Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет43/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   255
Байланысты:
zhinak

тəрбие деген негіз сөзге –ші жұрнағы жалғану арқылы жасалғанын көреміз. Мұнда –ші жұр-
нағы арқылы жасалған туынды сөзде мамандық мəні пайда болды дейміз. Бұл – жеке жұр-
нақтың мағынасы. Осы уақытқа дейін ол – ғылымда сөз болып келген мағына. Ал, ол жұрнақ 
сөзге қосқан мамандық мағынасы сөзжасамдық əрекеттің нəтижесінде пайда болды. Сон-
дықтан ол – сөзжасамдық мағына. Сонда бұл мысалдан əр жұрнақтың негізгі мағынасымен 
бірге сөзжасамдық мағынасы болатыны анықталды.
Оны бұдан да гөрі анығырақ түсіну үшін, жалғаумен байланысты салыстыру жасайық. 
Мысалы, үйде деген сөзде жатыс септігінің –де жалғауы жалғанып, оған мекен мəнін қосып 
тұр. Ол мағына жатыс септік жалғаудың жеке мағынасы. Осы мағына ғылымда грамматика-
лық мағына деп аталады. Ол əбден танылған. Грамматикалық мағына барлық грамматикалық 
көрсеткіштерге ортақ. 
Ал, сөзжасамда сөзжасамдық көрсеткіштердің əр қайсысына тəн мағынасы болады да, 
сонымен бірге оның жалпы мағынасы яғни сөзжасамдық мағынасы болады. 
Грамматикалық мағына грамматикалық көрсеткіштерге қандай ортақ болса, сөзжасам-
дық мағына да барлық сөзжасамдық көрсеткіштерге ортақ, өйткені олар туынды сөз жасай-
ды, туынды сөз бар жерде сөзжасамдық мағына бар. Бұл грамматикалық форма бар жерде 
грамматикалық мағына болады дегенмен бірдей. 
Қорыта келгенде,грамматикада грамматикалық мағына бар. Сөзжасамда сөзжасамдық 
мағына бар. Грамматикалық мағына грамматикалық форма атаулыға ортақұғым болса, сөз-
жасамдық мағына да барлық туынды сөздерге ортақұғым.
Осы тұрғыдан алғанда, «Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында сөзжасамдық мағынаны 
топтастыру да тілдік деректерге сай анықталған. Біз өз зерттеуімізде оны басшылыққа алдық.
Алайда, осы арада сөзжасамдық мағына, туынды мағына, лексикалық мағына жасалады де-
ген сияқты сөз тіркестерінің, ұғымдардың бір-біріне қатысын анықтай түсу қажет деп ойлаймыз. 
Лексикалқ мағына деген ұғымның мағынасы өте кең. Ол тілдегі сөз атаулыға қатысты. 
Негізгі түбір сөздің де, туынды түбір сөздің де, біріккен, кіріккен сөздердің де, қос сөз, 
қысқарған сөз, тіркесті күрделі сөздің де яғни күрделі сөз атаулының да лексикалық мағы-
насы болатыны белгілі. Сондықтан лексикалық мағына сөзжасамға ғана қатысты деп ойлай-
мыз. Негізгі түбір сөздің лексикалқ мағынасы болғанымен, оның сөзжасамдық мағынасы 
жоқ. Егер негізгі түбір тарихи тұрғыдан алғанда, бір замандарда туынды сөз болып, кейін ол 
туынды сөздің белгілерінен айрылып, қазіргі кезде негізгі түбір деп танылып жүрсе, оның 
сөзжасамдық мағынасы болмайды.
Туынды сөз деген терминді біз сөзжасамдықəрекет нəтижесінде жасалған сөз атаулының 
бəріне қолданамыз.Туынды сөз жасалса, оны сөзжасамдық мағынасы бар деп түсіну керек.
Сөзжасамдық еңбектерде, сөзжасамдық талдауларда жұрнақ арқылы басқа мағыналы сөз 
жасалады деген тіркестер жиі кездеседі.Ол, əрине, туынды сөз жасалады дегенді білдіреді. 
Біз оны туынды сөз жасалғанда қолданамыз.


77
Бірсыпыра жағдайда еңбектерде «жаңа сөз жасалады», деген тіркес қолданылады. Біз 
бұл терминді қолданбадық. Бізде сөзжасам əрекеті арқылы жасалған туынды сөздердің көбі 
ертеден қолданылып келе жатқан, əр кезеңдерде қолданылған сөздер, соңгы кезде жасалған 
жаңа туынды сөздер азырақ. Сондықтан бұл сөз тіркесін еңбекте қолданбадық.
Сөздасамдық мағына «Қазақ тілі сөзжасамы» оқулығында бірінші рет топтастырылып, 
оның түрлері көрсетілгені анықталды. Бұл жаңа ғылыми мəселе ,яғни, сөзжасамдықмағына-
ның түрлері жұртшылыққа таныс еместігін ескеріп жəне олардың зат есім сөзжасамына да 
қатысын көрсету үшін, зат есім сөзжасамынан алатын орнын аңғарту үшін, оларға қысқаша 
тоқтала кетейік.
Зат есім сөзжасамындағы өзгерген туынды мағына. Өзгерген туынды мағына зат есім сөз-
жасамының өзекті мағынасы деп санаймыз. Ол зат есім сөзжасамынан кең орын алады. Ол 
тек зат есім сөзжасамынан ғана емес барлық сөзтабының сөзжасамынан да кең орын алады. 
Сондықтанда сөзжасам мəселесі туралы сөз болғанда, кімнің болса да, ойына алдымен өзгер-
ген туынды мағына жəне оның мысалдары оралады. Бұл соншалықты кең таралған құбылыс 
зат есім сөзжасамыныңбасқа да мағыналары барын ескертпей, оларды естен шығарады.
Ал «өзгерген туынды мағына» деп нені айтатынымызды анықтап алайық. Өзгерген 
туынды мағына деп уəждеме сөз негізінде сөзжасамдық түрлі тəсілдер арқылы, түрлі сөзжа-
самдық бірліктер, көрсеткіштер арқылы жасалған, негіз сөзден туындаған уəждемелі сөздің 
өзгерген мағынасын айтамыз. Мысалы, көрермен, шеберхана, оқулық, елтаңба, əнұран, құн(-
термин), екпін(термин) т.б. Бұл келтірілген мысалдардың бəрі – туынды сөздер. Олар əр түрлі 
сөзжасамды тəсіл арқылы жасалған. Айталық, көрермен, шеберхана, оқулық деген туынды 
түбір сөздер – мен, - хана, - лық сөзжасамдық жұрнақтары арқылы жасалған туынды түбір 
сөздерге жатады. Сөзжасамдық əрекеттердің нəтижесінде жасалғандықтан, олардың мағына-
сы туынды мағынаға жатады. Сонымен бірге, бұл сөздердің туынды мағынасы сөзжасамдық 
мағыналардыңішінде өзгерген туынды мағына болып саналады. Оның себебі:- мен, -хана, 
-лықжұрнақтары өздері жасалған негіз сөздің яғни уəждеме сөздің лексикалық мағынасын 
өзгертіп, одан басқа лексикалық мағыналы сөз жасаған. Сондықтан көрермен,шеберхана, 
оқулық деген туынды түбір сөздер өзгерген туынды мағыналы сөздер болып табылуға тиіс.
Енді елтаңба (герб), əнұран (гимн) сөздері де туынды сөздердің бір түріне яғни біріккен сөз-
дерге жатады. Бұл типтес сөздер –аналитикалық тəсіл арқылы жасалған сөздер. Бұлар екі толық 
мағыналы сөздердің бірігуінен жасалған. Бұл туынды сөздердің сөзжасамдық бірліктері – толық 
мағыналы сөздер. Олар сөзжасам əрекетінен өтіп, біріккен сөздер жасаған.Сөзжасамдық əрекет 
нəтижесінде жасалған біріккен сөздердің (елтаңба, əнұран) мағынасы оның құрамындағы жеке 
сөздердің мағынасынан мүлдем бөлек. Елтаңба (герб), əнұран (гимн) сөздерінің мағыналары 
ел,таңба, əн, ұран сөздерінің жеке алғандағы мағыналарының бойында жоқ. Демек, елтаңба, 
əнұран сөздерінің мағынасыуəждеме сөздердің мағынасынан мүлдем басқа. Сөзжасамдық əре-
кеттен соң, елтаңба, əнұран сөздерінің туынды мағынасы уəждеме сөздердің мағынасынан өзгер-
ген. Сондықтан мұндай сөздердің туынды мағынасы да өзгерген туынды мағынаға жатады.
Талданған мысалдар синтетикалық тəсіл де, аналитилалық тəсіл де, (түрлі тəсілдігіне қа-
рамастан) өзгерген туынды мағына жасайтындығын көрсетеді. Бұл олар басқа сөзжасамдық 
мағына жасамайды деген сөз емес.. 
Əдебиеттер тізімі:
1. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы, 1998. 303 б.
2. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989, 368 б.
3. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Алматы, 2002, 189 б.
Резюме
В данной статье рассматриваются характерные особенности латинского алфавита, кото-
рый применялся в 1929–1940 гг. Рассматриваются историческая роль перехода на латинский 
алфавит, издательские работы 20–40 годов XX века, приведены архивные материалы по дан-
ной теме. Представлены основные данные по переходу на латинский алфавит в Республике 
Казахстан. 


78
Summary
This article discusses the characteristics of the Latin alphabet, which was used in the years 
1929-1940. We consider the historical role and its pluses transition to the Latin alphabet. In addition, 
the article examines the publishing of 20-40 years of XX century, and hello archival materials on the 
topic. Hello basic data on the transition to hark alphabet Republic of Kazakhstan. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет