295
Үшіншіден, сұрау табиғаты ойлау жəне дүниені танудың негізгі құралы болып табылады.
Қазіргі заманғы философтар сұрау табиғатын түсіндіруде, теориялық ойлау сұраудан туын-
даған ретінде түсіндіріледі, ал ойлау сол сұраққа жауап беру деп түсіндіңреді [2]. Тілдік қа-
тынас тек сұраулық сөйлемдер арқылы жүзеге асады. Себебі, сұраулар адам санасында ойлау
процесін туындатады. Əрбір сұрақ жəне оған жауап беру адам санасында ұғымдар туғыза-
ды. Тілдік қатынаста сұраулы сөйлемдердің адам санасына əсері, оның қатысымның жүзеге
асуының негізгі құралы екендігін, сұраулы сөйлемдердің студенттердің ойлау қабілеті мен
танымына қатысының ара-жігін ажыратып, талдап жатудың маңызы жоғары.Сұраулы сөй-
лемдердің психологиялық ерекшеліктері мен оның студент психологиясына əсері, əсіресе,
сөйлеушінің ниеті мен мақсаттарына қатысты болатын жағдайдағы прагматикалық сипатта-
маларын, дискурс кесінділерінің өрістеуіне, олардың іске асырылған қағидаттары мен тілдік
қарым-қатынас нормаларына баса назар аудару керек.
Тілдік қатынастын туындауына əлеумет қажет екені белгілі. Бірақ, тіл мен сөйлеу өзара
байланысты болса да, сөйлеудің даралығын адамның психикалық қабілеттері мен қасиет-
тері айқындайды. Қaзіргі кезеңде тіл білімі жaңa қырынaн тaнылып, өз бaғытын aнтропо-
центристік aрнaғa бұруынa бaйлaнысты сөйлеушінің қолдaнысындaғы сұраулы сөйлемдер
aрқылы оның aқыл-ойын, дүниетaнымын, ұлттық мəдениетін aңғaруғa болaды. Бұл туралы
М.Жұмабаев: «ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре
аламыз һəм басқа адамдардың ойларын біле аламыз», - десе [3, 72б], ф.ғ.д. Б.К.Елікбаев: «...
тіл білімінің дамуының бүгінгі сатысында адам факторы өзіне ерекше көңіл аудартып отыр.
Коммуникативтік, прагматикалық, когнитивтік бағыттарға негізделген қазіргі лингвистика
коммуникацияның екі антропоцентрі:
хабарды жеткізуші (адресант – сөйлеу субъектісі) пен
Достарыңызбен бөлісу: