс
-
-
2-разряд Ү класс
-
-
3-разряд Ү класс
-
-
Ш. Темекі сату патенті
5
-
Барлығы
101
14
Ақтөбе уезі бойынша жергілікті басқару орындарынан 1894-жылы
101 адам 1 жылға, 14 адам жарты жылға саудамен айналысуға
мүмкіндік беретін құжаттар сатып алды. Осы жылы уездегі тұрақты 20
сауда орындарының жылдық товар айналымы 200 мың сомға (рубль)
жетті. (27)
1895-жылы
Ақтөбе уезі бойынша сауда және өндірістік
кәсіпкершілікпен айналысу үшін 1 жылдық мерзімге 232 адам 2 680
сомға, жарты жылдық мерзімге 21 адам 110 сомға рұхсат беретін
құжаттар сатып алды. Сөйтіп саудагер-кәсіпкерлер саны 253 адамға
жетіп, олардың саны 1894 жылмен салыстырғанда 2 еседей өсті. 1895
жылы жалпы Торғай облысы бойынша 1626 адам 1 жылдық, 146 адам
жарты жылдық рұхсат қағаздарын алған болатын. (Барлығы 1472 адам).
1895-жылы Ақтөбе уезіндегі 28 сауда орындарының товар айналымы
380 мың сомға жетті, сөйтіп жылдық өсім 180 мың рубльге ұлғайды.(28)
Салыстырмалы түрде қарастырсақ 1895-жылы көршілес Ырғыз
уезінде сауда-саттық жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік беретін
107
рұхсат қағаздарды 297 адам алған. Олардың ішінде 269 адам рұхсат
қағазды 1 жылға, 28 адам жарты жылға иеленді. Алған құжаттары үшін
Ырғыздық саудагерлер жергілікті билік орындарына 4575 рубль
төлеген.(29)
Сауда жүргізуге қажетті құжатқа ие болған Ақтөбелік 253
саудагерлердің саны көршілес Қостанай уезіндегі саудамен
айналысатын әріптестерінен әлде қайда аз болды. 1895 жылы саудамен
айналысуға қажетті құжатты Қостанайлық 1087 адам алған
болатын.(30)
1895-жылғы ішкі сауданың даму мәселесін талқылап Торғай
облыстық әкімшілігі төмендегідей мәселелерге назар аударды: 1)
Торғай облысында жәрмеңке саудасын реттеу. 2) Жол қатынастарын
жақсартып, саудагерлердің көшпенді қазақ ауылдарымен сауда жасау
ісін жеңілдету. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін Қостанайда 29-
маусым – 5-шілде аралығында өткізілетін екінші петров жәрмеңкесін
белгілеп, оның жұмысын қамтамасыз ету шарасы алынды. Сонымен
бірге Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінің бастықтарына жергілікті
сауда істерін реттеу жұмыстары тапсырылып, осы жылы 15-22 мамыр
аралығында Ырғыз жәрмеңкесін өткізуге рұхсат етілді.
Облыстың әкімшілік уезд бастықтарына барлық қазақ болыстары
арқылы өтетін земстволық тракт (жол) сметасын жасау ісін қолға алуды
тапсырып, осы бағыттарда земстволық почта қатынасын жақсартып
болыстықтардан кемінде жетісіне 1 рет корреспонденция тапсырып,
қабылдау ісін жүзеге асыру талап етілді. Осы шұғыл шаралар Торғай
облысында, оның ішінде Ақтөбе уезінде де сауда ісінің дамуына өзінің
игі ықпалын тигізді.
1895 жылы Ресей ішкі істер және қаржы Министрліктерінің рұхсатымен
Ақтөбе жәрмеңкесі 15-қыркүйектен 1-қыркүйекке ауыстырылып, бұл мерзім
жәрмеңкеге қатынасушылардың мүддесіне сай келді. (31)
1895-жылы Ақтөбеде өткізілген жәрмеңкеде сатылған тірі малдың
бағасы мынадай болды: (32)
рет саны
малдың түрі
мал бағасы сом (рубль)
1
ірі қара мал
25 сом
2
қой
5 сом
3
ешкі
2 сом
4
түйе
40 сом
5
жылқы
25 сом
Жәрмеңкеде сатылған мал өнімдерінің бағасы:
Рет саны
өнім түрі
Бағасы (рубль)
(жүн) түйе жүні (пұт)
4 сом
108
1
қой жүні
3 сом
2
ешкі жүні
2 сом
3
ешкі түбіті
16 сом
4
жылқының құйрығы мен жалы
12 сом
5
(Май) ірі қара
3 сом
6
қой
3 сом
7
Мал терісі (1 дана)
3 сом
8
жылқы терісі
2 сом 50 тиын
9
түйе терісі
4 сом
10
қой терісі
25 тиын
11
ешкі терісі
60 тиын
12
Киіз (ені 2 аршын)
1 сом
13
Армячина
2 сом 50 тиын
1895-жылғы Ақтөбе жәрмеңкесінің товар айналымы туралы мәлімет: (33)
№
сауда заттары
жәрмеңкеге
әкелінгені
(сом)
сатылғаны
(сом)
1
Азия товарлары
5 010
1 900
2
Ресей товарларыы
а)
мануфактура, бакалея
61 240
42 000
в) тері, темір
2 750
2 750
в) жаға, тон, байпақ
5 250
5 000
г)
ұсақ-түйек заттар
7 350
4 670
3
Мал, егін шаруашылығы, қол
өнері
тірі мал
93 457
49 625
мал өнімдері
-
-
нан, ұн, түрлі жармалар
3 223
3 050
орман (ағаш) материалдары
1 750
1 525
қол өнеркәсібі, ұсақ өндіріс
-
-
Барлығы
180030
110600
Ақтөбе жәрмеңкесіне 1895 жылы 15 қыркүйек пен 15 қазан
аралығында 180 030 рубль 30 тиын тұратын товарлар әкелініп, 110 611
рубль 45 тиынға сатылады. (34)
Саудағы түскен заттардың
атауы
Әкелінгені
(рубль, коп.)
Сатылғаны
(рубль, коп.)
1
Мануфактура
66250
43900
2
Ұсақ товарлар
7350
4760
109
3
Дәнді дақылдар (астық)
2848 р.30к.
2676р.45к.
4
Юфтілік қара товарлар
2750
2750
5
Тері
5250
5000
6
Ағаш материалдар
1750
1525
7
Мал
93457
49625
8
Пісірілген нан
375
357
Барлығы
180030 р.30к.
110611р.45к.
Жәрмеңкеге әкелінген және сатылған товарлардың жартысына
жуығы мал және мал өнімдері болды. осы жәрмеңкеде 49625 рубльге
мал, 5000 рубльге түрлі тері сатылды. Сатылған малдың ішінде 1237 бас
ірі қара, ұсақ мүйізді мал 2973 бас, ешкі 127 бас, жылқы 149 бас, түйе 16
бас болды.
Жәрмеңкеге саудагерлер 8138 пұт астық әкеліп, 7647 пұт астық
сатылған. (34)
Жәрмеңкеге келген саудагерлерге берілген сауда орындары үшін
қала қазынасына 91 рубль 85 тиын түсті. (35)
1896 жылы Ақтөбе жәрмеңкесінде 67 760 сомға ірі қара мал, 15 345
қой мен ешкі сатылды. Осы жылғы жәрмеңкеде жалпы құны 148 815
егін, мал шаруашылығы өнімдері мен қолөнер кәсібінің бұйымдары
өткізілді.
1896 жылы Ақтөбе уезі бойынша 346 адам 1 жылға, 32 адам жарты
жылға сауда жасау үшін рұхсат қағаздарын алып, олар қазынаға 3 769
рубль төледі.(36)
1896 жылы 1 қыркүйектен 1 қазан аралығында өткізілген Ақтөбе
жәрмеңкесінде барлығы 166 лавка жұмыс жасады. Мануфактура
товарларын сататын 57, түрлі ұсақ товарлар сататын 20, жәрмеңкеге
келгендер тамақтанатын 3 асхана ағаштан салынған болса, 2 асхана
саман кірпіштен салынды. Сонымен қатар мануфактура сататын 16, ұсақ
заттар сататын 12, тігіншілер үшін 14, ұсталар үшін 5, қымыз сататын
7, басқа түрлі шикі заттар сатуға 6 ағаш үйлер, барлығы 84 ағаш (киіз)
үйлер тігілді. (37)
1896 жылы Ақтөбе уезінде сауда ісімен айналысу үшін 1 - гильдия
бойынша – 1345, 2 – гильдия бойынша 378, 3 –гильдия бойынша 780,
ұсақ сауда жасау үшін – 261, ауылдарға апарып товар сату үшін – 63
куәлік сатылған. (38)
1896 жылы жәрмеңке тұсында 29, 1897 жылғы жәрмеңкеде – 33
асхана қазақтардың иелігінде болды. Қазақ асханаларында жәрмеңкеге
келген саудагерлер мен сатып алушыларға шәй, қымыз, қуырдақ және
піскен ет дайындалып сатылды. (39)
Осы жылғы жәрмеңкеде 14 іс тігетін, шеберхана, 5 ұстахана жұмыс
жасады. Ақтөбе жәрмеңкесіне шеберлер әдейілеп Орынбор, Жаманқала
және Темір қалаларынан келді.
110
Келесі 1897 жылы жәрмеңкеде жұмыс жасаған ұстаханалар 2,5 есе
көбейді, олардың саны 11-ге жетті. Осы ұстаханалардың ішінде 7
ұстахана қазақтардың иелігінде болды, 2 ұстахана Орынбор
татарларының, 2 ұстахана Жаманқаладан келген орыстардың
меншігінде жұмыс жасады. (40)
1897 жылдың 1 қыркүйегімен 1 қазан аралығында өткізілген
жәрмеңке Жақсы Қарғалы бойында бұрынғы жәрмеңке алаңынан 1,5-2
шақырым (верст) жерде өткізіле бастады.
Жәрмеңке әр жағы 223 сажыннан тұратын, барлығы 892 сажын
құрайтын, ауданы 4967 шаршы сажыннан тұратын тік төрт бұрышты
алаңға орналасты.
Жәрмеңкеде сауда қатарлары сатылатын товарлардың түріне сәйкес
орналасты. Жәрмеңкенің оңтүстік-батыс жағында мануфактуралық
товарлар сатылды. Оңтүстік-шығыс сауда қатарларында тұрмысқа
қажетті әр түрлі ұсақ бұйымдар сататын саудагерлер орналасты.
Солтүстік шығыс қатарға түрлі тағам сататын асханалар орын тепті.
Солтүстік батыста ұста, тігінші, т.б. кәсіпшілер өз шеберханаларын
ашты. (41)
Торғай облысы бастығының рухсатымен 1897-жылы Ақтөбе
бекінісінде апта сайын базар ұйымдастырылды. Ақтөбе уезінің бастығы
(начальнигі) Краснокутскийдің шешіміне сәйкес 6 лавка жаңа базар
алаңына көшірілді. (42)
Осы жылы базар алаңына қарсы көшеге 3 көпес әдемі түрғын
үйлер салып, үй жанынан сауда лавкаларын ашты. (43)
Жаңа жағдайға бейімделген саудагерлер Ақтөбеде тұрақты сауда
жасау үшін сауда лавкаларының санын өсіруге тырысты.
Ақтөбеде жаңадан ашылған сауда лавкалар саны: (44)
1889 – 2 лавка
1892 – 1 лавка
1893 – 4 лавка
1894 – 2 лавка
1895 – 2 лавка
1896 – 6 лавка
1897 – 4 лавка
Барлығы – 25 лавка
1897 жылы жәрмеңкеден түскен табыс салығынан қала бюджетіне
1200 рубль құрады. Сондықтан қала әкімшілігі сауда қатынастарының
дамуына қолайлы жағдай туғызуға тырысты. (45)
Торғай облыстық басқармасының жарлығымен Ақтөбеде 1887
жылдан аптасына 1 рет өткізілетін сауда базары, 1896 жылдан бастап
аптасына жұма, сенбі күндері екі рет өткізіле бастады. (46) Қала
халқының қажеттілігін өтеу үшін Ақтөбеде 5 ет лавкасы ашылып, оның
екеуі базарда, үшеуі үй жанында жұмыс жасады. Күнделікті ет сатумен
111
Орынбор көпесінің сенімді өкілі Семинихин, татар саудагер
Ибрагимов, Орынбор көпесі Ғабитовтың сенімді өкілдері Құдайбердиев,
Құрбанғалиев және Ақтөбелік көпес Самархан Жетехановтар
айналысты. (47)
Ақтөбеде біртіндеп тұрақты саудамен айналысатын ұсақ кәсіпкер-
саудагерлер қалыптаса бастады.
Ақтөбеде 1897-жылы 21 саудагер тұрақты жұмыс жасайтын
лавкалар ашып сауда кәсібімен айналысты. (48)
Саудагердің аты-жөні лавкалар саны
жылдық товар
айналымы
1
Подковырков Андрей
2
7500 руб.
2
Габбасов Шингерей
1
6000 руб.
3
Усманов Ували
1
3000 руб.
4
Забиров Фаткулла
1
5000 руб.
5
Устинов Тихон
1
1200 руб.
6
Бойков Савелий
1
500 руб.
7
Михайлов Григорий
1
5000 руб.
8
Гаврилов Николай
1
5000 руб.
9
Габитов Сибагатулла
1
20 000 руб.
10
Бойнов Иван
1
1-жыл
11
Гаврилов Александр
1
1-жыл
12
Огидков Иван
1
20 000 руб.
13
Худайбердиев
Сетулла
1
10 000 руб.
14
Секалиев Гатаулла
1
15 000 руб.
15
Гаврилов Андрей
1
2000 руб.
16
Кеткачев Федор
1
1-жыл
17
Габбасов Мурзакай
1
30 000 руб.
18
Забиров Фаткулл
1
500 руб.
19
Тухтин Емельян
1
20 000 руб.
20
Латипов Нуритдин
1
800 руб.
21
Шибаев Павел
1
40 000 руб.
1898 жылы Ақтөбе жәрмеңкесіне мануфактура, бакалея, темір
бұйымдары мен бұқар товарлары Орынбор, Орск (Жаманқала), Темір
және Ақтөбеден әкелінді. Осы жылы жәрмеңкеге қатынасқан 61
саудагер 184 359 рубль тұратын товар әкеліп, 126 579 рубльдің заттары
сатылды. Жәрмеңкеге әкелінген ағаш Орскі уезінен әкелінсе, астық
(тары, сұлы), нан өнімдері Ақтөбе мен іргелес ауылдардан жеткізілді.
(49)
112
1898-жылғы Ақтөбе жәрмеңкесінде 7559 бас мал, 17761 дана мал
және аң терілері 493 пұт жүн сатылып, олардың жалпы бағасы 99178
рубль болды. Мал және мал өнімдері Орал облысының Темір уезінен
Торғай облысының Ырғыз және Ақтөбе уездерінен әкелініп, Орынбор
және Орск қалаларына жіберілді. Сатып алынған малдың 98% Орынбор
қаласына айдалды. (50)
Жәрмеңкеде 27040 пұт астық, оның ішінде 8000 пұт бидай, 5160
пұт сұлы, 9280 пұт тары және 4000 пұт ұн сатылды. (51)
1898-жылғы Ақтөбе жәрмеңкесінде 2314 бас ірі қара орта есеппен
25 рубльге сатылып, 56850 рубль жиналды. Сондай-ақ жәрмеңкеде 4
рубльден 4577 қой 18307 рубльге сатылды. Саудаға шығарылған
жылқы мен түйенің бағасы бірдей 30 рубль болды. Жәрмеңкеде 30 түйе
960 рубльге, 229 жылқы 6870 рубльге сатылды. (52)
1898 жылы жәрмеңкеде сауда жасаған 2-гилдия саудагерлері мен
ұсақ кәсіпкерлерден және 1-2 класты приказчиктерден қазыналық
пошлина, земство және қалалық төлемдер үшін 994 рубль 50 тиын
жиналды. (53)
1899 жылы Ақтөбе жәрмеңкесіндегі товар айналымы 262 078 сом
құрады. Осы жылғы жәрмеңке саудасының өсуіне мынадай себептер
болды. Бірінші: жәрмеңке басталғанға дейін қыстауға көшетін
көшпенді қазақтар үшін астық өнімдері алдын ала дайындалды. Екінші:
жәрмеңке өткізілетін мерзім (1-30 қыркүйек арасы) Ақтөбе уезінің
қазақтарының оңтүстікке көшу алдында астық өнімдерінен басқа
шаруашылыққа қажетті товарлар қорын жасайтын кезге сәйкес
келеді. Үшінші: осы кезде көрші өңірлерде жәрмеңкелердің өткізілмеуі
әсер еткен болатын.
1899-жылы Ақтөбе уезі бойынша сауда жасау үшін қазынадан 3
719 рубль 50 тиынға түрлі куәлік сатылды.(54)
1899-жылы Ақтөбе жәрмеңкесінде сатылған товарлар туралы
мәлімет (55)
Товарлардың атауы
Саудагерлер
саны
Сатылған
товар (рубль)
Сатылған товар
(пұт)
Мануфактуралық
43
109500
оның ішінде темір
5000
Тері
19
7700
Бакалеялық
31
5700
Бұхаралық
7
3500
Ағаш
10
3500
Астық
Бидай
8200
9000
Сұлы
2200
3000
Тары
6000
9000
113
Ұн
6000
6000
Барлығы
110 адам
152300 рубль
27000 пұт
1899 жылы жәрмеңкеге Темір, Ырғыз, Ақтөбе уездерінен әкелінген
малды сатып алған орыс көпестері Орынборға 1814 ірі қара, 4416 ұсақ
мал, 179 жылқы алып кетті. (56)
1899 жылы жәрмеңкеде 109778 рубль 17 тиынға мал және мал
өнімдері сатылды. Осы жылы Ақтөбе жәрмеңкесінде сатылған мал және
мал өнімдері туралы мәлімет: (57)
Мал және мал өнімдері
Сатылды
бас
дана
пұт
ірі қара мал
2328
қой
4874
ешкі
341
түйе
76
жылқы
290
ірі қара терісі
563
қой терісі
14249
ешкі терісі
10150
түйе терісі
467
жылқы терісі
535
кой жүні
149
түйе жүні
85 пұт 85 фунт
сало (май)
11
ішек
1182
Барлығы
7909
24146
245 пұт 30 фунт
1900-жылы Ақтөбе уезінде жалпы товар айналымы 700 000 рубль
болып, жәрмеңкедегі товар айналымы 326 386 рубль құрады. Осы
жылы саудагерлер үшін 4 607 рубль 52 тиынға рұхсат куәліктер
сатылды.
1900-жылы Ақтөбе жәрмеңкесінде 99 саудагер сауда істерімен
айналысқан болатын. (58)
1900-жылы жәрмеңкеде сатылған товарлар туралы мәлімет: (59)
Товарлардың атауы
Сатылды
рубль
пұт
мануфактуралық
118850
тері бұйымдары
6295
бакалеялық тағамдар
3415
бұқар заттары
3510
114
ағаш
4275
бидай
2348
4360
сұлы
1125
3207
тары
951
4037
ұн
3948
4935
Барлығы
144767 рубль
16539 пұт
1900-жылы Ақтөбе жәрмеңкесінде сатылған мал саны 1899-
жылмен салыстырғанда бір шама артты. Осы жылы 3404 ірі қара 35
рубльден 119140 рубльге сатылды. Саудаға түскен әрбір қойдың
бағасы 5 рубль болып, 4429 қой 22145 рубльге өткізілді. Әр ешкі 3
рубль 50 копеекке бағаланып, 646 ешкі 2961 рубльге сатылды. 1900-
жылы сатылған түйе саны былтырғымен салыстырғанда 2 есе кеміп
кетті. Сөйтіп әр түйе 40 рубльден бағаланып, жәрмеңкеде 1080 рубльге
27 түйе сатылды. 1900-жылы 1899-жылмен салыстырғанда 118 жылқы
артық сатылды. Осы жылы 35 рубльден 408 жылқы сатылып, 14280
рубльге бағаланды. (60)
Жәрмеңкеде сатылған малдан 2497 ірі қара, 4321 бас қой, 408
жылқы Орынборға жіберілді. (61)
1900-жылы Ақтөбе уезінде 46 сауда орындары жұмыс жасап, оның
ішінде 41 лавка, 4 ішімдік сататын орындар, 1 сырахана тұрғындарға
қызмет көрсетті. Осы жылы уездік және басқа қалалар мен
жәрмеңкелердегі сауда орындарының товар айналымы 700 000 рубльге
жетті. (62) Осы жылы өткізілген жәрмеңкедегі товар айналымы 326 386
рубль болып, отырықшы елді-мекендердегі сауда бойынша товар
айналымы 373 614 рубль құрады. 1900-жылы Ақтөбе уезінің
территориясында түрлі сауда операциясын жасау үшін 4607 рубль 52
тиынға түрлі құжаттар (куәліктер, билеттер, патенттер) сатылды. (63)
1900-жылы Ақтөбе уезі бойынша товар айналымы 1884-жылмен
салыстырғанда 71 мың сомнан 700 мың сомға жетіп, 10 есе өсті. Уездегі
сауда орындарының саны да жедел артты. Егер 1894 жылы Ақтөбе
уезінің территориясында 20 сауда орындары болса, 1900-жылы сауда
орындарының саны 46-ға жетіп, товар айналымы 200 мың рубльден 700
мың рубльге жетті.
Ақтөбе жәрмеңке комитеті 1901 жылы 30 қыркүйекте Торғай
облысының әскери губернаторынан 1902-жылдан бастап Ақтөбеде 1-15
маусым аралығында екінші жәрмеңке ашуға рұхсат сұрап, оған
Орынбор қазыналық палатасының меңгерушісі «Ақтөбеде 2 апталық
екінші жәрмеңке өткізуге өзінің қарсылық көрсетпейтінін» хабарлаған.
(64)
Ақтөбеде екінші жәрмеңкенің ашылуы Темір, Ойыл жәрмеңкенің
сауда жұмысына белгілі бір дәрежеде залал тигізеді деген қобалжуға
қарамастан 1902-жылы Ақтөбеде 9-23 май аралығында екінші жәрмеңке
115
ашылып, ол туралы Ресей ішкі істер Министрлігіне және көршілес
Орал, Сырдария облыстарына хабар берілген. (65)
Ақтөбеде қосымша жәрмеңкенің маусым айында өткізілуін Ақтөбе
жәрмеңке комитетінің председателі подполковник Сухинь, саудагерлер
Федор Подковырков, зауряд хорунжий Хұсайын Арынғазиев, Гимран
Сагадиев Иван Тухтин т.б. қызу қолдап, осы істің жүзеге асырылуына
белсенділік көрсеткен. (66)
Ақтөбеде өткізілетін жәрмеңкенің 1903 жылы таза сауда
капиталының айналымы 262078 рубль болса, бұл көрсеткіш 1907 жылы
471026 рубль құрады. Жәрмеңкеде сатылатын мал бағасы үнемі өзгеріп
отырды. Орта есеппен ірі қараның сатылу бағасы 12-60 рубль, қой мен
ешкі 1-7 рубль, сиыр 12-70 рубль, түйе 15-70 рубль болды. Сонымен
бірге мал және мал өнімдерінің бағасы да түрлі болды: (67)
Түйе жүні – 3-5 рубль
Ешкі түбіті – 10-14 рубль
Тері - 2-5 рубль
Жылқы қылы - 8-6 рубль
Текемет (киіз) – 90 тиын – 1 рубль
Ақтөбе уезінде ХХ ғасырдың бас кезінде (1901-1904 жылдар) сауда
орындары, саудагерлер, жалпы жәрмеңкелік сауда айналымының
даму тенденциясын мына кестеден көруге болады: (68)
рет
саны
жылдар
сауда
орындар-
ының саны
жалпы товар
айналымы
(рубль)
жәрмеңкедегі
товар айналымы
(сом)
рұхсат
қағаз
(куәліктер
т.б.)
сатылады
(рубль)
1
1901
54
800 000
258 136
6 728 рубль
98 тиын
2
1902
90
800 000
300 000
5 132 рубль
50 тиын
3
1903
106
800 000
224 731
6 429 рубль
50 тиын
4
1904
184
800 000
307 840
Осы төрт жылда ұсақ сауда орындарының 54-тен 184-ке дейін
өскеніне қарамастан, уезд бойынша жалпы товар айналымы тұрақталды.
Сонымен қатар осы жылдары жәрмеңке жылына бір-ақ рет өткізіліп.
жәрмеңкелік товар айналымы 1901-жылғы 258136 рубльге қарағанда
1904-жылы 307840 рубль болып, өсім небәрі 49 704 рубль құрады.
Осы жылдары жалпы сауда айналымы тұрақтанып 800000 рубльге
жетіп, бұл көрсеткіш Х1Х ғасырдың соңғы жылдарымен салыстырғанда
116
2 есе артық деңгейге өсті. Ақтөбе уезі бойынша 1899-жылы жалпы
товар айналымы 400000 рубль мөлшеріне жеткен болатын.
Ақтөбе уезінің территориясында Орқаш көлінен өндірілген тұз
Қостанай, Орынбор, Троицк қалаларына және басқа елді мекендерге
тасып жеткізілді.
1903 жылы Торғай ауыл шаруашылық қоғамы құрылды. Осы
қоғамның құрылуына Торғай облыстық ветеринарлық (мал) дәрігері
И.Ф.Колесников басшылық жасады. Қоғамның басты мақсаты – мал
шаруашылығының дамуын дұрыс жолға қою, ірі қара малдарды
асылдандыру болды. Торғай ауылшаруашылық қоғамы Москва
ауылшаруашылық қоғамымен байланыс жасап, осы қоғам арқылы етті
бағыттағы ірі қара үшін асыл тұқымды бұқаларды Торғай облысына
алдырып, оларды жергілікті климатқа бейімдеу мақсатын қойған
болатын.
Торғай ауыл шаруашылық қоғамының құрылтайшыларының
қатарында Ақтөбе уезінің малы көп байлары
1.
Беркімбаев Дербісәлі
2.
Қосуақов Ақметкерей
3.
Түлкібаев Әбіл
4.
Ибрагимов Мәмбетжан
5.
Кейкин Сабыр
6.
Қойайдаров Мырзағұл
7.
Наурызбаев Баймұхамед т.б. болды.
Ақтөбе уезінің ірі байлары Орынбор, Орск, Ойыл, Ырғыз, Ақтөбе
жәрмеңкелеріне мал сату арқылы капитал жинаған, қазақ қоғамының
буржуазия өкілдері еді. (69)
Ақтөбе уезінің қазақтары сауда жасаумен қатар саудагерлердің
товарларын тасу- кіре тарту ісімен де шұғылданды. Кірешілер Орта
Азия саудагерлерінің товарларын Хиуа, Бұқара және Ташкенттен
Ақтөбе уезінің территориясы арқылы Орынборға дейінгі аралықта
тасып пайда тапты. Сонымен қатар Тұзтөбенің тұзын Орынбор, Ақтөбе
қалаларына жеткізді.
ХХ-ғасырдың басында Торғай облысында өнеркәсіп саласындағы
оң өзгерістер Ақтөбе уезінде сауданың дамуына өзінің игі әсерін тигізді.
Уезд территориясында тұрақты сауда Ақтөбе, Илецкая защита (Елек
қорғанысы) Бердянск, Томар Өткел елді мекендерінде өрістеді.
Сонымен қатар Ақтөбе уезінің саудагерлері Орск (Жаманқала),
Орынбор қалаларына барып сауда жүргізді, осы қалалардан Ақтөбеге
саудагерлер мен көпестер көптеп келе басталады. Сауда дүкендері мен
лавкалардағы сатылатын негізгі товарлар: галантерея, мануфактура,
бакалея өнімдері және шаруашылық пен тұрмысқа қажетті темір құрал-
саймандар, әсемдік, әшекей бұйымдар болды. Жергілікті қазақтар мал
және мал өнімдерін көптеп өткізді.
117
1904 жылы 1-30 қыркүйек аралығында өткізілген күзгі жәрмеңкеде
8480 бас әр түрлі мал 95925 рубльге сатылған. Осы малдан тек қана
1556 бас мал (260 сиыр, 1209 қой, 81 ешкі) ғана Ақтөбеде союға
қалдырып, қалған 6924 бас мал Орынбор, Орск және Самараға
жіберілген: (70)
Қайда
жіберілді
Мал саны
Сиыр
Бұзау
Жылқы
Түйе
Қой
Ешкі
Барлық
мал
саны
Орынборға
сатуға
1908
2
29
2048
560
4727
Ақтөбеге
союға
266
1209
81
1556
Орынбор
губерниясына
шаруашылық
үшін
175
175
Орскіге сатуға
50
175
225
Орынбор
губерниясына
семірту үшін
1732
1732
Самараға
сатуға
65
65
2349
2
209
65
5039
816
8480
1904-жылға күзгі жәрмеңкеде 25316 дана әр түрлі мал терісі 26322
рубль 70 тиынға сатылған. Сонымен қатар 224 пұт 38 фунт жүн 1163
рубль 53 тиынға өткізілді. Осы жылғы жәрмеңкеде сатылған мал және
мал өнімдері бағасы 123413 рубль 23 тиынға жетті. (71)
Самара-Златоуст темір жолының Орынбор тармағымен 1904-жылы
6528257 пұт бидай шетке жіберіліп, 240 551 пұт бидай әкелінген. Торғай
облысынан астық тасуға оның Ресейдің өндірістік аймақтарына өте
жақын орналасқандығы өз әсерін тигізді, сонымен қатар Орынбор-
Ташкент темір жолының іске қосылуы да астық тасудың дамуына
қолайлы жағдай жасады.
1905 жылы Ақтөбе уезінен 1202 мың пұт астық сыртқа шығарылды,
ал 1906 жылы – 2586 мың пұт астық шетке жіберілді. (72)
1907 жылы Ақтөбеде өткізілген күзгі жәрмеңкеге 67 саудагер
келген. Олардың ішінде 11 саудагер Бұқар бұйымдарын сатумен
айналысты. Осы жәрмеңкеге 36100 рубль тұратын Бұқар товарлары
әкелініп, 21775 рубльдің бұйымдары сатылды. Осы жәрмеңкеге Қожа
Ізбастиев деген саудагер 3000 рубль тері бұйымдарын әкеліп, оның
жартысынан артығын (1600 рубль) сатқан. (73)
1907 жылы қала басқармасы шешімімен қонақ сарайы салынып,
онда сауда лавкалары үшін 60 орын бөлінді. Лавкалардың аралығы 2
118
сажень, ұзыны мен ені 9 сажень болып, сауда алаңында 4 үлкен қойма
салынған. (74)
1907 жылы Ақтөбе уезі бойынша 219 сауда орындарындағы товар
айналымы 1800000 рубль болды. Осы жылы Ақтөбе қаласы мен уезд
территориясында 194 лавка, 13 ларек, 2 қазыналық шарап лавкасы, 1
земство погребі, 1 трактир, 8 сырахана жұмыс жасады. 1907 жылы
Ақтөбе уезінде мал және мал өнімдерін сату мөлшері мынадай болды:
(75)
Рет саны
Сатылған мал және мал өнімдері
Саны
1
жылқы
7 567
2
мүйізді ірі қара
18 290
3
түйе
1 709
4
қой
29 117
5
ешкі
7 972
6
Барлығы
64 655
7
Мал сатудан түскен қаржы
790 805 рубль
8
Тері сатудан түскен қаржы
172 910 рубль
9
Жүн сатудан түскен қаржы
40 437 рубль
1907-жылғы күзде өткізілген Ақтөбе жәрмеңкесінде 67 саудагер
барлығы 346760 рубль тұратын товарлар әкеліп, 191595 рубльдің
товарларын жәрмеңкеге келген тұтынушыларға өткізген. (76)
Ақтөбе жәрмеңкесіне келген 44 саудагер мануфактуралық
бұйымдармен сауда жасады. Олар жәрмеңкеге 296500 рубль тұратын
мануфактура товарларын әкеліп, 163240 рубльдің мануфактура
бұйымдарын сатқан. (77)
Ақтөбе жәрмеңкесінің ұсақ товарлар сататын қатарларында 10
саудагер 2980 рубль тұратын әр түрлі бұйымдар сатқан. осы
жәрмеңкенің темір бұйымдарын сататын қатарда Анастасий Савельев
деген орыс саудагер 2000 рубль тұратын темір товарларын сатқан. (78)
1908 жылы Ақтөбе жәрмеңкесінің комитеті жанында қала
бюджетінің есебінен аудармашы қызметкері енгізілді, бұл қызметті
Ақтөбенің 2 кластық орыс-қазақ училищесінің түлегі Ермұхамбет
Нұрмұхамбетов атқарды. (79)
1908-жылы Ақтөбеде өткізілген күзгі жәрмеңкеде 20632 рубль 12,5
тиынға мал өнімдері өткізілді. Осы жәрмеңкеде 17318 тері 19941 рубль
50 тиынға сатылды. Сонымен қатар 131 пұт 25 фунт жүн 500 рубль 25
тиынға, 38 пұт 3 фунт шыжғырылған май 190 рубль 37,5 тиынға
сатылды. (80)
1908-жылы Ақтөбе уезіндегі 226 сауда орындарының товар
айналымы 3397700 рубль құрады. Осы жылы өткен 1907 жылмен
салыстырғанда сатылған мал саны арта түсті. Оны мына мәліметтен
анық көруге болады. (81)
119
рет саны
сатылған мал және мал өнімдері
саны
1
жылқы
10 608
2
мүйізді ірі қара
22 424
3
түйе
1 761
4
қой
29 376
5
ешкі
5 359
6
барлығы
69 528
1908 жылы Ақтөбе уезі бойынша сатылған малдан 1425342 рубль
табыс түсті. Сонымен бірге 154409 рубльге тері, 51918 рубльге жүн
сатылды. (82)
Ақтөбе уезінде 1907, 1908 жылдары сатылған мал және мал
өнімдерінің қаржылай мөлшері мынадай (салыстырмалы көрсеткіш):
рет саны
сатылған
1907 ж. рубль
1908 ж. рубль
1
2
3
Мал сатудан түскен қаржы
Тері сатудан түскен қаржы
Жүн сатудан түскен қаржы
790 805 рубль
172 910 рубль
40 437 рубль
1 425 342 рубль
154 409 рубль
51 918 рубль
Барлығы
1909 жылы қала басқармасының ұсынысы бойынша Ақтөбеде 2
апталық екінші жәрмеңке (15.02 – 1.03) өткізілді. Көктемгі жәрмеңкеде
шаруашылық қажеттілігіне мал сатып алуға өте қолайлы болды. Осы
жәрмеңкеде Самара губерниясынан келген миллионер көпес
П.И.Шихабалов жүздеген өгіз сатып алған. Осы өгіздер негізінен
көктемгі егіс жұмыстарына пайдаланылған. (83)
Ақтөбе қаласы ХХ ғасырда үлкен сауда орталығына айналды.
Сөйтіп қала басшылығы Торғай облысының әскери губернаторы
И.Страховскийге қалалық қоғамдық банктің несиелік негізін салу үшін
10 мың рубль бөлуін сұрап өтініш жасады. Осы оқиға туралы
«Тургайская газета» былай деп жазған болатын: «қалада несие қорын
ашу арқылы қала басқармасы мәселенің түбіне көз салды, яғни
саудагерлер класына және егіншілерге көмек қолын созды». (84)
Ақтөбе қаласында қоғамдық банк 1910 жылы 10 қарашада өз
жұмысын бастады. Бұл шараға Торғай облысының вице-губернаторы
А.А.Ващенко қатынасып, өз сөзінде: «банктің клиенттерге (несие
алушыларға) қатынасы объективті болуын, кедеңсіздіктерді болдырмау
қажеттігін» атап көрсетті. (85)
Ақтөбе қалалық басқармасы банк меңгерушісі қызметіне
Ф.А.Мещеряковті сайлады. Оның орынбасарлары Ф.П.Шульгин,
Г.А.Фадеев, кандидаттар болып Н.П.Пестов, С.Г.Алюков сайланды.
Есеп комитеті мүшелері болып А.Е.Елисеев, А.И.Арышев, Г.Г.Гайнов,
М.И.Далатказиев, А.Н.Авилов тіркелді. (86)
120
Ақтөбе банкісінің меңгерушісі Ф.А.Мещеряков өз кезегінде
жұртшылықты: «Ақтөбе банк коммерциялық мақсат емес, саудагерлер
мен басқа өз ісін жақсартуды тілейтіндерге көмек көрсету үшін
ашылды» деп сендірді. (87)
1911-жылы 8 қыркүйекте Ақтөбе жәрмеңкесі ашылып, жәрмеңке
комитетінің баяндауынша қазақтардың ораза айы аяқталмағанына
байланысты жәрмеңкеге адам аз жиналған. (88) Мануфактура, темір
және жеміс-жидек сататын 20 лавка жұмыс жасап, әртүрлі асхана,
шәйхана және тігін шеберханалары үшін қазақтар 50 ағаш (киіз) үй
тіккен. Осы жәрмеңкеде күніне 2 мың пұттан астам ұн сатылған. (89)
Ақтөбе
уезінің
территориясында
1911-жылы
Ақбұлақ
поселкасында жәрмеңке ашылды. Бұл жәрмеңкенің осы жылғы товар
айналымы 80 мың болды.
Ақбұлақ жәрмеңкесіне әкелініп сатылған товарлар туралы мәлімет: (90)
Мал және мал өнімдері
Әкелінген
Сатылған
орташа бағасы
(рубль)
жылқы
602
415
35
өгіз
3486
440
40
сиыр
2827
363
25
баспақ, қашар
1043
267
12
бұзау
132
22
2р. 50 тиын
түйе
725
158
50
қой
16608
5141
6
ешкі
324
156
4
жылқы терісі
124
124
4
сиыр терісі
98
98
5
қой терісі
1380
1380
70 тиын
ешкі терісі
540
540
1
Осы жәрмеңкеде 76829 рубльге мал, 2492 рубльге мал өнімдері,
барлығы 79321 рубльге мал және мал өнімдері сатылған. (91)
1915-жылы Ақтөбе уезінде қалалық және отырықшы елді
мекендердегі тұрақты сауда, көшпенді қазақ ауылдардың халқының
қатынасуымен жәрмеңкелік сауда және қала саудагерлерінің өздері
немесе
солардың
сауда
шаруашылығын
жүргізетін
өкілдері
(приказчиктер) арқылы ауылдарға (жайлау мен қыстауларға) шығып
жасайтын сауда түрлері дами түсті.
Сауда негізінен орыстар, татарлар және сарттар мен бұхара
еврейлерінің қолында болды. Тұрақты сауда Ақтөбе, Ақбұлақ, Илецкая
защита т.б. сияқты елді мекендерде өркендеді. Уездегі ең үлкен Ақтөбе
қаласында 54 дүкен-сөрелер жұмыс жасап, оның иелері аренда үшін
мемлекетке 2 172 рубль 08 тиын төледі. Ақтөбе қаласында жеті сайын
өткізілетін базарларда барлығы 248 800 рубльдің товарлары мен мал
121
сатып алушыларға ұсынылып, осы базарларда 133 420 рубльдің товары
мен мал сатылды. (92)
1915 жылы Ақтөбе қаласында тұрақты 125 лавка, 140 ларек, 9
трактир барлығы 274 сауда орындары жұмыс жасады. Ал уезд
территориясында 324 лавка, 2 ларек, 4 трактир барлығы 330 сауда
орындары қызмет істеді. Қала мен уездік елді мекендерде барлығы 604
сауда орындары сауда-саттық жұмыстарымен айналысты. Ақтөбе
жәрмеңкесінде сауда жасау үшін 916 сом 10 тиынға рұхсат қағаздар
сатылды. (93)
1915-жылғы Ақтөбе жәрмеңкесінде 1727 жылқы, 240 түйе, 208 685
мүйізді ірі қара, 5 724 қой мен ешкі сатылды. Сонымен бірге жергілікті
лавкалардан 91 610 сомның товарлары, сырттан әкелінген товар 7 800
рубльге сатылды. Осы жәрмеңкеде 477 699 рубльге мал сатылып, жалпы
сатылған мал мен товардан 576 609 рубль түсті. (94)
1915-жылғы Ақтөбе жәрмеңкесінде сатылған заттар мен малдың
ақшалай мөлшері туралы мәлімет: (95)
Товарлардың атауы
Сатылды (рубль)
1
Бұхар кілімдері
1 500
2
Былғары товарлар
2 000
3
Мал
120 236
4
Текемет
100
5
Ат әбзелдері
120
6
Басқа түрлі товарлар
200
7
Мануфактура
10 280
8
Темір заттар
100
9
Ағаш
2 050
10
Жағалық тері
800
11
Ыдыс-аяқ, форфор. әйнек
-
12
Тері бұйымдар
2 420
Барлығы
141 006
1915
жылы
Ақтөбе
уезінің
территориясында
өткізілген
жәрмеңкелердің ұзақтылығы мынадай болды: 5 күндік 1 жәрмеңке, 7
күндік 20 жәрмеңке, 8 күндік 1 жәрмеңке, 10 күндік 1 жәрмеңке, 14
күндік 1 жәрмеңке, 30 күндік 1 жәрмеңке.
1915-жылы Торғай облысы бойынша ұзақтығы 1 күннен 1 айға
дейін созылатын жәрмеңкелер өткізуге 161 елді мекен рұхсат алып, осы
мекендерде (жылына бірден төртке дейін) 278 жәрмеңке өткізілген. Бір
ғана Ақтөбе уезінде 55 елді мекенде 1915-жылы 141 жәрмеңке
өткізілген. Ақтөбе қаласында осы жылы жәрмеңке үш рет
ұйымдастырылған.(96)
122
1915 жылы Ақтөбе уезіндегі сауда орындарының товар айналымы
Торғай облысының оңтүстігінде орналасқан Ырғыз уезіндегі сауда
орындарының товар айналымен бір деңгейде болды. Осы жылы Ырғыз
уезіндегі бұл көрсеткіш 650 мың сомға тең болды.
1915-жылы Торғай облысында товар айналымы 3122314 рубль
болса, соның тең жартысы, яғни 1540654 рублі Қостанай уезінің
үлесіне тиді. Сөйтіп Қостанай уезінің товар айналымы Ақтөбе уезінен 2
есе артық болып, Қостанайлықтар Ақтөбе, Ырғыз уездерінің сауда
орындарының товар айналымын қоса есептегендегі көрсеткішке қол
жеткізді.
ХХ-ғасырдың басында сауда қатынастарының өркендеуіне
байланысты Ақтөбе өңіріне татарлар келе бастады. Олар Ақтөбе
қаласындағы тері, мануфактура (тоқыма), бакалея (нан өнімдері)
сияқты негізгі сауда қатарларын өз қолдарына алды. Қаладағы 34 сауда
лавкаларының қожайындары татарлар болды. ХХ ғасырдың басында
Ақтөбе қаласында 996 татар қоныстанып, олар жоғарғы (Верхний) және
Татар поселкаларының негізін салды. Осы поселкалардың старостасы
болып М.Ғаббасов тағайындалды. (97)
Ақтөбе уезінің 140 адам тасымал жұмыстарымен айналысты. (98)
Ақтөбе жәрмеңкесінде сатылған мал және мал өнімдері Оңтүстік
Оралға жіберілді. Торғай облысының ветеринарлық (мал) дәрігері
А.Добросмысловтың деректері бойынша Ақтөбе жәрмеңкесінде
сатылған мал және мал өнімдерінің Орынборға - 75%, Жаманқалаға
(Орскіге) малдың 7-10 %, мал өнімдерінің 1 % жөнелтілді. (99)
Ақтөбе уезіндегі ірі сауда орталықтарының бірі Орынбордан 73
шақырым, Илецкая защита бекінісінен 68 шақырым жерде орналасқан
Томар Өткел базары болды. Томар Өткел базарына Ақтөбе уезінің
Тұзтөбе, Елек, Қобда, Қаратоғай болыстарынан, Орал облысының
Калмыков болысынан жергілікті қазақтар өз малдарын айдап келетін
болған. (100)
Томар Өткел базарында 1896 жылы 6104 бас ірі қара, 8484 қой, 220
ешкі, 1897 жылы 9181 бас ірі қара, 13586 қой, 228 ешкі сатылған. Осы
базардан арзанға сатып алған мал терілерін Илецкая защитада тұратын
татар саудагерлері Орынбор қаласына апарып қымбат бағаға тері
заводтарына өткізген.
1896 жылы татар саудагерлері қазақтардан 22238 тері сатып алған.
Саудагерлер ірі қара мен қой терісін өте жоғары бағалаған. 1896 жылы
Томар өткел базарында қазақтар 13099 дана ірі қой терісі, 4674 дана ірі
қара терісін өткізген. (101).
Ақтөбе уезінде жеті сайын жұма күні Беляев болысының Брайловск
поселкесінде, бейсенбі күні Қаратоғай болысының Степановка
поселкесінде базарлар өткізіліп тұрды. Брайловск, Степановка
123
поселкаларындағы базарларда қазақтар мал және мал өнімдерін сатып,
түскен ақшаға өздеріне қажетті тұрмыстық заттарды сатып алды. (102)
Ақтөбе уезінде сауда қатынастарының дамуына 1890 жылы
ашылған Бердянск базарының қосқан үлесі мол болды. Бердянск базары
Ақтөбе уезінің Бөрте болысының № 1 аулында Орынбордан 25
шақырым (верст) жерде орналасты. Бұл жердің негізгі ерекшелігі базар
Орынбор губерниясы мен Торғай облысының шекарасында болып,
саудагерлер мен сатып алушылар үшін өте қолайлы болды. Бердянск
базарында осы жердегі ветеринарлық пунктте тексеруден өткізілетін
мал сатылды. Бердянск базарына қазақтар әкелген малды негізінен
Орынбор губерниясының саудагер татарлары сатып алды. Базарда
сатылған мал саны жылдан-жылға арта түсті. Егер 1896 жылы Бердянск
мал базарында 8117 бас ірі қара сатылса, 1897 жылы 10872 ірі қара
сатылды. (103)
Достарыңызбен бөлісу: |