Атты Халықаралық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары


ДАСТАРҚАН» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЛИНГВОМƏДЕНИ СИПАТЫ



Pdf көрінісі
бет235/255
Дата29.11.2022
өлшемі2,56 Mb.
#53403
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   255
Байланысты:
zhinak

ДАСТАРҚАН» КОНЦЕПТІСІНІҢ ЛИНГВОМƏДЕНИ СИПАТЫ
Сейтбекова А.А.
Санкт-Петербор Гуманитарлық Кəсіподақтар Университеті
Алматы филиалы
 
 
 
 
 
Аннотация. В статье рассматривается лингвокультурные аспекты преподавания казах-
ского языка в русскоязычной аудитории. Анализируются лингвокультурные особенности 
концепта «дастархан».
Аnnotation. The article deals with the linguocultural aspects of the teaching of the Kazakh 
language in the russian-speaking audience. The linguocultural features of the concept “dastarkhan” 
are analyzed.

Қазіргі таңда тілдің сан алуан ұғым-түсініктерге ие болып, айналасына өзара мəндес 


келетін сөздер мен сөз тіркестері топтасып барып, семантикалық өріс құрайтыны
олардың концептілік қасиетке ие ұғымдарға айналатыны кеңінен анықталуда. Бұған
қазіргі тіл білімінде өріс алған əртүрлі осы саладағы зерттеулер дəлел. Атап айтар болсақ, 
лингвомəдениеттанудың шеңберінде белсенді түрде жүргізілген зерттеулер қатарына 
Н.Уəли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, А.Əлметова, Г.Снасапова, А.Əмірбекова т.б. қазақ тіл 
білімі саласындағы көптеген ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Осымен байланысты
лингвистика мен мəдениеттанудың шегінде пайда болған аралық ғылым лингвомəдениеттану 
саласының дамуы қазіргі таңда өзге тілді аудиторияда қазақ тілін оқытып меңгертуде өте 
маңызды орынға шығып отыр. Бұл ретте үйренушіге білімді инновациялық жолмен беру 
дейтін бағыттың өріс алып отырғаны белгілі. Ал бұл бағыт бойынша оқылатын, тыңдалатын 
мəтін мазмұнындағы, жазылым тапсырмалары мен айтылымға арналған жағдаяттардағы 
«мəдени компонентті» таныту мəселесі өзекті болып отыр. Демек, лингвокультуремаларды 
меңгерту оқыту ісіндегі инновациялық əдіс ретінде алға шығып отыр. Қазақ тілін үйретудің 
бұндай инновациялық əдістері тіл үйренушіні қазақ елінің тарихына үңілдіріп, тілде сақталған 
этномəдени бірліктерді, тіл-тілдегі ұлттық нақыш пен ұлттық құнарды тани білуге баулып, 
сөйтіп барып студенттің танымдық көзқарасын қалыптастыруды мақсат етеді.
Қазақ тілін өзге тіл ретінде оқытуда лингвомəдениеттанымдық элементтерді енгізудің 
кейбір мəселелері Ф.Оразбаеваның [1], Қ.Қадашеваның, У.Асанованың, Б.Ашикбаеваның [2] 
еңбектерінде сөз болады. Осындай еңбектердің қатарына Ə.С.Əлметованың «Лингвомəдени-
еттану негіздері» атты оқулығын да жатқызуға болады. Сонымен бірге қазіргі кезде «Қазақ 
тілінің» практикалық курсына арналып шығып жатқан деңгейлік оқу құралдары да жетерлік 
[3].
Шығып жатқан оқулықтардың көпшілігінің мазмұны мен əдістемелік талаптары оқыту 
үрдісіне танымдық-лингвомəдениеттанулық тұрғыдан келу бағытын басшылыққа алған. Əр-
бір оқыту аясына сəйкес келетін тақырыптар мен тақырыпшаларда үйренушінің қабылдауы-
на жеңіл ұғынылатын мəтіндер жəне сол мəтін мазмұнынан туындайтын түрлі тапсырмалар 
мен жаттығулар, сөйлеу жағдаяттары іріктелген. Мəтіндер танымдық мазмұнға құрылған. 
Сондықтан мəтін мазмұнын ашуға берілген тапсырмалардың əр алуан түрі, үйренушінің мо-
нологтық жəне диалогтық сөйлеуін жетілдіруге бағытталған жаттығулар қатысымдық, тілдік 
дағдыларды тиімді қалыптастыруға ықпал ете отырып, студенттің санасында өзге ұлт мə-
дениетін танып түсіну мен өз ұлты мəдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыруды көздейді. 
Осындай үйренушінің танымдық қабілетін дамытып шыңдайтын тапсырмалардың көп бо-
луы – оқулықтың құндылығын арттыра түсетіні сөзсіз. Бұл өзге тілді студенттер үшін екінші 


416
тілдік тұлға қалыптастыруға, өзге əлемнің концептуалды бейнесін танып білуге, бағамдауға, 
студент санасында əлем бейнесін қалыптастыруға ықпал етеді. Мəселен, оқулықтарда беріл-
ген ұлттық мазмұнға құрылған мəтіндерден «отан», «атамекен», «туған жер», «отбасы», 
«шаңырақ», «бесік», «дастарқан» т.б. сөздерді кездестіреміз. Мұндай концептілердің аста-
рында ұлттық мазмұнға ие үлкен ұғымдар жатыр. Ал ол тілдік бірліктердің қайсысы болсын 
(сөз, сөз тіркесі, фразеологиялық бірліктер, сөйлем) мəтін арқылы семантикалық өріс түрін-
де көрініс табады. Онсыз ол концепт деңгейіне көтеріле алмайды. Сол себепті концепт бір 
сөздің беретін ұғымы мен түсінігі емес, күрделі семантикалық бірлік болып табылады. Яғни 
осы концептілердің беретін ұғымы арқылы қазақ халықының өзіне тəн ұлттық ділін, рухын, 
жан дүниесін, қазақ халқының ұлттық бейнесін түсіндіруге болады.
Мысалы, соңғы шыққан оқулықтарда «Əлеуметтік-тұрмыстық» аяда «Отбасы» тақы-
рыбынан тарайтын бірнеше тақырыпшалар қамтылған. Əрине, бұл тақырыптар тұлғаның 
өз отбасы мүшелеріне мейрімді, ізетті бола білуін көздей отырып, соның негізінде отбасы 
мəселесін, ел мəселесін, жеке бас мəселесінен жоғары қоя білуге тəрбиелеуге бағытталған. 
Жас ұрпақтың тəрбиесі отбасынан басталатыны да көпке аян. Мұндай тақырыптарда отбасы 
мүшелеріне қазақ тіліндегі қайырылу түрлері ( ата, əже, аға, сіңілі, қарындас, бауыр, туыс, 
апа, жезде, аға, жеңге т.б.) де айтылмай қалмайды. Сонымен бірге жақын туыс адамдардың
бір отбасы мүшелері болғандықтан, дастарқан басында жиі кездесетіні де белгілі. Сондай-ақ 
олардың өзара бір-біріне деген құрметі, отбасылық мəселелері дастарқан басында реттелетіні 
де жасырын емес. Яғни, дастарқан басы – ұрпақ тəрбиесінің бастауы, отбасы мүшелерін 
берекеге шақыратын орын. Сондықтан осы тақырып аясында кездесетін сөздерден қазақ 
халқының дүниетанымын бейнелейтін «дастарқан» концептісін қарастырудың маңызы зор 
деп санаймыз. Себебі қазақ халқының дастарқан жаюы немесе дастарқан басында отыруы 
- өзге ұлттардың мəдениетінде кездесе бермейтін өзіндік өзгешелігі бар, ұлттық мəдени си-
паты бар мəселе. Сондықтан өзге тілді үйренушіге «дастарқан» сөзінің «ас қоюға арналған 
ақ мата, төсеніш» деген мағынасындағы жеке ұғым емес, оның астарында, тасасында қазақ 
халқына тəн ұлттық мəдениеттің көрінісі жататынын аңғарту, осы төңіректе танымдық білім 
беру өте маңызды деп білеміз. Бірақ ұсынылған сөз де, ұғым да, олардың мағынасын ашуға 
жасалатын интерпретация да оқыту деңгейіне қарай жүретінін есте ұстауымыз қажет. Біз 
«дастархан» концептілік құрылымының семантикалық өрісін тереңдетілген деңгейде тара-
тып айтуды ұсынып отырғанымызды ескерте кетуді жөн санаймыз.
Қазақ халқының «дастарқан» концептісін вербалдайтын «дастарқан жаю, ас тарту, ас 
қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру, дастарқанның басында дұшпан да дос, 
дастарханда наны жоқтың, тамағының сəні жоқ, асы бар аяқтан аттама» дейтін сөздер 
мен сөз тіркестері жəне бұлардан да басқа көптеген лексикалық бірліктер, фразеологизмдер, 
мақал-мəтелдер жəне тыйым сөздер бар. 
Концептілік жүйе қалыптастыруда санадағы ішкі құрылымдар белгілі бір когнитивтік 
модельге салынып жинақталады. Қазақ халқы қуанышты да, қайғыны да киелі дастарқан 
басында бөліскен. Осымен байланысты дастарқан концептісі киелі, келісім, салт-дəстүр 
микроконцептілік модельдермен өрнектеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет