«атом және атом ядросының физикасы» ПӘнінен зертханалық ЖҰмыстарды орындауға арналған оқУ-Әдістемелік қҰрал



бет19/24
Дата15.11.2023
өлшемі1,78 Mb.
#124156
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Қауіпсіздік шаралар нұсқаулары
СРП-68 құралдар жинағына радиоактивті заттармен жұмыс істеу нормалары сақталуы тиіс кобальт-60 изотопына негізделген бақылаушы радиоактивті көз кіреді.
СРП-68 приборларының детектрлеу блоктарында фотоэлектрондық көбейткіштерді қоректендіретін кернеу (600-1500 В) әзірленеді, сондықтан детектрлеу блоктарын ашу лабораториялық жағдайларда, ток көзінен ағытылған күйде орындалу керек, приборларды қосу кезінде қажетті қауіпсіздік шаралары сақталу керек.



Жұмысқа дайындық

  1. Техникалық сипаттамасы және қолдану нұсқаулығымен танысу.

  2. Жұмыс режимі ауыстырғышын ВЫКЛ күйіне ауыстыру.

  3. Өлшегіш прибордың тілшесі нөлде тұрғанын тексеру, нөлде тұрмаған жағдайда пульт панеліндегі бітеуішті бұрау арқылы нөлге түзетіп қою.

  4. Полярлықты қадағалай отырып, қорек көзін қосу.

Элементтерді қосу кезінде полярлықты бұзу немесе қадағаламау құрылғының істен шығуына алып келуі мүмкін!
Жұмыстың барысы (өлшеулерді орындаужне өлшеу нәтижелерін өңдеу)
1. Өлшеулер жүрізуге дайындық.
Ауыстырып-қосқыштың бастапқы жағдайы S1 – «10000 s–1», S2 – ВЫКЛ. Құралды жұмыс режиміне қосу үшін:
а) жұмыс режимін ауыстырып-қосқыш тетігін БАТ күйіне қойып, құралды іске қосу. Тілшесі бар құрал арқылы қорек көзінің 6,5 пен 15 В аралығында болуға тиісті кернеуі анықталады (өлшеу шегі 15 В).
Өлшеулер құралды қосқаннан кейін кем дегенде 1 минуттан кейін жүргізілу керек.
б) жұмыс режимін ауыстырғышты «5» күйге қою. Тілшесі бар құралдың көрсеткіші өлшеу шегін аустырғыш күйіне байланысты гамма-сәулеленудің экспозициялық дозасының қуатына немесе ағынына сәйкес келу керек. Тұрақты біріктіру уақыты (время интегрирования) 5 с-қа тең.
в) бақылау көзінің қақпағын шешу. Детектрлеу блогын құралдың пультіне жақындату. Блок корпусындағы белгіні бақылаушы көзіне қарай бағыттау арқылы.
Өлшеу шегін ауыстырғыш көмегімен өлшегіш прибордың тілшесі бақылаушы көзінен максимал ауытқуға сәйкес келетін диапазонда орнату.
г) Бақылау көзін қақпақпен жабып, 5-10 интервалмен 5-10 рет лезде санақ жүргізіп, көрсеткіштердің арифметикалық орташасын есептеу үшін сынақ өткізген орында фонның деңгейін бақылау керек;
д) в) тармағына сай бақылау көзінің және қосқышты КОНТР қалпына келтіріп көрсеткіштерін 10 секундтан соң кайта жазып алу керек. Соның өзінде, көрсеткіш бақылау көзінінен ықтимал 10 % азаймауы тиіс.
е) Өлшеулерді болған соң, бақылау көзін қақпақпен жабу
2. Өлшеулерді өткізу.
Шектеу өлшеуінің қосқышын талап етілген шектеуге сәйкес қалпына келтіру қажет. Өлшеу шектеуінің көрсеткішін 30% толық шкаладан кем болмайтындай таңдау керек.
Экспозиционды дозаның немесе гамма-сәулелену ағынының тығыздығының өлшенетін қуатының өлшемінен тәуелді 2,5 немесе 5 секунд өлшеу уақытын жұмыс барысында қосқыштың көмегімен орнату қажет.
Тұрақты 5 секунд уақытта статистикалық тербелістердің өлшемі төмендейді, яғни есептеудің дәлдігі жоғарылайды.
Дегенмен осымен бірге құралдың инерциясы жоғарылайды.
Есептеу қателігін айтарлықтай төмендетуге болады, егер осы нүктенің 30-60 секунд бақылау ішінде 5-10 орташа арифметикалық көрсеткішін есептесек
Гамма сәулеленудің ағынының бағыты табу (детектр) блогының осіне перпендикуляр.
Сигнализация табалдырығының жұмыс істеуіне мыналар керек:

  1. Жұмыстың қосқышын 2,5 немесе 5 қалпына қою керек;

  2. Бақылау көзінің көмегімен өлшеу құралының стрелкасын керекті жұмыс істеу сигнализациясының табалдырығына қою қажет.

  3. УРОВ тұтқасын бұра отырып, дыбыстық сигналдың жұмыс істеуіне қол жеткізу керек. УРОВ тұтқасының қалпын өзгертпей, Берілген деңгейде дыбыстық сигнализатор белгі стрелкасының жеңіске жетеді;

  4. Дыбыс сигналын сөндіру үшін УРОВ тұтқасын төтенше оң қалпына келтіру керек.

  5. Детектрлеу блогын радиобелсенді көзінен алыстатып, фонның анықтамасын жүргізу керек.

  6. Детектр блогындағы жапсырма радиобелсенді заттармен контейнердің шығу жағында болатындай етіп детектр блогын орналастыру керек. Жұтылуды өткізбеген счетчиктағы гамма-кванттармен есептеу жүргізу керек.

  7. Гамма – сәуленің көзімен және тізбектей 1, 2, 13, ..., 10 пластинкалар арасында орналастыра отырып өлшеуді жүргіз. Әр өлшеу сайын фонның деңгейін өлшеу керек.

  8. Өлшеу қортыныдыларын 1 кестеге толтыр. Шынайы тіркелген Nn импульстар саны бөлек өлшегендегі импульстар санының әртүрлілігімен және фонның импульстар санымен өлшенеді: Nn=N–Nф Алынған қорытынды бойынша Nn=f(х) и lnNn=φ(х) графигін тұрғыз. Бірінші графиктен жартылай жұтұлу қалыңдығын, екінші графиктен гамма-сәулелер жұтылу коэффициентін анықтау қажет. Радиобелсенді препарат гамма-кванттың энергиясын графиктің көмегімен жұтылу коэффициентімен анықта.

Кесте 1


№ п/п

х,
мм

Р

N

Nф

Nn=N–Nф

ln Nn
























.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ



  1. Радиобелсенді ыдырау дегеніміз не және ол қандай заңға бағынады?

  2. Ядроның табиғи радиобелсенді ыдырауын сәулеленудің қандай түрі бақылайды?

  3. Радиобелсенді сәулеленудің қандай тіркеу және бақылау әдісін білесің

  4. Гейгер-Мюллердің счетчигі жиілік счетчигінен қалай ерекшеленеді?

  5. Зат арқылы өткен гамма-квант сәулелерінің әлсіреуі қандай заңға байланысты?

  6. Гамма-кванттың жұтуы жұтқыш заттардан қалай тәуелді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет