«атом және атом ядросының физикасы» ПӘнінен зертханалық ЖҰмыстарды орындауға арналған оқУ-Әдістемелік қҰрал



бет16/24
Дата15.11.2023
өлшемі1,78 Mb.
#124156
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
Косжанова А.Г. Атом және атом ядросының физикасы пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған оқу-әдістемелік құрал

Deq - бэрмен өлшенетін мөлшер; D- радианмен өлшенетін мөлшер; k – сапалық коэффициент. Deq = D·k .
Кестеде мөлшерлемелері тең рентген жəне гамма сəулелеріне қарағанда протон, альфа-бөлшек, нейтронның 10 есе үлкен эффект беретіндігі көрсетілген.
Кесте 1

Сəулелердің түрлері

k

Сəулелердің түрлері

k

Гамма - сəулесі.

1

Энергиясы бар нейтрондар




Рентген сəулесі

1

5 кэВ

2,5

Электрондар мен позитрондар

1

20 кэВ

5

Бетта – сəулесі

1

100 кэВ

8

Альфа – сəулесі Е=(10 МэВ)

10

500 кэВ

10

Протон (Е=10 МэВ)

10

1 кэВ

10,5

Ауыр ядро берілуі

20

5 кэВ

7

Жылу нейтроны

3

10 кэВ

6,5

Адамның радиосезімталдығы өте жоғары мүшелері: жілік майы, аталық жəне аналық бездер, ас ішек, тері, көру сезім мүшелері, қантамырларының сыртқы қабаты, көкбауыр, лимфа түйіндері, тимус, сүйек жəне шеміршектің өсу кезеңінде.


Адамның радиосезімталдығы төмен мүшелері: орталық жүйке жүйесі, бауыр, жүйке жүйесі, тыныс мүшелері, зəр шығару мүшелері, ішкі секреция бездері, бұлшық еттер, ересек адамдардың сүйегі жəне сіңірі. Ауаның радиоактивтілігі оның құрамында радиоактивтік газдар немесе шаң, тұман, түтін түрінде болуына байланысты. Тыныс жүйесінде ұсталып қалған радионуклидтің мөлшері оның түйіршіктерінің ірілігіне, тыныс алудың жылдам жəне жай болуымен жəне тыныс алу мүшесінің бір минуттағы ауа алмастыру көлемімен анықталады. Тыныс алу жүйесіне түскен радиоактивтік түйіршіктердің көлеміне, олардың физико-химиялық қасиеттеріне жəне ағзаның жүйелерінде тасымалдауына байланысты түрлі өзгерістер болады. Жақсы еритін түйіршіктер бірнеше ондаған минут ішінде қан тамырлар жүйесіне өтіп, заттар алмасуының нəтижесінде жинақталады немесе ағзадан сыртқа бөлінеді.
Радиоактивті заттардың сəуле шығарулары тірі организмдердің бəріне орасан зор əсер етеді. Көп дозалы сəуле шығарудың нəтижесінде тірі ағзалар өледі. Сəуле шығарудың қауіптілігі сол, олар өлтірерлік дозаның өзінде де ешқандай ауырғандық сезімін туғызбайды.
Сəуле шығарудың биологиялық жүйелерді бүлдіру механизмі əлі жеткілікті зерттелмеген. Бірақ олардың атомдар мен молекулаларды иондайтындығы жəне бұл олардың химиялық белсенділігін өзгертетіндігі анық. Сəуле шығаруға жасушалардың, əсіресе тез бөлінетін жасушалардың ядросы өте сезімтал. Сондықтан сəуле шығару ағзада ең алдымен жұлынға зақым келтіреді, соның салдарынан қанның пайда болу үрдісі бұзылады. Одан əрі ас қорыту жолының жəне тағы басқа мүшелердің бүлінуі басталады.
Сəулелену тұқым қуалауға күшті əсерін тигізеді. Көбінесе бұл əсер жағымсыз болады.
Радиациялық табиғи фонының бір жыл ішіндегі сəуле шығару мөлшері əр адамға Гр шамалас болады. Радиациядан қорғаудың халықаралық комиссиясы, сəуле шығарумен жұмыс істейтін адамдар үшін бір жыл ішіндегі шектік мүмкін шамасы 0,05 Гр деп тағайындайды. Қысқа мерзім ішінде алынған Гр сəуле шығару мөлшері өлім қаупін туғызады.
Кез келген радиация көзімен жұмыс істегенде сəуле əсерінің зонасына кездесіп қалу мүмкіндігі бар адамдардың бəрінің радиациядан қорғаныс шаралары орындалуы талап етілуі қажет.
Адамның өмір сүріп отырған жеріне, ішкен судың сапасына, тұрған үйінің құрылыс материалына сай сəулелену əр деңгейде болады. Ағаш үйде радиоактивтілік орман жəне жазық даладағы деңгейге сай, жылына 50 миллиард, кірпіш, тас, бетон-үйдің радиоактивтілігі 80-нен 170 миллиард.
Егер адам өмірі 70 жасқа тең болса, оның өкпесінің сəулелену дозасы 16 рентген (тек атмосфера ауасымен тыныс алған жағдайда) жəне «терең» жерде салынған бөлмеде ұзақ уақыт болғанда 150-160 рентген. Бұдан ауылдық жердегі тұрғындармен салыстырғанда қала тұрғындарының өкпесінің сəулелену дозасы анағұрлым жоғары.
Қостанай облысында табиғи радиациялық фоны 12-15 мкР/сағ құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет